"2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/353 қаулысына ө

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № А-6/242 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 шілдеде № 5459 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Занына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/353 қаулысына (№ 5199 Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген, аудандық "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" газеттерінде 2016 жылдың 22 қаңтарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      осы қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ. Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

  Жарқайың ауданы
әкімдігінің 2016 жылғы
"22" 06 қаулысына
қосымша
№ А-6/242
  Жарқайың ауданы
әкімдігінің 2015 жылғы
"22" 12 № А-12/353
қаулысымен бекітілген

2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері


Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
1
Балабақша

-

40

-

23869,7

-

23869,7

-

7700

2
Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

202

-

15608

-

15608

-

6600

-

3
Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

20

-

7804

-

7804

-

2600

-