Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14097 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мырзахметов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі
      _______________ Д. Абаев
      2016 жылғы 11 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы «____»________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 9 шілде

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 13 маусымдағы 
№ 258 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. «Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10119 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларында:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстардың көлемі орман орналастыру жобасында орман көмкермеген алқаптардан тұратын мемлекеттік орман қорының барлық учаскелерінде, сондай-ақ тексеріс кезеңінің кеспеағаш қорын құрайтын учаскелерде ормандарды молықтыру тәсілі көрсетіле отырып, тексеру кезеңіне көзделеді.»;
      27-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) алаңқайлар, селдір ормандар, сондай-ақ пайдалы қазбалары алынғаннан кейін орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;».
      2. «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларында:
      16-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;
      47-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарында:
      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы. Конкурс ұйымдастырушысы салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы. Конкурс ұйымдастырушысы салық төлеушінің берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады;»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларының 58 және 59-тармақтарында айтылған жағдайларға қолданылмайды.».
      3. «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/896 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12247 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендерлер өткізу қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сүрек дайындау үшiн орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға бекітіп беру жөніндегі тендерге қатысуға мынадай талаптарға сай келетін жеке және заңды тұлғалар жіберіледі:
      1) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында мынадай материалдық-техникалық базасының болуы: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 18-02/596 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11894 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларында белгіленген кеспеағаш жұмыстарын жүргізу кезінде ағаш кесудің белгіленген жыл сайынғы көлемінің және орман шаруашылығы-экология талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін сүрек құлатуға, сүйретуге, тиеуге және тасып әкетуге арналған техника мен жабдықтар;
      2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қазандағы № 18-02/942 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12351 болып тіркелген) бекітілген Ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларында көзделген өрт сөндіру жабдықтары мен сөндіру құралдарының болуы;
      3) мамандығы (ағаш дайындау, орман-инженерлік ісі, ағаш өңдеу, орман шаруашылығы) бойынша жоғары кәсіптік білімі немесе тиісті орта кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар инженерлік-техникалық жұмыскер – жауапты орындаушының болуы;
      4) ағаш құлату, бұтақ шабу, сүрек сүйреу, тиеу және тасып әкету жұмыстарын жүргізу үшін оқытылған персоналдың болуы;
      5) еңбекті қорғауға және қауіпсіздік техникасына жауапты маманның болуы;
      6) іс-шараларды қаржыландыру көздері көрсетілген, сүрек дайындау мен өңдеуді ұйымдастыру жөніндегі перспективалық бес жылдық жоспардың болуы;
      7) салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы. Конкурс ұйымдастырушысы салық төлеушінің берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы (болуы) туралы мәліметтерді «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Орман пайдаланудың жекелеген түрлерiне өтiнiм-лоттарды қалыптастыру мына ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады:
      1) сүрек дайындау үшiн орман ресурстары ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берілген жағдайда, орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қорының учаскесiнде орман орналастыру материалдарына сәйкес сүрек ресурстарын үздіксіз және таусылмайтындай дәрежеде пайдалануды қамтамасыз ететiн алаңдағы, бірақ орманшылық алаңынан аспайтын алаңдағы сүрек ресурстары беріледі.
      Орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру осы аумақта тұратын халықтың мүдделерін ескере отырып, жария түрде жүзеге асырылуға тиіс.
      Лоттар арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшiн орман пайдаланушыға мемлекеттiк орман қорының аумағында қосымша учаске беру мүмкіндігін көздеуі мүмкін;
      2) аңшылық шаруашылығының мұқтаждары үшiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру туралы ұсыныс дайындалған жағдайда, учаскелер «Қазақстан Республикасы аумағында шаруашылықаралық аңшылық ісін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 25-03-01/63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7472 болып тіркелген) сәйкес iрiктеп алынады;
      3) мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілеріне учаскелер беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10751 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру қағидаларының 5-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.»;
      13-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы алып тасталсын;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. Тендер комиссиясының шешiмiмен келiспеген жағдайда, тендер нәтижелерiне 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 292-бабының 1-тармағына сәйкес шағымдануға болады.».