Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 219 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қазанда № 14340 болып тіркелді.

Қолданыстағы
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы
      30 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы
      26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтаманы және банктік шот бойынша ақша қалдығы және қозғалысы туралы үзінді көшірмені ресімдеуге және олардың мазмұнына қойылатын мынадай талаптар бекітілсін:
      1) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 50-бабының 5, 6, 7, 8 және 8-1-тармақтарында көзделген банктік шоттың бар екендігі және нөмірі туралы анықтамалар банкте клиенттің банктік шоты болған кезде ресімделеді және мыналар қамтылады:
      анықтаманың күні;
      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
      клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;
      банктік шоттағы қалдық туралы мәліметтер көрсетілген жағдайда сұратылатын күнге жіберілетін қалдық.
      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының
      ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын қалдық өндіріп алынатын сома шеңберінде көрсетіледі.
      Клиенттің банктік шоттарының бар екендігі және нөмірлері, банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы қағаз тасымалдағышта ұсынылатын анықтамалар банктік шот бойынша ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме (бұдан әрі – үзінді көшірме) нысанында жіберіледі;
      2) үзінді көшірмеде мыналар қамтылады:
      үзінді көшірменің күні;
      үзінді көшірме берілетін кезең;
      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және клиенттің жеке сәйкестендіру коды;
      клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік сәйкестендіру коды;
      заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және егер клиент ақша жөнелтуші (бенефициар) болып табылған жағдайда, бенефициардың (ақша жөнелтушінің) жеке сәйкестендіру коды;
      теңгемен банктік шот бойынша – бенефициар банкінің (ақша жөнелтуші банкінің) атауы, банктік сәйкестендіру коды, бенефициардың және ақша жөнелтушінің атауы және жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі.
      Бенефициар банктің (ақша жөнелтуші банктің) атауы және (немесе) банктік сәйкестендіру коды клиент пен оған қызмет көрсететiн банктiң арасында төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде қойылмайды;
      үзінді көшірме берілетін кезеңнің басындағы және соңындағы келіп түсетін және жіберілетін қалдық.
      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап келіп түсетін және (немесе) жіберілетін қалдық туралы ақпарат қамтылады;
      төлемнің белгіленуі;
      үзінді көшірме берілетін кезеңдегі дебет және кредит бойынша айналымдар.
      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабы 7-тармағының
      ж) және з) тармақшаларына сәйкес ұсынылатын үзінді көшірмелерде банктік шотта ақша жеткіліксіз болған кезде атқарушылық іс жүргізу қозғалған сәттен бастап дебет және кредит бойынша айналымдар туралы ақпарат қамтылады;
      банктік шоттың валютасы;
      банктің уәкілетті адамының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және мөртабан.
      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабының 6,
      7-тармақтарында көзделген үзінді көшірмелерді ұсынған кезде, бар болса мынадай мәліметтер қосымша қоса беріледі:
      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шотқа қойылған, орындалмаған инкассолық өкімдердің сомасы;
      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шотқа қойылған, орындалмаған төлемдік талап-тапсырмалардың сомасы;
      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шотқа қойылған, болашақтағы валюталау күні бар орындалмаған төлем тапсырмалардың сомасы;
      үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы банктік шоттардағы ақшаға салынған өзге ауыртпалықтардың (тыйым салу) сомасы;
      уәкілетті мемлекеттік органдардың шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы ұсынған өкімдерінің саны;
      банктік шот бойынша орын алған ауыртпалықтарды шегере отырып, үзінді көшірме берілетін кезеңнің соңындағы ақша сомасының қалдығы (оң немесе теріс).
      Банктер және банк қызметі туралы заңның 50-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, "Мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесі туралы" 2013 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған жинақтаушы білім беру салымы туралы шарт бойынша ашылған, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тұрғын үй төлемдерін есептеу үшін ашылған жеке тұлғаның банктік шотының және банктік шоты бойынша үзінді көшірменің бар екендігі туралы анықтамаларды ұсынған кезде осы банктік шоттарды белгілеу туралы ақпарат қосымша көрсетіледі.
      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Төлем жүйелерi департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

Ұлттық Банк
 
Төрағасы
Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      ____________ М. Бекетеев
      2016 жылғы "___"__________
      
      

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 219 қаулысына
қосымша

Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Басқармасы қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық
элементтерінің тізбесі

      1. "Клиенттің банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы көшірменің мазмұнына талаптар белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 22 шілдедегі № 102 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
      № 3019 тіркелген).
      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 20 шілдедегі № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4880 тіркелген, 2007 жылғы 5 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 135 (1164) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін кейбір нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.
      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері жөніндегі кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 20 тамыздағы № 76 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6534 тіркелген, 2010 жылғы 21 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 435 (26278) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағы.
      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 65 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7122 тіркелген,
      2011 жылғы 15 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 133 (1949) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 10-тармағы.
      5. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7625 тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы.
      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7992 тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) 1-қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесінің 3-тармағы.
      7. "Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 117 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8513 тіркелген, 2013 жылғы 23 шілдеде "Заң газеті" газетінде № 106 (2307) жарияланған) қосымша болып табылатын Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 6-тармағы.