Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 15.09.2017 № 11-1-2/420 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы |
М. Тілеуберді |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
______________ К. Мәсімов
2017 жылғы 12 қаңтар
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
________________ Қ. Қасымов
2016 жылғы 29 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/585 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу тәртібін реттейді.
2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелер):
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдайды, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарға қорытындылар жасайды, өтініш беруші туралы мәліметтерді "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) енгізеді, Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмі туралы өтініш берушілерді хабардар етеді;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесілігін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тіркейді.
3. Министрлік Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша шет елдердегі мекемелер ресімдеген құжаттарға соңғы қорытындыларды жасайды, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік Комитетімен (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті) келісілген Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша құжаттарды Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы азаматтық мәселелері бойынша комиссияға жолдайды және Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің шешiмі туралы шет елдердегі мекемелерді хабардар етеді.
2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер қабылдау және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу
§ 1-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштерді қабылдау және құжаттарды ресімдеу тәртібі
4. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштерге (бұдан әрі – азаматтық мәселелері жөнінде өтініштер):
1) Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініштер;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтініштер;
3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер жатады.
5. Азаматтық мәселелері жөнінде өтініштер тіркелуі және қаралуы тиіс.
6. Азаматтық мәселелері жөнінде өтініштерді шет елдердегі мекемелерге Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың өздері ұсынады.
7. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ қабілеті жоқ деп танылған адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөнінде өтініштерді олардың заңды өкілдерінің нотариалды куәландырылған, басқа мемлекеттерде – шет елдедегі мекеме куәландырған өтініші бойынша баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар Қазақстан Республикасының жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қаралады.
14 жастан 18 жасқа дейінгі баланың азаматтығын өзгерту мәселесі жөнінде өтінішті ұсынған жағдайда, оның нотариалды куәландырылған, басқа мемлекеттерде – шет елдедегі мекеме куәландырған жазбаша түрде білдірген келісімі қажет.
8. Барлық құжаттар мемлекеттiк не орыс тiлiнде жазылуы немесе мемлекеттiк не орыс тілiндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса берілген басқа тілде жазылуы тиіс.
9. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде ұсынылған өтініштерге қатысты шет елдердегі мекемелер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар жасайды.
Өтініш берушінің отбасысының әр мүшесiне бөлек қорытынды жасалады.
10. Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде өтініштер бойынша қорытындылар жасалғаннан кейін шет елдердегі мекемелер енгізілетін ақпараттың толық болуын қамтамасыз ете отырып, өтініш беруші туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.
11. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет елдердегі мекемелер енгізген өтініш берушілер туралы мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-да қарастыруды және келісуді жүзеге асырады. Шет елдердегі мекемелер "Бүркіт" БАЖ-да өтініш берушілер туралы ақпараттың толық болуын қамтамасыз етпеген жағдайда Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Бүркіт" БАЖ-ға өтініш берушілер туралы енгізілген мәліметтерді пысықтау қажеттігі туралы жазбаны енгізеді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Бүркіт" БАЖ-ға жазба енгізу арқылы орындалған сұрауы бойынша Министрлік өтініштің мәніне байланысты осы Қағидалардың 2-тарауының 2-және 3-параграфтарында қарастырылған құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитетіне келісуге қағаз түрінде жолдайды.
12. Шет елдердегі мекемелер өздерінің қорытындылары мен Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша ресімделген құжаттарды Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісілгеннен кейін Министрлікке жолдайды.
13. Азаматтық мәселелері жөнінде өтініштерді қарастыру мерзімі шет елдердегі мекемелер мен Министрліктің әрқайсысында 30 күнтізбелік күнді құрайды.
14. Өтініш беруші өтініштің мәніне байланысты осы Қағидалардың 2-тарауының 2- және 3-параграфтарында қарастырылған құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда немесе осы Қағидалармен қарастырылған талаптарды бұзу арқылы ұсынған жағдайда, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөнінде өтініштерді қанағаттандыруға кедергі болатын жағдайлар анықталса, шет елдердегі мекемелер және Министрлік өтініш беруші 5 күнтізбелік күннің ішінде кемшіліктерді жойғанға дейін азаматтық мәселелері бойынша құжаттарды ресімдеуді тоқтатады.
Өтініш беруші кемшіліктерді жоймаған жағдайда шет елдердегі мекемелер және Министрлік азаматтық мәселелері жөнінде өтініштерді ұсынылған құжаттармен бірге осы Қағидалардың 13-тармағында белгіленген мерзімде кері қайтарады.
15. Шет елдердегі мекемелер жолдаған азаматтық мәселелері жөнінде құжаттар негізінде Министрлік Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын әрбір арыз берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың немесе оны қалпына келтірудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы, оның ішінде оны Қазақстан Республикасында еңбекке, тұрғын үйге және өзге де орналастыру мүмкіндігі туралы Қазақстан Республикасының Президентіне дәлелді қорытынды береді.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтініштер бойынша қорытындыларда азаматтардың немесе ұйымдардың елеулі мүдделерімен байланысты өтініш берушінің мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе оның мүліктік міндеттемелері туралы, оның қылмыстық қудалануы, сотталғандығы не оның заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы не осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер хабарланады.
§ 2-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру үшін құжаттар
16. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын кәмелетке толмағандар, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 6 маусымдағы № 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесі және оларға қойылатын талаптарға (бұдан әрі – тізбе) сай келетiн адамдар және олардың отбасы мүшелерi шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмiрбаян;
3) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
6) апостильденген немесе заңдастырылған сотталғандығы болуы туралы анықтама;
7) тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген басқа мемлекеттің азаматтығының жоқтығы немесе тоқтатылғандығы туралы анықтама;
8) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
9) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Заңның 1-бабында көзделген шарттарды сақтау туралы өтініш-келісім;
10) консулдық алымның төленгенi туралы құжат.
17. Осы Қағидалардың 16-тармағында қарастырылған құжаттардан басқа Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы өтінішке өтініш берушінің бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.
18. Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдар немесе тізбеге сай келетін адамдар және олардың отбасы мүшелерi осы Қағидалардың 16-тармағында қарастырылған құжаттарға қоса Қазақстан Республикасының бейінді мемлекеттік органының қолдаухатын ұсынады.
§ 3-параграф. Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу үшін құжаттар
19. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы шет елдердегі мекемелер арқылы азаматтықтан шығу туралы өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) өмiрбаян;
3) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
4) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
6) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша адамның қылмыстық құқықбұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12055 болып тіркелген);
7) балаларының туу туралы және неке қию туралы куәлiктерінің көшiрмелерi (бар болған жағдайда);
8) шетелдік азаматтықты алу мүмкіндігін растайтын құжат;
9) консулдық алымның төленгенi туралы құжат;
10) өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасында тұратын жұбайының немесе оның асырауындағы адамдардың өзіне нотариалды куәландырылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға келісімі және материалдық және өзге де талаптардың жоқ екендiгi туралы өтiнiш-келісімі немесе олардың қайтыс болғаны туралы, азаматтың қайтыс болуы немесе хабарсыз кеткені туралы сот шешімінің көшірмелері.
Қағидалардың осы тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдаған кезде өтiнiш берушiлерге Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатудың құқықтық және өзге де салдары түсiндiрiледi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра оның шетелдік азаматтығы танылмайтыны жөнінде Заңның 3-бабының ережелерi түсiндiрiледi және ол туралы сауалнама-өтiнiште белгi жасалады.
§ 4-параграф. Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесілігін анықтау
20. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адам шет елдердегі мекемелер арқылы Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесілігін анықтау туралы өтінішке қоса келесі құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама-өтініш;
2) 3,5 х 4,5 сантиметр көлемінде фотосурет;
3) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұруын растайтын құжат;
4) іске қатысты басқа да құжаттар (туу туралы куәлік, еңбек кітапшасы, әскери билет, орта немесе толық орта емес білімі туралы аттестат, диплом, шаруашылық бойынша кітаптан үзінді көшірме, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасында тұратын фактісін растайтын кемінде үш куәгердің өтініштері).
21. Шет елдердегі мекемелер сауалнама-өтініште көрсетілген мәліметтерді "Бүркіт" БАЖ-ға енгізу арқылы өтiнiш берушiнiң Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесілігін тексередi.
22. Шет елдердегі мекемелер жүзеге асырған тексеріс нәтижесі бойынша өтініш берушіге еркін нысанда жасалған Қазақстан Республикасы азаматтығына тиесілігін растау туралы анықтама беріледі.
23. "Бүркіт" БАЖ-да өтініш беруші туралы ақпарат болмаған жағдайда шет елдердегі мекемелер өтініш беруші туралы мәліметтерді алу үшін Министрлік арқылы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына сұрау жолдайды.
Сұрау Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына "Бүркіт" БАЖ арқылы электронды хабарламаны жолдай отырып қосымша орындалуы мүмкін.
24. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының тексеріс нәтижесі бойынша шетелдегі мекеме еркін нысанда жасалған Қазақстан Республикасы азаматтығының тиесілігін растау туралы анықтама береді.
3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеу
25. Заңның 21-бабында қарастырылған шарттардың болуын растайтын құжаттардың негізінде шет елдердегі мекемелер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тіркеу туралы қорытынды жасайды.
26. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуді ресімдемеген адамдар Заңның 21-бабының 5) тармақшасында қарастырылған шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу үшін шетелдегі мекемелерге келісі құжаттарды ұсынады:
1) еркін нысанда жазылған Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеу туралы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының паспорты және жеке куәлігі;
3) шет мемлекеттің азаматы паспортының көшірмесі немесе шетелдік азаматтықтың бар екендігін растайтын құжат.
27. Шет елдегі мекеме өтініш берушіні Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылғаны туралы шешім қабылдаудың себептері мен негіздері туралы хабардар етеді.
28. Заңмен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуді ресімдемеген адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеу туралы өтініштері бойынша шет елдердегі мекемелер өтініш берушінің Қазақстан Республикасында соңғы тіркелген жерін көрсете отырып "Бүркіт" БАЖ-ға мәліметтерді енгізеді.
29. Шет елдердегі мекемелер Министрлік арқылы Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын тіркеу туралы қорытындыны Заңның 21-бабында қарастырылған шарттардың болуын растайтын құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаментіне жолдайды.
Осы Қағидалардың 26-тармағында қарастырылған құжаттар өтініш берушінің Қазақстан Республикасында соңғы тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне жолданады.
№___ 20__ жылғы "___" _________
Қорытынды
________________________________________________________ ҚР азаматтығын/нан
(Қазақстан Республикасы шет елдегі мекемесінің атауы)
қабылдау/қалпына келтіру/шығу туралы өтінішпен, ___________ жылы
_________________________________ туылған _______________________________________
(мемлекеттің атауы) (азаматтығы)
азаматы ___________________________________________________________ өтініш білдірді.
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
_______ жылдан бастап ______________________________ аумағына тұрақты тұрады.
(мемлекеттің атауы)
Қазіргі уақытта мынадай мекенжай бойынша тұрады: ____________________________
________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында және басқа елдерде келесі тұратын жақын туыстары
тұрады _________________________________________________________________________
Басқа мәліметтер: __________________________________________________________
Азаматтардың немесе ұйымдардың елеулі мүдделерімен байланысты мемлекет
алдындағы орындалмаған міндеттемелері немесе мүліктік міндеттемелері туралы, қылмыстық
қудалануы, сотталғандығы не заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеуі туралы не
осы адамның азаматтықтан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің
мүдделеріне қайшы келетіні туралы нақты мәліметтер (ҚР азаматтығынан шығу жөніндегі
өтініштер бойынша):
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығын/нан қабылдау/қалпына келтіру/шығу туралы
өтінішін ________________________________________________________________ уәждейді.
