"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі үшінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Қоса беріліп отырған Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7950 тіркелген, 2012 жылғы 8 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 809-814 (27885) жарияланған);
2) "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем жүйелеріне кіруін қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 269 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13187 тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы Талаптардың 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 58, 59, 60, 61, 62, 63 және 64-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
| Қазақстан Республикасы | |
| Ұлттық Банкі Басқармасының | |
| 2016 жылғы 31 тамыздағы | |
| № 200 қаулысымен | |
| бекітілген |
Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру
шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі үшінші абзацының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болатын төлем жүйелеріне (бұдан әрі – төлем жүйесі) қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар айқындалады.
Талаптар төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын орналастырудан, төлем жүйесін пайдаланушының және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Орталық) өзара іс қимылынан, төлем жүйесінің терминалынан, негізгі ақпараттан, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қойылатын талаптардан, қызмет көрсететін қызметкердің жұмысын ұйымдастырудан, операциялық тәуекелді басқаруға және қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптардан тұрады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 20.02.2025 № 6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.12.2025 № 94 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. Талаптар төлем жүйесінің барлық пайдаланушыларына қолданылады.
3. Талаптарда "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, "Банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 53 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38336 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 53 талаптар) көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аутентификация - төлем және ақпараттық хабарлармен алмасу кезінде, төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қашықтықтан қосылған кезде жүйені пайдаланушылардың қатысу түпнұсқалығын растауға, сондай-ақ төлем және ақпараттық хабарлардың түпнұсқалығын растауға арналған шаралар кешені;
2) бағдарламалық-аппараттық кешен – төлем жүйесін пайдаланушының Орталықпен өзара іс-қимылы үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
3) гипервизор – бірнеше операциялық жүйені сол бір серверде немесе компьютерде құруға және іске қосуға мүмкіндік беретін бағдарламалық немесе аппараттық-бағдарламалық қамтылым;
4) куәландыратын орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растайтын заңды тұлға;
5) кіруді бақылау құралдары – техникалық, бағдарламалық немесе объектілерге кіру туралы ақпаратты тіркеуге мүмкіндік беретін басқа құралдар;
6) негізгі ақпарат – криптографиялық кілттер (ашық және жабық) немесе ақпаратты криптографиялық қайта өзгертуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін басқа ақпарат;
7) операциялық тәуекел – цифрлық жүйелердің жұмысындағы немесе ішкі процестердегі бұзушылықтармен, қателермен, төлем жүйесін басқарудағы іркілістермен немесе бұзушылықтармен байланысты, оның ішінде сыртқы оқиғалардың салдарынан болған тәуекел;
8) рұқсатсыз кіру – Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ оған кірудің төлем жүйесін пайдаланушы белгілеген тәртібін бұза отырып, цифрлық және бағдарламалық ресурстарға кіру;
9) рұқсатсыз кіруден қорғау құралдары – аутентификация, қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату, төлем жүйесін пайдаланушылардың әрекеттерін бақылау функцияларын іске асыратын техникалық және (немесе) бағдарламалық құралдардың жиынтығы;
10) стандартты емес жағдай – операциялық тәуекелді іске асыру салдарынан төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысындағы іркілістер (бұзушылықтар);
11) төлем жүйесін пайдаланушы – Орталықпен төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы шарт жасаған заңды тұлғалар және басқа төлем жүйелерінің операторы (операциялық орталығы);
12) төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесі – төлем жүйесін пайдаланушы төлем жүйесінің терминалы арқылы одан әрі төлем жүйесіне жіберуге арналған электрондық құжаттарды қалыптастыру немесе түрлендіру үшін пайдаланатын бағдарламалық қамтылым;
13) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешені – төлем жүйесін пайдаланушының төлем жүйесінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесін, жұмыс орнын, төлем жүйесімен коммуникация (деректер беру) құралдарын қамтитын техникалық, бағдарламалық немесе басқа құралдар;
14) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің негізгі орталығы (бұдан әрі – негізгі орталық) – төлем жүйесін пайдаланушының төлем жүйесінде әдеттегі (күнделікті) режимде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешені;
15) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің резервтік орталығы (бұдан әрі – резервтік орталық) – төлем жүйесін пайдаланушының стандартты емес жағдайлар туындаған немесе негізгі орталықта жоспарлы тест жұмыстары жүргізілген кезде төлем жүйесін пайдаланушының төлем жүйесінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін резервтік бағдарламалық-техникалық кешені;
16) төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығы – төлем жүйесіне қол жеткізу үшін пайдаланылатын төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық құралдарының жұмыс істеу ортасын орналастыруға және қамтамасыз етуге арналған цифрлық инфрақұрылым объектісі;
17) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны – төлем жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютер не жиынтығында төлем жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаны, оның негізінде өрістетілген физикалық ресурсты (серверді) және осы виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютерді қамтитын бағдарламалық-аппараттық кешеннің жиынтығы;
18) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының әкімшісі – төлем жүйесінің терминалын, ол орнатылған виртуалды ортаны және оның негізінде виртуалды орта жұмыс істейтін гипервизорды әкімшілендіруді тікелей жүзеге асыратын адам;
19) төлем жүйесін пайдаланушының қауіпсіздік бөлімшесі – төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық және бағдарламалық ресурстарының қауіпсіздігі мен олардың қорғалуын қамтамасыз ететін төлем жүйесін пайдаланушының құрылымдық бөлімшесі;
20) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздік офицері – төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында ақпаратты рұқсатсыз кіруден, жария болудан, оның ішінде төлем жүйесінің терминалы дербес компьютерде орнатылған жағдайда электромагниттік арналар арқылы қорғау құралдарын, оның негізінде виртуалды орта жұмыс істейтін гипервизорды, төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуды орнатуды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ олардың жұмыс қабілеттілігіне және қауіпсіздік талаптарының орындалуына мониторингті жүзеге асыратын адам;
21) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының операторы – төлем жүйесін пайдаланушының негізгі ақпаратын пайдалана отырып, төлем жүйесінің хабарларын дайындауды, беруді және қабылдауды, сондай-ақ Орталықтың куәландыратын орталығында төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздік офицерінің қатысуымен негізгі ақпаратты әзірлеуді және тіркеуді тікелей жүзеге асыратын адам;
22) төлем жүйесінің терминалы – төлем жүйесін пайдаланушыда орнатылған, төлем жүйесіне қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнаулы бағдарламалық қамтылым;
23) төлем жүйесі терминалының қосымшасы – төлем жүйесінің терминалымен қашықтықтан жұмыс істеуге арналған арнаулы бағдарламалық қамтылым;
24) физикалық ресурс (сервер) – бағдарламалық қамтылымды және (немесе) виртуалды ортаны орналастыру және оның жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын есептеу жабдығын білдіретін аппараттық-бағдарламалық кешен.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Төлем жүйесінде қолданылатын хабарлармен алмасу рәсімдерін және форматтарын Орталық Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – Ұлттық Банк) келісе отырып белгілейді.
2-тарау. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын орналастыру
5. Төлем жүйесінің терминалын дербес компьютерге орнатқан жағдайда төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны төлем жүйесін пайдаланушының орналасқан жері бойынша кіруі шектеулі үй-жайда (бұдан әрі – Үй-жай) орналастырылады.
Төлем жүйесінің терминалы виртуалды ортада орнатылған жағдайда, ол өрістетілген физикалық ресурс (сервер) № 53 талаптардың 9-тарауының талаптарына сәйкес төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығында орналастырылады.
Төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютер Үй-жайда орналастырылады.
Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны операторларының функцияларын орындайтын қызметкерлердің жұмыс орындарын қоспағанда, Үй-жайда төлем жүйесімен жұмыс істеуге арналмаған жұмыс орындарын орналастыруға жол берілмейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Үй-жай механикалық және (немесе) электромеханикалық құлыптар орнатылатын металл және (немесе) кіруден қорғайтын күшейтілген кіретін есіктерімен жабдықталады.
7. Үй-жайдың есіктері нақты уақыт және Үй-жайға кіру оқиғаларын электрондық журналға жазу режімінде Үй-жайға кіру оқиғалары туралы есеп алуға мүмкіндік беретін Үй-жайға кіру оқиғаларының мониторингін жүргізуге арналған кіруді бақылау құралдарымен жабдықталады. Төлем жүйесін пайдаланушы электрондық журналдағы оқиғалар мұрағатын кемінде алты ай сақтайды.
8. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны ақпаратты электромагнитті арналармен жария болудан қорғайтын құралдармен немесе сандық интерфейспен қосылған сұйық кристалды монитормен қамтамасыз етіледі.
9. Үй-жай үйдің бірінші және соңғы қабаттарында орналасқан,
сондай-ақ терезелердің жанында балкондар, өрт кезінде пайдаланылатын сатылар, өзге де құрылыстардың шатырлары жақын тұрған жағдайда, Үй-жайдың терезелері терезенің әйнектерін сындырып, Үй-жайға нақты кіріп кетуді болдырмауға арналған металл торлармен немесе соған ұқсас қорғау құралдарымен жабдықталады.
10. Үй-жайдың есіктері мен терезелері күзет сигнализациясымен жабдықталады.
11. Үй-жайға кіретін жерде, сондай-ақ төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютерде немесе төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютерде бейнебелгілерді жазып алу мүмкіндігі бар бейнебақылау орнатылады. Объектілердің қозғалысына бейнебелгілердің жазылуының іске қосылуына жол беріледі. Жазылған бейнебелгілер мұрағаты төлем жүйесін пайдаланушының ішкі құжаттарында белгіленген төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының жүйелік блогындағы мөрлердің немесе пломбалардың тұтастығын бақылау кезеңінен кем болмайтын уақытқа сақталады.
Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортаға орнатқан жағдайда, оның негізінде осы виртуалды орта өрістетілген физикалық ресурс (сервер) орнатылған төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығына бейнебелгілерді жазып алу мүмкіндігі бар бейнебақылау қосымша орнатылады.
Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының бейнебақылауы төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының барлық өту, кіру орындарында бақылауды қамтамасыз етеді. Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығында бейнекамераларды орналастыру төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының үй-жайының ішінде және кіру орнының алдында бейнебақылаумен қамтамасыз етілмеген аймақтардың болуына жол бермейді.
Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының бейнебелгілердің жазбасы үзіліссіз немесе қозғалыс детекторын пайдалана отырып жүргізіледі.
Төлем жүйесін пайдаланушының деректерді өңдеу орталығының жазылған бейнебелгілердің мұрағаты кемінде 3 (үш) ай сақталады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.12. Үй-жайға кіру рұқсаты төлем жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдарда болады. Төлем жүйесінде жұмыс істеуге рұқсаты жоқ адамдардың Үй-жайға кіруіне, стандартты емес жағдайлар туындаған жағдайларды қоспағанда, төлем жүйесінде жұмыс істеуге рұқсат берілген адамның қатысуымен ғана жол беріледі.
13. Төлем жүйесіне кіруге рұқсат алған пайдаланушының төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын жасаған немесе төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын жаңа жерге ауыстырған кезде, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны іске қосылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлем жүйесін пайдаланушы бұл жөнінде Ұлттық Банкті ерікті жазбаша нысанда хабардар етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.11.2019 № 221 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3-тарау. Төлем жүйесін пайдаланушының және Орталықтың өзара іс-қимылдары
14. Төлем жүйесін пайдаланушының және Орталықтың аутентификациясы Орталықтың куәландыратын орталығында тіркелген ақпаратты және негізгі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары пайдаланыла отырып екіжақты ақпарат алмасу арқылы жүзеге асырылады.
15. Аутентификация барысында қате пайда болғанда, төлем жүйесінде қате туралы хабар шығады және байланыс үзіледі.
16. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында TCP (IP) хаттамасы бойынша Орталықтың төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қолданбалы серверлерімен қосуды қамтамасыз етуге қажетті құралдар болады.
17. Төлем жүйесін пайдаланушы мен деректерді беру арнасын қамтамасыз ететін заңды тұлға арасында жасалатын шарт төлем жүйесімен өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылады және осындай деректер беру арнасының жұмысында іркілістер болған кезде жауапкершілікті көздейді.
4-тарау. Төлем жүйесінің терминалы
18. Төлем жүйесінің терминалы төлем жүйесінің хабарларын қабылдап, өткізуді жүзеге асырады және (немесе) төлем жүйесін пайдаланушы оны пайдалануға міндетті.
19. Төлем жүйесінің терминалы төлем жүйесінің хабарларын төлем жүйесінде қолданылатын хабарламалар алмасу рәсімдеріне және форматтарына сәйкес өңдейді.
20. Төлем жүйесінің терминалы мынадай функцияларды орындайды:
1) төлем жүйесін пайдаланушы мен Орталықты аутентификациялау;
2) Орталықтың куәландыратын орталығымен өзара іс-қимылды;
3) берілетін және алынатын ақпараттың конфиденциалдылығын және аутентификациялануын қамтамасыз етуді;
4) хабарларды төлем жүйесін пайдаланушыдан Орталыққа және Орталықтан төлем жүйесін пайдаланушыға беруді және (немесе) қабылдауды;
5) алынған төлем жүйесі хабарларының тұтастығын тексеруді;
6) төлем жүйесі терминалының тұтастығын тексеруді;
7) негізгі ақпаратты қолдануды;
8) хабарлардың электрондық цифрлық қолтаңбаларын қалыптастыру және тексеруді;
9) хабардың электрондық цифрлық қолтаңбасының төлем жүйесін пайдаланушыға немесе оны қоюға уәкілетті Орталыққа тиесілі екенін тексеруді.
21. Төлем жүйесінің терминалы төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны операторлары мен басқарушыларының мынадай негізгі оқиғалары мен іс-әрекеттерін:
1) төлем жүйесінің терминалын ашудың және жабудың уақыты мен күнін;
2) Орталықпен қосудың және Орталықтан ажыратудың уақыты мен күнін;
3) төлем жүйесі операторлары мен басқарушыларының төлем жүйесінің хабарлары бойынша жүргізетін іс-әрекеттерінің басталу уақыты мен аяқталу уақытын, жасалған іс-әрекеттердің сипатын тіркейтін электрондық журналдарды жүргізуді қамтамасыз етеді.
22. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны операторлары мен басқарушыларының төлем жүйесінің терминалына не оның қосымшасына кіруді сәйкестендіру және аутентификациялау табысты орындалғаннан кейін қамтамасыз етеді.
23. Төлем жүйесінің терминалын іске қосу төлем жүйесі терминалының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады және төлем жүйесінің терминалына арналған құжаттамада көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.
24. Төлем жүйесінің терминалы не оның қосымшасы осы мақсаттарға арнайы бөлінген, түгендеу нөмірі мен оған орнатылған конфигурация, аппараттық және бағдарламалық құралдар бойынша жан-жақты деректер беретін паспорты бар дербес компьютерде немесе түгендеу нөмірі мен орнатылған бағдарламалық құралдар, конфигурация параметрлері, сондай-ақ ол өрістетілген физикалық ресурстың (сервердің) аппараттық сипаттамалары және оған бөлінген есептеу ресурстары бойынша жан-жақты деректер беретін паспорты бар виртуалды ортада орнатылады.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.24-1. Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортада орнатқан жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушы виртуалды ортаны өзге цифрлық жүйелерден оқшаулауды қамтамасыз ететін гипервизорды пайдаланады.
Төлем жүйесін пайдаланушы гипервизорға әкімшілік қол жеткізуді шектеуді, оның конфигурациясының тұтастығын бақылауды, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны әкімшілерінің әрекеттерін есепке алуды, сондай-ақ жаңартуларды орнатуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 4 тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.25. Төлем жүйесінің терминалын немесе оның қосымшасын басқару төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнынан тікелей және төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны қауіпсіздік офицерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
26. Төлем жүйесінің терминалымен жұмыс істеу төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнынан жүзеге асырылады. Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортада орнатқан жағдайда төлем жүйесінің терминалына қол жеткізу төлем жүйесімен жұмыс істеуге арналған және Үй-жайда орналастырылған дербес компьютерден қашықтықтан қосылу арқылы жүзеге асырылады.
Төлем жүйесінің терминалына қашықтықтан қосылған кезде төлем жүйесін пайдаланушы:
1) берілетін деректердің жасырындылығы мен өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін шифрлау және тұтастығын бақылау құралдарымен төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнымен байланыс арналарын қорғауды;
2) Қазақстан Республикасының киберқауіпсіздік, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін цифрлық объектілер мен сәйкестендіру құралдарын пайдалана отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдарды аутентификациялау тетіктерін пайдалануды;
3) төлем жүйесі терминалының конфигурациясына қол жеткізу және өзгерту әрекеттерін тіркей отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың іс-әрекеттерін автоматтандырылған логтауды және мониторингті іске асыруды;
4) төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қол жеткізу құқықтарын шектеуді қамтамасыз етеді.
Төлем жүйесінің терминалын дербес компьютерге орнатқан кезде төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қашықтықтан кіру жүйелерін орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қондырылған қашықтықтан кіру қызметтері алып тасталады немесе ажыратылады.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.27. Төлем жүйесі терминалының дұрыс жұмыс істемей, төлем жүйесін пайдаланушы немесе Орталық зиян шегуі мүмкін болатын жағдай анықталғанда, соңғысы бір мезгілде төлем жүйесін пайдаланушыны хабардар ете отырып, тиісті себептерді көрсетіп, төлем жүйесінің осы терминалына кіруді жабады.
28. Ақпаратты криптографиялық қорғау құралын пайдалану төлем жүйесін пайдаланушыны төлем жүйесіне қосудың талабы болып табылады, ол мыналарды:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және тексеру тетігін;
2) ақпараттың конфиденциалдылығын (деректерді шифрлеуді);
3) берілетін ақпараттың тұтастығын (деректерді имитациялық қорғауды);
4) сақталатын ақпараттың және бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын (хэштелген деректерді) қамтамасыз етеді.
5-тарау. Негізгі ақпарат
29. Пайдаланушы негізгі ақпаратты Орталықтың куәландыратын орталығында тіркейді.
30. Негізгі ақпарат оның жасырындылығын, тұтастығын және қол жеткізуді бақылауды қамтамасыз ететін бағдарламалық қорғау құралдарын пайдалана отырып төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютерде не төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютерде сақталады.
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.31. Негізгі ақпараттың рұқсат етілмеген көшірмелерінің, оның ішінде төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнындағы қатты дискіде болуына жол берілмейді.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.32. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында негізгі ақпаратты сақтау және пайдалану тәртібі оларға рұқсатсыз қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайды.
Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.33. Негізгі ақпаратқа кіруге рұқсаты бар тұлғалар төлем жүйесімен жұмыс нәтижесінде алынған ақпараттың сақталуына және жария болмауын қамтамасыз етеді.
34. Негізгі ақпаратты жоспарлы түрде ауыстыру кем дегенде жылына бір рет жүзеге асырылады.
35. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.36. Негізгі ақпаратқа кіруге рұқсаты бар қызметкерлер жұмыстан босатылған немесе негізгі ақпаратқа рұқсатсыз кіруге әрекеттенгендігі анықталған жағдайларда негізгі ақпаратты жоспардан тыс ауыстыру жүзеге асырылады. Жаңа негізгі ақпарат негізгі ақпаратқа кіруге рұқсаты бар қызметкер жұмыстан босатылған күннен кешіктірілмей не негізгі ақпаратқа рұқсатсыз кіруге әрекеттенгендігі анықталған күннен кешіктірілмей қолданысқа енгізіледі.
Пайдаланушы жаңа негізгі ақпаратты Орталықтың куәландыратын орталығында тіркейді.
37. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.38. Төлем жүйесін пайдаланушы ескірген негізгі ақпаратты осы негізгі ақпарат пайдаланыла отырып қол қойылған немесе шифрленген электрондық құжаттардың сақталу мерзімі ішінде сақтайды.
39. Төлем жүйесін пайдаланушыға:
1) негізгі ақпараттың рұқсат етілмеген көшірмелерін алуға;
2) негізгі ақпаратқа рұқсаты жоқ адамдарды онымен таныстыруға немесе оны беруге;
3) негізгі ақпаратты дисплейге немесе принтерге шығаруға;
4) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5) алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6) бөтен негізгі ақпаратты пайдалануға жол берілмейді.
Ескерту. 39-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6-тарау. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына қойылатын талаптар
40. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында рұқсатсыз кіруден қорғау функцияларын іске асыру қамтамасыз етіледі, соның ішінде:
1) төлем жүйесімен жұмыс істеуге жіберілген тұлғаларды аутентификациялау;
2) төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қол жеткізу құқықтарын бақылау және шектеу;
3) қол жеткізу оқиғаларын және төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың әрекеттерін тіркеу.
Көрсетілген функциялар № 53 талаптардың 9-тарауының талаптарына сәйкес келетін рұқсатсыз кіруден қорғау құралдарын пайдалана отырып іске асырылады.
Ескерту. 40-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.41. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына зиян келтіретін бағдарламалық кодты және (немесе) бағдарламаны табатын құралдар орнатылады.
Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортаға орнатқан жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушы зиянды бағдарламалық кодты анықтау құралдарын және (немесе) виртуалды орталардың кіріктірілген қауіпсіздік функцияларының бағдарламасын пайдалануды, мұндай мүмкіндіктер болмаған кезде – өндірушінің зиянды бағдарламалық кодты және (немесе) бағдарламаны төлем жүйесін пайдаланушы пайдаланатын виртуалды ортада анықтау құралдарын тестілеу туралы растауын қамтамасыз етеді.
Жұқтыру фактісі анықталған кезде бұл ақпарат төлем жүйесін пайдаланушының қауіпсіздік бөлімшесіне дереу хабарланады.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.42. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына Талаптарда көзделмеген және төлем жүйесі шеңберіндегі электрондық құжаттарды дайындау, өңдеу, өткізу немесе жүргізу жөніндегі міндеттерді шешуге арналмаған аппараттық және бағдарламалық құралдарды орнатуға жол берілмейді.
43. Төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адам төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйелеріне кіретін кезде сәйкестендірілетін сол адамның бір жүйелік атына бір жеке тұлға сәйкес келеді.
Ескерту. 43-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.44. Төлем жүйесінің терминалын дербес компьютерге орнатқан жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының жүйелік блогы стикерде немесе пломбада соңғы мөрленген немесе пломбаланған күні және дербес компьютер есепке алынатын түгендеу нөмірі көрсетіліп, мөр басылады немесе пломбаланады.
Төлем жүйесінің терминалын виртуалды ортаға орнатқан жағдайда, стикерде немесе пломбада соңғы мөрленген немесе пломбаланған күні және дербес компьютер есепке алынатын түгендеу нөмірі көрсетіле отырып, осы виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютердің жүйелік блогы мөрленеді немесе пломбаланады.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.45. Төлем жүйесін пайдаланудың жұмыс орнына кіруді қамтамасыз ететін техникалық құралдарды, парольдерді немесе басқа ақпаратты сақтау және пайдалану тәртібі оларды рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігіне жол бермейді.
46. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын рұқсатсыз кіруден қорғау құралдарын орнату және теңшелуін өзгерту құқығы тек төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны қауіпсіздігі офицерінің функцияларын орындайтын қызметкерлерге ғана беріледі.
47. Төлем жүйесіне ақпарат өткізуге, төлем жүйесінен ақпарат алуға, ақпаратты сақтауға, мұрағаттауға не басқадай өңдеуге ақпарат жинақтау үшін бөлінген ресурстарға (дискілік кеңістік, директорийлер, желілік ресурстар, деректер базалары) кіру тәртібі бойынша осы ресурстармен жұмыс істеуге рұқсат етілмеген адамдардың оларға кіру мүмкіндігіне жол берілмейді.
48. Төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына желі және деректер өткізудің өзге де техникалық арналарының көмегімен кіру тәртібі рұқсатсыз кіру мүмкіндігіне жол бермейді.
49. Төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютер не оның негізінде төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды орта өрістетілген физикалық ресурс (сервер) және осы виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютер электр желісінде ток болмаған кезде жүйедегі жұмысты дұрыс аяқтауға қажетті уақыт ішінде, бірақ кемінде отыз минут ішінде жабдықтың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін үздіксіз электр қуатын беретін техникалық құралдармен жабдықталады.
Ескерту. 49-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.50. Төлем жүйесін пайдаланушы мен Орталықтың арасындағы байланысты жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылымға, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына рұқсатсыз кіруден қорғау құралдарына, сондай-ақ төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының өткізу технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушы өзгерістер енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қызметінің Талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алу үшін бұл жөнінде Ұлттық Банкті еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.
Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7-тарау. Қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру
51. Төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат етілген адамдар мынадай санаттарға бөлінеді:
1) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын басқарушы;
2) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының операторы;
3) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының қауіпсіздік офицері.
52. Қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру кезінде төлем жүйесінің терминалы не оның қосымшасы арқылы төлем хабарларын жасау функциясы болған кезде бір адамның Талаптардың 51-тармағында көрсетілген әртүрлі адамдар санаттарының функцияларын (толық немесе ішінара) атқаруына жол берілмейді.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.12.2023 № 105 (11.11.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.53. Төлем жүйесін пайдаланушы мынадай ішкі тіркеу журналдарын жүргізуді жүзеге асырады:
1) төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілмеген адамдардың Үй-жайға келу журналын, онда мыналар көрсетіледі:
келуші кірген және шыққан күні, уақыты мен келу мақсаты;
келушінің тегі және қолы;
төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қатарынан бірге ілесіп жүретін адамның тегі мен қолы;
2) негізгі ақпаратты пайдалану журналы, онда мыналар көрсетіледі:
негізгі ақпаратты пайдалануды бастау және аяқтау күні, уақыты;
негізгі ақпаратты пайдаланатын адамның тегі және қолы;
ауыстыру себебі көрсетілген негізгі ақпаратты ауыстыру күні;
3) төлем жүйесінің терминалы орнатылған дербес компьютердің немесе төлем жүйесінің терминалы орнатылған виртуалды ортаға қорғалған байланыс арналары арқылы қашықтықтан қосылуға болатын дербес компьютердің жүйелік блогын пломбалау және пломбалар мен мөрлердің тұтастығын тексеру журналында мыналар көрсетіледі:
пломбалаудың немесе пломбалардың немесе мөрлердің бүтіндігін тексеру күні мен уақыты;
пломбалауды немесе пломбалардың немесе мөрлердің бүтіндігін тексеруді жүзеге асырған адамның тегі және қолы;
пломбалаудың немесе пломбалардың немесе мөрлердің бүтіндігін тексерудің себептері;
сүргі салу нысандары және сүргі салуға арналған пломбаның немесе стикердің материалы.
Ескерту. 53-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.54. Талаптардың 53-тармағында көрсетілген ішкі тіркеу журналдары нөмірленеді, байланады, тігіледі және төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамның қолымен куәландырылады. Ішкі тіркеу журналдарындағы түзетілуге тиіс қате жазбалар да төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамның қолымен куәландырылады.
Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.55. Төлем жүйесін пайдаланушы Талаптардың 53-тармағында көрсетілген ішкі тіркеу журналдарын соңғы жазба жасалған күннен бастап кемінде бір жыл сақтайды.
56. Төлем жүйесін пайдаланушының ішкі құжаттарында мыналар айқындалады:
1) жұмыс пен үзілістердің уақытын, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс тәртібін, сондай-ақ төлем жүйесінің операциялық күні ұзартылған жағдайларды көрсете отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеу режимі;
2) әрбір қызметкер бойынша:
төлем жүйесін пайдаланушы жұмыс орнының басқарушысы, операторы немесе қауіпсіздік офицері;
төлем жүйесіне берілген және төлем жүйесінен алынған электрондық құжаттарды мұрағаттау және сақтау;
төлем жүйесін пайдаланушының жүйелік блогында мөрлердің немесе пломбалардың бүтіндігінің мониторингі бойынша орындайтын функцияларын көрсете отырып, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген қызметкерлердің (лауазымы, тегі және инициалдары көрсетілген) тізімі;
3) қол жеткізу деңгейі мен орындайтын функцияларын көрсете отырып, Талаптардың 47-тармағында көрсетілген ресурстарға кіруге рұқсаты бар қызметкерлердің (лауазымы, тегі және инициалдары көрсетілген) тізімі;
4) кіруге рұқсат беру мақсаттары көрсетіле отырып, желі және деректерді берудің өзге де техникалық арналары арқылы төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына кіруге рұқсаты бар қызметкерлердің (лауазымы, тегі және инициалдары көрсетілген) және ресурстардың тізімі;
5) төлем жүйесіне берілген және төлем жүйесінен алынған электрондық құжаттарды сақтаудың талаптары, мерзімдері және орындары сондай-ақ осы мұрағаттарға кірудің тәртібі көрсетіле отырып, оларды мұрағаттаудың және одан әрі сақтаудың тәртібі;
6) техникалық құралдарды, парольдерді немесе төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына кіруді қамтамасыз ететін басқа да ақпаратты сақтау талаптары мен орындарын, оларға кіру рәсімдерін және ауыстыру мерзімдерін көрсете отырып, оларды сақтау және пайдалану тәртібі;
7) төлем жүйесін пайдаланушының цифрлық жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына беру тәртібі;
8) төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнында орнатылған, рұқсатсыз кіруден қорғайтын бағдарламалық-аппараттық кешенмен және бағдарламалық қамтамасыз етудің тұтастығын қамтамасыз ету құралдарымен жұмыс істеу тәртібі;
9) төлем жүйесі терминалымен жұмыс істеу тәртібі мен рәсімдері;
10) бір арнадан басқасына өту жағдайлары мен рәсімдерін көрсете отырып, деректер өткізудің негізгі және резервтік арналарымен жұмыс істеу тәртібі;
11) қол жеткізуді беру шарттарын, пайдаланылатын аутентификация тетіктерін, төлем жүйесімен жұмыс істеуге рұқсат берілген адамдардың қол жеткізу құқықтарының шектеуді, сондай-ақ қосылымдар туралы мәліметтерді тіркеу мен сақтауды қоса алғанда, виртуалды ортада төлем жүйесінің терминалына қашықтықтан қосылуды ұсыну тәртібі;
12) гипервизордың тұтастығы мен конфигурациясын бақылауды, жаңартуларды орнатуды және әкімшілік қол жеткізуді, сондай-ақ төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны әкімшілерінің әрекеттерін есепке алуды, киберқауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеуді және рұқсатсыз қол жеткізу әрекеттерін анықтауды қоса алғанда, виртуалды орта жұмыс істейтін гипервизордың жұмыс істеу тәртібі.
Ескерту. 56-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.57. Төлем жүйелерін пайдаланушы төлем жүйесінде жұмыс істеуге жіберілген қызметкерлерден төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына кіруді қамтамасыз ететін парольдерді немесе басқа ақпаратты, сондай-ақ конфиденциалды және негізгі ақпаратты жария етпеу және таратпау туралы арнайы міндеттеме алады.
58. Қауіпсіздікке қатысты ағымдағы және жедел мәселелерді шешу қажет болғанда, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының операторы мен қауіпсіздік офицері төлем жүйесінің қауіпсіздігі бөлімшесімен өзара іс-әрекет жасайды.
8-тарау. Операциялық тәуекелді басқаруға және төлем жүйесін пайдаланушы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
59. Операциялық тәуекелді басқару мақсатында төлем жүйесін пайдаланушы мыналарды:
1) операциялық тәуекелді басқару әдістерін;
2) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмыс істеу сапасы мен сенімділігін бағалау тәртібін;
3) төлем жүйесін пайдаланушы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын айқындайтын ішкі құжаттарды жүргізуді қамтамасыз етеді.
60. Төлем жүйесін пайдаланушы стандартты емес жағдайларда төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмысын қалпына келтіру үшін, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына және оның орналастыруға, төлем жүйесінің терминалына, Орталықпен өзара іс-қимыл жасауға, негізгі ақпаратты пайдалану және сақтау тәртібіне, қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмыстарының ұйымдастырылуына қойылатын талаптарды қоса алғанда, Талаптардың 2, 3, 4, 5, 6, 7 және осы тарауларында белгіленген талаптарға сәйкес келетін резервтік орталықтың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
61. Төлем жүйесін пайдаланушы:
1) Орталықтың төлем жүйесімен коммуникацияның (деректер берудің) резервтік арнасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Коммуникацияның резервтік арнасын төлем жүйесінің резервтік және (немесе) негізгі орталығының желілік (коммуникациялық) жабдығына қосу мүмкіндігі көзделеді;
2) өзара іс-қимылды негізгі орталықтан Орталықтың төлем жүйесінің резервтік орталығына динамикалық ауыстыру тетігінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.62. Төлем жүйесін пайдаланушы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарында мынадай негізгі талаптар қамтылады:
1) резервтік орталықтың орналасқан жері;
2) стандартты емес жағдайдың туындағаны туралы, оның реттеу нәтижелері туралы төлем жүйесін пайдаланушының басшылығын және Ұлттық Банкті хабардар ету тәртібі;
3) резервтік орталықта қалпына келтіру талап етілетін, пайдаланушының Орталықтың төлем жүйесімен жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық немесе басқа да құралдардың тізбесі;
4) резервтік орталықта пайдаланылатын, төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенінің жұмыс істеуін қызметкерлердің жұмысын қолдауға арналған тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің (электрмен жабдықтау, жылу, желдеткіш, сумен жабдықтау, кәріз, өрт сөндіру және өрт дабылы, ғимараттарды күзету) тізбесі;
5) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа қайталау және резервтеу тәртібі;
6) резервтік орталықта қалпына келтіруге жататын төлем жүйесін пайдаланушының бизнес-процестері;
7) әрбір бизнес-процесс бойынша төлем жүйесін пайдаланушының қалпына келтіру командаларының, олардың резервтік орталықтың жұмысына ауысқан кездегі іс-қимылдарының тәртібі сипатталған тізімі;
8) төлем жүйесін пайдаланушының қалпына келтіру командасына жұмысты резервтік орталыққа ауыстыру және оны резервтік орталық орналасқан жерге тасымалдау қажеттігі туралы хабарлау тәртібі;
9) сыртқы өзара іс-қимыл жасауға арналған байланыс;
10) резервтік орталықтың жұмысын тестілеуден өткізу тәртібі.
63. Негізгі орталықта стандартты емес жағдай туындаған кезде төлем жүйесін пайдаланушы:
1) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыру бойынша стандартты уақыт нормативі стандартты емес жағдай туындаған сәттен бастап үш сағаттан аспайды.
Стандартты уақыт нормативін сақтауға мүмкіндік болмаған кезде төлем жүйесін пайдаланушы Орталықтың төлем жүйесінің операциялық күні аяқталғанға дейін төлемдер мен ақша аударымдары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттігін ескере отырып, төлем жүйесін пайдаланушының жұмысын резервтік орталыққа ауыстыруға қажетті шараларды қабылдайды;
2) "Қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі" тасымалдау жүйесінің (бұдан әрі – ҚААТЖ) қорғалған байланыс арнасы немесе электрондық құжат айналымы жүйелерін қоса алғанда, басқа тасымалдау жүйелері арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталыққа ауыстыру шешімінің қабылданғандығы туралы хатты көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді;
3) ҚААТЖ қорғалған байланыс арнасы немесе электрондық құжат айналымы жүйелерін қоса алғанда, басқа тасымалдау жүйелері арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталыққа ауыстыру нәтижесі туралы хатты ауыстыру жұмысы аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді;
4) ҚААТЖ қорғалған байланыс арнасы немесе электрондық құжат айналымы жүйелерін қоса алғанда, басқа тасымалдау жүйелері арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді қайтадан негізгі орталыққа ауыстыру нәтижелері туралы хатты ауыстыру жұмысы аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.64. Төлем жүйесін пайдаланушы жылына кемінде бір рет төлем жүйесін пайдаланушының жұмысын резервтік орталықты пайдалануға жоспарлы ауыстыру жолымен резервтік орталықтың жұмыс істеуін тестілеуді жүргізеді. Төлем жүйесін пайдаланушы Ұлттық Банкке жоспарланып отырған тестілеу мерзімдері туралы бағдарламалық техникалық кешенді резервтік орталыққа жоспарлы ауыстыру басталғанға дейін он жұмыс күні бұрын жазбаша хабарлайды.
Төлем жүйесін пайдаланушы анықталған проблемаларды (бар болса) және оларды жою бойынша қабылданған шараларды көрсете отырып, тестілеудің нәтижелері туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталықтан негізгі орталыққа ауыстыру бойынша іс-шаралар аяқталған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде ұсынады.
Ескерту. 64-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.06.2026 № 74 (12.07.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.65. Төлем жүйесін пайдаланушы операциялық тәуекелді басқару әдістерін реттейтін құжатты және төлем жүйесін пайдаланушы қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарын өзектендіру қажеттілігі тұрғысынан жыл сайын талдауға тиіс.
9-тарау. Қорытынды ережелер
66. Төлем жүйесін пайдаланушы мен Орталықтың арасында төлем жүйесінде қызмет көрсету туралы жасалған шарт бұзылған (қолданылу мерзімі аяқталған) кезде Орталық бұл туралы Ұлттық Банкке шарт бұзылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шартқа сәйкес хабарлайды.
67. Ұлттық Банк Талаптардың 13 және 50-тармақтарында көзделген хабарламаны алған күннен бастап он күндік мерзім ішінде төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын тексеру қажеттігінің бар не қажеттігінің жоқ екендігі туралы шешім қабылдайды.
Егер төлем жүйесін пайдаланушының қызметінде Талаптардың бұзылғандығы анықталса не соңғы тексеру екі жылдан астам уақыт ішінде жүргізілсе (жүзеге асырылса) тексеру жүргізуге рұқсат етіледі.
Ұлттық Банк тексеру жүргізу (жүзеге асыру) туралы шешім қабылданған күннен не өтініш алған күннен бастап екі ай ішінде төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына тексеру жүргізеді (жүзеге асырады).