Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 тамызда № 14147 болып тіркелді

      "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс департаменті (В.В. Ярошенко):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімдік баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қазақстан Республикасының


      Ақпарат және коммуникациялар


      Министрі

Д. Абаев



Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 29 шілдедегі
№ 67 бұйрығымен
бекітілген

Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Адресаттардың абонементтік жәшікті пайдалану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленген және адресаттардың Қазақстан Республикасындағы пошта операторының абонементтік жәшігін пайдалану тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) абонементтік жәшік – пошта жөнелтілімдерінің жекелеген түрлерін алуға арналған, өндірістік объектілерде орнатылатын, адресаттар пайдаланатын арнайы жәшік;
      2) адресат (алушы) – пошта жөнелтілімi немесе пошталық ақша аударымы бағытталған, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы.
 

2-тарау. Абонементтік жәшікті пайдалану тәртібі

      3. Абонементтік жәшіктер өндірістік объектілерде орнатылады және адресат тіркелмейтін пошта жөнелтілімдерін, мерзімді баспа басылымдарын, тіркелетін пошта жөнелтілімдеріне арналған хабарландыруларды алу үшін белгілі бір мерзімде пайдаланады.
      4. Әрбір өндірістік объекті үшін абонементтік жәшіктердің санын пошта операторының қызметтерін пайдаланушылар тарапынан оларға деген қажеттіліктеріне қарай пошта операторы жеке белгілейді.
      5. Абонементтік жәшіктерді пайдалану 1 қосымша негізінде рәсімделген адресаттың жазбаша өтініші бойынша жүзеге асырылады.
      6. Бір абонементтік жәшікті бірнеше адресаттың пайдалануына, сондай-ақ оны басқа тұлғаға пайдалануға беруіне жол берілмейді.
      7. Абонент абонементтік жәшікті әрі қарай пайдаланудан бас тартқан кезде, абонементтік жәшіктің нөмірі өтініш берілген немесе пайдалану мерзімі аяқталған сәттен бастап бір ай өткеннен соң басқа абонентке пайдалануға беріледі. Пайдалану мерзімі өткеннен кейін келіп түскен пошта жөнелтілімдері өтініште көрсетілген жаңа мекенжай бойынша жіберіледі не жөнелтушіге қайтарылады, ал жөнелтушінің мекенжайы болмаған кезде таратылмағандар қатарына тапсырылады.
      8. Абонементтік жәшіктерге жаңа құлып орнату немесе кілтін ауыстыру бойынша жұмыстар, сондай-ақ құлыпты немесе жәшікті адресаттың кінәсінен олар бұзылған жағдайда жөндеу оның есебінен жүргізіледі.
      9. Пошта операторының өндірістік объектілерінде абонементтік жәшіктерді есепке алу жүргізіледі.
      10. Абонементтік жәшіктердің жай-күйін профилактикалық тексеруді пошта операторы жылына бір рет жүргізеді.
 


Адресаттардың
абонементтік жәшікті пайдалану
қағидаларына
1 қосымша

       ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТІНІҢ БАСТЫҒЫНА
       НАЧАЛЬНИКУ ПРОИЗВОДСТВЕННОГО ОБЪЕКТА
       _______________________________________________
 
             КІМНЕН:
       ОТ КОГО:
 
 

            жеке тұлға

заңды тұлға
       физическое лицо       юридическое лицо
      Аты-тегі Атауы
      Ф.И.О._____________________________ Наименование _________________________
      Мекен-жайы Мекен-жайы
      Адрес _____________________________ Адрес ________________________________
      Телефоны Телефоны
      Телефон __________________________ Телефон _____________________________
      Жеке куәлігі _______________________ Мемлекеттік тіркелуі __________________
      Удостоверение личности Государственная регистрация
      Берілген __________________________ БСН
      Выданный БИН _________________________________
       Банктік деректемелер
       Банковские реквизиты __________________
 

Ө Т І Н І Ш З А Я В Л Е Н И Е

      № _______ а/ж пайдалану туралы

Жаңа мекен-жайға жіберу туралы
       Об абонировании № _______ а/я О направлении на новый адрес
 
            Пайдалану мерзімі Жаңа мекен-жайы
      Срок абонирования ____________________ Новый адрес __________________
       ______________________________
       ______________________________
      Пайдалану шарттарымен таныстым телефоны
      С условиями пользования ознакомлен (а)_____ телефон _______________________
       (қолы-подпись)
       Өтініш толтырылған күн (күні, айы, жылы) ______________________
       Дата (число, месяц, год) заполнения заявления