Маңғыстау облысы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшерлемелері туралы

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 29/437 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 қаңтарда № 2954 болып тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 506-бабының 1-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Маңғыстау облысы бойынша 2016-2018 жылдарға арналған мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі орманды пайдаланғаны үшін төлемдер мөлшерлемелері 1, 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2.лМаңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы М. Ибағаров
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

      "КЕЛIСIЛДI"
      "Қазақстан Республикасы Қаржы
      Министрлігі Мемлекеттік кірістер
      комитеті Маңғыстау облысы бойынша
      мемлекеттік кірістер департаменті"
      республикалық мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      А.Б. Тілегенов
      10 желтоқсан 2015 жыл
       "Қазақстан Республикасы Ауыл
      шаруашылық Министрлігі Орман
      шаруашылығы және жануарлар дүниесі
      комитетінің Маңғыстау облыстық орман
      шаруашылығы және жануарлар дүниесі
      аумақтық инспекциясы" республикалық
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Т. Қалжанұлы
      10 желтоқсан 2015 жыл
       "Маңғыстау облысының
      табиғи ресурстар және табиғат
      пайдалануды реттеу басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      С.О. Сағынбаев
      10 желтоқсан 2015 жыл

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/437 шешіміне
1-қосымша

Маңғыстау облысының мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде жанама орман пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с
Жанама орман пайдалану түрлері
Өлшем бірлігі
Төлемақы
мөлшерлемелері
(теңге)
1
Шабындық жерлер,
соның ішінде
шабындық жерлердің сапалық жай-күйінің топтары бойынша:
 
 
1.1
жақсы
гектар
253,88
1.2
қанағаттанарлық
гектар
190,41
1.3
қанағаттанғысыз
гектар
148,10
2
Мал жаю,
соның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының бір басын жаю топтары бойынша:
 
 
2.1
түйе
бас
148,1
2.2
ірі қара мүйізді, жылқы
бас
118,48
2.3
ірі қара төлі, есек
бас
59,24
2.4
ешкі
бас
103,67
2.5
қой
бас
29,62

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 29/437 шешіміне
2-қосымша

Аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн, ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, туристiк, рекреациялық және спорттық мақсаттарда Маңғыстау облысының мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану үшін төлемақы мөлшерлемелері

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 4/44 шешімімен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/с
Пайдалану түрі, соның ішінде мерзімі бойынша
Өлшем бірлігі
Төлемақы мөлшерлемелері
(теңге)
Ұзақ мерзімді орман пайдалану (10 жылдан 49 жылға дейін)
1
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану
гектар
417,42
2
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени және сауықтыру мақсаттарында пайдалану
гектар
105,78
3
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану
гектар
0
Қысқа мерзімді орман пайдалану (1 жылға дейін)
4
Мемлекеттік орман қоры учаскелерін ғылыми-зерттеу, тарихи-мәдени, сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттарда пайдалану
адам-күн
0,1
АЕК