Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі;
3) Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4) Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5) Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6) Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін кызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика | |
министрі | Е.Досаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы "____" __________
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына 1-қосымша |
Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Әдістеме теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына) тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін айқындайды.
3. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
балластық сулар – теңізде жүзуге арналған кеменің қауіпсіз шөгуін қамтамасыз ету үшін кеменің бункерін толтыруға пайдаланылатын теңіз суы;
брутто-регистрлік тоннаж – кеменің сыйымдылығын (көлемін) сипаттайтын шама;
бас жүктер – теңіз кемелерінде жинақталған партиялармен тасымалданатын кез келген ыдыстағы және дана жүктер;
жүк партиясы – тасымалдауға бір құжат бойынша қабылданған және бір межелі пунтке баратын, кеменің жүкке арналған үй-жайларының бір бөлігін алатын белгілі бір жүк саны;
жүктерді ауыстырып тиеу – жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне порттың қоймасы арқылы немесе тікелей бір көлік құралынан екіншісіне (теміржол вагондарынан, өзен кемелерінен, автомобиль көлігінен теңіз кемесіне және керісінше) ауыстырып тиеу;
рейд – өзінің көлемдерімен, тереңдігімен және теңіз түбінде топырақ қабаттарын ұстайтын күшімен корабльдер мен кемелердің зәкірлік тұрағын қамтамасыз ететін жағалау акваториясы; ішкі рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалған рейдтер; сыртқы рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалмаған рейдтер;
тонна-операция – шамадан тыс артық тиелген нақты тоннадағы жүк санының қайта тиеу нұсқаларынан өткен санына көбейтіндісімен өлшенеді;
нақты тонна – оның шамадан тыс артық тиеуден өткен нұсқаларының санына қарамастан шамадан тыс артық тиелген жүктің жалпы көлемі.
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Әдістеменің негізгі қағидаттары:
көрсетілетін қызметтің (жұмыстың) бірлігіне арналған тарифтердің (алымдар мөлшерлемелерінің) шығыс және кіріс бөліктерін қалыптастырудың ашықтығы;
объективті түрде жанама шығындарды теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына) жатқызу;
теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер (алымдар мөлшерлемелерін) есептеу кезінде ескерілетін объективті түрде қажетті шығындарды өтеу;
тартылған активтердің реттелетін базасына салынатын пайда мөлшерлемесінің негізінде теңіз портының рұқсат етілетін пайда деңгейін нормалау болып табылады.
5. Осы Әдістеменің мақсаттары үшін теңіз порты орындайтын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге:
1) теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
2) клиенттің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары;
3) жүк операцияларын жүргізу және (немесе) өзге де мақсаттар үшін кеменің кейін порттан шығуымен теңіз портына кіруі үшін көрсетілетін қызметтер (кеменің кіруі):
кемелік – кеменің теңіз портына кіруі мен одан шығуын ұсыну;
шамшырақтық – кеме порттың акваториясына кірген кезде порттың навигация және байланыс құралдарымен навигациялық қызметтерді ұсыну;
арнамен өткені үшін – кеменің айлаққа өтуі үшін арнаны ұсыну;
айлақтық – жүк операцияларынан тыс айлақтарда кемелерге жүктерге және қосалқы операцияларға тұрақ орнын беру;
зәкірлік – ішкі рейдте кеме тұрағын ұсыну;
арқандық – арқанның ұштарын тарату, кемелердің арқанын шешу және оларды арқандап байлау;
табиғатты қорғау іс-шаралары саласында – портта тұрған уақыт ішінде кемеден ластардың барлық түрлерін (балластық суды қоспағанда) қандай да бір шектеулерсіз қабылдау;
карантиндік – карантинді инфекциялы аурулары бар науқастарды және инфекция тасымалдауы мүмкін адамдарды уақытша оқшаулау үшін үй-жай беруді, аумақтар мен теңіз портының объектілерін тиісті дәрежеде ұстауды, көлік кемелеріндегі, порт объектілеріндегі кеміргіштер мен жәндіктерді санитариялық-эпидемиологиялық станцияның күшімен профилактикалық түрде жоюды қамтамасыз ету жөніндегі теңіз портының санитариялық-эпидемиологиялық қызмет көрсету қызметтері жатады.
2. Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін)
өндіріп алудың жалпы шарттары
6. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтері (бағалары, алымдар мөлшерлемелері) қызметтер көрсетуге және жұмыстар орындауға қажетті шығындардың құнынан төмен және теңіз портының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайда алу мүмкіндігі мен оны кеңейту мүмкіндігін ескеруі тиіс.
7. Теңіз портының күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер теңіз портының тиісті техникалық құралдарын пайдалана отырып, жүктердің орнын ауыстыру бойынша көрсетілетін қызметтерге алынады.
Клиенттің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер теңіз портының инфрақұрылым ұсынғаны үшін алынады.
Тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер бір нақты тоннаға белгіленеді. Тиеу-түсіру жұмыстарының тарифтері жүктердің түріне қарай сараланады.
8. Кемелік қызметтерді көрсеткені үшін алым портқа әрбір кірген және одан әрбір шыққан кезде алынады. Кемелік қызметті көрсету алымының мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
9. Шамшырақ қызметтерін көрсеткені үшін алым кеменің бір кіргені үшін алынады. Шамшырақ қызметін көрсету алымының мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
10. Арна арқылы өткені үшін алым арнаның бір жағына әрбір өткен сайын алынады. Алым мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
11. Жүк операциялары бойынша айлақтық алым-жүк және қосалқы операциялармен кеменің айлақтағы тұрағы үшін алынады. Алым мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді және айлақта тұрған (рейдтік айлақты қоспағанда) кемелерден алынады.
Егер операция кеме-кеме нұсқасы бойынша жүзеге асырылған жағдайда, айлақтық алым мөлшерлемесінің 50% алынады.
Айлақта алдымен немесе артымен арқандалып, екінші кемеге тіркеліп тұрған кемелерден айлақтық алым мөлшерлемесінің 50% алынады. Жүк операцияларынан тыс айлақтық алым кеменің айлақта тұрған әрбір тәулігіне алынады.
Жүк операцияларынан тыс айлақтық алым мөлшерлемесі кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына және айлақта тұрған (рейдтік айлақты қоспағанда) кемелерден алынады.
Тәулік бойынша есептелетін мөлшерлемелер мен алымдарды есептеу кезінде уақыт 0,5 тәулікке дейін дөңгелектенеді, бұл ретте 0,5 тәулікке дейінгі уақыт 0,5 тәулікке дейін қабылданады, ал 0,5 тәуліктен астам уақыт – 1 тәулік болып есептеледі.
12. Зәкірлік алым ішкі рейдтегі тұрақ үшін алынады. Алым мөлшерлемесі тұрақ уақытына қарамастан кеменің әрбір брутто-тіркелген тоннасына белгіленеді.
13. Арқандық көрсетілетін қызметтерге арналған алым арқан ұштарын тарату, арқандаушылардың кемелердің арқанын шешу және оларды байлап қою бойынша жұмысы үшін алынады.
