Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2019 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес арнайы су көлігінiң тиесілік заттай нормалары бекiтiлсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2019 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (А.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 20 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Атауы | Арнайы көлік құралының функционалдық мақсаты | Арнайы көлік құралдарын пайдаланатын мемлекеттік мекемелер | Арнайы көлік құралдарының саны |
Арнайы көлік құралы | Өндірістік процесті қамтамасыз ету, автомобиль көлігі мен автожолдарда бақылауды жүргізу; су көлігінде кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тексеріп қарауды, кемелерді, жағалаудағы объектілерді, гидроқұрылыстарды, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды техникалық куәландыруды жүргізу; теміржол көлігінде жолдың жоғарғы қабатын, магистральдық, станциялық және өзге де технологиялық жолдарды, инженерлік құрылыстарға техникалық куәландыруды жүргізу | Көлік комитеті және оның аумақтық инспекциялары: | |
Көлік комитеті | 1 | ||
Ақмола облысы | 4 | ||
Ақтөбе облысы | 5 | ||
Алматы облысы | 5 | ||
Атырау облысы | 5 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | 5 | ||
Жамбыл облысы | 4 | ||
Батыс Қазақстан облысы | 5 | ||
Қарағанды облысы | 5 | ||
Қызылорда облысы | 4 | ||
Қостанай облысы | 5 | ||
Маңғыстау облысы | 4 | ||
Павлодар облысы | 5 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | 5 | ||
Түркістан облысы | 5 | ||
Нұр-Сұлтан қаласы | 4 | ||
Алматы қаласы | 4 | ||
Шымкент қаласы | 3 | ||
"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі | 3 |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің арнайы көлік құралдарының тиесілік заттай нормалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.03.2019 № 156 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнайы көлік құралдарының атауы* | Арнайы көлік құралдарының функционалдық мақсаты | Арнайы көлік құралдарының пайдалануға құқығы бар республикалық мемлекеттік мекемелер | Арнайы көлік құралдарының саны |
Арнайы | Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу | Ақмолажолзертханасы | 1 |
Ақтөбежолзертханасы | 1 | ||
Алматыжолзертханасы | 1 | ||
Атыраужолзертханасы | 1 | ||
Батысжолзертханасы | 1 | ||
Жамбылжолзертханасы | 1 | ||
Шығысжолзертханасы | 1 | ||
Карағандыжолзертханасы | 1 | ||
Кызылордажолзертханасы | 1 | ||
Көстанайжолзертханасы | 1 | ||
Маңғыстаужолзертханасы | 1 | ||
Павлодаржолзертханасы | 1 | ||
Солтүстікжолзертханасы | 1 | ||
Түркістанжолзертханасы | 1 | ||
Астанақалалықжолзертханасы | 1 | ||
Алматықалалықжолзертханасы | 1 |
Ескертпе: *арнайы көлік құралы – жеңіл автомобиль базасындағы, автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізуге арналған көлік құралы.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 451 бұйрығына 3-қосымша |
Арнайы су көлігінің тиесілі заттай нормалары
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.11.2019 № 825 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Арнайы су көлігінің атауы* | Арнайы су көлігінің функционалдық мақсаты | Арнайы су көлігін пайдаланатын мемлекеттік мекемелер | Арнайы су көлігінің саны | ||
Теңіз | Өзен | Шағын көлемді | |||
Арнайы | Өндірістік процесті қамтамасыз ету және су көлігінде бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру (кемелерді, жағалаудағы объектілерді, порттарды, кемежайларды, шығанақтарды, кеметұрақтарды, шағын көлемді және балық аулайтын кемелерге арналған база-тұрақтарды және т.б. техникалық куәландыруды жүргізу) | Көлік комитетінің инспекциялары: | |||
Ақмола облысы | - | - | 1 | ||
Ақтөбе облысы | - | - | 1 | ||
Алматы облысы | - | 1 | 1 | ||
Атырау облысы | - | 1 | 2 | ||
Шығыс Қазақстан облысы | - | 4 | 2 | ||
Жамбыл облысы | - | - | 1 | ||
Батыс Қазақстан облысы | - | 1 | 1 | ||
Қарағанды облысы | - | 1 | 2 | ||
Қызылорда облысы | - | - | 1 | ||
Қостанай облысы | - | - | 1 | ||
Маңғыстау облысы | - | - | 1 | ||
Павлодар облысы | - | 1 | 1 | ||
Солтүстік Қазақстан облысы | - | - | 1 | ||
Түркістан облысы | - | - | 1 | ||
Нұр-Сұлтан қаласы | - | - | 1 | ||
"Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" республикалық мемлекеттік мекемесі | 1 | - | - |
Ескертпе: *арнайы су көлігі - ішкі су жолдарда және өзге теңіз суларында бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме.