"Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 184 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 шілдеде № 14044 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 10 сәуірдегі № 96 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.04.2019 № 96 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы "Мәдениет туралы" Заңының 7-бабы 23-3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10164 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 6 ақпанында жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидасында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Прокаттау куәлігі, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12460 болып тіркелген, "Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 366 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша беріледі. Прокаттау куәлігі уәкілетті орган басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында рәсімделеді, өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жолданады.";

      көрсетілген бұйрыққа қоса берілген қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін "Әділет" ақпарат-құқықтық жүйесіне ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 29 маусымдағы
№ 184 бұйрығына
қосымша
  Фильмге прокаттау куәлігін
беру қағидасына
қосымша

      Нысан

      _____________________________________________

      (фильмге прокаттау куәлігін беретін органның

      толық атауы, орган басшысының тегі, аты,

      жөні (болған жағдайда)

      _____________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, заңды тұлға

      басшысының тегі, аты, жөні (болған жағдайда)

      немесе жеке тұлғаның тегі, аты, жөні (болған

      жағдайда)

Өтініш

      Сізден фильмге прокаттау куәлігін беруді сұраймын: ____________

      (фильмнің атауы)

      _____________________________________________________________________

      Фильм қоюға негіз болған әдеби туындының атауы және авторы:

      _____________________________________________________________________

      Фильмді шығарған ел: ________________________________________________

      Фильмді шығарушы- студия: ___________________________________________

      Фильмнің шыққан жылы: _______________________________________________

      Фильмнің форматы: ___________________________________________________

      Фильмнің хронометражы: ______________________________________________

      Сценарий авторы: ____________________________________________________

      Қоюшы-режиссер: _____________________________________________________

      Қоюшы-оператор: _____________________________________________________

      Қоюшы-суретші: ______________________________________________________

      Музыкалық шығарманың авторы: ________________________________________

      Фильм серияларының саны: ____________________________________________

      Фильмнің жанры: _____________________________________________________

      Фильмнің тілі, фильмді дубляждау тілдері (болған жағдайда): _________

      Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі бойынша ақпарат:

      _____________________________________________________________________

      Өтініш берушінің деректемелері ______________________________________

      (заңды мекенжайы, пошталық индексі, электрондық поштасы,

      телефоны, факс)

      _____________________________________________________________________

      (заңды тұлға үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлға үшін

      – жеке сәйкестендіру нөмірі)

      Өтініш берілген күн: ________________________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, жөні (болған жағдайда) __________________

      (қолы)

      Мөр oрны