"Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 179 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 шілдеде № 14006 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 369 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 24.12.2018 № 369 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Фильм индексін анықтаудың критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 7 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7537 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2012 жылғы 18 сәуірде № 162-163 (27237) болып жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Фильмнің индексін айқындау критерийлерін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Қоса беріліп отырған Фильмнің индексін айқындау критерийлері бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген фильм индексін белгілеу критерийлерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Фильмнің индексін айқындау критерийлері";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Осы Фильмнің индексін айқындау критерийлері (бұдан әрі - Критерии) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдерді көрермендердің жас шегіне қарай топтастыру мақсатында фильмдердің мазмұнына талаптар белгілейді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы Критерийлердің 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен әр фильмге көрермендердің жас шегіне қарай индекс беріледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      4) ресми жарияланганнан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Мәдениет және спорт министрі

А. Мұхамедиұлы