Орал қаласы бойынша 2015 жылға ішкі су көлігіндегі әлеуметтік мәні бар тасымалдауларды айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 668 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 наурызда № 3848 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 1026 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 15.04.2016 № 1026 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарын, басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Орал қаласы бойынша 2015 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынастағы ішкі су көлігімен тасымалдаулар айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Орал қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары – мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (М. Умралеев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ. Орынғалиевқа жүктелсін.
      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы Ғ. Орынғалиев

  Орал қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 668 қаулысына
қосымша

Орал қаласы бойынша 2015 жылға әлеуметтік мәні бар халықтың тасымалдауларға
сұранымын қанағаттандыратын, жолаушыларды тұрақты қатынастағы
ішкі су көлігімен тасымалдаулар

  №  

Тасымалдаулардың атауы

1

Орал қаласы – "Учужный затон" бау-бақша серіктестігі

2

Орал қаласы – "Барбастау" бау-бақша серіктестігі