Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының және осы жоспардың орындалуы туралы есеп нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 17 маусымдағы № 252 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 шілдеде № 13984 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2018 жылғы 3 тамыздағы № 305 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің м.а. 03.08.2018 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 99-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді, Қазақстан Республикасы эталон бақылау нормативтік құқықтық актілер банкіне енгізу үшін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ.Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитеті төрағасы

      Н. Айдапкелов _______________

      2016 жылғы 21 маусым



  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 252 бұйрығына
1-қосымша

      Нысан

      Келісілді: Басшы

      Басшы (мемлекеттік органның уәкілетті тұлғасы) (Жеке және заңды тұлғалардың

      ________________________________ уәкілетті тұлғасы)

      (Аты, тегі, әкесінің аты (болған кезде)) __________________________________

      ________________________________ (Аты, тегі, әкесінің аты (болған кезде))

      (қолы)


      " ____ " _____________ 20___ жыл (қолы)

      Мөр орны (болған кезде) " _____ " _____________ 20 ___ жыл

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар атауы

Жоспарланған жұмыстар көлемі

Бекітілген жоспарға сәйкес іс-шараларды орындау кезеңі

Жоспарланғаны (мың теңге)

Қаражатты игеру % **

Игерілгенжұмыс

%

Іс-шаралардың экологиялық әсері*

Ескертпе (орындалмау себеп тері)

1. Ауа алқабын қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








2. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану

1










Бөлім бойынша жиыны:








3. Жағалау маңына және су экожүйесіне ықпал етуден қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








4. Жер ресурстарын қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








5. Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану

1










Бөлім бойынша жиыны:








6. Флораны және фаунаны қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








7. Өндіріс және тұтыныс қалдықтарымен жұмыс істеу

1










Бөлім бойынша жиыны:








8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік

1










Бөлім бойынша жиыны:








9. Басқару жүйелерін және ең жақсы қауіпсіз технологияларды енгізу

1










Бөлім бойынша жиыны:







10. Ғылыми-зерттеулік, ізденушілік және өзге әзірлемелер

1










Бөлім бойынша жиыны:








11. Экологиялық ағарту және насихат

1










Бөлім бойынша жиыны:








БАРЛЫҒЫ








      * Іс-шараларды орындау есебінен эмиссия көлемі төмендеген жағдайда эмиссияның төмендеген көлемінің мөлшерін көрсету қажет (жыл/тонна).

      Ескертпе: 1. I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың (бұдан әрі – I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсат) Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі – Жоспар), Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 12 маусымдағы № 162-ө бұйрығымен бекітілген Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгілі тізіміне (нормативті құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8559 тіркелінген) (бұдан әрі – Үлгілі тізім) сәйкес қоршаған ортаға эмиссия нормативтері қол жеткізуді қамтамасыз ететін және рұқсат беретін органмен келісілетін Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасымен белгіленген, экологиялық талаптар мен нормаларға сәйкес келетін қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар көрсетіледі.

      2. Нысан келесідей түрде толтырылады:

      I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 2 бағанында Үлгілі тізімнің тармақшаларына сәйкес келетін қоршаған ортаны қорғау бойынша нақтылы іс-шаралар көрсетіледі. Жоспарланатын іс-шаралардың қоршаған ортаға әсері бойынша бөлімдерге байланысты толтырылады. Технологиялық схемаларлардың элементтері болып табылатын өндірістік процестерге тікелей жататын және өнім алудағы қажет ететін іс-шаралар көрсетілмейді;

      I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 3 бағанында жұмыстар мен қызметтердің жоспарланатын және орындалатын іс-шараларына байланысты сандық көрсеткіш (көлем, масса, бірлік, дана, километр және тағыда басқа) толтырылады.

      I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 4 бағанында барлық жобалық кезең үшін жоспарланатын іс-шаралардың жалпы сомасы (объект, қондырғы, жабдықтардың немесе жоспарланатын және жасалған жұмыстар соммасын қосқанда) көрсетіледі.

      I, II, III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттың жоспарының 5 бағанында қаржыландыру көздері (қолданылатын қысқартылған сөздер: ж/қ – жеке қаражаттар, н/қ - несиелік қаражаттар, ш/и - шетелдік иенвестициялар, б/қ – бюджеттік қаражаттар) көрсетіледі.

      I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 6, 7 бағандарында іс-шара өткізудің басталуынан аяқталуына дейінгі кезеңнің ұзақтығы (өткізудің айы, жылы).

      I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 8,9,10 бағандарында табиғат пайдалану шараларының жалғасуын есептемегенде жоспарланатын жылдар бойынша бөлу сомасы көрсетіледі.

      I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсаттың жоспарының 11 бағанында қол жеткізілген көрсеткіштердің және негізгі ластаушы заттар бойынша мүмкін болатын төмендетуді болжаудан болатын жалпы көрсеткіштердің және келесідей мәліметтің болуы кезінде толтырылады: - күтілетін экологиялық нәтиже - қоршаған ортаға эмиссияны төмендету көрсеткіші.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 17 маусымдағы
№ 252 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
жоспарын орындау туралы есеп

      Есепті кезең 20__жыл

      Көрсеткіш: есеп №1 ШЖ

      Кезеңділігі: тоқсан бойынша

      Ұсынатын тұлғалар тобы: I, II, III санаттағы объектілері бар жеке және заңды тұлғалар

      Қайда ұсынылады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары

      Тапсыру мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін

      Рұқсат беру құжатының нөмірі және берілген күн және оның қолданылу кезеңі:

Іс-шаралар атауы

Жоспарланған жұмыстар көлемі

Бекітілген жоспарға сәйкес іс-шараларды орындау кезеңі

Жоспарланғаны (мың теңге)

Қаражатты игеру % **

Игерілген жұмыс %

Іс-шаралардың экологиялық әсері*

Ескертпе (орындалмау себептері)


1. Ауа алқабын қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








2. Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану

1










Бөлім бойынша жиыны:








3. Жағалау маңына және су экожүйесіне ықпал етуден қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








4. Жер ресурстарын қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








5. Жер қойнауын қорғау және ұтымды пайдалану

1










Бөлім бойынша жиыны:








6. Флораны және фаунаны қорғау

1










Бөлім бойынша жиыны:








7. Өндіріс және тұтыныс қалдықтарымен жұмыс істеу

1










Бөлім бойынша жиыны:








8. Радиациялық, биологиялық және химиялық қауіпсіздік

1










Бөлім бойынша жиыны:








9. Басқару жүйелерін және ең жақсы қауіпсіз технологияларды енгізу

1










Бөлім бойынша жиыны:









10. Ғылыми-зерттеулік, ізденушілік және өзге әзірлемелер

1










Бөлім бойынша жиыны:








11. Экологиялық ағарту және насихат

1










Бөлім бойынша жиыны:








БАРЛЫҒЫ








      * Іс-шараларды орындау есебінен эмиссия көлемі төмендеген жағдайда эмиссияның төмендеген көлемінің мөлшерін көрсету қажет (тонна/жыл).

      **Жоспарланған іс-шараларды орындау кезінде жұмсалған қаражаттың үнемделу себебін түсіндіру қажет.

      Ескертпе: Толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында көрсетілген.

      Атауы ____________________________ Мекен жайы _______________________

      ____________________________ Телефон ________________________________

      ___________________________________ Электрондық мекен жайы __________

      Орындаушының тегі ____________________ Телефон ______________________

      Басшы _________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)

      Бас бухгалтер _______________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)) (қолы)

      Мөр орны (болған кезде)

  Қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі іс-шаралар жоспарын
орындау туралы есебіне
қосымша

"Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар
жоспарын орындау туралы есеп" толтыру бойынша түсініктеме

      1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 99-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.

      2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау туралы есеп (бұдан әрі - Есеп), есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін I санаттағы объектілер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне және II, III санаттағы объектілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

      3. Нысан келесідей түрде толтырылады:

      есептің 2 бағанында қоршаған ортаға эмиссияларға I, II, III санаттағы объектілер үшін рұқсат алу кезінде қоршаған ортаны қорғау бойынша жоспардың (бұдан әрі - Жоспар) нақтылы іс-шаралары көрсетіледі.

      есептің 3 бағанында жұмыстар мен қызметтердің жоспарланатын және орындалатын іс-шараларына байланысты сандық көрсеткіш (көлем, масса, бірлік, дана, километр және тағыда басқа) көрсетіледі.

      есептің 4 бағанында жоспарға сәйкес іс-шаралардың орындалу кезеңі көрсетіледі.

      есептің 5 бағанында күнтізбелік жыл кезеңі үшін жоспарланатын іс-шаралардың жалпы сомасы көрсетіледі.

      есептің 6 бағанында жалпы игерілген сомманың күнтізбелік жыл кезеңіндегі іс-шаралардың жалпы соммасына пайыздық қатынасы көрсетіледі.

      есептің 7 бағанында күнтізбелік жыл кезеңіне бекітілген іс-шаралардың жұмыс көлеміне қатынасы бойынша пайызы есептеледі.

      есептің 8 бағанында қоршаған ортаға эмиссияның төмендеуі бойынша көрсеткіштер және іс-шаралар есебінен орындалатын қол жеткізілген көрсеткіштері көрсетіледі.

      есептің 9 бағанында іс-шаралар орындалмаған жағдайда қажетті түсініктемелер және орындалмау себептері көрсетіледі.