"Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 186 бұйрығына ө

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 516 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14021 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

       «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12992 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 11 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі бекітілсін»;
      корсетілғен бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес әзірленген және әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілетін жолаушылар тасымалдау қызметтеріне бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейін айқындайды.»;
      2-тараудын тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы бойынша көрсетілетін қызметтерге багалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау»;
      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін кірістер айқындалады:
      бірінші қаржы жылына (Dжоспар 1 ваг.типі):
      Dжоспар 1 ваг.типі = Dнақты вагон типі *KТнақты вагон типі * KТжоспар1 ваг.типі;
      екінші қаржы жылына (Dжоспар 2 ваг.типі):
      Dжоспар 2 ваг. типі = Dнақты ваг. типі *KТнақты ваг. типі *KТжоспар1 ваг.типі* KТжоспар 2 вагон.типі;
      үшінші қаржы жылына (Dжоспар 3 ваг.типі):
      Dжоспар 3 ваг.типі = Dнақты вагон типі *KТнақты вагон типі *KТжоспар 1 ваг.типі* KТжоспар 2 ваг.типі *KТжоспар 3 вагон.типі;

мұнда:
      Dнақты вагон типі – вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секцияся мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша есептік жылы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін нақты кірістер;
      KТ нақты вагон типі – есептік жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағаларын нақты арттыру коэффициенті;
      KТ жоспар 1 ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағаларын жоғарылату коэффициенті;
      КТ жоспар 2 ваг.типі – бірінші қаржы жылына қатысты вағон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағаларын жоғарылату коэффициенті;
      KТ жоспар 3 ваг.типі екінші қаржы жылына қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вағондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағаларын жоғарылату коэффициенті.
      Әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағаларын жоғарылату коэффициенті уәкілетті органның бюджеттік өтінімін қарау негізінде және ол бойынша орталық уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 68-бабына сәйкес бюджеттік жоспарлау бойынша қорытынды ұсынылғанда айқындалады.
      Әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (қалааралық, облысішілік) және қала маңы қатынастары бойынша жоспарланған кезеңге жолаушыларды тасымалдау бағаларын жоғарылату коэффициенті жергілікті уәкілетті органның бюджеттік отінімін қарау негізінде және ол бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 68-бабына сәйкес бюджеттік жоспарлау бойынша жергілікті уәкілетті орғанмен қорытынды ұсынылғанда айқындалады.
      Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудан түсетін нақты кірістер «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес бекітілғен Тасымалдаушының әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жылдың басынан бастап жолаушылар тасымалдарын орындау туралы қабылданған есептерде көрсетілген есептік қаржы жылындағы кірістер болып табылады.
      5. Вагон типтері бойынша жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемі айқындалады:
      бірінші қаржы жылына (Vжоспар 1 ваг.типі):
      Vжоспар 1 ваг.типі = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі* KV жоспар 1 ваг.типі;
      екінші қаржы жылына (Vжоспар 2 ваг.типі):
      Vжоспар 2 ваг.типі = Vнақты вагон типі*KVнақты вагон типі *KV жоспар 1 ваг.типі* KV жоспар 2 ваг.типі;
      үшінші қаржы жылына (Vжоспар 3 ваг.типі):
      Vжоспар 3 ваг.типі = Vнақты вагон типі *KVнақты вагон типі*KVжоспар 1 ваг.типі* KVжоспар 2 ваг.типі *KVжоспар 3 ваг.типі;

мұнда:
      Vнақты вагон типі – вагон типтері бойынша (купе, плацкарт, жалпы және электр-секция мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың нақты көлемі;
      KVнақты вагон типі – есептік жылға қатысты вагон типтері бойынша (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вағондары) ағымдағы қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін нақты ұлғайту коэффициенті;
      KVжоспар 1ваг.типі – ағымдағы жылға қатысты вағон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің бірінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
      KVжоспар 2 ваг.типі. – бірінші қаржы жылына қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің екінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті;
      KVжоспар 3 ваг.типі – екінші қаржы жылына қатысты вагон типтері (купе, плацкарт, жалпы және электр секциясы мен дизельді, «Тальго» өндірісі вагондары) бойынша жоспарлы кезеңнің үшінші қаржы жылына әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті. 
      Нақты көлем Қағидаларға, қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жылдың басынан бастап жолаушылар тасымалдауды орындау туралы есептерде көрсетілген есептік қаржы жылындагы әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдаудың көлемі болып табылады.
      Көрсеткіштер көлемі әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын әрбір вагон типтері бойынша айқындалады.
      Әрбір вагон типтері бойынша көрсеткіштер көлемі олардың әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша қатынайтын барлық субсидияланатын көлемінің сомасы ретінде айқындалады.
      Жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау көлемдерін ұлғайту коэффициенті «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-22) тармақшасына сәйкес бекітілетін Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушылардың шығысдарын ұзақ мерзімді субсидиялау көлемдерін айқындау әдістемесіне (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 11541 болып тіркелген) сәйкес жоспарланған көрсеткіштер негізінде айқындалады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Жоспарлы кезеңге әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтері үшін багалардың (тарифтердің) шекті деңгейі ең томен күнкөріс деңгейі мөлшерінде бір жолаушыға орташа жылдық шығыстардың белгіленген үлесінен аспайтындай деңгейде айқындалады.»;
      Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолаушылар тасымалы қызметтеріне бағаларды айқындау әдістемесінің қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың
интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа  енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармагының жиырма алтыншы және отыз жетінші абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланган күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі             Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 28 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      __________________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 29 маусым

Қазақстан Республикасы  
Инвестициялар және   
даму министрінің     
2016 жылғы 22 маусымдағы
№ 516 бұйрығына      
қосымша          

Әлеуметтік маңызы бар қатынастар  
бойынша көрсетілетін жолаушылар 
тасымалы қызметтеріне бағалардың 
(тарифтердің) шекті деңғейін айқындау
әдістемесіне қосымша           

Вагон типі бөлісінде жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет өтініміне сәйкес бір жолаушыға шаққандағы орташа жылдық шығыстарының есебі

п/к №

Пойыздың №

Маршрут (атауы)

Вагон типі

Жылына жол жүрген күні

Шарт бойынша құрамдағы вагонның орташа саны

Тасымалданған жолаушылар, адам

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен кірістер, (мың теңге)

Бір жолаушыға шыққан орташа жылдың шығындары, (теңге)

билет сатылудан

Төсек орын жабдығын сатудан

Басқа да қызметтерден түсетін кіріс

барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12=11/7




купе












плацкарт












жалпы












МВПС












Гранд












Бизнес












Турист












Отыратын орындар