Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Павлодар облысының Әділет департаментімен 2015 жылғы 29 мамырда № 4498 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда № 22 (1272) "Отарқа" және № 22 (3084) "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) № 458/5 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде:
20–тармақтағы:
22) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"мемлекеттің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функциялары кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асыру;";
26) тармақша алынып тасталсын;
32–тармақтағы:
24) тармақша мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"24) "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 36 мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі";";
44) тармақша алынып тасталсын;
54) және 65) тармақшалар мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"54) "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 6 "Золотая рыбка" көптiлдiлiктi дамыту орталығы бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";";
"65) "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің "№ 20 "Мерей" көптiлдiлiктi дамыту орталығы бөбектер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";".
2. "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі:
осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |