"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 291 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 шілдеде № 14046 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 217 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.04.2017 № 217 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 307 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11040 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Балалар тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық белсенді қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін химиялық заттарды, өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;

      "3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Тіркеу үшін құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы, қайта тіркеу үшін - көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дайындалатын өнім үшін:

      өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептура көшірмелері;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      өтініш беруші куәландырған биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісі;

      парфюмерлік-косметикалық өнімде техникалық регламентте регламенттелген наноматериалдардың болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациялары;

      өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:

      өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) көшірмелері;

      парфюмерлік-косметикалық өнімде техникалық регламентте регламенттелген наноматериалдардың болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациялары;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжаты (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасы. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) көшірмелері және олардың макеттері;

      косметикалық өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған көшірмесі немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;

      өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

      бақылаудағы өнім (тауар) үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың көшірмесі.

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында дайындалатын өнім (тауар) үшін:

      өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (стандарт, ұйымның стандарты, техникалық шарт), (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады), технологиялық нұсқаулық, рецептураның электрондық көшірмелері;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмелері. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, дайындаушы (өндіруші) куәландырған сапа туралы куәліктің көшірмелері немесе дайындаушының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушының (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;

      өтініш беруші куәландырған биологиялық белсенді қоспалардың ерекше белсенділігі туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (белгісіз құрамдауыштары, ресми емес жазбалары бар препараттар үшін);

      ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген үлгілерді (сынамаларды) алу актісінің электрондық көшірмесі;

      парфюмерлік-косметикалық өнімде техникалық регламентте регламенттелген наноматериалдардың болуы туралы болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясының электрондық көшірмесі;

      өнімге, ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамасы, ғылыми есеп, сараптау қорытындысының электрондық көшірмесі.

      Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс дайындалатын өнім (тауар) үшін:

      өнім дайындауға негіз болатын құжаттардың: дайындаушы (өндіруші) куәландырған (халықаралық стандарт немесе шет мемлекеттің стандарты, технологиялық нұсқаулық, рецептура) электрондық көшірмелері;

      парфюмерлік-косметикалық өнімде техникалық регламентте регламенттелген наноматериалдардың болуы туралы дайындаушының (өндірушінің) декларациясының электрондық көшірмесі;

      өнімді қолдану (пайдалану, тұтыну) бойынша дайындаушы (өндірушінің) құжатының (нұсқаулық, нұсқау, ұсынымдар) электрондық көшірмесі (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) не өтініш беруші куәландырған оның көшірмесі;

      дайындаушы (өндіруші) дайындаған өнімнің оларды дайындауға негіз болатын құжаттардың талаптарына жауап беретіндігі туралы жазбаша хабарламасының электрондық көшірмесі. Хабарлама ретінде: сапа сертификаты, қауіпсіздік (сапа) паспорты, талдау сертификаты, сапа туралы куәлік, еркін сату сертификаты көшірмелері немесе өнім дайындаушысының хаты (санамаланған құжаттардың бірі ұсынылады) қабылданады;

      өтініш беруші куәландырған заттаңбалардың (қаптамалардың) электрондық көшірмелері және олардың макеттері;

      косметикалық өнім шығарылатын елдің құзыретті денсаулық сақтау органдарының (басқа да мемлекеттік уәкілетті органдардың) осы өнімнің қауіпсіздігін растайтын және дайындаушы (өндіруші) мемлекеттің аумағында оның еркін айналысына рұқсат ететін құжатының дайындаушы (өндіруші) куәландырған электрондық көшірмелері немесе осындай құжатты ресімдеу қажеттілігінің болмауы туралы дайындаушының (өндірушінің) мәліметтері;

      өнімге ұлттық аккредиттеу (аттестаттау) жүйелерінде аккредиттелген (аттестатталған) және Кеден одағының Сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген зертханалар (орталықтар) берген зерттеулер (сынақтар) хаттамамаларының электрондық көшірмелері, ғылыми есеп, сараптау қорытындысы;

      бақылаудағы өнім үлгілерінің әкелінуін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.

      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайта тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтініш;

      мемлекеттік тіркеу туралы бұрын берілген куәлік (түпнұсқасы).

      Өнім дайындаушының немесе өтініш берушінің ұйымдық-құқықтық нысаны, заңды мекенжайы, атауы өзгерген кезде қосымша растаушы құжат ұсынылады.

