2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № А-12/353 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 қаңтарда № 5199 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ .Әлжановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

  Жарқайың ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "22" 12
№ А-12/353 қаулысымен
бекітілген

2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Жарқайың ауданы әкімдігінің 22.06.2016 № А-6/242 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының айына жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері (теңге)

Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы айына ата-ананың ақы төлеу мөлшері (теңге)

мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
мемлекеттік
жеке меншік
1
Балабақша

-

40

-

23869,7

-

23869,7

-

7700

2
Балалар толық күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

202

-

15608

-

15608

-

6600

-

3
Балалар жарты күн болатын мектеп жанындағы шағын орталық

20

-

7804

-

7804

-

2600

-