"Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14032 болып тіркелді

      «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Е.М. Шаймағамбетов):
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін Қағидаларға 2-қосымшасыз баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бірлескен бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қағидаларға 2-қосымшасыз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық Қағидаларға 2-қосымшаны қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және               Қорғаныс министрі
      даму министрі                    _________ И. Тасмағамбетов
      ___________ Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Мемлекеттік күзет қызметінің
      бастығы
      ___________ А. Күреңбеков
      2016 жылғы «___»________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы «Сырбар»
      Сыртқы барлау қызметінің
      директоры
      ____________ Ғ. Байжанов
      2016 жылғы 9 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      ___________ В. Жұмақанов
      2016 жылғы 1 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ___________ Қ. Қасымов
      2016 жылғы «___»________

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму министрінің
2016 жылғы 20 маусымдағы   
№ 511 және          
Қазақстан Республикасы    
Қорғаныс министрінің    
2016 жылғы 27 маусымдағы  
№ 313 бірлескен бұйрығымен  
бекітілген          

Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) бақылап қарау – олар туралы мәліметтер «Мемлекеттік құпиялар туралы» 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі - Заң) және халықаралық шарттармен шектелген Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерінде бейнеленген объектілер мен қызметті тану (сараптау) рәсімі;
      2) ғарыш түсірілімдері – Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш аппараттары жүзеге асыратын түсірілімдер;
      3) Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректері (бұдан әрі – ЖҚЗ деректері) - Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш аппаратынан тікелей алынған алғашқы деректер, сондай-ақ оларды алдын ала өңдеу (радиометрлік және геометриялық түзету) нәтижесінде алынған материалдар;
      4) Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ЖҚЗ ҒЖ операторы) – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыш жүйесін құру, пайдалану және дамыту міндеттері жүктелген, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
      5) қазақстандық пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін өз мүддесінде пайдаланатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары;
      6) шетелдік пайдаланушылар – ЖҚЗ деректерін пайдаланатын шетелдік жеке және заңды тұлғалар.
      3. ЖҚЗ ҒЖ операторы жылына кемінде бір рет ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға ЖҚЗ деректерін ұсыну қызметтерін көрсету жөніндегі ақпаратты ұсынады.

2-тарау. Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртібі

1-параграф. Ғарыш түсірілімдерін жоспарлау

      4. ЖҚЗ деректерін алуды жоспарлау мақсатында жыл сайын, жоспарланған жылдың алдындағы отызыншы желтоқсанға дейін пайдаланушылардың ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдерінің негізінде қалыптастырылған ғарыштық түсірілімдер жоспарының жобасы құрылады.
      Осы тармақта көрсетілген ЖҚЗ деректерін алуға өтінім осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және ЖҚЗ ҒЖ операторының геопорталы арқылы қабылданады.
      5. Ғарыш түсірілімдері жоспарын бір жылға жоспарланған жылдың алдындағы жылдың отызыншы желтоқсанынан кешіктірмей ЖҚЗ ҒЖ операторы бекітеді.
      6. Ғарыш түсірілімдері жоспары ай сайын, ал мемлекеттік органдар үшін жедел түсірілімдер жүргізу қажет болған кезде, түсірілімдердің көрсетілген мерзіміне дейін бір аптадан кешіктірмей нақтыланады.

2-параграф. Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату

      7. ЖҚЗ деректерін алумен, өңдеумен және таратумен байланысты қызмет ғарыш түсірілімдері жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін және қорғанысын қамтамасыз ету мүддесінде жедел түсірілімдерді жүргізуге қатысты ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдері басым тәртіпте орындалады.
      9. ЖҚЗ деректерін алуға өтінімдерді орындау, егер олар өтінімдерде көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келсе, ЖҚЗ мұрағаттық деректерін пайдалана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
      10. Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш аппаратынан тікелей алынған бастапқы деректер автоматты режимде алдын ала өңдеуден өтеді, ол бастапқы деректерді радиометриялық және геометриялық түзету болып табылады.
      11. ЖҚЗ ҒЖ операторы алынған ЖҚЗ деректерінің ғарыш түсірілімдері жоспарына сәйкестігіне алдын ала бағалау жүргізгеннен және бақылап қарау жүргізгеннен кейін оң қорытынды алғаннан кейін қазақстандық және шетелдік пайдаланушыларға ЖҚЗ деректерін жеткізуге арналған шарттарды іске асырады.
      12. ЖҚЗ ҒЖ операторы ғарыш түсірілімдері жоспарының орындалуының есебін жүргізеді, ЖҚЗ деректерінің, олардың сараптама нәтижелерінің, қазақстандық және шетелдік пайдаланушылардың ЖҚЗ деректерімен айналым процесі мониторингінің нәтижелері бар материалдардың мұрағаттарын (қорларын) қалыптастырады.
      13. ЖҚЗ деректерін тематикалық өңдеу нәтижелерінің құпиялылық дәрежесі Заңның 18-бабына сәйкес айқындалады.
      14. Қазақстан Республикасының қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, ЖҚЗ деректерін алу, өңдеу және тарату ерекшеліктері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес (қызмет бабында пайдалану үшін) регламенттеледі.

Жерді қашықтықтан зондтау 
ғарыш жүйесінің ұлттық   
операторы Жерді ғарыштан 
қашықтықтан зондтау деректерін
алу, өңдеу және тарату, ғарыш
түсірілімдерін жоспарлау  
қағидаларына       
1-қосымша         

Нысан

Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алуға арналған өтінім

ЖҚЗ деректеріне Тапсырыс беруші ұйымның атауы
_______________________________

Жерді қашықтықтан зондтау түпкілікті тұтынушысы ____________________
ЖҚЗ деректерін пайдалану мақсаты ___________________________________

Атауы

Деректер

Белгі

1.

Түсірілім орны (ел, облыс, қала, аудан)



2.

Ғарыш түсірілімі ауданының географиялық координаттары (екі немесе төрт нүктеден астам ғарыш түсірілімі қажет болған кезде төменде тиісті жолдарды қосу қажет)

1-нүкте


Ендік

Бойлық


2-нүкте


Ендік

Бойлық


3-нүкте


Ендік

Бойлық


4-нүкте


Ендік

Бойлық


3.

Түсірілімдерді жүргізу мерзімдері



4.

Жеделдік санаты

Жоспарланған тәртіпте


Жедел


5.

Қолдану аясы

Ауыл шаруашылығы


Картаға түсіру және жерге орналастыру


Орман шаруашылығы


Теңіз және жағалау аймақтары


Табиғи ресурстар және инженерлік желілер


ТЖ қауіптері


Қалалық жоспарлау


Басқа


6.

Өнім түрі

1 м/пиксель
(панхроматиялық арна)


4 м/пиксель
(4 мультиспектрлік арна)


6,5 м/пиксель
(5 мультиспектрлік арна)


7.

Алдын ала өңдеу деңгейі

L1A – Радиометриялық түзетілген бейне


L2A – Геометриялық түзетілген бейне


L3 – Ортотрансформатталған бейне


L4 – Бедердің сандық үлгісі


L5 – Мозаика


8.

Бұлттық қабат

20% және 30% арасында


20% төмен


10% төмен


Риясыз кепілдіктер
(егер 5% төмен болса)


9.

Клиенттің түсіндірмесі


Қызмет бабында пайлану үшін
№ __дана

Жерді қашықтықтан зондтау 
ғарыш жүйесінің ұлттық   
операторы Жерді ғарыштан 
қашықтықтан зондтау деректерін
алу, өңдеу және тарату, ғарыш
түсірілімдерін жоспарлау  
қағидаларына       
2-қосымша         

      РҚАО-ның ескертпесі!
      "Қызмет бабында пайлану үшін" грифімен берілген құжаттар "Заң" ДБ-ға енгізілмейді