______________________________________________ азаматтың/азаматшаның Қазақстан
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Республикасының азаматтығын/нан қабылдау/қалпына келтіру/шығу туралы өтінішін
________________________________________________________________________________
(ҚР азаматтығын/нан қабылдау/қалпына келтіру/шығу негізі немесе бас тарту негізі)
байланысты қанағаттандыруды мүмкін/мүмкін емес деп санаймыз.
Өтініш беруші туралы мәліметтер "Бүркіт" БАЖ-ға енгізілді (Жүйе номері № __).
Консулдық алым алынды.
Қосымша ______ парақта.
Қолы ______________ 20___ жылғы "___"______
Сауалнама - Өтiнiш
Фото |
Мені Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдауды/қалпына келтіруді сұраймын.
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) | |
2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз | |
3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіледі) | |
4. Ұлты | |
5. Отбасы жағдайы (үйленбегенмін/тұрмыс құрмағанмын, некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) | |
6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады) | |
7. Соңғы тiркелген орны | |
8. Соңғы жұмыс, оқу орны | |
9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) | |
10. Бұрын басқа мемлекеттердiң | |
11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты? | |
12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатпен байланысты міндеттемелер | |
13. Шет мемлекеттің әскери қызметінен өттіңіз бе, қауіпсіздік қызметінде, полиция, әділет органдарында немесе мелекеттік билік пен басқару органдарында жұмыс атқардыңыз ба? | |
14. Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұрған мекенжайыңызды көрсетіңіз (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады) |
15. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу
орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның
атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз
бен атағыңызды көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта
жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi
жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).
Айы мен жылы | Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы | Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері |
16. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар,
асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-
қарындастар), ата, әже, немерелер).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және
шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда
оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.
Туыстық деңгейi | Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жұмыс орны, лауазымы | Болу елі, тұрғылықты мекенжайы |
17. Жұбайым/зайыбым ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға/қалпына келтіруге құжаттарды
ресiмдеуде.
(иә/жоқ).
18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ___________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдаудың/қалпына келтірудің құқықтық
салдары түсіндірілді. Сондай-ақ, "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991
жылғы 20 желтоқсандағы Қақастан Республикасы Заңының 1-бабының шарты түсіндірілді.
Оған сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан
Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен
оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне
құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және
тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттенемін.
Өтініш берушінің қолы __________________
Өтініш-келісім
Мен, ______________________________________, Қазақстан Республикасының
азаматтығын алуға / Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіруге өтініш
білдіре отырып, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға,
мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-
ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін,
егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндеттенемін.
20___ жылғы "___"_______
____________________
(қолы)
Сауалнама - Өтiнiш
Фото |
Мені Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға рұқсат беруді сұраймын.
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) | |
2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз | |
3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіледі) | |
4. Ұлты | |
5. Отбасы жағдайы (үйленбегенмін/тұрмыс құрмағанмын, некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) | |
6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады) | |
7. Соңғы тiркелген орны | |
8. Соңғы жұмыс, оқу орны | |
9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) | |
10. Бұрын басқа мемлекеттердiң | |
11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты? | |
12. Қазақстан Республикасының немесе жеке және заңды тұлғалардың алдында орындалмаған мiндеттемелерiңiз бар ма, соның ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына рұқсатпен байланысты міндеттемелер |
13. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу
орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның
атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз
бен атағыңызды көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта
жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi
жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).
Айы мен жылы | Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы | Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері |
14. Сiздiң жақын туыстарыңыз (ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар,
асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-
қарындастар), ата, әже, немерелер).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде Қазақстан Республикасында тұратын және
шетелде тұратын барлық туыстар көрсетiледi. Егер әйелi күйеуiнiң тегiн алған болса, онда
оның неке қиғанға дейiнгi тегi де көрсетiледi.
Туыстық деңгейi | Тегi, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Туған жылы мен жері | Жұмыс орны, лауазымы | Болу елі, тұрғылықты мекенжайы |
15. Жұбайым/зайыбым ______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға құжаттарды ресiмдеуде.
(иә/жоқ).
16. Егер жұбайыңыз/зайыбыңыз Қазақстан Республикасының азаматы(-шасы) болмаса,
онда оның азаматтығын көрсетiңiз __________________________________________________
17. Қазақстан Республикасынан шыққан кезде әскери билет тапсырылғаны туралы
мәлімет _________________________________________________________________________
18. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ___________________________________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығудың құқықтық салдары түсіндірілді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының азаматында қос азаматтық танылмайтыны туралы
"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қақастан
Республикасы Заңының 3-бабының шарты түсіндірілді.
Өтініш берушінің қолы __________________
Сауалнама - Өтiнiш
Фото |
Менің Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігімді анықтауды сұраймын.
Сұрақтар | Жауаптар |
1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда) | |
2. Бұрын тұрған барлық тектеріңiздi, аттарыңызды және әкеңiздiң атын (бар болған жағдайда) атап шығыңыз, оларды қашан, қайда және қандай себеп бойынша өзгерттiңiз | |
3. Туған күнi, айы, жылы және жерi (ауыл, қала, аудан, облыс, егер шетелде туылған жағдайда сол елдi көрсетіледі) | |
4. Ұлты | |
5. Отбасы жағдайы (үйленбегенмін/тұрмыс құрмағанмын, некеде тұрамын, ажырасқанмын, жесiрмiн) | |
6. Шетелге шығудың алдында тұрған мекенжайы (Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтірген кезде толтырылады) | |
7. Соңғы тiркелген орны | |
8. Соңғы жұмыс, оқу орны | |
9. Бiлiмi және бiлiмi бойынша мамандығы (қайда, қашан және қандай оқу орнын аяқтадыңыз) | |
10. Бұрын басқа мемлекеттердiң | |
11. Сот тәртiбiмен қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершiлiкке тартылдыңыз ба. Егер тартылсаңыз, онда қашан, кiм және не үшiн тартты? |
12. Еңбек жолыңыздың басынан бастап атқарған қызметiңiз (жоғары және орта оқу орындарындағы оқуды, әскери қызметтi қоса алғанда).
Ескертпе: Осы тармақты толтырған кезде мекеменің, ұйымның және кәсiпорынның атауын жұмыс атқарған кездегі атауына сәйкес көрсету қажет. Әскери қызметтi лауазымыңыз бен атағыңызды көрсете отырып толтырыңыз. Шартты атауы бар кәсiпорындарды (пошта жәшiгi) осындай шартты атауымен көрсетiңiз. Әскери қызметтi өткергендiгi әскери билеттегi жазбаларға сәйкес көрсетiледi (бар болған жағдайда).
Айы мен жылы | Мекемесі, ұйымы көрсетiлген лауазымы | Мекеменiң, ұйымның орналасқан жері |
13. Сiздiң мекен-жайыңыз, телефон нөмiрiңiз ___________________________________
Өтініш берушінің қолы __________________
№___ 20__ жылғы "___" _________
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеу туралы қорытынды
_______________________________________________________________ байланысты
(Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеудің негізі, Заңға сілтеме)
________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесінің атауы)
_______________________________________________________ азаматқа қатысты Қазақстан
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
Республикасының азаматтығынан айырылуын тіркеуді жүзеге асырды.
____________________________________ аумағына тұрақты тұруға _______ жылы келген.
(мемлекеттің атауы)
Қазақстан Республикасынан шыққанға дейінгі мекенжайы:
________________________________________________________________________________
Қосымша ______ бетте, құжаттар __________________.
Қолы ___________________ 2016 жылғы "____" _________
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/585 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 6783 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2011 жылғы, № 9 (таралымның шығу күні 2011 жылғы 23 қыркүйек)).
2. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 08-1-1-1/614 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 9064 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпандағы № 35 (28259) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресiмдеуi жөнiндегi нұсқаулығын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 08-1-1-1/563 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10053 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 12 ақпандағы № 28 (28506) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).