      Дайындаушының (өндірушінің) шет тілдеріндегі құжаттарының аудармалары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес куәландырылған қазақ және орыс тілдеріне аудармамен ұсынылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы - құжаттың көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты және қабылдаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күн көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) бақылаудағы тауарлардың Бірыңғай санитариялық талаптарға және Кеден одағының және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) егер осы бұйрықтың талаптарына сәйкес келмейтін құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған, құжаттар топтамасы толық көлемде ұсынылмаған және анықталмаған ақпаратты қамтитын болса;

      3) егер бақылаудағы тауарларға және оларды дайындау және олардың айналымы шарттарына қатысты ғылымның қазіргі заманғы дамуы деңгейінде қауіпсіздік талаптарын белгілеу мүмкін болмаса, сондай-ақ өнімде және адамның өмір сүру ортасында мұндай өнімнің қауіпті факторларын анықтау және өлшеу әдістемелері болмаса;

      4) өнімдерді дайындау, олардың айналымы және тұтыну (пайдалану) кезінде бақылаудағы тауарлардың адам денсаулығына және оның өмір сүру ортасына зиянды әсер ету жағдайлары туралы ақпараттың болуы негіз болып табылады.

      Бас тарту туралы шешім бас тарту себептері негізделе отырып, жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында осындай бас тарту туралы шешім қабылданғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге жіберіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары жүргізген сынақтар (зерттеулер) хаттамалары;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары жүргізген сынақтар (зерттеулер) хаттамаларының электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес талон беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызмет алушы құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісінің есептік нөмір беру туралы растау не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің көшірмесі;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      өндірілетін тамақ өнімдері тізбесінің электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау объектісінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге - өтініштің көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі оның қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) ұсынылған объектінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.";

      көрсетілген стандартқа қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік санитариялық- эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконструкциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық елді мекендердің, курорттық аймақтардың құрылыс салу бас жоспарларының, жобаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіге - 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияға - 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты көрсетілетін қызметті берушіде - 30 (отыз) минут, Мемлекеттік корпорацияда - 20 (жиырма) минут.

      Өтініштер мен құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын береді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жобаның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге, гигиеналық ноормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық түрде ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның сенімхат бойынша өкілі) үшін жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:

      1) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді орналастыру және салу жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      объектілерді орналастыруға және салуға арналған жобалау құжаттамасы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      объектілерді орналастыруға және салуға арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;

      2) өнеркәсіптік және азаматтық мақсаттағы объектілерді реконструкциялау, күрделі жөндеу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      объектілерді реконструкциялауға немесе күрделі жөндеуге арналған жобалау құжаттамасының электрондық көшірмесі;

      3) қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму нормативтік құжаттамалары жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобалар және нормативтік құжаттама;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      қоршаған ортаға зиянды заттардың және физикалық факторлардың рұқсат етілген шекті шығарындылары мен рұқсат етілген шекті төгінділері, қоршаған ортаға әсер етуді бағалау, қоршаған ортаға әсерді алдын ала бағалау, уытты, радиоактивті және басқа да зиянды заттарды кәдеге жарату және көму бойынша жобаның және нормативтік құжаттаманың электрондық көшірмесі;

      4) жерүсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінің, су қоймаларының санитариялық қорғаныш аймағын белгілеу бойынша жобалау құжаттамасына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жобалау құжаттамасы, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеулер және су сапасының қорытындысы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      жобалау құжаттамасының, оның ішінде гидрогеологиялық зерттеу және су сапасының қорытындысының электрондық көшірмесі;

      5) санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі құжаттама жобаларына, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстары, өндіру жөніндегі құжаттама жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жоба, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстары, өндіру жөніндегі құжаттама жобасы;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      санитариялық қорғаныш аймақтарын белгілеу және түзету жөніндегі жобаның, пайдалы қазбаларды барлау, бағалау жұмыстарының, өндіру жөніндегі құжаттама жобасының электрондық көшірмесі;

      6) қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобаларына санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алу үшін:

      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобалары;

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      қалалық және ауылдық елді мекендер, курорттық аймақтар құрылысын салудың бас жоспарлары, елді мекендер құрылысын салуды жоспарлау жобаларының электрондық көшірмесі.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

      өкіл жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат мәліметтерін көрсете отырып, жеке тұлғалар үшін - сенімхаттың нотариалды расталған көшірмесі, заңды тұлғалар үшін - заңды тұлға сенімхатының көшірмесі ұсынылады (түпнұсқасы салыстыру үшін ұсынылады).

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды сканерлейді және оларды электрондық өтінішке қоса тіркейді, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарып береді.

