1. Екібастұз қаласы әкімдігінің келесі қаулыларының:
2015 жылғы 24 сәуірдегі "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 458/5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4498 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда "Отарқа" және "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланды);
2016 жылғы 17 наурыздағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы" № 289/3 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5078 болып тіркелген, 2016 жылғы 21 сәуірде "Отарқа" және "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
| Екібастұз қаласының әкімі | К. Нукенов |