"Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 869 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14737 болып тіркелді

       "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11414 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің жетекешілігіндегі мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары, осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Султанов

      2016 жылғы " ___" ________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 869 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 16 сәуірдегі
№ 451 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік
мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай
нормалары

Арнайы көлік құралдарының
атауы*

Арнайы көлік құралдарының функционалдық мақсаты

Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер

Арнайы көлік құралдарының саны

Арнайы

Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу

Ақмола жол зертханасы

1

Ақтөбе жол зертханасы

1

Алматы жол зертханасы

1

Атырау жол зертханасы

1

Батыс жол зертханасы

1

Жамбыл жол зертханасы

1

Шығыс жол зертханасы

1

Карағанды жол зертханасы

1

Кызылорда жол зертханасы

1

Көстанай жол зертханасы

1

Маңғыстау жол зертханасы

1

Павлодар жол зертханасы

1

Солтүстік жол зертханасы

1

Оңтүстік жол зертханасы

1

Астанақалалықжолзертханасы

1

Алматықалалықжолзертханасы

1

      Ескертпе: *арнайы көлік құралы – жеңіл автомобиль базасындағы, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге арналған көлік құралы.