Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 09.12.2016 № 11-1-2/585 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 08-1-1-1/13 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 6783 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдары актілерінің жинағында 2011 жылғы № 10 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелеріне қатысты құжаттарды ресімдеуі жөніндегі нұсқаулығында:
21-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;".
2. Консулдық қызмет департамент осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министрдің | |
міндетін атқарушы | Р. Жошыбаев |