Кемені кеменің ұзындығынан артық айлақтың бойына байлап қою екі операция ретінде, кеменің ұзындығынан аз болса – бір операция ретінде саналады. Кемені айлақтан айлаққа қайта арқандап байлау екі операция ретінде саналады. Арқандап байлау және арқанды шешу кезінде арқан ұштарын тарату екі операция ретінде саналады. Жүк жұмыстарын жүргізген кезде портта кемені қайта арқандау, түсіру және тиеу кезінде бір реттен, ал қайта тиеу кешендерінің мамандандырылуына байланысты тиеу (түсіру) барысында оның орынын ауыстыру қажет болған жағдайда – тағы да бір-бірден қайта байлауға жол беріледі. Порттың талабы бойынша жүргізілген қосымша арқанды қайта байлауға жұмсалған барлық шығыстарды порт көтереді.
Арқандап байлау қызметі үшін алым мөлшерлемесі бір операция үшін белгіленеді.
14. Табиғатты қорғау іс-шаралары үшін алым операциялар (жүзу құралдарын беру мен жинау, қоқыс жинау үшін контейнерлер мен басқа да ыдыстар беру, қайта тиеу операциялары, шлангтеу, шлангіден айыру және басқа) жүргізуге байланысты жұмыстарды өз күшімен орындау бойынша портта тұрған уақыты кемеден ластардың барлық түрлерін (балластық суларды қоспағанда) қандай да бір шектеулерсіз қабылдау жұмыстары үшін алынады.
Алым кеменің портта тұрған әрбір тәулігіне белгіленеді.
15. Карантиндік көрсетілетін қызметтер үшін алынатын алым мөлшерлемесі карантинді инфекция аурулары бар науқастарды және инфекция жұқтыруы мүмкін күдікті адамдарды уақытша оқшаулау үшін үй-жай бергені, аумақтар мен объектілердің тиісті санитарлық жағдайы, үй-жайлар мен ғимараттардың құрылысы, оларды жөндеу және пайдалану кезінде оларға кеміргіштерді кіргізбеу үшін алынады.
Алым мөлшерлемесі кеменің әрбір кіруіне белгіленеді.
3. Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне
(жұмыстарына) тарифтердің (бағалар, алымдар мөлшерлемелерінің)
шығынды бөлігін қалыптастыру
16. Теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (жұмыстарының) бірлігіне тарифтер (алымдар мөлшерлемелері) мынадай кезеңдер бойынша қалыптастырылады:
1) тарифтің (алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін айқындау:
уәкілетті орган реттейтін теңіз порттары көрсететін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнына енгізілетін шығындарды Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес шығындардың баптары бойынша таратып жаза отырып айқындау;
көрсетілетін қызметтердің түрлері бойынша нақты және болжамды деректер базасында заттай өлшемде теңіз порттары жұмысының көлемін айқындау;
көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) түрлері бойынша шығындарды негізді бөлу жолымен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) құндық негізін айқындау;
алынған құндық негізді көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлерінің көлеміне бөлу жолымен көрсетілген қызметтер бірлігінің өзіндік құнын айқындау;
2) қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына салынатын пайда мөлшерлемесін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін қалыптастыру.
17. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі Ерекше тәртіпке сәйкес көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) түрлері бойынша шығындарды негізді бөлу жолымен айқындалады.
18. Теңіз портының барлық шығындары тікелей және жанама шығындар болып бөлінеді.
19. Теңіз портының және клиенттің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарының тікелей шығындары тиісінше:
мұнайды ауыстырып тиеу – мамандандырылған мұнай құю айлақтарын;
астықты ауыстырып тиеу – астық терминалын;
жүктерді паромға ауыстырып тиеу – паромдық кешенді пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар болып табылады.
Порттың күштерімен және құралдарымен орындалатын бас жүктерді ауыстырып тиеудің тікелей шығындары порт жұмысшыларының (докерлердің) жүктердің түрлері бойынша кесімді жалақысы болып табылады.
Тиеу техникасын пайдалануға және оны ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеуге қатысты жанама шығындар болып табылады және жүктің әрбір түрі бойынша ауыстырып тиелген жүктердің көлеміне тепе-тең бөлінеді.
20. Кесімді жалақыны қоспағанда, порт жұмысшыларының (докерлердің) жалақысының өзге түрлері бойынша шығындары, жүктердің түрлері бойынша кесімді жалақыға тепе-тең бөлінеді.
21. Кеменің теңіз портына кіргені үшін қызметтер көрсетуге байланысты тікелей шығындар тиісінше:
кемелік көрсетілетін қызметтер – гидротехникалық ғимараттарды;
арна арқылы өткені үшін көрсетілген қызметтер – арналық ғимараттарды;
шамшырақтық көрсетілетін қызметтер – навигациялық жабдықты;
зәкірлік көрсетілетін қызметтер – акваторияның түбін;
айлақтық көрсетілетін қызметтер – айлақтар мен айлақтық ғимараттарды;
арқанмен байлау жөнінде көрсетілетін қызметтер - арқанмен байлау тумбаларын;
карантиндік көрсетілетін қызметтер – карантиндік үй-жайларды;
табиғатты қорғау іс-шараларының көрсетілетін қызметтері – қоқыс жинағыштар мен бондарды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар болып табылады.
22. Қоймалық үй-жайларды пайдалануға және оларды ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеу мен жүктерді сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерге қатысты жанама шығын болып табылады және сақталатын жүктердің көлемі бойынша (тонна/тәулік) тепе-тең бөлінеді.
23. Жүктерді сақтауға байланысты шығындар жүктерді сақтаудың нормативтік (жүктерді ауыстырып тиеуге арналған тарифке енгізілген) және нормативтен тыс (жеке төленетін) шығындарына жүктердің тиісті түрін сақтаудың тонна-тәуліктеріне тепе-тең бөлінеді.
24. Теміржолдарды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде, астықты ауыстырып тиеу жөнінде, жүктерді пароммен ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтерге қатысты жанама болып табылады және ауыстырып тиелген жүктің түрлері бойынша көлеміне (тонна) тепе-тең бөлінеді.
25. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) ұсынуға байланысты үстеме өндірістік шығындар көрсетілетін қызметтерге тепе-тең тікелей шығындарға жатады.
26. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін персоналдың және көмекші персоналдың жалақысы бойынша шығыстар қызмет көрсететін және көмекші персоналдардың қызметтер (жұмыстар) көрсетуге қатысу үлесіне тепе-тең бөлінеді.
27. Әлеуметтік салық жөніндегі шығыстар жалақы бойынша тиісті шығындардың үлесіне тепе-тең белгіленеді.
28. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің негізгі құралдарының тозуы жөніндегі шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) ұсынуда негізгі құралдардың қолданысқа енгізілген үлесіне тепе-тең айқындалады.
29. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің үстеме шығыстары көрсетілетін қызметтерге (жұмыстарға) амортизацияны бөлу үшін қабылданған көрсеткішке тепе-тең бөлінеді.
30. Жалпы және әкімшілік шығыстар өндірістік шығындарға тепе-тең айқындалады.
31. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қарыз қаражаты үшін сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар жалпы және әкімшілік шығыстарды бөлу үшін қабылданған көрсеткіш бойынша белгіленеді. Шетел валютасында алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының негізінде теңге бағамының шетел валютасына қатысты болжамды өзгерісін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын бөлігінің кезең шығыстарында ескеріледі.
32. Өткізу жөніндегі шығыстар жалпы және әкімшілік шығыстарды бөлу үшін қабылданған көрсеткіш бойынша айқындалады.
4. Тарифке (алым мөлшерлемесіне) енгізілетін көрсетілетін
қызметтердің (жұмыстардың) көлемін айқындау
33. Есепті кезең ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) өзіндік құнын айқындау кезінде тариф (бағаны, алым мөлшерлемелерін) есептеу үшін базаға статистикалық есептілік пен ішкі есептің деректеріне сәйкес есепті кезеңде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) көрсетілген нақты көлемі алынады.
5. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін
пайданың деңгейін есептеу
34. Теңіз порттары көрсететін қызметтердің (жұмыстардың) бірлігіне тарифтер (алымдар мөлшерлемелерін) есептеудің кіріс бөлігі мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы,
Di – көрсетілетін қызметтің (жұмыстың) бірлігіне i тарифінің (алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі;
Аi – i көрсетілетін қызметке (жұмысқа) жатқызылған қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасы;
r – қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесі;
кі поп. – көрсетілетін қызметтің нақты түріне арналған түзету коэффициенті;
Qі – i-көрсетілетін қызметінің (жұмыстың) есептік (жоспарланған) көлемі.
Көрсетілетін қызметке тарифтің (алым мөлшерлемесінің) шамасы мынадай формула бойынша айқындалады:
Ті = Зі + Dі + НПі
мұндағы,
НПі – пайдаға салынатын салық деңгейі, ол мынадай формула бойынша есептеледі
НПі = Dі*100: (100 – Н) - Dі
мұндағы,
Н – пайдаға салынатын салықтың % мөлшерлемесі.
35. Қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесі кәсіпорын капиталының бағасы ретінде анықталады және орташа арифметикалық өлшенген формула бойынша есептеледі:
,
мұндағы,
rе – өз қаражаты есебінен қаржыландыру құны %-бен немесе меншікті капиталдың бағасы;
Wе – өз қаражатының үлес салмағы;
rd – өз қаражатының есебінен қаржыландыру құны %-бен немесе қарыз капиталдың бағасы;
Wd – қарыз қаражатының үлес салмағы.
36. Меншікті капиталдың (rе) бағасы үш бөліктен тұрады:
rIn – негізгі қорлардың тозу тәуекелін көрсететін құрамдас;
rf – капиталды тәуекелсіз салуға арналған кірістілік көрсеткіші (Қазақстанда инвестициялаудың ең төменгі тәуекел нысаны болып саналатын тәуекелсіз мөлшерлеме);
RP – тәуекел үшін сыйлықақы.
37. Негізгі қорлардың тозу тәуекелі (rIn) мынадай формуланың көмегімен бағаланады:
мұндағы,
I – амортизациялық аударымдармен жабылмайтын і көрсетілетін қызметіне (жұмысына) негізгі құралдарды қалпына келтіру үшін инвестицияларға қажеттілік (жіберілген тозу);
Zз – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жоспарына сәйкес, реттеу кезеңінде і көрсетілетін қызметіне (жұмысына) негізгі құралдарды қалпына келтіруге бағытталған қарыз қаражатының көлемі;
Zсуб – табиғи монополия субъектісінің инвестициялық жоспарына сәйкес, жоспарланған кезеңде і көрсетілетін қызметке (жұмысқа) негізгі құралдарды қалпына келтіруге арналған мемлекеттік субсидиялардың орташа жылдық көлемі;
Се – меншік каптиалының құны.
Сиі – негізгі құралдардың бастапқы және қалдық құнының айырмасы ретінде і көрсетілетін қызметке негізгі құралдардың і тобының жинақталған тозуы;
tі – негізгі құралдардың і тобының қызметінің нормативтік мерзімі. Мұндағы tні әрбір топтың ішінде орташа өлшенген шамалары ретінде айқындалған.
Тәуекелсіз мөлшерлеме (rf) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданады.
38. Тәуекел үшін (RP) сыйлықақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.
Теңіз портының өндірістік құзыреттілігіне байланысы жоқ себептер бойынша болған технологиялық авариялардан кірістің ысырабын жабу үшін өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел көзделген кірістің, негізгі құралдар мен тауар-материалдық қорлардың ысырабына алып келуі мүмкін саланың тәуекелдерге тап болу дәрежесін көрсетеді.
Осы көрсеткішті есептеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9775 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы Ереженің 14-тармағының 16) тармақшасына сәйкес белгіленген меншік капиталының тиісті ысыраптары мен шамасы жөніндегі ақпараттың негізінде мынадай формула бойынша жүргізіледі:
,
мұндағы,
Za – орташа есеппен бір жыл ішіндегі авариялар мен зілзалалардың зардаптарын жоюға арналған шығындар.
39. Авариялардың саны бойынша деректер және авариялардың болу ықтималығын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін саралау шәкілін пайдалану ұсынылады:
Технологиялық тәуекелді негізгі құралдар тозуының дәрежесіне қарай анықтау шәкілі:
% тозу дәрежесі | ||||
30%-ға дейін | 30 - 40% | 40 - 50% | 50%-дан астам | |
Амортизациялық аударымдардың (rmex) жылдық нормасынан үлестердегі өндірістік-технологиялық тәуекелдің мәні | 0,3 | 0,5 | 0,75 | 1 |
40. Жұмыс көлемінің төмендеуіне байланысты кірістердің ысыраптарын жабу үшін операциялық тәуекел (rop) мынадай формула бойынша (жұмыстардың көлемі ұлғайған жағдайда, бұл тәуекел қолданылмайды) айқындалады:
,
мұндағы,
V – есепті кезең үшін осы көрсетілетін қызметтен түскен ақшалай түсім (кіріс),
Zпер – есепті кезеңдегі ауыспалы шығындар (көрсетілетін қызметтердің көлемдеріне тәуелді) немесе i көрсетілетін қызметке (жұмысқа) болжанған мән,
V – болжамды жылдағы i көрсетілетін қызметінен түскен кірістің өзгеруі.
41. Ұйымның қаржылық ресурстар ысырабының ықтималдығымен байланысты қаржылық тәуекел (rfin) мынадай формула бойынша айқындалады:
мұндағы,
Н – пайдаға салық мөлшерлемесі,
баз – есепті жылдағы кәсіпорынның жалпы пайдасы,
l – і қызметтерін (жұмыстарын) көрсетуден түскен пайданың төмендеу деңгейі.
Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданған сияқты 0-ден 5%-ға дейінгі шектерде шектелген.
Қарыз капиталының бағасы (rd) банк несиелерінің бірлігі бағасының (rdk) және кәсіпорын қаражатының көзі ретінде облигациялық қарыз бағасының (rdo) сомасы болып табылады (кәсіпорында облигациялар болмаған жағдайда, облигациялық қарыздың бағасы есептелмейді), ол мына формулалар бойынша айқындалады:
rdk = p1 ·(1 – H)
rdk – банк несиелері бірлігінің бағасы;
rdo – кәсіпорын қаражатының көзі ретінде облигациялық қарыздың бағасы;
p1 – банкке төленетін пайыз;
Н – пайдаға салық мөлшерлемесі,
р2 – пайыз мөлшерлемесі;
Сн – қарыздың шамасы (көрсетулі құн);
Ср – облигацияларды өткізу бағасы;
t – қарыз мерзімі (жыл саны).
42. Көрсетілетін қызметтің (жұмыстың) бірлігіне тарифтің (алымдар мөлшерлемелерінің) шығыс және кіріс бөліктерінің жиынтығы ұйымның көрсететін қызметтерінің (жұмыстарының) тарифін (алым мөлшерлемесін) айқындайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына 2-қосымша |
Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8480 тіркелген, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібіне (бұдан әрі – Ерекше тәртіп) сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Әдістеме концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу тетігін айқындайды.
3. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
қолданысқа енгізілген активтер – порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын порттың негізгі құралдары мен материалдық емес активтері;
концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа), заңды тұлға;
концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;
активтердің қолданысқа енгізілген коэффициенті – табиғи монополия саласына жатқызылған қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіру және ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын, олардың технологиялық қуатына қарай нақты пайдалануды (қолданысқа енгізілгендігін) сипаттайтын пайыздық көріністегі көрсеткіш;
тікелей шығындар – белгілі бір қызметпен тікелей себеп-салдарлы байланыстары бар шығындар, сондықтан тікелей және бір мәнді белгілі бір қызметке жатқызылады;
тарифтің шығынды бөлігі – тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін концессия субъектісінің қызметтер көрсетуіне байланысты шығындардың жиынтығы. Осы шығындар реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) өзіндік құнын және кезең шығыстарын (жалпы және әкімшілік шығыстар, өткізу жөніндегі шығыстар, сыйақылар төлеу жөніндегі шығыстар) қамтиды;
концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;
концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы.
Концессиялық жобалар ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін, олардың тізбесін Заңның 8-бабы 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына Заңның 1-бабы 8) тармақшасына сәйкес мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган айқындайды.
Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;
уәкілетті орган – табиғи монополиялар саласындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
балластық сулар – теңізде жүзуге арналған кеменің қауіпсіз шөгуін қамтамасыз ету үшін кеменің бункерін толтыруға пайдаланылатын теңіз суы;
брутто-регистрлік тоннаж – кеменің сыйымдылығын (көлемін) сипаттайтын шама;
басты жүктер – теңіз кемелерімен тасымалданатын кез келген буып-түйілген даналанған жүк;
жүктерді ауыстырып тиеу – жүкті көліктің бір түрінен екінші түріне порттың қоймасы арқылы немесе тікелей көліктің бір құралынан екіншісіне (темір жол вагондарынан, өзен кемелерінен, автомобиль көлігінен теңіз кемесіне және керісінше) ауыстырып тиеу;
рейд – өзінің көлемдерімен, тереңдігімен және теңіз түбінің топырақ қабаттарын ұстайтын күші бар, корабльдер мен кемелердің айлақтық тұрағын қамтамасыз ететін жағалау акваториясы;
рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалған рейдтер;
сыртқы рейд – гидротехникалық құрылыстармен қорғалмаған рейдтер;
рейдтік айлақ – айлаққа қоюға күтіп тұрған порт акваториясындағы кеме тұрағының орны;
тонна-операция – шамадан тыс артық тиелген нақты тоннадағы жүк санының оның қайта тиеу нұсқаларынан өткен санына көбейтіндісімен өлшенеді;
нақты тонна – ол қайта тиеу өткен нұсқаларынан өту санына қарамастан артық тиелген жүктің жалпы көлемі.
Осы Әдістемеде қолданылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
4. Әдістеменің негізін қалаушы қағидаттар:
қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шығыс және кіріс бөліктерін қалыптастырудың ашықтығы;
объективті түрде жанама шығындарды теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) жатқызу;
концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу кезінде ескерілетін объективті түрде қажетті шығындарды өтеу;
қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесінің негізінде теңіз портының жол берілетін пайда деңгейін нормалау болып табылады.
5. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз портының қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) концессионердің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары жатады.
2. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
өндіріп алу шарттары
6. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) бірлігіне тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) мынадай кезеңдер бойынша қалыптастырылады:
1) тарифтің шығынды бөлігін айқындау:
уәкілетті орган реттейтін концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттары қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) өзіндік құнына енгізілетін шығындарды Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес шығын баптары бойынша таратып жаза отырып айқындау;
концессионер жұмыстарының көлемдерін көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша нақты және болжамды деректердің негізінде заттай өлшемде айқындау;
тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) құндық негізін көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша шығындарды негіздеп бөлу арқылы айқындау;
2) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігін қолданысқа енгізілген активтердің реттелетін базасына пайда мөлшерлемесін ескере отырып қалыптастыру.
7. Концессионердің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары үшін тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) тиісті техникалық құралдарды пайдалана отырып, жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтер үшін өндіріп алынады.
Тиеу-түсіру жұмыстары үшін тариф (баға, алым мөлшерлемесі) бір нақты тонна үшін белгіленеді. Тиеу/түсіру жұмыстарын жүзеге асырған кезде төлем брутто жүк үшін алынады. Тиеу-түсіру жұмыстарының тарифтері (бағалары, алымдар мөлшерлемелері) жүктердің түріне қарай сараланады.
3. Концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына)
тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің)
шығынды бөлігін қалыптастыру
8. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша шығындарды негіздеп бөлу арқылы айқындалады.
9. Концессионердің барлық шығындары тікелей және жанама шығындар болып бөлінеді.
10. Концессионердің күшімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстарының тікелей шығындары, тиісінше:
бас жүктерді ауыстырып тиеу – тиеу-түсіру техникасын және басқа да техникалық құралдарын;
мұнайды ауыстырып тиеу – мамандандырылған мұнай құю айлақтарын;
астықты ауыстырып тиеу – астық терминалын;
паромға жүктерді ауыстырып тиеу – паромдық кешенді пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар болып табылады.
11. Қойма үй-жайларды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді ауыстырып тиеу мен жүктерді сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қатысты жанама шығын болып табылады және сақтаудағы жүктердің көлемі (тонна/метр/тәулік) бойынша тепе-тең бөлінеді.
12. Жүктерді сақтауға байланысты шығындар жүктерді сақтаудың нормативтік (жүктерді ауыстырып тиегені үшін тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілген) және нормативтен тыс (жеке төленетін) шығыстарына жүктің тиісті түрін сақтаудың тонна-тәуліктеріне тепе-тең бөлінеді.
13. Теміржолдарды пайдалануға және ағымдағы ұстауға байланысты шығындар бас жүктерді, астықты, жүктерді пароммен ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтерге қатысты жанама болып табылады және ауыстырып тиелген жүктің санына (тонна/километр) тепе-тең бөлінеді.
14. Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты үстеме өндірістік шығындар тікелей шығындарға тепе-тең көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатады.
15. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін персоналдың жалақысы бойынша шығыстар және көмекші персоналдың шығыстары көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға қызмет көрсететін және көмекші персоналдардың үлестік қатысуына тепе-тең бөлінеді.
16. Әлеуметтік салық жөніндегі шығыстар жалақы бойынша тиісті шығындардың үлесіне тепе-тең айқындалады.
17. Негізгі өндірістік қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің негізгі құралдарының тозуы бойынша шығыстар реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға негізгі құралдардың қолданысқа енгізілу үлесіне тепе-тең айқындалады.
18. Негізгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші бөлімшелердің үстеме шығыстары көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) амортизацияны бөлу үшін қабылданған көрсеткішке тепе-тең бөлінеді.
