Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын мәдениет, өнер және с

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 210 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 23 шілдеде № 13972 болып тіркелді

      2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі!

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 324-бабының 9-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің 2016 – 2020 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту және «Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 586 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1138 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 585-құжат) 1-тармағының қолданылуы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
      2. Осы қаулы 2016 жылғы 23 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов