"Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Оңтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 25 ақпандағы № 42 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 18 наурызда № 3651 болып тiркелдi. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабының 7) тармақшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 246 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2770 тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      "2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген тарауда:
      15 тармақта:
      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті дайындау және облыс әкімдігіне ұсыну;".
      мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
      "9) Оңтүстік Қазақстан облысының даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және облыс әкіміне бекітуге енгізу";
      16 - тармақта:
      1) тармақшадағы "және бағалау" деген сөздер алынып тасталсын;
      5), 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына экономикалық қорытындылар дайындау;
      7) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы жергілікті бюджеттік инвестициялардың мониторингін және бағалауын жүзеге асыру;";
      мынадай мазмұндағы 16), 17) тармақшалармен толықтырылсын:
      "16) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда концессиялық ұсыныстар бойынша, конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде, концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша, концессия шарттары жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар әзірлеу;
      17) конкурстық құжаттама бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды тиiстi бюджет комиссиясының қарауына енгiзу.";
      4), 10), 11), 12), 13), 14) тармақшалары алынып тасталсын.
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ә.Садырға жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Атамқұлов
      Д. Сатыбалды
      Б. Жылқышиев
      С. Қаныбеков
      Е. Садыр
      С. Қаныбеков
      С. Тұяқбаев
      А. Абдуллаев
      К. Мендебаев