Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 511 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 313 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 тамызда № 14113 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді бөлу туралы келісімдерде Қазақстан Республикасының мүддесінде әрекет ететін өкілетті орган ретінде айқындалсын.
      2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақтың 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «37) өнімді бөлу туралы келісімдерде өкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған компанияның қатысу үлесін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов