"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 22 шілдедегі № 158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 тамызда № 14129 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен

      «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы штат санының лимиті есебінен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы факультетінде саны тұрақты құрамның 10 бірлігі және ауыспалы құрамның (тыңдаушылар) 18 бірлігі болатын Ұлттық ұланның қызметтік-жауынгерлік іс-қимылын қамтамасыз ету кафедрасын құрсын;
      2) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      2. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      1-бөлімде:
      мына:
«

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

159019**

                                                               »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«

1.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:

158991**

                                                                                                                                     »;

      17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«

17)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:

86454,5**

18)

Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері

32465

                                                               ».

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов