"Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 506 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14032 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11870 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларында:
      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      «1-1. осы Қағидалардың қолданысы егер межелі елге Қазақстан Республикасының, халықаралық ұйымдардың және оларға қатысты Қазақстан Республикасы осы салада оларды сақтау бойынша міндеттемелер қабылдаған жекелеген мемлекеттердің санкциялары қабылданса қолданылмайды және өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат берілмейді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беруден мынадай:
      1) өтiнiш берушiнің рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталуы;
      2) өтiнiш берушiнің және (немесе) рұқсат беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
      4) егер өтiнiш берушiге қатысты оның қызметіне немесе рұқсатты алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
      5) егер өтiнiш берушiге қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде өтiнiш берушiнің мемлекеттік рұқсат алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы жағдайларында рұқсат беруден бас тартылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі
      ________________ Д. Абаев
      2016 жылғы 24 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»                      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі         Ұлттық экономика министрінің
      ________________ Қ. Бишімбаев     міндетін атқарушы
      2016 жылғы 30 маусым              ________________ М. Құсайынов
                                        2016 жылғы «___» __________