19. Жалпы шаруашылық және әкімшілік шығыстар өндірістік шығындарға тепе-тең айқындалады.
20. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қарыз қаражаты үшін сыйақылар төлеуге арналған шығыстар көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өндіруге арналған оларға қатысу дәрежесі бойынша айқындалады. Шет ел валютасында алынған қарыз қаражаты үшін сыйақылар Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамды көрсеткіштерінің негізінде шетел валютасына теңге бағамының болжамды өзгеруін ескере отырып, тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігі кезеңінің шығыстарында ескеріледі.
21. Өткізу жөніндегі шығыстар көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) қатысу дәрежесі бойынша айқындалады.
22. Бас жүктерді ауыстырып тиеу бойынша көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) жалпы шығыстары жүктердің түрлеріне мынадай формула бойынша бөлінеді:
мұндағы:
k – тәулік ішінде теңіз портында бас жүктерді ауыстырып тиеудің нормасы (тонна/тәулік);
V – есепті кезең ішінде жүктерді ауыстырып тиеудің нақты көлемі;
Pr.r – есепті кезең ішінде бас жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметтердің жалпы шығындары;
і – бас жүктің түрі.
23. Паромға жүктерді ауыстырып тиеу жөнінде көрсетілетін қызметке жалпы шығындар есепті кезең ішінде осы көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) үлес салмағына жүк және жолаушылар тасымалдарына тепе-тең бөлінеді. Бұл ретте жүк тасымалының шығындары жүктердің түрлері бойынша ауыстырып тиелген жүктердің нақты көлемдеріне тепе-тең бөлінеді.
4. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін
көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
көлемін айқындау
24. Есепті кезең ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты құнын айқындау кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу үшін базаға статистикалық есептілік пен ішкі есептің деректеріне сәйкес есепті кезеңде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемі алынады.
5. Тарифке (бағаға, алым мөлшерлемесіне) енгізілетін
пайданың деңгейін есептеу
25. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 85-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3531 тіркелген) Табиғи монополиялар субъектілері қызметтерінің реттеліп көрсетілетін түрлері бойынша табыстарды, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізу әдістемесін келісу ережесіне сәйкес келісілген Қазіргі және салынып жатқан негізгі құралдар Табиғи монополиялар субъектілері кірістерінің, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерінің бөлек есепке алу әдістемесіне сәйкес көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) (оның ішінде реттеліп көрсетілмейтіндерге) бөлінеді.
26. і-реттеліп көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) кіріс бөлігі мынадай формула бойынша айқындалады:
Рi = Р1i + Р2i,
мұндағы,
Р1i – i-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдардың қолданыстағы активтерінің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігі,
Р2i – i-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған жаңа (салынып жатқан) негізгі құралдарға жатқызылған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігі.
27. Порттардың і-реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарына, жұмысына) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдардың қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігінің есебі мынадай формула бойынша айқындалады:
P1i = Аi*СП,
мұндағы,
P1i – і-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) жатқызылған қолдағы бар негізгі құралдардың қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасының негізінде есептелген тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігі, (теңге),
Аi – көрсетілетін қызметтерден і-қызметін көрсетуге қолданысқа енгізілген қолдағы бар активтердің реттелетін базасы (теңге),
СП – пайда мөлшерлемесі (%).
Порттың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша қолданысқа енгізілген жұмыс істейтін активтердің реттелетін базасы і көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылған активтердің нақты құнының қолданысқа енгізілген активтердің коэффициентіне көбейтіндісі ретінде анықталады.
Аi = СAi * Кза,
мұндағы,
СAi – і-реттеліп көрсетілетін қызметті көрсетуге тартылған жұмыс істейтін активтердің нақты құны, (теңге),
Кза – жұмыс істейтін активтердің қолданысқа енгізілген коэффициенті.
Жұмыс істейтін активтердің қолданысқа енгізілген коэффициенті порттың қазіргі негізгі құралдарымен көрсетілетін қызметтердің нақты көлемінің (алдағы төрт тоқсан үшін немесе өткен күнтізбелік жыл үшін) олардың өндірістік қуатына арақатынасы ретінде анықталады.
Жұмыс істейтін активтердің нақты құны конкурстық негізде іріктелген тәуелсіз бағалаушылардың негізгі құралдары мен материалдық емес активтерді қайта бағалауы нәтижесінде алынған, көрсетілетін қызметтерді өндіру және ұсыну кезінде пайдаланылатын табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің қалдық құнының негізінде айқындалады.
28. Порттар саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенген құны (бұдан әрі – КОӨҚ) әдісі арқылы есептеледі және мынадай формула бойынша айқындалады:
СП (КОӨҚ) = ((1 – g) * re) + (g * rd),
мұндағы,
g – леверидж, жалпы қаржыландыру құрылымында табиғи монополия субъектісінің қарыз және өз капиталының арақатынасын сипаттайтын шама, яғни қолдағы бар негізгі құралдарға жүргізілген соңғы қайта бағалауды ескере отырып, бүкіл капиталдың құрылымындағы нақты қарызға алынған қаражаттың үлесі (өз және қарыз капиталының сомасы). Леверидждің деңгейі кемінде нөл шамасы болып табылады. Субъектінің өз капиталының теріс мәні болған жағдайда, леверидждің деңгейі 1-ге тең шамасында қабылданады;
re – өз капиталына сыйақы мөлшерлемесі (%);
rd – қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі (%).
Қарыз қаражатына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
rd = rf + ДП,
мұндағы,
rf – тәуекелсіз мөлшерлеме, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейіне тең қабылданады;
БС – егер борыштық міндеттемелерді шығару орын алса, табиғи монополия субъектісі шығарған және сол мерзімде айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздарға қатысты айналымда болатын борыштық міндеттемелерге сыйлықақы негізінде айқындалатын табиғи монополия субъектісі бойынша тәуекел үшін берілетін борыштық сыйлықақы. Өзге жағдайда, ол көрсетілетін қызметтің осындай түрімен айналысатын, Қазақстан Республикасының аумағында ұқсас кредиттік рейтингісі бар басқа табиғи монополиялар субъектілерінің тәуекелі үшін берілетін борыштық сыйлықақыларды ескере отырып айқындалады.
Меншікті капиталына сыйақы мөлшерлемесі мынадай формула бойынша айқындалады:
re = rf + ra,
мұндағы,
ra – тәуекел үшін сыйлықақы. Тәуекел үшін сыйлықақы өндірістік-технологиялық (rmex), операциялық (rop) және қаржылық (rfin) тәуекелдерден тұрады.
Порттың өндірістік құзыретіне байланысы жоқ себептер бойынша болған технологиялық авариялардан болған кіріс ысырабын жабу үшін өндірістік-технологиялық (rmex) тәуекел көзделген кірісті, негізгі құралдардың және тауар-материалдық қорлардың ысырабына алып келуі мүмкін тәуекелдерге салалардың тап болу дәрежесін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 34 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті туралы Ереженің 14-тармағының 16) тармақшасына сәйкес белгіленетін тиісті кезең үшін өз капиталының тиісті ысыраптары мен шамасы жөніндегі ақпараттың негізінде мынадай формула бойынша жүргізіледі:
rmex = Za/Ce,
мұндағы,
Za – жылына орташа есеппен авариялар мен зілзалаларды жоюға арналған шығындар.
Авариялар саны бойынша деректер болмаған және авариялар болатындығын анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, негізгі құралдардың тозу дәрежесі бойынша технологиялық тәуекелдерді бағалау үшін амортизациялық аударымдардың үлестерін саралау шәкілі пайдалану ұсынылады:
Негізгі құралдардың тозу дәрежесіне қарай, технологиялық тәуекелдерді айқындау шәкілі
тозу дәрежесі % | ||||
30%-ға дейін | 30-40% | 40-50% | 50%-дан жоғары | |
(rmex) өндірістік-технологиялық тәуекелінің мәні | 0,3 | 0,5 | 0,75 | 1 |
Жұмыс көлемінің төмендеуінен болған кіріс ысырабын жабу үшін операциялық тәуекел (rop) мынадай формула бойынша анықталады (жұмыс көлемі ұлғайған жағдайда, бұл тәуекел қолданылмайды):
rop = 0.5*(V – Znep) * rop = 0.5*(V – Znep) *
V/V,мұндағы,
V – есепті кезеңде осы көрсетілетін қызметтен түскен түсім (кіріс),
Znep – есепті кезеңдегі ауыспалы шығындар (көрсетілетін қызметтердің көлеміне байланысты) немесе і көрсетілетін қызметке болжанып отырған мән,
V – і көрсетілетін қызметтен болжанып отырған жылдағы кірістің өзгеруі,
| – көрсетілетін қызмет пайдасының төмендеу деңгейі,
Се – көрсетілетін қызметке жатқызылған негізгі құралдардың теңгерімдік құны.
Операциялық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданғандай 0-ден 5%-ға дейінгі шекте шектелген.
Кәсіпорынның қаржы ресурстары ысырабының болуы мүмкіндігіне байланысты қаржылық тәуекел (rfin) мынадай формула бойынша анықталады:
| = 0.5 * V/V * (V – Znep)/ баз,
мұндағы,
Н – пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі;
rfin =
баз * (1 – Н) * | /Се,мұндағы,
баз – кәсіпорынның есепті кезеңдегі жалпы пайдасы.
Қаржылық тәуекелдің мәні тәуекелдің көптеген түрлері үшін қабылданғандай 0-ден 5%-ға дейінгі шекте шектелген.
Акционерлік капиталға сыйақының құны қарыз қаражатына сыйақы құнынан кем болмайтын шама болып табылады.
29. Концессия шартының негізінде концессияға берілетін жаңа (салынып жатқан, жаңғыртылатын) негізгі құралдарға жатқызылған тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) құрамдас кіріс бөлігінің есебі і-реттеліп көрсетілетін қызметке (тауарға, жұмысқа) мынадай формула бойынша анықталады:
мұндағы,
ІЕі – Ерекше тәртіптің талаптарына сәйкес і - көрсетілетін қызмет үшін жобаның өтелуі кезеңінде (концессиялық өтінімге жататын құжаттар пакетін әзірлеу бойынша консалтингтік көрсетілетін қызметтер, қаржы институттарының жобасын сараптау және басқалары.) инвестицияларды тарту бойынша шығындары;
ІСі – і көрсетілетін қызметке жатқызылған концессиялық жобаны іске асыруға бағытталған күрделі қаржы салымдарының сомасы (концессиялық жобаның құны), бұл ретте қайта салынып жатқан концессия объектілерін пайдалануға енгізу бойынша концессиялық жобаның алғашқы құнының және негізгі құралдарды пайдалану мерзімін ұзарту үшін объектілерді жаңғырту бойынша қосымша күрделі қаржы салымдарының сомасы ретінде болуы мүмкін.
N – инвестициялардың рентабельділігі нормасы, оның мәні тәуекелсіз мөлшерлеменің деңгейінен төмен болмауы тиіс;
Zai – инвестициялық тарифтің қолданыс мерзіміне түзу сызықты (біркелкі) әдіс бойынша есептелетін, і көрсетілетін қызметке жатқызылған жаңа (салынып жатқан) негізгі құралдардың орташа жылдық амортизациялық аударымдары;
t – концессиялық шарттың қолданылу мерзімі;
Vсрі – і-көрсетілетін қызметтің орташа жылдық көлемі.
30. Көрсетілетін қызметтің (тауардың, жұмыстың) бір бірлігіне тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығын және кіріс бөліктерінің жиыны концессия шарты бойынша көрсетілетін теңіз порттарының қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) айқындайды.
Көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерінің немесе нақты шығыстарының болжанып отырғаннан ауытқуы кезінде концессиялық шартты қолдану мерзімі ішінде тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) мөлшерін өзгерту тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) қолдану мерзімінің жартысы өткен соң мүмкін болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына 3-қосымша |
Концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың реттеліп
көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді
(бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына 4-қосымша |
Әуежайлардың реттелетіп көрсетілетін қызметтеріне сапалық
сипаттамаларды ескере отырып, тарифтерді (бағаларды, алымдар
мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына 5-қосымша |
Табиғи монополия субъектілері көрсететін аэронавигацияның
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды,
алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдiстемесi
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 752 бұйрығына 6-қосымша |
Аэронавигация саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің
реттеліп көрсетілетін қызметтеріне кірістердің, шығындар мен
қолданыстағы активтердің бөлек есебін жүргізуді ескере отырып,
тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
Ескерту. Алып тасталды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 752 бұйрығына
7-қосымша
Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің
объектілері бар теміржолдардын реттеліп көрсетілетін
қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін)
есептеу әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Концессия шарты бойынша көрсетілетін теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі, "Темір жол көлігі туралы" 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 23.01.2017 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістеме Концессиялық кәсіпорынның (бұдан әрі – Концессионер) реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу тетігін айқындау мақсатында әзірленді.
3. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
қолданыстағы активтер – негізгі құралдар және теміржол көлігі саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну үшін пайдаланылатын Концессионердің материалдық емес активтері,
активтердің қолданысқа енгізу коэффициенті – табиғи монополия субъектісіне жатқызылатын, олардың технологиялық қуатын өндіру және қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну кезінде табиғи монополия субъектісінің негізгі құралдарын нақты пайдалануды (қолданысқа енгізілгендікті) сипаттайтын пайыздық мәніндегі көрсеткіш;
көрсетілетін қызметтерге арналған тікелей шығындар – белгілі бір қызметпен тікелей келтірілген-тергеу байланыстары бар шығындар;
концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы концессия субъектісі ұсынатын және уәкілетті орган мемлекеттік реттеуге жатқызатын реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
тарифтің шығын бөлігі – тарифті және тарифтік сметаны бекіту кезінде қамтылатын концессия субъектісі көрсететін қызметтерге (жұмыстарға) байланысты шығындардың жиынтығы;
Осы Әдістемеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.
2. Тарифтер құрудың негізгі қағидаттары
Концессионердің қызметіне арналған тарифтер құрылымын, мөлшері мен қолдану ережесін айқындайтын негізгі қағидаттар мыналар:
1) қызметтер көрсетудің технологиясын ескере отырып тарифті құрылымдау;
2) көрсетілетін қызметті өлшегіштің бірлігіне арналған базалық тарифтердің шығыс және кіріс бөліктерін қалыптастырудың ашықтығы;
3) көрсетілетін қызметтер өндіруге арналған шығындарды толық жабу;
4) Концессионердің қолданысқа енгізілген активтерінің реттелетін базасына арналған пайда мөлшерлемесінің негізінде пайданың қол жетімді деңгейін нормалау;
5) көрсетілетін қызметтерді сатып алушының, мемлекеттің және Концессионердің мүдделерін ескере отырып, тарифтерді саралау болып табылады.
3. Концессионер көрсететін қызметтердің сипаттамасы
4. Концессионердің негізгі реттеліп көрсетілетін қызметі "Концессия шарты бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру".
5. Көрсетілетін қызмет тарифінің құрылымы "Концессия шарттары бойынша теміржол көлігі объектілері бар темір жолдарды пайдалануға беру" шартты вагон-километр тарифінің құрылымы өлшеуішінің көмегімен анықталады.
Тарифті есептеу кезінде тасымалдың түрлері, жүктердің түрі, жүк вагонының пайдалану жағдайы ескеріледі.
6. Концессионердің көрсететін қызметтеріне тарифтер есептеу үш кезеңмен жүргізіледі:
1) концессионердің учаскесі бойынша қызмет өлшегіштің бір бірлігіне тариф есептеу;
2) тасымалдар (жолаушылар, жүк тасымалы) түрін, пайдаланудың жағдайы (жүк тиелген, бос) ескере отырып, көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне базалық тарифтер есептеу;
3) жүктің түрін (көмір, мұнай және басқалары), жүктің сипатын (үлкен көлемді жүктер, қауіпті жүктер) көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне базалық тарифтерді саралау.
4. Концессионердің көрсетілетін қызметтерін өлшегіштің
бір бірлігіне тариф есептеу
7. Концессионер көрсететін қызметінің негізі өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтен есептеу мыналардан:
1) Концессионердің көрсететін қызметтерін өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің шығын бөлігін есептеуден;
2) Концессионердің көрсететін қызметтерін өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің кіріс бөлігін есептеуден тұрады.
5. Көрсетілетін қызметті өлшегіштің бір бірлігіне
арналған шығынды бөлігін есептеу тәртібі
8. Концессия субъектісінің тарифіне енгізілетін шығындарды реттеу тарифтің шығынды бөлігіне енгізілетін шығын түрлерін шектеу және Концессия субъектісі шығыстарының деңгейін шектеу жолымен жүзеге асырылады.
9. Шығынды бөлікке енгізілетін материалдық шығыстар, өнімнің (қызметтердің, жұмыстардың, тауарлардың) бір бірлігін шығаруға арналған шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның (бұдан әрі – материалдық ресурстар) техникалық және технологиялық шығыс нормаларына және (немесе) материалдық ресурстардың жылдық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендерлік (конкурстық) сатып алулардың нәтижелері бойынша айқындалған материалдық ресурстардың бағаларына сүйене отырып айқындалады.
10. Бөгде ұйымдар жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сатып алынатын аудиторлық, консалтингтік, маркетингтік қызметтер мен мердігерлік тәсілмен жүргізіліп отырған жөндеу жұмыстарына жұмсалған шығыстар өндірістік сипаттағы басқа қызметтер тарифтің шығынды бөлігіне енгізіледі.
11. Мемлекеттік меншік объектілерін уақытша иеленуге және пайдалануға беру кезінде концессия субъектісі ағымдағы және күрделі жөндеулер мен басқа да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бағытталған, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін қаражаттар уәкілетті органмен келісілген шығындардың жылдық сметасына сүйене отырып, тарифтің шығынды бөлігіне енгізіледі.
12. Концессия шартының негізінде концессия субъектісінің есепке алу саясатында көзделген әдісті пайдалана отырып айқындалған концессия шартының негізінде жаңа объектілерді салу және пайдалану кезінде және негізгі құралдардың құнын арттыруға алып келетін күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге бағытталған, концессия шартын іске асыру кезінде салынған ақша қаражатын қайтару көздерінің бірі болып табылатын және концессия объектісінің мүліктік кешеніне кіретін әлеуметтік саладағы объектілерді қаржыландыруға байланысты, тиісті негіздеуші материалдармен расталған шығыстар концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (жұмыстарына, тауарларына) тариф белгілеу кезінде ескеріледі.
13. Кезең шығыстарында ескерілетін сақтандырудың міндетті түрлеріне, салықтарға, алымдарға мен басқа да бюджетке міндетті төлемдерге жұмсалатын шығыстар мөлшерлемелерге, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке және талаптарға сәйкес айқындалады.
14. Концессия субъектісіне мемлекеттік бюджет қаражатынан бөлінетін субсидия тарифтің шығынды бөлігінде ескерілмеген шығыстарға бағытталған субсидияларды қоспағанда, тарифтің шығынды бөлігін азайтуда ескеріледі.
15. Кезең шығыстарында концессия субъектісінің заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген концессиялық жобаны іске асыру үшін қарыз қаражаты үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар ескеріледі.
16. Концессиялық жобаны іске асыру үшін ұлттық валютада алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақы төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми
2 еселенген мөлшерлемелерін қолдана отырып, есептелген сомалар шегінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде ескеріледі.
17. Концессиялық жобаны іске асыру үшін шетел валютасында алынған қарыз қаражаты бойынша сыйақылар төлеуге арналған шығыстар Лондон банкаралық нарықтың 4 еселенген мөлшерлемесі қолданыла отырып, есептелген сомалар шегінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) есептеу кезінде ескеріледі.
18. Шетел валютасында алынған қарыз қаражаты үшін сыйақы тарифтің шығыс бөлігінің Орта мерзімді кезеңнің шығыстарында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негізгі көрсеткіштерінің негізінде теңге бағамының шетел валютасына болжамды өзгерісін және Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін ескеріле отырып, ескеріледі.
19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондон банкаралық нарықтың мөлшерлемесі концессия субъектісінің тарифін және тарифтік сметаларын бекітуге өтінім берген күні қолданылады.
20. Концессия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тариф белгілеу кезінде Ереженің 22 және 28-тармақтарында көрсетілген шығыстар ескерілмейді.
21. Тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін қалыптастыру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) Концессионердің өндірістік шығындарын айқындау жалпы және барлық құрылымдық бөлімшелердің бөлінісінде;
2) кезең шығыстарын айқындау;
3) тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығынды бөлігін айқындау.
22. Бірінші кезеңде Концессионердің әрбір құрылымдық бөлімшесінің өндірістік шығындары айқындалады. Өндірістік шығыстар өндірістік штат ұстау жөніндегі шығыстардан, еңбекақы төлеу қорынан аударылатын аударымдардан, материалдарға жұмсалатын шығыстардан, негізгі өндірістік қорларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шығыстардан, арнайы автокөлікті және жол техникасын ұстауға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардан, амортизацияға жұмсалатын шығыстардан, негізгі өндірістік қорларды ұстауға және қызмет көрсетуге арналған шығыстардан, материалдарға, электр энергиясына, отынға жұмсалатын шығындардан тұрады.
23. Көрсетілетін қызметтің орташа учаскелік тарифінің (бағаларының, алым мөлшерлемелерінің) шығынды бөлігін қалыптастырудың екінші кезеңіне табиғи монополия субъектісінің шығыс кезеңі жатады.
24. Үшінші кезеңде орташа учаскелік тарифтің (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шығыс бөлігі айқындалады.
25. Көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне орташа учаскелік тарифтің шығынды бөлігі өндірістік шығыстарды және қызмет өлшегішке жатқызылған Концессионердің кезең шығыстарын Концессионердің көрсетілетін қызметтерін өлшегіштің жоспарлы көлеміне бөлу арқылы айқындалады.
6. Көрсетілетін қызметтерді өлшегіштің бір бірлігіне арналған
тарифтің кіріс бөлігін есептеу тәртібі
26. Концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына "шартты вагон-километр" қызмет өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің кіріс бөлігі мынадай формула бойынша анықталады:
мұндағы
Dk – концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына көрсетілетін қызмет өлшегіштің бір бірлігіне арналған орташа учаскелік тарифтің кіріс бөлігі;
ЗС – Концессияны жүзеге асыру үшін тартылған (негізгі борыш) қарыз қаражатының шамасы;
Ai – Концессионердің концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына арналған қолданыстағы активтердің жинақталған амортизациясы;
Ткон – концессияны жүзеге асыру мерзімі;
Qk – концессияны жүзеге асырудың әрбір жылына көрсетілетін қызметті өлшегіштің жоспарланған көлемі.
Көрсетілетін қызметті өлшегіштің бір бірлігіне арналған тарифтің шығыс және кіріс бөліктерін жинақтау Концессионердің – pns белгіленетін негізгі көрсетілетін қызметін өлшегіштің бір бірлігіне арналған тариф айқындайды.
7. Концессионердің көрсетілетін қызметтерін өлшегіштің бір
бірлігіне арналған базалық тарифтерді есептеу тәртібі
27. Өлшегіштің "жүк тиелген вагондардың шартты вагон-километрі" – Р1-ns, "бос вагондардың шартты вагон-километрі" – Р2-ns, "жолаушылар тасымалдайтын шартты вагон-километрі" – Р3-ns, "өзінің осьтеріндегі өзге де темір жол техникасының шартты вагон-километр" – Р4-ns базалық тарифтері мынадай формула бойынша айқындалады:
Pк-ns = pns * (УNiniVi/УNiQi) * Qk/nkVk, (к = 1,4)
мұндағы
N1 – жүк тиелген вагондардан екі бағыттарға учаске арқылы жүретін жүк поездарының жұптарының орташа тәуліктік саны, Q1 – жүк поезының орташа салмағы-брутто, V1 – жүк поезының орташа техникалық жылдамдығы, n1 - жүк тиелген вагондар осьтері санының сомасы;
N2 – жүк тиелген вагондардан екі бағыттарға учаске бойынша жүретін жүк поездарының жұптарының орташа тәуліктік саны, Q2 – осындай поездың жүк поезының орташа салмағы-брутто, V2 – орташа техникалық жылдамдығы, n1 – бос вагондар осьтері санының сомасы;
N3 – жолаушылар тасымалдайтын екі бағыттарға учаске бойынша жүретін жолаушылар поездары жұптарының орташа тәуліктік саны, Q3 – жолаушылар поезының орташа салмағы брутто, V3 – жолаушылар поезының орташа техникалық жылдамдығы, n3 – жолаушылар поезы вагондарының осьтері санының сомасы;
N4 – өздерінің осьтерінде екі бағыттарға учаске арқылы жүретін өзге де темір жол техникасы жұптарының орташа тәуліктік саны, Q4-өздерінің осьтеріне арналған өзге де теміржол техникасының салмағы-брутто, V3 – өздерінің осьтеріндегі өзге де теміржол техникасының орташа техникалық жылдамдығы, n4 – өздерінің осьтеріндегі өзге де теміржол техникасының осьтерінің саны.
8. Жүктердің түрлері бойынша базалық тарифті саралау тәртібі
28. "Жүк тиелген вагондардың "шартты вагон-километрі" кіші өлшегіштің бір бірлігіне арналған базалық тариф – Р1-ns жүктердің түрлері бойынша мынадай формула бойынша сараланады:
Pi-ns = ki * P1-ns
мұндағы
Pi- ns – жүктің 1-ші түрін тасымалдайтын вагонның "шартты вагон-километрі" өлшегішінің бір бірлігіне арналған тариф;
ki – жүктің 1-ші түрін тасымалдауға арналған тарифтерді түзету коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:
ki = di/dcp
мұндағы
di – жүктің 1-ші түрін тасымалдау кезінде 10 ткм-нетто-ға арналған МТЖ операторының орташа кіріс мөлшерлемесі;
dcp – жүктің қозғалысындағы 10 ткм-нетто-ға арналған МТЖ операторының орташа кіріс мөлшерлемесі;
9. Ірі габаритті және қауіпті жүктердің учаскесі арқылы
өткізуге арналған базалық тарифті саралау тәртібі
29. "Жүк тиелген вагондардың шартты вагон-километрі" өлшегішінің базалық тарифі өлшегішінің бір бірлігіне арналған – Р1-ns Ірі габаритті және қауіпті жүктердің учаскесі арқылы өткізу мынадай формула бойынша сараланады:
Pok-ns = kok * P1-ns
мұндағы
Pok-ns – ірі габаритті немесе қауіпті жүктерді тасымалдайтын жылжымалы құрамның "шартты вагон-километрі" кіші өлшегішінің бір бірлігіне арналған тариф;
kok – тарифтерді түзету коэффициенті, мынадай формула бойынша айқындалады:
kok = dok/dcp
мұндағы
dok – жүктердің осыған ұқсас түрлерін МТҚ баламалы учаскесі арқылы тасымалдау кезінде 10 ткм-неттоға арналған МТҚ операторының орташа кіріс мөлшерлемесі;
dcp – МТҚ баламалы учаскесі арқылы жүгі бар қозғалыста 10 ткм-неттоға арналған МТҚ операторының орташа кіріс мөлшерлемсі;
10. Көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу тәртібі
30. Нақты поезд (жылжымалы құрам) үшін "Концессия шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржол жолдарын пайдалануға беру" қызметінің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
S = Pnsi * NSi
мұндағы
Pnsi – поездың (жылжымалы құрамның) і вагоны үшін "Шартты вагон-километр" өлшегішінің бір бірлігіне арналған тариф;
NSi – осы поездың құрамындағы і вагоны үшін "Шартты вагон-километр" өлшегішінің шамасы;
31. Жүгі бар вагон үшін Pnsi ретінде жүктің белгілі бір түрі үшін Pi-ns тиісті мәні пайдаланылады.
32. Бос вагон үшін Pnsi ретінде P2-ns базалық тарифі пайдаланылады.
33. Жолаушылар вагоны үшін Pnsi ретінде P3-n базалық тарифі пайдаланылады.
34. Өз осьтерінде тұрған өзге де теміржол техникасы үшін Pnsi ретінде P4-n базалық тарифі пайдаланылады.
35. ірі габаритті және қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде Pnsi ретінде Pok-ns тарифі пайдаланылады.
36. NSi – осы поездың құрамындағы і вагоны үшін "Шартты вагон-километр" өлшегішінің шамасы мынадай формула бойынша айқындалады:
NSi = 0,25 * niLi
мұндағы
ni – поездың (жылжымалы құрамның) і вагоны осьтерінің саны;
Li – осы поездың құрамындағы і вагонының жүру (километр) шамасы.