"Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу турал

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 616 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 қыркүйекте № 14269 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11460 тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларында:
      7-тармақтың 2) тармақшасында:
      төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "әуе кемелерінің типтері бойынша шектеулері бар әуеайлақтарға ұшуды орындауды қоспағанда, тұрақты емес тасымалдарды орындау немесе жергілікті (облысішілік) жолаушылар авиатасымалдарын орындау бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;";
      тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
      8-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Қ.Бишімбаев
2016 жылғы 29 тамыз