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беруді жеке басын куәландыратын құжат және (не сенімхат бойынша оның өкілі) сенімхатты көрсеткен кезде қолхат негізінде оның қызметкері жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

      сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;

      сұрау салынып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

      құжаттардың берілген күні;

      құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда);

      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген жағдайда Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "І-ІV патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминтермен жұмыс істеуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) құжаттарды тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: I, II, III, IV (көрсету қажет) патогенді топтардың микрорганизмдерімен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік

      қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      үй-жайлардың мақсаты көрсетілген зертхананың схемаларын, зертхананың бейініне сәйкес режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актілері;

      зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;

      зертхананың бейініне сәйкес келетін режимдік комиссия сарапшыларының қорытындылары;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      үй-жайлардың мақсаты көрсетілген зертхананың схемаларын және таза, жұқпалы ағындар қозғалыстарының схемаларын қоса бере отырып, зертхананың бейініне сәйкес режимдік комиссиялар мамандарының тексеру актілерінің электрондық көшірмесі;

      зерттеулердің орындалатын номенклатурасы, материалдық база, кадр құрамы және персоналдың кәсіптік даярлығы көрсетілген түсіндірме жазба;

      зертхананың бейініне сәйкес келетін режимдік комиссия сарапшыларының қорытындыларының электрондық көшірмесі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы талон беріледі.

      Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап - 15 (он бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тамақ өнімінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхат бойынша өкілі) өтініш жасаған кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

      өнім негізге алынып дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулықтар, ерекшеліктер) көшірмелері;

      санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген тамақ өнімдері сынамаларының санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне зерттеу (сынақ) хаттамалары;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салуы;

      сұрау салуға қоса тіркелетін өнім негізге алынып дайындалатын, дайындаушы (өндіруші) куәландырған құжаттардың (стандарттар, техникалық шарттар, регламенттер, технологиялық нұсқаулар, ерекшеліктер) электрондық көшірмелері;

      сұрау салуға қоса тіркелетін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің аккредиттелген зертханалары берген тамақ өнімдері сынамаларының санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне зерттеу (сынау) хаттамаларының электрондық көшірмелері.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге - құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақытын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі алынатын күнін көрсетіп отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін сараптаманың, зерттеудің теріс қорытындысы негіз болып табылады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезінде - 22 (жиырма екі) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтуге берілген ең ұзақ уақыт - 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетуге берілген ең ұзақ уақыт - 15 (он бес) минут.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті беруші бекітетін, көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған әңгімелесуді өткізу кестесіне сәйкес алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес біліктілік санатын беру туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. Куәлік кәсіптік даярлықты бағалаудың және әңгімелесудің оң нәтижесі болғанда беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

      Көрсетілетін қызметті алушы қағаз жеткізгіште мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі;

      білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі;

      еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі;

      бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз сертификатты алу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің көшірмесі;

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың көшірмесі;

      біліктілік санатын бере отырып бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктің көшірмелері;

      2) порталға:

      тиісті біліктілік санатын бере отырып, 5 (бес) жыл мерзімі бар куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және оны растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;

      білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      бірінші немесе жоғары біліктілік санатын бере отырып, мерзімсіз куәлікті алу үшін:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;

      кәсіби даярлықты бағалаудың және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіби дамуға ықпал ететін іс-шараларға қатысуды растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі;

      біліктілік санатын бере отырып, бұрын алынған үш сертификаттың немесе куәліктің электрондық көшірмелері.

      Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға өтініш берген күні қайтарылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы:

      өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

      өтінішке қоса берілген құжаттардың саны әңгімелесуді өткізу күні мен уақыты;

      өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат (хабарлама) беріледі;

      портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" әңгімелесуді өткізу күні, уақыты мен орны көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ______________________ Д. Абаев

      2016 жылғы 30 маусым

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 28 маусымдағы
№ 291 бұйрығына қосымша
  "Тамақ өнімін өндіру (дайындау)
объектісіне есептік нөмір беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
қосымша

      нысан

      ________________________________

      мемлекеттік органның атауы

      ________________________________

      өтініш берушінің тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болған кезде)

      ________________________________

      (ЖСН/БСН)

      ________________________________

      жеке немесе заңды тұлғаның атауы,

      мекенжайы

      ________________________________

      байланыс телефоны

      Өтініш

      Сізден ______________________________________________ мекенжайы

      (аудан, көше, үй, пәтер) бойынша орналасқан

      санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімін

      өндіру (дайындау) объектісі ________________ есептік нөмір беруіңізді

      (объектінің атауы)

      сұраймын.

      Қызмет түрі ___________________________________________________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының нөмірі _____________

      Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының берілген күні ______

      Қосымша: ______________________________________________________

      (көрсету)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

       Қолы

       жылы, күні, айы