Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 қыркүйекте № 3150 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық Кодексi)" Кодексiне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Облыстық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - Маңғыстау облыстық мәслихатының 20.03.2018 № 17/211 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2) облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/437 "Маңғыстау облысы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер ставкалары туралы" шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2954 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "Маңғыстау облысы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшерлемелері туралы";

      мемлекеттік тілдегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын:

      "1. Маңғыстау облысы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      мемлекеттік тілде көрсетілген шешімнің 1, 2 қосымшалары осы шешімнің 2, 3 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді Маңғыстау облыстық мәслихатының 20.03.2018 № 17/211 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Өрісбаев
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы Министрлігі Орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі

      комитетінің Маңғыстау облыстық орман

      шаруашылығы және жануарлар дүниесі

      аумақтық инспекциясы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Т. Қалжанұлы

      "12" 08 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      Министрлігі Мемлекеттік кірістер

      комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      мемлекеттік кірістер департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      А.Б. Тілегенов

      "12" 08 2016 жыл

      "Қазақстан Республикасы Энергетика

      Министрлігінің Экологиялық реттеу және

      бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша

      экология департаменті" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А.А. Сафин

      "12" 08 2016 жыл

      "Маңғыстау облысының

      табиғи ресурстар және табиғат

      пайдалануды реттеу басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      С.О. Сағынбаев

      "12" 08 2016 жыл

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2016 жылғы 12 тамыздағы
  № 4/44 шешіміне
  1 қосымша
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2015 жылғы 10 желтоқсандағы
  № 29/436 шешіміне
  қосымша

Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар
үшін төлемақы мөлшерлемелері

      1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6


      2. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері
(АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

44,6

2.

Көміртегі тотықтары

14,6

3.

Метан

0,8

4.

Күкірт диоксиды

200

5.

Азот диоксиды

200

6.

Күл

240

7.

Күкіртті сутегі

1240

8.

Меркаптан

199320


      3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін

0,48


      4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54


      5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:

Рет

Қалдықтардың түрлері

Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар:



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"жақұт" тізім

8


1.2.3.

"жасыл" тізім

2


1.2.4.

сыныпталмағандар

0,9


1.3.

Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар:



1.3.1.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.3.1.1.

аршынды жыныстар

0,004


1.3.1.2.

жанас таужыныстары

0,026


1.3.1.3.

байыту қалдықтары

0,02


1.3.1.4.

шлактар, шламдар

0,038


1.3.2.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар

0,038


1.3.3.

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.4.

ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы

0,002


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38


      5-1. Күкіртті орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК-ті құрайды.

      6. Мынадай коэффициенттер:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссиялар көлемі үшін табиғи монополиялар субъектілеріне және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдарына осы шешімде белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне:

      1-тармақта – 0,3 коэффициенті;

      4-тармақта – 0,43 коэффициенті;

      5-тармақтың 1.3.3.-жолында – 0,05 коэффициенті.

      2) тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналатын тұрмыстық қатты қалдықтар көлемі үшін коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондарға 5-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы мөлшерлемесіне 0,2 коэффициенті қолданылады.

      7. Осы шешімнің 6-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

      8. Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы шешімде белгіленген төлемақы мөлшерлемелері он есеге ұлғаяды.

      ________________________________________________

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2016 жылғы 12 тамыздағы
  № 4/44 шешіміне
  2 қосымша
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2015 жылғы 10 желтоқсандағы
  № 29/437 шешіміне
  1 қосымша

Маңғыстау облысының мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері


р/с

Жанама орман пайдалану түрлері

Өлшем бірлігі

Төлемақы
мөлшерлемелері
(теңге)

1

Шабындық жерлер,
соның ішінде
шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:



1.1

жақсы

гектар

253,88

1.2

қанағаттанарлық

гектар

190,41

1.3

қанағаттанғысыз

гектар

148,10

2

Мал жаю,
соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша:



2.1

түйе

бас

148,1

2.2

ірі қара мүйізді, жылқы

бас

118,48

2.3

ірі қара төлі, есек

бас

59,24

2.4

ешкі

бас

103,67

2.5

қой

бас

29,62


  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2016 жылғы 12 тамыздағы
  № 4/44 шешіміне
  3 қосымша
  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2015 жылғы 10 желтоқсандағы
  № 29/437 шешіміне
  2 қосымша

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн, ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, туристiк, рекреациялық және спорттық мақсаттарда Маңғыстау облысының мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері


р/с

Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері
(теңге)

Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)

1

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану

гектар

417,42

2

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени және сауықтыру мақсаттарында пайдалану

гектар

105,78

3

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

гектар

0

Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)

4

Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану

адам-күн

0,1
АЕК