Жарияланған акцияларға ұлттық бірдейлендіру нөмірін (ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін) беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 283 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 қаңтарда № 14670 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 187 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 қазандағы № 157 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5394 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар нарығы департаменті (Хаджиева М.Ж.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О. А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қарашадағы
№ 283 қаулысымен
бекітілген

Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру қағидалары

      1. Осы Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру қағидалары (бұдан әрі − Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру тәртібін анықтайды.

      2. Уәкілетті орган жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беруді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13599 тіркелген "Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын жою қағидаларын, Жарияланған акциялар шығару проспектісін жасау және ресімдеу қағидаларын, жарияланған акциялар шығару проспектісінің құрылымын, Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 29 ақпандағы № 76 қаулысымен бекітілген Жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді қарау, сондай-ақ жарияланған акциялар шығарылымын жою қағидаларының (бұдан әрі – № 76 қағидалар) 3 және 4-тармақтарында көзделген құжаттардың негізінде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізеді.

      3. № 76 қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін уәкілетті орган олардың толықтығын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексереді.

      4. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган:

      1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беруді жүзеге асырады;

      2) жарияланған акциялар шығарылымының айналымындағы ұқсас ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерінің болмауын тексереді.

      5. Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру мысалы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      6. Ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) құру кезінде әріптік символдарды санға ауыстыру Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды сандарға ауыстыру кестесіне сай жүзеге асырылады.

      7. Уәкілетті орган жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеуді акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) беру және акционерлік қоғамға жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру (жіберу) арқылы жүзеге асырады.

  Жарияланған акцияларға ұлттық
бiрдейлендiру нөмірін
(ұлттық бiрдейлендiру
нөмірлерін) беру қағидаларына
1-қосымша

Жарияланған акциялардың ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) құру

      1. Жарияланған акциялардың ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) (бұдан әрі – ҰБН) құру үшін араб цифрлары және латын әліпбиінің жазба (бас) әріптерін ("І" және "О" әріптерінен басқа) пайдаланылады.

      2. ҰБН тыныс белгісімен бөлінбеген, тізбектелген он екі символ (солдан оңға санаумен) қамтылады және мынадай үш бөліктен тұрады:

      1) ҰБН бірінші және екінші позицияларында орналасқан символдар эмитент елінің екі әріпті кодын белгілейді (Қазақстан Республикасы үшін "КZ" коды пайдаланылады);

      2) ҰБН үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші позицияларында орналасқан символдар осы қосымшаның 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес жасалатын негізгі нөмір болып табылады;

      3) ҰБН он екінші позициясында орналасқан символ осы қосымшаның 8-тармағына сәйкес есептелетін бақылау цифры болып табылады.

      3. ҰБН үшінші позициясында орналасқан символ мемлекеттік емес бағалы қағаздардың түрін белгілейді (акциялар үшін "1" символы пайдаланылады).

      4. Төртінші позицияда орналасқан символ акциялар түрін белгілейді:

      1) "Р" символы – артықшылықты акциялар;

      2) "С" символы – жай акциялар.

      5. Бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші позицияларында орналасқан символдар Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде берілген жарияланған акциялар шығару нөмірінің тиісінше екінші, үшінші, төртінші және бесінші позициясын белгілейді.

      6. Жай акцияларға ҰБН берілген жағдайда, тоғызыншы және оныншы позицияларда "00" символы, акциялардың басқа түріне ауыстыру мүмкіндігісіз артықшылықты акцияларға - "01" символы, акциялардың басқа түріне ауыстыру мүмкіндігімен артықшылықты акцияларға - "02" символы көрсетіледі.

      Акциялардың басқа түріне ауыстыру мүмкіндігімен артықшылықты акциялар ретінде шығарылатын, артықшылықты акциялардың эмитент шығаратын көлемінің шегіндегі белгілі бір бөлігіне ҰБН беру, тоғызыншы және оныншы позицияларында "02" символдарының көрсету арқылы артықшылықты акцияларды эмитент шығаратын барлық көлемінен жеке жүргізіледі.

      7. Он бірінші позицияда "1" символы көрсетіледі.

      8. Бақылау цифры мынадай болып есептеледі:

      1) 1-қадам: осы қосымшаның 2-тармағының 1) және 2) тармақшасына және 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес бастапқы он бір позициялар толтырылады;

      2) 2-қадам: ҰБН позицияларында орналасқан әріптік символдар Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды сандарға ауыстыру кестесіне сай сандармен ауыстырылады;

      3) 3-қадам: құрылған сан қатарынан алынған (оның оң жақ шетінен бастап) әрбір цифр коэффициенке көбейтіледі: "2" - ҰБН тақ позицияларындағы цифрлар үшін немесе "1" - ҰБН жұп позицияларындағы цифрлар үшін;

      4) 4-қадам: 3-қадамды орындау нәтижесінде алынған қатардың цифрлары қосылады;

      5) 5-қадам: егер 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталса, онда бақылау цифры "0" болып табылады. Керісінше жағдайда, 4-қадамды орындау нәтижесінде алынған соманы осы сомадан асатын және он еседен төмен болып табылатын саннан алып тастау нәтижесі бақылау цифры болып табылады.

  Жарияланған акцияларға ұлттық
бiрдейлендiру нөмірін
(ұлттық бiрдейлендiру
нөмірлерін) беру қағидаларына
2-қосымша

Жарияланған акцияларға ұлттық бiрдейлендiру нөмірін (ұлттық бiрдейлендiру нөмірлерін) берудің мысалы

      Берілді (мысалдың шарттары):

      Акционерлік қоғам жай акциялар шығаруды жүзеге асырады. Осы жарияланған акциялар шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3261 нөмірімен енгізілді.

1-қадам:

ҰБН позицияларының нөмірі

Символдар

Түсініктеме

1-2

KZ

Эмитенттің елін белгілеу (Қағидаларға 1-қосымшаның 2-тармағының 1) тармақшасы)

3

1

Мемлекеттік емес бағалы қағаздардың түрін белгілеу: акцияларға "1" символы сәйкес келеді (Қағидаларға 1-қосымшаның 3-тармағы)

4

С

Акциялардың түрін белгілеу: жай акцияларға "С" символы сәйкес келеді (Қағидаларға 1-қосымшаның 4-тармағының 2) тармақшасы)

5-8

3261

Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізген кезде акциялар шығарылымының нөмірін белгілеу: шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3261 нөмірімен енгізілген, оған "3261" символы сәйкес келеді (Қағидаларға 1-қосымшаның 5-тармағы)

9-10

00

"00" символдары көрсетіледі (Қағидаларға 1-қосымшаның 6-тармағы)

11

1

1 символы көрсетіледі (Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағы)

      Нәтижесінде осы шығарылым акцияларының ҰБН (он екінші позицияда бақылау цифрынсыз) мынадай көрініс алады:

К

Z

1

с

3

2

6

1

0

0

1

2-қадам:

      Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес әріптік символдарды сандарға ауыстыру кестесіне сай әріптік символдарды сандармен ауыстыру

1

9

3

3

1

1

2

3

2

6

1

0

0

1

3-қадам:

      Құрылған сандық қатардағы цифрларды (оның оң жақ шетінен бастап) коэффициентке көбейту: "2" - ҰБН тақ позицияларындағы цифрлар үшін немесе "1" - ҰБН жұп позицияларындағы цифрлар үшін: сандық қатар (3-қадамды орындау нәтижесі):

1

9

3

3

1

1

2

3

2

6

1

0

0

1

көбейту коэффициенттері:

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

1

2

көбейту нәтижесі:

1

1

8

3

6

1

2

2

6

2

1

2

1

0

0

2

4-қадам:

      3-қадамды орындаудың нәтижесінде алынған қатардың цифрларын қосу:

      1 + 1 + 8 + 3 + 6 + 1 + 2 + 2 + 6 + 2 + 1 + 2 + 1 + 0 + 0 + 2 = 38

5-қадам:

      4-қадамды орындау нәтижесінде алынған сома "0-мен" аяқталмағандықтан, осы сомадан асатын және он еседен төмен болатын сан анықталады. 38 сомасы үшін осындай сан 40 болып табылады. Тиісінше, бақылау цифры 2-ге тең (40-38).

      Осы шығарылым акцияларының толық ҰБН мынаған тең:

К

Z

1

С

3

2

6

1

0

0

1

2

  Жарияланған акцияларға ұлттық
бiрдейлендiру нөмірін
(ұлттық бiрдейлендiру
нөмірлерін) беру қағидаларына
3-қосымша

Әріптік символдарды сандарға ауыстыру кестесі

А

10

F

15

L

20

R

25

W

30

В

11

G

16

М

21

S

26

X

31

С

12

Н

17

N

22

Т

27

Y

32

D

13

J

18

Р

23

U

28

Z

33

Е

14

К

19

Q

24

V

29