"Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 239 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 27 маусымда № 13832 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ауыл шаруашылығы малдарын бағалау нұсқаулықтары мен тұқымдарының стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 3-3/517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9818 болып тіркелген 2014 жылғы 24 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық құқықтық жүйесінде жарияланған,) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы»;
      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Малдардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі мыналарды:
      осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малды;
      осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес етті бағыттағы ірі қара малды;
      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес биязы жүнді қойларды;
      осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес биязылау жүнді қойларды;
      осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес құйрықты қойларды;
      осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес қаракөл қойларды;
      осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді;
      осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес шошқаларды;
      осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жергілікті және зауыттық жылқыларды;
      осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес түйелерді;
      осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес құстарды;
      осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес түйеқұстарды;
      осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет);
      осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес маралдар мен теңбіл бұғыларды;
      осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес араларды;
      осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды;
      осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес үй қояндарын бонитирлеу (бағалау) жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулықтар бекітілсін.»;
      бұйрықтың 1234567891011121314,  15 қосымшасы көрсетілген бұйрықпен бекітілген 123456789101112131415 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын
      көрсетілген бұйрыққа 16 және 17-қосымшаларға сәйкес 16 және 17-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мырзахметов

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
1-қосымша        

Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл
тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту
жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малдың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Сүттілі және сүттілі-еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеу (бағалау) бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малды
бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Ірі қара малды (бұдан әрі – ІҚМ) жыл ішінде бонитирлейді (бағалайды):
      1) бұқаларды жылына бір рет;
      2) сиырларды сауым маусымы аяқталғаннан кейін;
      3) торпақтар мен асыл тұқымды бұқашықтарды 6 айлық жас шамасынан бастап.
      4. Сұрыптаудың нәтижелері бойынша 1 қазан сәтіне есеп әзірленеді.
      5. ІҚМ бағалау кезінде малдың кешенді белгілері бонитирленеді (бағаланады) (тұқымдығы, өнімділік сапасы, экстерлік-сыртқы пішін айырмашылықтары).
      6. Жануарлардың тұқымдық деңгейін есеп құжаттарына сүйене отырып жануарларды міндетті түрде қарап шығумен және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен берілген тұқымдылық үлесінің түр әлпетінде айқындығын белгілеу арқылы анықталады. Тұқымдығы бойынша таза тұқымды және будандарға бөлінеді.
      7. Таза тұқымдылықтарға жатқызады:
      1) әке-шешесі бір тұқымнан шыққан жануарларды, олардың таза тұқымдылығына тиісті құжаттар арқылы дәлелденген жағдайда;
      2) төртінші (15/16 қанды) буынынан бастап сіңіру будандастыру арқылы алынған, егер оларға тегі бары жөнінде құжаттар бар болса және осы жануарлардың түр әлпеті жақсартушы тұқыммен жақсы үйлесілімділігі айқын болса;
      3) әке-шешесі туыс тұқымдардан шығып жұптасуынан алынған жануарлар (оларды аналық тұқым жағына жатқызу керек):
      қара-ала тұқымдар тобы – қара-ала, аулиеата, литва қара-аласы, бушуйлық, эстония қара-аласы, истобелік, тагильдік, голландық, голштиндік, неміс қара-аласы, дат қара-аласы, швед қара-аласы, польша қара-аласы;
      қызыл тұқымдар тобы – даланың қызыл сиыры, эстондық қызыл, польшалық қызыл, латвиялық қоңыр, горбатовтық қызыл, тамбовтық қызыл, англерлік, даттық қызыл, белоруссияның қызыл сиыры;
      қоңыр тұқымдардың тобы – швицтік, костромалық, лебединдік, алатаулық, кавказдың қоңыр сиыры, карпаттың қоңыр сиыры, юриндік;
      сары-ала тұқымдардың тобы – симментал, сычев және монбельярд;
      қорғандық және шортгорндық (сүт бағытындағы);
      айршир, норвегиялық қызыл-ала, швед қызыл-аласы;
      украиндық ақбасты сиыр және гронингендік;
      4) ұдайы өндіру будандастыру арқылы, жаңа шыққан тұқымды бекіткеннен кейін алынған жануарлар;
      5) дүниежүзілік геноқорды пайдалана отырып (анасының тұқымы жағынан туысты тұқымдар қан бөлігін жақсартушы тұқым бойынша көрсету арқылы) алынған жануарлар.
      9. Тегі және жануарларда жақсартушы тұқымның түр әлпеті жақсы үйлесімдік көрінісі бар болса және шыққан тегі жөніндегі құжаттар жоқ жағдайда жануарларды бірінші ұрпақтағы будандарға (1/2 - 3/4 қандылыққа) жатқызады.
      10. Осы Нұсқаулықтың 9 тармағында көрсетілмеген ІҚМ будандарға жатады.
      11. Будан жануарлардың тұқымдылығын (қандылығын) жақсартушы тұқымның қан бөлігі бойынша есепке алады. Ұрпағының қандылығын бөлшек сан арқылы немесе пайыз арқылы көрсетіліп әке-шешесінің қанының жарты қосындысы ретінде белгіленеді.
      12. Сиырларды сүт өнімділігі бойынша сүт майының (кг) көлемімен сүт есебінің негізі арқылы, майдың сүттегі мөлшері (%) сауым маусымының 305 күні немесе қысқартылғаны бойынша (240 күннен кемдігі жоқ) аяқталған сауым маусымы арқылы жүргізіледі. Сауым маусымының басы болып бұзаулаған күннен кейінгі бірінші күні болып саналады, ал аяқталуы болып-сауудың соңғы күні немесе бірреттік саууға өткен бірінші күні.
      13. Сиырларды тексеру саууы әр айда бір мезгілден кем болмай толық бір тәулік көлемінде май мен ақуыздың сүттегі мөлшерін анықтаумен қатар жүргізіледі. Басқа күндерде қандай сауу әдістері және жұмыс тәртібі қолданылса сондайларыда тексеру күні қолданылады. Бірінші тексеру саууы бұзаулаған куннен кейінгі 10-20 күннен кейін өткізіледі, ал соңғысы – суалтып жіберу алдынан 20-10 күн бұрын.
      14. Майдың (ақуыздың) сүттегі орташа көрсеткіші (%) 305 (үш жүз бес) күндерінде немесе сауым маусымының қысқартылысына май (ақауыз) пайызына әр айдың айлық сауынына көбейтеді, көбейтіндіні бір біріне жинақтап (сауым маусымы бойынша сүттегі майы мен ақузының бір пайызды санын қоса отырып) және қосындысын тура сол айлардың нақты сауынына бөледі.
      15. Сауым маусымы бойынша алынған сүттің майын (кг) сүт майының бір пайызды мөлшерін 100-ге бөлу арқылы анықталады.
      16. Сүт қайтарып берудің үдемелік қарқындылығын (кг/мин) сиырларда сауылып алынған сүт мөлшерін (кг) соларада жүмсалған уақыт мерзіміне(мин) бөлу арқылы сауым маусымының екінші немесе үшінші айларында анықталады. Тексеру саууы тәулік ішінде бірақ рет жүргізіледі, бірақ алдыңғы сауудан кейін 12 сағаттан ерте болмауы керек.
      17. 30 (отыз) айлық жас шамасынан асқан кезде бұзаулаған тұмсалар үшін сүт өнімділігі бойынша талаптар 10%-ға көтеріледі.
      18. Тұқымдық бұқалардың сырт-сипаты және түзілісін жыл сайын бес жылдық жас шамасына дейін, сиырларда – бірінші және сауым маусымының 2-ші-3-ші айларында жүргізеді. Егер жануарлар сырт-сипаты және түзілісі бойынша көрсетілген уақытында бағаланбаған болса, оны кезекті сұрыптау кезінде бағалайды.
      19. Жануардың сырт-сипаты және түзілісі арқылы бағаланған кезінде:
      1) сиырлардың - желіннің көлеміне, оның үлгі сипатына және машинамен саууына жарамдылығына;
      2) бұқалардың – жыныстық диморфизмының анық көрінілуіне, белінің және артқы аяқтарының мықтылығына. Бұқалардың тұлғасын - бағалауды 30 баллды шамамен, сиырларды 10-баллдық шамамен жүргізеді.
      20. Сүттілі және сүтті-еттілі тұқымдар малының сырт-сипаты және түзілісіне баллдық баға дене бітісінің кемістіктері осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасымен беріледі
      21. Төлді сырт-сипаты және түзілісі бойынша бағалауды 20-баллдық шамамен өткізеді. 20 балддық бағаны жануарға тұқымдық және жыныстық нашындарының өте жақсы айқындалған көрінісі бар, әдеттегідей дамуы және өсуі, өте жақсы дамыған кеудесі (кең, терең, жауырының сыртында ұстап калатын ойпатсыз), арқасы, белі, арты түзу сызықты, жақсы дамыған жамбас, аяқтарының дұрыс қойылуы және мықты сүйек бітісі, мөлшерден тыс аспаған және дөрекіліксіз жағдайында беріледі.
      22. Сұрыптау кезінде жануарлардың класын анықтау келесі нышандары арқылы жүргізіледі:
      1) тұқымдық бұқалардың – дамуы бойынша (тірілей салмағы), сырт-сипаты және түзілісі, генотипі (шығу тегі және ұрпағының сапасы);
      2) сиырларды – сүт өнімділігі (сүт майы мөлшері), дамуы (тірілей салмағы – сауым маусымының екінші-үшінші айында белгіленеді), сырт-сипатымен сүт қайтарып беруінің үдемелі қарқындылығы, генотипі (шығу тегі);
      3) төлдің – генотипі (шыққан тегі); сырт-сипаты және дамуы (тірілей салмағы) бойынша.
      23. Бағалау нәтижесінде ІҚМ белгілер кешені арқылы келесі класқа бөлінеді:
      1) тұқымдық бұқаларды және асылтұқымды бұқашықтар: элита-рекорд, элита және бірінші класс;
      2) сиырларды және торпақтарды – элита-рекорд, элита, бірінші және екінші класс;
      Көрсетілген кластардың талаптарына сәйкес келмеген жануарларды класты емес жануарларға жатқызады.
      24. ІҚМ кластарының кешендік нысанын бұқалардың нышандарының жинағы бойынша бағалаудың шамасы осы Нұсқаудың 3-қосымшасымен анықталады:
      1) элита-рекорд - 85-100
      2) элита - 75-84
      3) бірінші класс - 65-74
      4) екінші класс - 55-64 балл (сиырлар мен құнажындар бойынша).
      25. Ақуыздың сүттегі мөлшері бағаланған сиырлар тұқымдық үлгіден асқан жағдайда қосымша баллдар алады:
      0,3% және жоғары - 4 балл
      0,2% - 3 балл
      0,1% - 2 балл
      Сиырдың сауылып жүрген екі және оданда көбірек қыздары өз нышандарының жинағы бойынша элита-рекорд және элита кластары бар болса оның бағасын бір класқа жоғары көтереді.
      Сиырды пайдалануының ұзақтылығы үшін оған 4 рет бұзаулаудан кейін 2 баллдан әр кезекті бұзалаулары үшін қосымша жазылады.
      Қосымша алынған баллдары нышандарының жинағы бойынша класын белгілеу кезде соңғы бағалауына қосылады (100 баллдың аясында).
      26. Сүттегі майының мөлшері тұқымдық үлгіден төмен болмаса, бұрынғы өткен сауым маусымдарында (бірінші-үшінде) өнімділік деңгейі төмен болмаса сиырларды элита-рекорд класына жатқызады.
      27. Бірінші тумаларды сауым маусымы аяқталысымен сүт майлығымен бағалайды. Сауым маусымы аяқталмаған тұмсалар төлді сұрыптау шамасымен бағаланады.

Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара
малды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу 
(бағалау) және өсімін молайту жөніндегі  
нұсқаулыққа               
1-қосымша                

Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара малдын тұқымдығын
анықтау

Шешесінің тұқымдылығы

Атасының тұқымдылығы

таза қанды

төртінші буын қандылығы (15/16)

таза қанды

таза қанды

таза қанды

төртінші буын (15/16)

таза қанды

төртінші буын (15/16) немесе таза қанды

үшінші буын (7/8)

төртінші буын (15/16) немесе таза қанды

төртінші буын (15/16)

екінші буын (3/4)

үшінші буын (7/8)

үшінші буын (7/8)

бірінші буын (1/2)

екінші буын (3/4)

екінші буын (3/4)

Жергілікті

бірінші буын (1/2)

бірінші буын (1/2)

Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара
малды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу 
(бағалау) және өсімін молайту жөніндегі  
нұсқаулыққа               
2-қосымша                

Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы малының сырт-сипаты және
түзілісіне баллдық баға дене бітісінің кемістіктері үшін
төмендетіледі

Жалпы дамуы және дене біттімінің жеке бөліктері

Кемістіктердің тізімі

1. Жалпы көрініс және даму

Жалпы жетілмегендік: сүйек бітімі дөрекі немесе қобыраңқы нәзік, бұлшық еті бобыр немесе осал дамыған, дене бітісі тепе-тең емес және тұқымның үлгісіне үйлесімсіз

2. Дене құрылысының сырт-сипаты:


Бас, мойын

Басы тұлғасымен тепе-тең емес, ауыр немесе қобыраңқы: «өгіздік» сиырда және «сиырдық» бұқада, мойыны қысқа, дөрекі қалың тері бүрмелері немесе ойқылы, нашар бұлшықеттіленген

Кеуде

Кеудесі енсіз, тайыз, қақ ортасы буулымды және жаурының арты ойқы, қабырғалары бір біріне жақын орналасқан, қабырғасының сүйектері енсіз, қысқа, сонғы қабырғаның терісі қалың, созылгыштығы жоқ

Шоқтық, арқасы және белі

Шоқтығы қосарланған немесе үшкір, арқасы енсіз, қысқа, салбыр немесе құныс, белі қысаң немесе төбе тәрізді

Тұлғасының орта бөлімі

Сиырларда және бұқаларда осал дамыған, бұқаларда қарыны салбыраған

Арты

Қысқа, салбыраған, төбе тәрізді, бөксесі сүйір

3.Желіні және жыныстық орындары

Желіні шағын салпы, май басып кеткен, бөліктерінің дамуы бір келкі емес, жанасып тұрған, қалыпсыз дамыған және қосымша емшектерімен, сүт күретамыры нашар көрінеді, желіннің терісі қалың, желіннің артықтығы аз, бұқаларда ұрық өсіретін орны жетілмеген және кішірейген

4. Аяқтары

Алдыңғылары білектерінде жанасқан немесе екі жаққа жайылған, артқы аяқтарының қою тұрысы – шораяқты, О – тәрізді, Х – тәрізді, қылыш сияқты

5. Тұяқтары

Сүйір, тік қойылған, жалпақ, тұяқ мүйізі болбыр

Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы ірі қара
малды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу 
(бағалау) және өсімін молайту жөніндегі  
нұсқаулыққа               
3-қосымша                

1. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы бұқаларды нышандарының
жинағы бойынша бағалаудың шамасы

Нышандары

Баллдар

1. Сырт-сипаты және түзілісі, барлығы артықсыз

30

Соның ішінде:


1) Жалпы түрі, барлығы артықсыз

9

Оның ішінде:


дене бітісінің тепе-теңдігі

1-3

бұлшық еті

1-3

сүйек бітімі

1-3

дене құрылысының сырт-сипаты, барлығы артықсыз

21

басы мен мойыны

1-3

кеудесі

1-3

шоқтығы, арқасы, белі

1-3

денесінің орта бөлігі

1-3

бөксесі

1-3

аяқтары

1-3

тұяқтары

1-3

2. Дамуы (тірілей салмағы), барлығы артықсыз

10

тұқымдық үлгі (2 қосымша)

10

тұқым үлгісінен 95-99%

5

3. Генотип, барлығы артықсыз

60

1) Шешесінің класы


элита – рекорд

25

элита

20

1 класс

15

2) Шешесінің сүтіндегі май мөлшері (%), тұқымдық үлгіден жоғары


0,3-ке және одан жоғары

5

0,2-ге

3

0,1-ге

1

3) Тұқымдық бұқаның немесе оның әкесінің ұрпақ сапасы бойынша дәрежесі.


А Б, А Б, А Б

30

А, А, А Б, А Б, А Б

25

А, Б, Б, А Б, А Б, А Б

20

Ұрпақтар сапасы бойынша бағасы жоқ жағдайда әкесінің класы есепке алынады:


элита-рекорд

10

элита

5

Баллдар қосындысы

100

2. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы сиырларды нышандарының
жинағы арқылы бағалау шамасы

1. Сүт өнімділігі (65 балдан аспауы керек)

2. Тұқымдық үлгіден (сүт майының көлемі) сүт өнімділігі пайыздар мөлшерімен

Баллдар

60-69

35

70-79

38

80-89

41

90-99

44

100-109

47

110-119

50

120-129

53

130-139

56

140-149

59

150-159

62

160 және жоғары

65

2) Сырт-сипаты және түзілісі (барлығы 10 баллдан аспайды)

Нышандары

Баллдар

1. Жалпы түрі және дамуы (дене белгісінің тепе-теңдігі, түзілісінің мықтылығы, үлгі көрінісінің айқындығы, кеудесінің тереңдігі, арты және белінің дамуы)

3

2. Желін (көлемі, сүт безділігі, желіннің алдыңғы және артқы бөліктерінің жетілуі, денеге бекітілуі, емшектерінің мөлшері және орналасуы, желіннің орналасу биіктігі)

5

3. Алдыңғы және артқы аяқтары (алдыңғы және артқы аяқтарының қою тұрысы және мықтылығы, тұяқтарының үлгісі және қаттылығы)

2

3. Дамуы (тірі салмағы) – барлығы 5 баллдан жоғары емес

Нышандары

Баллдар

1. Тұқым үлгісі және одан жоғары (3 қосымша)

5

2. Тұқым үлгісінің 95-99%

3

4. сүт қайтарып беру үдемелі қарқындылығы (барлығы 10 баллдан жоғары емес)

Көрсеткіштері

Баллдар

1,60 кг/мин және одан жоғары

10

1,59 - 1,40 кг/мин

8

1,39 – 1,20 кг/мин

6

1,19 -1,00 кг/мин

4

0,99 – 0,80 кг/мин

2

0,80 кг/мин төмен

-

5. Генотип (шығу тегі) – барлығы 10 баллдан жоғары емес

Белгілері

Баллдар

1. Шешесінің класы


элита – рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

екінші класс

-

2. Бұқа немесе әкесінің ұрпақ сапасы бойынша дәрежесі


А Б, А Б, А Б

5

А, А, А Б, А Б, А Б

4

А, Б, Б, А Б, А Б, А Б

3

немесе бұқа класы


элита – рекорд

3

элита

2

бірінші класс

1

Жиынтығы (1+2+3+4+5) баллдар қосындысы

100,0

3. Сүттілі және сүтті-еттілі бағыттағы төлдің класын
нышандарының жинағы арқылы анықтау

Белгілері

Балл саны

бұқашықтар

қашарлар

1. Генотип (шығу тегі) – барлығы 50-баллдан жоғары емес, соның ішінде:
1) шешесінің класы



элита – рекорд

20

20

элита

15

15

бірінші класс

10

10

екінші класс

-

5

2) шешесінің сүттегі майы (%) тұқым үлгісінен жоғары:



0,3 және одан жоғары

5

5

0,2

3

3

0,1

1

1

В) әкесінің ұрпақ сапасы бойынша бағасы:



А Б, А Б, А Б

25

25

А, А, А Б, А Б, А Б

20

20

А, Б, Б, А Б, А Б, А Б

15

15

Немесе әкесінің класы:



элита – рекорд

15

15

элита

10

10

бірінші класс

-

5

2. Сырт-сипаты (барлығы 20 баллдан жоғары емес):



өте жақсы

20

20

жақсы

15

15

қанағаттандырарлық

12

12

3. Дамуы (тірілей салмағы) – барлығы 30 баллдан жоғары емес



тұқым үлгілері

30

30

тұқым үлгілері 95-99%

20

20

тұқым үлгілері 90-94%

15

15

баллдар қосындысы

100,0

100,0

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы  
№ 239 бұйрығына     
2-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы  
№ 3-3/517 бұйрығына   
2-қосымша        

Еттілі бағыттағы ірі қара малдарының асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Еттілі бағыттағы ірі қара малдарының асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, еттілі ірі қара малды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеу (бағалау) бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

1. Еттілі бағыттағы ірі қара малды бонитирлеу (бағалауды)
ұйымдастыру

      3. Еттілі бағыттағы ірі қара малды (бұдан әрі – ІҚМ) бонитирлеу (бағалау) жыл сайын меншік нысанына қарамастан асыл тұқымды малдары бар шаруашылықтарда тамыздан қазан айына дейін (аймақтармен малдың күйіне байланысты) жүргізіледі.
      4. Бонитирлеудің (бағалаудың) алдында:
      бұқашықтарды өз өнімділігімен және бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалаудың қорытындысын шығару;
      малдардың жеке нөмірлерін тексеру, анықтау және орнына келтіру;
      бірінші және үшінші тума сиырлардың және ағымдағы жылы үш және бес жасқа толған бұқалардың сызықтық өлшемдерін анықтау (асыл тұқымдық кітапқа енгізілетін малдарға);
      малдарды өлшеу (ертеңгісін, азықтанар алдында) және қоңдылығын анықтау (жоғарғы, орта, ортадан төмен);
      малдардың буаздылығын және жыныс органдарының паталогиялық өзгерітерін анықтау, бұқалардың ұрығынының сапасын тексеру;
      асылдандыру есебінің жазбаларын анықтау.
      5. Тұқымдығы бойынша ІҚМ таза тұқымды және будандарға бөлінеді.
      6. Таза тұқымдылықтарға жатқызады:
      1) ата енесі бір тұқымнан шыққан, таза қандылығы құжаттарымен дәлелденетін;
      2) сіңіре бұдандастыру арқылы алынған, тұқымдық белгілері жақсы нақышталған және кешенді белгілері бойынша элита класынан төмен емес IV буынды будандар;
      3) қазақтың ақ бас және герефорд сияқты таза қанды тұыстық тұқымдарды өз ара шағылыстырудан алынған. Мұндай малдарды шаруашылықтарда жоспарлы түрде өсіріп жатқан тұқымға жатқызады.
      4) талапқа сай келетін, арнайы ғылыми жолмен дайындалған селекциялық бағдарламамен (әдістемемен) алынған;
      7. Бұдан малдарға келесідей жолмен алынғандар жатады:
      1) Осы Нұсқаулықтың 6 тармағындағы 3) және 4) тармақшаларында көрсетілгендерден басқа, кез келген әр түрлі тұқымдарды шағылыстыру арқылы;
      2) бірінші, екінші және үшінші бұынды будандарды «өз ара» бұдандастыру арқылы;
      3) жақсартылған малдарды таза қанды, еінші және одан жоғары бұынды будандармен шағылыстыру арқылы;
      8. Будандастыру кезінде малдардың буындық дәрежесі осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен анықталады.
      9. Кірістіре бұдандастыру кезінде тұқымдылық жақсартылушы тұқым бойынша анықталады:
      1) бұдандастырылған екі тұқымнан алынған буданның тұқымдылығы аналық тұқымның бірініші бұынына жатқызылынады;
      2) бірінші бұынды буданды таза қанды жақсартылушы малмен бұдандастырғаннан алынған ұрпақ екінші буынға жатады (3/4 қанды аналық тұқым);
      3) екінші бұынды буданды (3/4 қанды) таза қандымен будандастырғанда, алынған ұрпақ, тұқымдық белгілері нақты және кешенді белгілері бойынша элита класынан төмен болмағанда төртінші бұынға жатқызылынады;
      4) екінші, үшінші және төртінші бұынды буданды «өз ара» будандастыру арқылы алынған ұрпақ, сонымен қатар осылардан алынған бұдан және таза қанды талапқа сай малдар, кешенді белгілері бойынша «элита» класынан төмен болмаған жағдайда таза қандыға жатады;
      10. Мадың шығу тегі тұралы құжаттары жоқ болғанымен, жақсартушы тұқымның белгілері жақсы нақышталған болса және басты талаптар бойынша бірінші кластан төмен болмаса онда оны бірінші немесе екінші бұынды бұдандарға жатқызу керек.
      11. Жақсартылғандарға айтылмыш тұқымның типтілігі айқын, бірақ шығу тегі белгісіз малдар жатады.
      12. Бұқалардың класын кешенді көрсеткіштері: тірілей салмағы, дене түзілімі мен сырт пішініні, өз өнімділігі және ұрпағының сапасы, тұқымдылығы және шығу тегі (генотип) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес анықталады.
      13. Өндіруші бұқаларды элита-рекорд класына тірілей салмағы элита және одан жоғары класқа, тұқымдылығы төртінші буыннан төмен болмағанда, ал жаңа шығарылған тұқым, тұқымішілік (аймақтық сүле) және зауыттық сүлелерде үшінші буыннан төмен болмаған жағдайда жатқызады. Сырт пішінінің минималды балы 9 төмен болмау керек.
      14. Өндіруші бұқаларды элита класына тірілей салмағы бірінші класс және одан төмен болмағанда, тұқымдылығы төртінші буыннан төмен болмағанда, ал жаңа шығарылған тұқым, тұқымішілік (аймақтық сүле) және зауыттық сүлелерде үшінші буыннан төмен болмаған жағдайда жатқызады.
      15. Өндіруші бұқаларды ұрпағының сапасымен тексеруден өткеннен кейін (кешенді класы элитадан төмен болмаса, селекциалық индексі 100 және одан жоғары болғанда) және шығу тегі имунногенетикалық жолмен анықталғаннан кейін пайдаланады.
      16. Бұқалардың ұрпақтарын және жеке бұқашықтарды орташа тәуліктік қосымша салмағы, азық шығыны, тірілей салмағы және еттік формалары бойынша бағалаудың нәтижелері, бұқаны ұрпағының сапасымен және сынақтағы бұқашықтардың кешенді бағалауға осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес анықталады.
      17. Бұқаларды ұрпағының сапасымен және бұқашықтарды өз өнімділігімен кешенді бағалаудың нәтижесінде кластық бағасы осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес шығарылады.
      18. Бұқалардың ұрпағының сапасымен шығарған кластық бағасын, бонитирлеу (бағалау) кезінде кешенді класын шығаруға пайдаланылады. Бағалау, индексін шығарумен толықтырылу қажет.
      19. Жеке бұқашықтардың және ұлдарының әр тобының, ұрпағының сапасымен бағаланушы бұқалардың индекстері жеке-жеке он бес айлығындағы тірілей салмағын, сегіз және он бес ай аралығындағы тәуліктік орташа салмағын, азықты ақтау және еттік формасын, бір ұақытта сынақтан өткен бұқашықтардың орташа көрсеткішіне пайыздау арқылы шығарады. Бұдан басқа, барлық белгілерінің кешенді (арифметикалық орташа) индексі шығарылады. Индекс шамасы азықтандыру және қолда ұстау жағдайына байланысты емес, ол тек малдың генетикалық ерекшелігін сипаттайды. Ол кластық белгісінен кейін және егер бұқа өз өнімділігі бойынша бағаланса «А» әріпінен кейін, егер бұқа ұрпағының сапасымен бағаланса «Б» әріпінен кейін қойылады.
      20. Сиырдың класын кешенді көрсеткіштері бойынша, өз төлінен көбею қабілетін (жыл сайын бұзау әкелеме әкелмедіме) ескере отырып, тірілей салмағына, дене түзілімі мен сырт пішініне, сүттілігіне, тұқымдылығы мен шығу тегіне (генотип) байланысты, осы Нұсқаудың 5-қосымшасына сәйкес анықтайды.
      21. Бонитировка кезінде бұзауы алты айға толмаған, бірінші тұма сиырлардың кешенді класы, жас төлдердің бағалау шкаласына сай, кесте бойынша анықталады, мұнда тірілей салмағының класы үш жасар сиырлардың талабына сай анықталады.
      22. Кешенді элита-рекорд класына, тірілей салмағы және сүттілігі бойынша элита класының талабынан кем емес, дене бітімінің айқын кемістігі жоқ, төртінші бұыннан, ал жаңа шығарылған тұқымдарға, тұқым ішілік (аймақтық) және зауыттық сүлелерге үшінші бұыннан төмен емес, жыл сайын төл беретін сиырлар жатқызылады.
      23. Кешенді элита класына, тірілей салмағы және сүттілігі бойынша бірінші кластың талабынан кем емес, дене бітімінің айқын кемістігі жоқ, үшінші бұыннан, ал жаңа шығарылған тұқымдарға, тұқым ішілік (аймақтық) және зауыттық сүлелерге екінші бұыннан төмен емес, жыл сайын төл беретін сиырлар жатқызылады.
      24. Сиырдың өзінен класы жоғары үш қызы болған жағдайда, оның бағасын бір класқа көтереді
      25. Егер сиыр бір рет бұзау бермесе, онда оның кешенді бағасын бір класқа төмендетеді.
      26. Екі және одан да көп рет бұзау бермеген сиырлардың кешенді класын ең төменгі деңгейге дейін түсіріп, одан кейін бракка шығарады.
      27. Жас төлдерді алты айлық жасынан бастап бонитровадан өткізеді. Олардың класын кешенді көрсеткіштері бойынша анықтайды: тірілей салмағы, дене түзілімі мен сырт пішініні, тұқымдылығы және шығу тегі (генотип), өз өнімділігінің бағасы бойынша, осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес анықтайды.
      28. Кешенді элита-рекорд және элита класына дене түзілімі және сырт пішіні бойынша 4,5 және 4,0 балдан, тірілей салмағы бірінші кластан төмен емес жас төлдер жатады.
      Кешенді бірінші және екінші класқа дене түзілімі және сырт пішіні бойынша 3,5 және 3,0 балдан, тірілей салмағы екінші кластан төмен емес жас төлдер жатады.
      29. Өнімділігі сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырлар мен ұрғашы тайыншаларды етті бағыттағы тұқымның бұқаларымен шағылыстыру арқылы алынған бұдандарды әкесінің тұқымы бойынша бонитирлейді (бағалайды). Бұдан жас төлдің шешесінің класын, шешесінің тұқымының кешенді белгілері бойынша, сүт өнімділігін есепке алмай анықтайды.
      30. Малды бонитирлеуден (бағалаудан) өткізу нәтижесі бойынша жиынтық ведомості толтырылып, келесі сұрақтарға сарапталған есеп жасалынады:
      1) Бонитирлеуден (бағалаудан) өткен малдың саны және оларды тұқымдылығы, класы, пайдалану мақсаты, генетикалық топтары бойынша бөлу;
      2) табынның және асыл тұқымды ядро сиырларының тірілей салмағы, дене түзілімі және сырт пішіні, сүттілігі, жас төлдерінің өсуі бойынша сипаттамасы;
      3) алғашқы рет ұрықталған қашарлардың жасы және тірілей салмағы;
      4) бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынаудың нәтижелері;
      5) бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалаудың нәтижелері;
      6) сатылған асыл тұқымды жас малдардың кластылығы;
      7) селекциялық-асылдандыру жоспарының орындалуы.
      31. Ағымдағы жылдағы бонитирлеудің (бағалаудың) нәтижелері өткен жылғы бонитирлеудің (бағалаудың) нәтижесімен салыстырылады. Аталық із топтары ішіндегі жұптау, бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалау және аталық із топтарының ремонттық бұқашықтарын іріктеу, зауыттық аталық із топтарын шығару және жақсарту бойынша селекциялық-асылдандыру жоспарының орындалу барысы сараланып, шаруашылықтың ветеринарлық жағдайы түсіндіріледі.
      32. Бонитирлеу (бағалау) нәтижесі бойынша, малдың асыл тұқымдылық және өнімділік сапаларын жақсарту мақсатында жұптау жоспары жасалынады. Жұптарды іріктеу кезінде, өткен шағылыстырудың нәтижелері және малдардың туыстық дәрежесі ескеріледі.
      33. Бонитирлеу (бағалау) материалдарының негізінде ремонттық жас төлдердің және асыл тұқымды малдарды сатып алу есебінен табындарды іріктеп толықтыру жоспары жасалынады. Асыл тұқымды малдар кітабына жазылатын малдарды бөліп, олар тұралы мәліметтерді облыстық ауылшаруашылық органдарға береді. Келесі жылға, бұқашықтарды өз өнімділігімен және бұқаларды ұрпағының сапасымен бағалау жоспары жасалынады. Ветеринарлық шараларды жүргізу жоспары жасалынады.

Еттілі бағыттағы ірі қара малды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа       
1-қосымша                 

Еттілі бағыттағы ірі қара малдын будандастыру кезінде малдардың
буындық дәрежесін анықтау

Енесінің тұқымдылығы

Әкесінің тұқымдылығы

екінші

үшінші

төртінші

таза қанды

жақсартылған

бірінші буын

бірінші буын

бірініш буын

бірінші буын

бірінші буын

бірінші буын

екінші буын

екінші буын

екінші буын

екінші буын

екінші буын

екінші буын

үшінші буын

үшінші буын

үшінші буын

екінші буын

үшінші буын

төртінші буын

төртінші буын немесе таза қанды

төртінші буын

үшінші буын

төртінші буын

төртінші буын

таза қанды

таза қанды

үшінші буын

төртінші буын

таза қанды

таза қанды

Еттілі бағыттағы ірі қара малды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа       
2-қосымша                 

Еттілі бағыттағы Өндіруші бұқалардың кешенді белгілері бойынша
бағалау шкаласы*

Белгілері

Балл

1) тірілей салмағы, класс: элита-рекорд

35

элита

30

бірінші класс

25

2) дене түзілімі мен сырт пішіні, класс:


100-балдық шкала бойынша


элита-рекорд 90 және одан жоғары

20

элита 85

15

бірінші класс 80

10

3) өз өнімділігі бойынша бағалау, класс:


элита-рекорд

10

элита

5

бірінші класс

2

4) генотип (барлығы - 35 балл):


оның ішінде:


ұрпағының сапасымен бағалау ( селекциалық индексі 100 және одан жоғары)


элита-рекорд

10

элита

8

бірінші класс

7

тұқымдылық: таза қанды

10

төртінші буын

8

үшінші буын

7

шешесі, класс: элита-рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

әкесі, класс: элита-рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

ұрпағының сапасымен бағалау, класс:


элита-рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

Жиынтық балл

100

* Жаңа тұқым, сүле, аталық із тобын тұқым аралық бұдандастыру арқылы шығарғанда үшінші, төртінші буынды бұдандарды бағалау таза қанды малдармен теңестіріледі, яғни 100 балл белгіленеді.

Еттілі бағыттағы ірі қара малды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа       
3-қосымша                 

Еттілі бағыттағы бұқаларды ұрпақтарының және бұқашықтарды еттік
сапасы бойынша кешенді бағалаудың шкаласы

Көрсеткіштер

Максималды бал

Коэффициент

Жиынтық бал

Он бес айлық жасындағы тірілей салмағы

5

2

10

Тәуліктік орташа қосымша салмақ

5

3

15

1 кг қосымша салмаққа жұмсалған азық

5

2

10

Еттік формасы

5

3

15

Еттілі бағыттағы ірі қара малды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа       
4-қосымша                 

Еттілі бағыттағы бұқаларды ұрпақтарының сапасы және
бұқашықтарды еттілік сапасы бойынша кластық бағалау шкаласы

Класс

Балдық баға

элита-рекорд

45 - 50

элита

40 - 44

бірінші класс

32 - 39

екініші класс

20 - 31

Еттілі бағыттағы ірі қара малды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа       
5-қосымша                 

Еттілі бағыттағы сиырлады кешенді белгілері бойынша бағалау
шкаласы*

Белгілері

Балл

1) сүттілігі, класс: элита - рекорд

35

элита

30

бірінші класс

25

екінші класс

23

2) тірілей салмағы, класс: элита - рекорд

25

элита

20

бірінші класс

15

екінші класс

12

3) дене түзілімі және сырт пішіні, класс:


30-балдық 5-балдық


шкала бойынша шкала бойынша


элита-рекорд 27 және одан 4,5 және одан жоғары жоғары

15

элита 24 4,0

10

бірінші класс 21 3,5

6

екінші класс 18 3,0

3

4) генотип (балл жиынтығы - 25), оның ішінде:


тұқымдылық: таза қанды

10

төртінші бұын

7

үшінші бұын

8

екінші бұын

6

шешесі, класс: элита-рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

екінші класс

2

әкесі, класс: элита-рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

екінші класс

2

әкесі ұрпағының сапасымен бағаланған, класс:


элита-рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

Жиынтық балл

100

* Жаңа тұқым, сүле, аталық із тобын тұқым аралық будандастыру арқылы шығарғанда үшінші және төртінші буынды будандарды бағалау, таза қанды малдармен теңестіріледі, яғни 100 балл белгіленеді.

Еттілі бағыттағы ірі қара малды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа       
6-қосымша                 

Еттілі бағыттағы жас төлдердің класын кешенді белгілері бойынша
анықтау шкаласы

Белгілері

Балл

а) тірілей салмағы, класс: элита-рекорд

45

элита

35

бірінші класс

27

екінші класс

23

б) дене түзілімі және сырт пішіні, класс: 5 балдық шкала бойынша


элита-рекорд 5

20

элита 4

15

бірінші класс 3

10

екінші класс 2

5

в) генотип (барлық балл - 35), оның ішінде:


тұқымдылық: таза қанды

10

төртінші бұын

8

үшінші бұын

7

екінші бұын

6

шешесі, класс: элита-рекорд

10

элита

8

бірінші класс

7

екінші класс

6

әкесі, класс: элита-рекорд

10

элита

8

бірінші класс

7

әкесінің ұрпағының сапасы бойынша бағасы, класс:


элита-рекорд

5

элита

4

бірінші класс

3

Жиынтық балл

100

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
3-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
3-қосымша        

Биязы жүнді қойлардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу
(бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Биязы жүнді қойлардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, биязы жүнді қойларды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Биязы жүнді қойларды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

1. Биязы жүнді қойларды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Биязы жүнді қойлар (бұдан әрі – биязы жүнді қой) таза тұқымды және будандар болып бөлінеді.
      4. Таза тұқымдыларға жатқызылады:
      таза тұқымдылығы құжаттармен расталған белгілі бір тұқымдағы ата-енелерден таралған малдар;
      ағзасында ата-енелік тұқымдардың 3/4 қан үлесі бар, бір өнімділік бағыттағы екі биязы жүнді қой тұқымдарын будандастыру нәтижесінде алынған малдар;
      біртекті жүнді будан саулықтарды белгілі бір тұқымның қошқарларымен сіңіре бідандастыру нәтижесінде алынған және осы тұқымның бірінші класс талаптарына сай келетін екінші ұрпақ малдары.
      5. Нұсқаудың 4 тармағында көрсетілмеген биязы жүнді қойлар будан болып саналады.
      6. Будандар келесі топтарға жіктеледі:
      екі биязы жүнді тұқымды будандастырудан алынған бірінші ұрпақтағы будандар;
      биязы жүнді саулықтарды биязылау жүнді тұқымдардың қошқарларымен будандастырудан (өнеркәсіптік будандастыру) алынған жіңішке жүнді будандар;
      сіңіре будандастырудың мерзіміне қарамастан, биязы жүнді тұқымның бірінші класс талаптарына сай келмейтін жіңішке талшықты биязы-қылшық жүнді будандар;
      будан биязы жүнді саулықтарды бірнеше биязы жүнді тұқымдардың қошқарларымен алмастыра будандастырудан алынған будандар «күрделі будандар» деп аталады.
      7. Малды бағалауда жүннің 12 ай ішіндегі өсу ұзындығы негізге алынады. Ең бағал 8 см жүн болып табылады.
      8. Жүн иректері. Бұл көрсеткіш талшықтардың жіңішкелігі бойынша біркелкілік деңгейін көрсетеді. Жүн иректерінің мөлшері мен жылтырлығын анықтау керек.
      жүн иректігі ірі болғанда (жүннің 1 см ұзындығында 3,5-5 иректер) иректілік белгісінің қасына кіші «і» әрпі,
      орташа (6-7 иректер) – «о» әрпі, майда иректерде (8-9 иректер) – «м» әрпі жазылады. ("Иі", "Ио", "Им").
      жылтырлығы жоғары болғанда иректілік белгісінің қасына кіші «ж» әрпі, «Иж» түрінде жазылады.
      9. Жүннің біркелкілігі қой денесінің негізгі бөліктеріндегі (бүйір, арқа, жамбас) жүндер мен штапельдегі талшықтардың диаметрі мен ұзындығы бойынша біркелкілік деңгейі.
      10. Биязы жүнді қойлардың арқасы мен ішінің жүні іріктеуде көрсеткіш болып табылады.
      11. Бір жастық төлдер, сонымен қатар тұқымдық қошқарлар салмағы көктемде қырқым алдында бағалау кезінде өлшенеді.
      12. Қойларды бонитирлеу (бағалау) жүргізу үшін алдын-ала даярлануы қажет заттар:
      құлаққа арнайы белгі салуға арналған қысқаш;
      сандардың толық жиынтығы бар таңба салатын қысқаш;
      құлаққа тағатын темір (пластмасс) сырғалар;
      қошқарларға күйдіріп нөмір салуға арналған сандар жиынтығы;
      бонитирлеуге (бағалауға) арналған ағаш немесе жеңіл темірлерден жасалған қалқаншалар;
      халаттар және басқа да құрал-саймандар;
      мал өлшеуге арналған таразылар;
      жекелей бонитирлеу (бағалау) деректерін жазуға қажетті журналдар.
      Қой бонитирлеуді (бағалауды) жүргізуде әрбір шаруашылықта мал дәрігерлік алдын-алу ережелерін қатаң сақтау қажет.
      13. Бонитирлеу (бағалау) аяқталған соң бекітілген нысандағы акт пен орындалған жұмыс туралы есеп жасалады.
      14. Тұқымдық ерекшеліктері мен өнімділік деңгейіне қарай биязы жүнді қойларды үш класқа бөледі:
      1) элита класы – дене бітімі, өнімділік сапасы мен ерекшеліктері бойынша қойлардың тұқым стандарына толық сәйкес келетін, бірінші класс қойларынан кем дегенде 15%-ға артық малдар.
      2) бірінші класс – дене бітімі, өнімділік сапасы мен ерекшеліктері бойынша тұқым стандартына толық сай келетін малдар. Тұқыммал шаруашылықтарында бірінші кластағы саулықтар төл алу және осы төлдерді шаруашылық жүргізудің кез-келген нысанындағы басқа шаруашылықтарға сату үшін қолданылады.
      3) екінші класс – тұқым стандартына толықтай сай келмейтін малдар. Өнімділіктері бойынша кейбір кемшіліктері бар (қысқа жүнді, жүн ұзындығы 8 см-ден аз), тірілей салмағы бойынша бірінші класс малдарынан кем түседі, алайда шаруа отарларында тауарлық өнім (жүн, ет) алуға, ал асыл тұқымды отарларда жақсартылған тұсақтарды алу және оларды тұқымға сатуға пайдаланылады.
      15. Осы нұсқаудың 14 тармағына кірмеген биязы жүнді қойлар жарамсыз деп танылады.
      16. Биязы жүнді қойларды бонитирлеуде (бағалауда) қолданылады:
      1) жас-жыныс топтары бойынша қойларды жекелей және класты бонитирлеу (бағалау) осы Нұсқаудың 1-қосымшасымен беріледі;
      2) қойларды жекелей бонитирлеу (бағалау) деректерін тұқымдық құжаттарға жазу және оларды компьютерде өңдеу үшін бағалау кілті осы Нұсқаудың 2-қосымшасымен беріледі;
      3) биязы жүнді қой тұқымдарының негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгілері мен шифрлары осы Нұсқаудың 3-қосымшасымен беріледі.
      4) жүн талшықтары жіңішкелігі кластарының шектері осы Нұсқаудың 4-қосымшасымен беріледі.

Биязы жүнді қойларын асыл тұқымдық   
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа     
1-Қосымша                

Биязы жүнді қойларын жас-жыныс топтары бойынша жекелей және
класты бонитирлеу (бағалау)

Бонитирлеудің (бағалаудың) атауы

Бонитирлеуде (бағалауда) және қорытынды бағалауда тіркелетін белгілер

Жас-жыныс топтары

1. он екі айлық және одан үлкен малдарды толық кілт бойынша жекелей бонитирлеу (бағалау)

Малдың типі, жүн тығыздығы мен ұзындығы, бүйір жүн талшықтарының жіңішкелігі, жүннің иректілігі мен біркелкілігі, шайыр мөлшері мен түсі, жүндестігі, қаңқа сүйегінің беріктігі (бітімі), сырт пішіні, жуылмаған және таза жүн түсімі, таза жүн шығымы, тірілей салмағы, класы.

Негізгі аталық қошқарлар, қосалқы және күйіттеуші қошқарлар, тұқымдық тоқты қошқарлар, селекциялық топтың саулықтары мен екі жасар тұсақ қойлар, селекциялық топтағы саулықтардан алынған және олардың орнын толтыратын, сондай-ақ тұқымға сатылатын төл, қошқарлардың ұрпақ сапасын бағалауға қажет төл.

2. Қысқаша кілт бойынша енелерінен бөлінген қозыларды жекелей бонитирлеу (бағалау)

Малдың типі, жүн талшықтарының тығыздығы, ұзындығы мен жіңішкелігі, тірілей салмағы, 5 балдық өлшем бойынша жалпы баға беру.

Селекциялық топтағы саулықтардан алынған еркек және ұрғашы тоқтылар, қошқарларды бағалауға қажет төл (алдын-ала бағалау).

3. біржасар малды класс бойынша бонитирлеу (бағалау)

Барлық белгілердің негізінде (журналға жазылмайды) малдың класы анықталады.

Тұқымдық мал топтарында селекциялық емес тұқымдық және шаруа саулықтардан алынған еркек және ұрғашы тоқтылар, ал тауарлық отарларда – барлық тұсақтар.

Биязы жүнді қойларын асыл тұқымдық   
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа     
2-Қосымша                

Биязы жүнді қойларды, бонитирлеу (бағалау) кілті

Биязы жүнді қой тұқымдары

Шартты белгілер

Шифр

Етті-жүнді

Қазақтың арқармериносы

ҚА (АК)

1302

Қазақтың биязы жүнді қой тұқымы

ҚБ (КТ)

1303

Жүнді-етті

Қазақтың оңтүстік мериносы

ҚОМ (ЮКМ)

1107

Қазақтың солтүстік мериносы

ҚСМ (СКМ)

1108

Етті

Етті меринос

ЕМ

1109

Биязы жүнді қойларын асыл тұқымдық   
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа     
3-Қосымша                

Биязы жүнді қойлардың негізгі селекциялық белгілерінің шартты
белгілері мен шифрлары

Шифр

Белгілердің шектері

Шартты белгілер немесе өлшем бірліктер

Белгілер шектерінің шифры

1

2

3

4


Малдың типі мен тері қатпарлығы




тері қатпары аз немесе мүлдем жоқ, жүн өнімділігі төмен малдар

Қ-

1


мойны мен денесіндегі қатпарлары өте көп, жүн бағытындағы типке ауытқыған мал

Қ+

2


жүн, ет өнімділігі бойынша тұқым стандартына сай малдар

Қ

3

21

Жүн тығыздығы – малдың бүйірі мен арқасындағы тері жігінің көлемі бойынша және қолмен ұстап анықталады
сирек, тұқым стандартына сай емес
қанағаттанарлық
тығыз
өте тығыз

Т-
Т
Т+
ТТ

1
2
3
4

31
 
 
 
 
 

32
33
34
 
 
 

51

52

Бүйір жүннің ұзындығы - қой жауырынының артқы жағынан, бүйірдің орта сызығынан сәл жоғары жерде созылмаған штапелді сызғышпен өлшеу арқылы анықталады. Негізгі және тұқымдық тоқты қошқарларда осыған қоса жүн ұзындығы келесідей бөліктерде анықталады:
жамбаста
арқада
бауырда
Жүн талшықтарының жіңішкелігі микрометрмен немесе сапамен өлшенеді
- көз өлшемі немесе микроскоп көмегімен
бүйірде
негізгі және тұқымдық тоқты қошқарларда осыған қоса
жамбаста
арқада

см

0,5 –ке дейін

61

Жүннің біркелкілігі – бүйір және жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық бойынша анықталады:
біркелкілігі жеткіліксіз, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық
2 сападан немесе 4 мкм-ден артық
біркелкілігі жеткілікті, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық 1 сапаға тең немесе 2-ден 4 мкм-ге дейін
біркелкілігі жақсы, бүйір мен жамбас жүн талшықтары жіңішкелігінің арасындағы айырмашылық 2 мкм-ден аз

БК-
 
 

БК
 
 

БК+

1
 
 

2
 
 

3

41

Жүннің иректілігі – малдың бүйір жүні бойынша көз өлшемімен анықталады:
жүн иректілігі білінбейді немесе әлсіз байқалады
жүн иректілігі жақсы көрінеді, ұнамды пішінде, бірақ анық емес
жүн иректілігі ұнамды пішінде, барлық жүн талшықтары ұзындығы бойына анық көрінеді

И-
 

И
 

И+

1
 

2
 

3

71

Шайыр
Шайыр мөлшері
жеткіліксіз
артық
сапасы мен мөлшері жеткілікті

Ш-

Ш+

Ш

1

2

3

72

Шайыр түсі
сарғыш
ашық-сарғыш
ақ

С

АС

А

1

2

3

101

Малдың арқасы, бауыры мен басының жүндестігі
Бағалау кезінде арқасының жүндестігі жақсы малдар ұнамды болып табылады

балл

ең жоғары
 

5

81

Малдың дене бітімі – кешенді баға негізінде анықталады:
нәзік
сөлекет
берік

НБ

СБ

ББ

1

2

3

91

Сырт пішіні – жеке дене бөліктерінің дамуына кешенді баға беру негізінде анықталады

балл

ең жоғары

111

112

113

Тірілей салмағы төмендегідей кезеңдерде анықталады:
туылғанда (1-2 күн)
енелерінен 4-4,5 айлығында бөлінгенде
1 жасында



121

Жүн түсімі
Жуылмаған (табиғи) жүн түсімі
бір жыл өскен жүннің (тезекті жүннен басқа) қырқу арқылы анықталған салмағы,

кг

0,1-ге дейін

122

Таза жүн шығымы
Жуылмаған және таза жүн шығымдарының %-қ қатынасы
жуылмаған жүн үлгісін жуу кезінде анықталады

%

1-ге дейін

123

Таза жүн түсімі
есептеліп анықталады

кг

0,1-ге дейін

131

Малдың класы – қырқымға дейінгі бонитировкалау кезінде нұсқау бойынша анықталады:
элита
бірінші класс
екінші класс
жарамсыз

Эл

I

II

жр

5

4

3

1

Биязы жүнді қойларын асыл тұқымдық   
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа     
4-Қосымша                

Биязы жүнді қойлардын жүн талшықтары жіңішкелігі кластарының
шектері

Жүн талшықтары жіңішкелігі кластарының шектері, микрометрмен

Жүн жіңішкелігі класын микрометрге айналдыру кестесі

сапа

микрометрлер

сапа

микрометрлер

1

2

3

4

80

14,5-18,0

80

16

70

18,1-20,5

80-70

18

64

20,6-23,0

70

20

60

23,1-25,O

70-64

21

58

25.1-27,0

64

22

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
4-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
4-қосымша        

Биязылау жүнді қойларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу
(бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Биязылау жүнді қойларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, биязылау жүнді қойларды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Биязылау жүнді қойлаарды бонитирлеу (бағалау) бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Биязылау жүнді қойларды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Бонитирлеу (бағалау) түрлері: жекелей және класты болады.
      1) жекелей бонитирлеу (бағалау) - асыл тұқымды малдардың маңызды селекциялық белгілері бағаланып, арнайы журналға жазылады да асыл тұқымды малдың жеке құжаты карточкасына толтырылады.
      2) класты бонитирлеу (бағалау) - жеке қойлардың селекциялық белгілерін бағалау нәтижелері, олардың бітімі мен өнімділік қасиеттерін жан-жақты бағалау негізінде кластары анықталып, әр кластағы малдардың есебі алынады.
      4. Барлық ауыл тұқымдық шаруашылық субъектілердң ветеринарлық-санитарлық жағдайларын ескеріп, бонитирлеуді (бағалауды) бастамастан бір ай бұрын оны өткізудің календарлық жоспары жасалынады.
      5. Қойларды бонитирлеу (бағалау) үшін келесі заттар дайындауы тиіс:
      бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін жазатын журналдар;
      мал өлшейтін таразылар;
      құлаққа ен салатын қысқыштар;
      барлық сандары бар, татуировка салатын қысқыштар;
      құлаққа салынатын металл немесе пластмасса сырғалар және олардың қысқыштары;
      сырғаға таңба ұруға арналған, сандар мен әріптер жинағы;
      бонитирлеу (бағалау) кезінде қой тұратын орынды бөлуге арналған ағаш қалқандар, халаттар және басқа да бұйымдар.
      6. Бонитирлеу (бағалау) аяқталған соң, қабылданған нысан бойынша, өткізілген жұмыс нәтижесі туралы есеп беріледі.
      7. Биязылау жүнді қой тұқымы (бұдан әрі – биязылау жүнді қой) таза тұқымды және будандар болып бөлінеді.
      8. Таза тұқымдыларға жататыны:
      малдың аталық және аналық тектері бір тұқымнан, олардың тұқымдылығы құжаттармен дәйектелген;
      шығу тегі және өнімділік қасеттері бойынша бір-біріне жақын қой тұқымдарын кіріспе будандастырудан алынған бірінші будандар;
      екі биязылау жүнді қой тұқымдарын сіңіре будандастыру нәтижесінде алынып, жақсартушы тұқымның ұнамды типіне қойылатын талаптарға жауап беретін екінші және одан да жоғарғы ұрпақтағы будандар;
      шығу тегі құжаттармен дәйектелген және жақсартушы қой тұқымына қойылатын талаптарға жауап беретін, биязы, ұяң (жартылай қылшық) және қылшық жүнді қойларды белгілі бір биязылау жүнді қой тұқымының қошқарларымен будандастырудан алынған үшінші және төртінші ұрпақтағы будандар;
      9. Осы Қағиданың 8 тармағына көрсетілмеген биязылау жүнді қойлар будандарға жатқызылады.
      10. Будандар төмендегідей топтарға бөлінеді:
      әртүрлі өнімділік бағыттағы, биязылау жүнді қой тұқымдарын будандастырудан алынған, бірінші ұрпақ будандары. Бұл будандар аналық тұқымға қойылатын талаптар бойынша бағалаудан өткізіледі. Олардың аттары аталық және аналық қой тұқымдары аттарынан құралады.
      сіңіре будандастырудың жүргізілу мерзіміне қарамастан биязы, ұяң, қылшық жүнді қой тұқымдарының, жақсартушы қой тұқымына қойылатын талаптарға сай келмейтін, будандары. Олар жақсартушы қой тұқымы бойынша аталады.
      бірнеше биязылау жүнді қой тұқымдарының будандары «күрделі» будандар деп аталады.
      11. Жалпы бонитирлеу (бағалау) – тұқым стандартына сәйкес деңгейі, өнімділік сапасы мен қасиеттері жиынтығы бойынша белгілейтін малдың классы.
      12. Қойларды жынысы мен жасына байланысты жекелей және классты бонитирлеу (бағалау) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
      13. Биязлау қойларды жеке бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін жазу және деректерді өңдеу үшін Бонитирлеу (бағалау) кілті бойынша арнайы шарттар осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасымен және бонитирлеу (бағалау) кезінде анықталатын малдарды алдағы уақытта пайдаланудың бағыттары, оның шартты белгісі мен шифры осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасымен қолданады.
      14. Қойлар мен саулықтар бір жастарында жеке бонитирлеуден (бағалаудан) өткен соң олара карточка жүргізіліп, оны асыл тұқымдық пайдалану уақытында деректерді енгізіп тұрады.
      15. Биязлау қойларды жеке бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін Негізгі селекциялық белгілер нәтижелері сәйкестігі, селекциялық белгілердің жеке бағалануы, тірі салмағы, қырқылған жүні бойынша деректер көретіліп осы Нұсқаудың 4-қосымшасымен берілген әр бағаланатын малға деректер қойларды жеке бағалау есебінің нысанына енгізіледі.

Биязылау жүнді қойларды асыл тұқымдық  
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
1-қосымша               

Биязылау жүнді қойларды жынысы мен жасына байланысты жекелей
және классты бағалау

Бонитировка түрі

Бонитировкаға және қырқыннан кейін түбегейлі бағалауға түсетін белгілер

Жынысы мен жасына байланысты топтар

12 айында және одан ересек жаста толық кілт бойынша жекелей бонитирлеу (бағалау)

Малдың еттілік пішіні, жүн тығыздығы мен ұзындығы, бүйір жүн жіңішкелігі, жүн иректігі, біркелкілігі, жылтырлығы, шайыр түсі мен мөлшері, дене бітімі мен тұрқы, жүндестігі,тірідей салмағы, табиғи және таза жүн түсімі, таза жүн шығымдылығы, класы

Аталық, қосалқы және күйек қошқарлар, тоқты қошқарлар, селекциялық топтағы саулықтар, селекциялық топтардан алынған, олардың орнын басатын және асыл тұқымды мал ретінде сатылатын тоқтылар, сондай-ақ ұрпағының сапасы бойынша тексеріліп жатқан қошқарлардың төлдері

Қозыны енесінен бөлу кезінде қысқартылған кілт бойынша жеке бонитирлеу (бағалау)


Бір жасында тобымен бонитирлеу (бағалау)

Жүн тығыздығы, ұзындығы, иректігі, жүн талшықтарының жіңішкелігі, біркелкілігі, тірідей салмағы, 5 ұпай бойынша жалпы баға
Барлық белгілерді бағалау негізінде (журналға жазбай) мал класын анықтау

Селекциялық ядродан алынған барлық қозылар, ұрпағының сапасы бойынша тексеріліп жатқан қошқарлардың төлдері (алғашқы бағалау)

Селекциялық топқа кірмейтін асыл тұқымды және шаруа саулықтар төлдері, тауарлы шаруашылықтарда – барлық тоқтылар

Биязылау жүнді қойларды асыл тұқымдық  
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
2-қосымша               

Биязылау жүнді қойлардын бағалау кілті

Қой тұқымдары мен тұқымдық топтары

Шартты белгілер

Қазақтың етті-жүнді қойы

ҚЕЖҚ

Ақжайық етті-жүнді қойы

АЕЖҚ

Қазақтың биязылау жүнді қойы

ҚБЖҚ

Казахские мясные, скороспелые полутонкорунные

КМСП

Қазақтың гемпшир типтес етті қойы

ҚГТЕҚ

Цигай

Ц

Биязылау жүнді қойларды асыл тұқымдық  
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
3-қосымша               

Биязылау жүнді қойлардын селекциялық негізінің шартты белгісі
мен шифры

Аталық қошқар және оның орнын басатын тоқты қошқар

Шартты белгілер

Саулықтар мен тоқтылар

Шартты белгілер

Шифры

1

2

3

4

5

Негізгі

НҚ

селекциялық ядро

СЯ

5

Қосалқы

ҚҚ

селекциялық топ

СТ

4

Күйек

КҚ

асыл тұқымды тоқтылар

АТ

3

Сатылатын қошқар (асыл тұқымды мал ретінде)

СҚ

сатылатын тоқтылар (асыл мал ретінде)

СТ

2

Шаруа малы (асыл тұқымды емес)

ШМ

шаруа малы (асыл тұқымды емес)

ШМ

1

Биязылау жүнді қойларды жеке бонитирлеу (бағалау) есебінің
нысаны


Малдың №

Туылған уақыты

Жеке нөмірі

Бонитирлеу (бағалау) мәліметтері

Оң құлағында

Сол құлағында

тип

жүн тығыздығы

жүн ұзындығы, см

жүн иректілігі

жүн жіңішкелігі, сапа, мкм

жүн біркелкілігі

шайыр мөлшері

шайыр түсі

қаңқа сүйегінің беріктігі

экстерьер, балл

жүн дестігі, балл

әкесі

енесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17



































      кестенің жалғасы

Өнімділік

Класс

Бекітілуі

тірілей салмағы, кг

жүн түсімі

жуылмаған, кг

шығымы,%

таза,кг

18

19

20

21

22

23













Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
5-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
5-қосымша        

Құйрықты қойларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау)
және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Құйрықты қойларды бағалау бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, құйрықты қойларды бағалауды нақтылай түседі.
      2. Құйрықты қойларды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Құйрықты қойларды бонитирлеу (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Құйрықты қой тұқымы (бұдан әрі – құйрықты қой) таза тұқымды және будан болып бөлінеді.
      4. Таза тұқымдыларға жататыны:
      1) ата-енесі бір тұқымға жататын және олардың таза тұқымды екендігі құжаттармен дәлелденген болса;
      2) өнімділік қасиеттері бір бағытқа жататын тұқымдарды сіңіре будандастырудан алынған, жақсартушы тұқым бойынша екінші ұрпақтан төмен емес және өзінің сырт пішіні мен өнімділік қасиеттері сол тұқымның бірінші класты қойларына қойылатын талапқа сай келетін болса;
      3) кіріспе будандастырудан алынып, өнімділік белгілері енесі шыққан тұқым талаптарына сәйкес келсе.
      5. Осы Нұсқаулықтың 4 тармағында көрсетілмеген құйрық қойлар буданға жатады.
      6. Құйрықты қой тұқымдары жеке (толық және қысқаша) және кластық бонитирленеді (бағалаланады).
      Жеке бонитирлеуге (бағалауға) жеке толық бонитирлеуге (бағалауға) жеке қысқаша бонитирлеуге (бағалауға) бөлінеді.
      Жеке толық бонитирлеуге (бағалауға) ересек аталық қошқарлар (негізгі, қосалқы, күйттеуші) мен элита класты аналықтар, тұқыммал шаруашылықтарындағы селекциялық топ саулықтары мен ұрпақ сапасы тексеруге қойылған қошқарлардан алынған барлық төлдер, өз табынын толықтыру үшін қалдырылған және басқа шаруашылықтарға сатуға арналған тұқымдық еркек және ұрғашы тоқтылар жатады.
      Тұқым мал шаруашылықтарында элита және бірінші класты саулықтардан алынған төлдерге жеке қысқаша бонитирленеді (бағаланады) жасалады.
      Жеке қысқаша бонитирлеу (бағалау) кезінде малдың класы оның тірі салмағына, сырт пішініне, құйрығының көлемі мен пішініне, жүн сапасы мен түсіне берілетін жалпы баға негізінде анықталады.
      7. Класты бонитирлеу (бағалау) шаруашылықта өз табынын толықтыруға арналған шаруа немесе тұқымдық сапасы төмен малдардан алынған барлық тұсақтарға жасалады. Класты бонитирлеу (бағалау) кезінде малдар жеке қысқаша бонитирлеу (бағалау) жасағанда бонитирленетін (бағаланатын) шаруашылыққа пайдалы белгілер бойынша бонитирленеді (бағаланады), бірақ оларды журналға жазу жүргізілмейді.
      8. Қылшық және ұяң жүнді құйрықты қойларды бонитирлеу (бағалау) алдымен малдардың көктемдік жүн сапасы мен түсімін анықтап алып, екінші рет күзде олардың жайылымда семіруіне байланысты тірі салмағын және көктемгі, күзгі жүннің жалпы түсімін, сапасын анықтау негізінде қорытынды баға беру жолымен жүргізіледі.
      9. Биязылау жүнді дегерес құйрықты қойларын бонитирлеу (бағалау) көктемде он екі айлығында тірі салмақ пен жүн түсімі және жүн сапасын есепке ала отырып жүргізіледі.
      10. Еділбай, сарыарқа және қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарын он бес айлық жастарында бонитирлеу (бағалау) кезінде тек қана көктемдегі қырқылған жүні ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген кластардың талабына сәйкес келмейтін малдар «жарамсыз» болып табылады; сонымен қатар жарамсыз болып ала, мүйізді мал және элита мен бірінші класқ сәйкес келмейтін қоққарлар жатады.
      11. Тұқымға қалдырылған тоқты қошқарлар он екі айдан он бес айлығында негізгі пайдалы белгілер бойынша толық жеке бонитирлеуден (бағалаудан) өткізіледі және ұрпақ сапасы бойынша тексеруге қойылады.
      12. Бұл үшін әрбір тексерілетін қошқарға, одан алынған ұрпақтың саны енесінен бөлгенде 50 (елуден) бастан кем болмауын қамтамасыз ететіндей бірінші класты аналықтар тағайындалады.
      Кейде, қошқарларға олардың басқалармен салыстырғандағы артық-кемдігін ғана емес, сонымен бірге жұп таңдау әдістерінің тиімділігін анықтау үшін басқа класқа жататын аналықтарды да бекітеді.
      13. Қошқарларға ұрпақ сапасын тексеру үшін бекітілген аналықтар дербес отарларда ұсталып, ең қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларымен қамтамасыз етіледі.
      14. Қошқарларды ұрпақ сапасы бойынша алдын-ала бағалау алынған төлді төрт пен бес айлығында енесінен бөлгенде тірі салмағы мен өсіп-жетілуі, қозы жүннің түсі мен оның түсімі, құйрықтың пішіні мен көлемі, тірі салмақ пен қырқылған жүнге деген ең төменгі талапқа байланысты 4 және 5 баллмен бағаланған қозылар санын анықтау арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар әрбір ұрпақ сапасы тексерілетін қошқарлардан алынған төлдерді жеке-жеке қоршауға бөліп қамап, олардың өзара дене бітімі, жетілуі және басқа белгілері бойынша ерекшеліктеріне көзбен қарап баға беру ұсынылады.
      15. Осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасымен қозылардың төрт-бес айлығында тірі салмағы мен жүн түсімі бойынша бағалау үшін қойылатын ең төменгі талаптар беріледі. Тексерудегі қошқарларды біржола бағалау олардан алынған төлді 1-1,5 жас кезінде жеке бонитирлеу (бағалау) нәтижесіне байланысты іске асырылады. Төлдердің жетілгіштігі олардың енесінің бауырында өскен кезеңдегі және енесінен бөлгеннен кейінгі жайып семірту, немесе бордақылау кездеріндегі тәулігіне қосқан салмағы арқылы анықталады.
      16. Жетілгіштікті және жұмсалған азықты қосқан салмағы арқылы өтеу қабілетін білу мақсатында әрбір тексерілетін қошқардан 3-5 бас қозыны бордақылауға, немесе жайып семіртуге қойып, оларды жеті-сегіз айлығында бақылау үшін сою арқылы еттілік-майлылық қасиеттерін анықтау ұсынылады. Алынған ұрпақтарының ішінде енесінен бөлу кезінде 4 және 5 балл баға алғандары, ал 1-1,5 жасында элита және бірінші кластысы көп болған қошқарлар құнды деп саналады.
      17. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша бағалау кезінде олармен салыстыру үшін сол аналық отарында ұрпақ сапасы бұрынырақ тексеріліп жақсартушы деп танылған қошқарды пайдалану ұсынылады.
      Ұрпақ сапасы тексерілгенде алынған деректер сол қошқарларды аналықтарға тағайындау кезінде негіз болып табылады.
      18. Тұқымдық мал табындарында жыл сайын төмендегiдей мал тұқымын асылдандыру шаралары жүргiзiледі:
      қойылған мақсатқа және міндеттерге байланысты барлық ұрғашы тоқтыларды жасы 12,15 немесе 18 ай (алдын-ала 4-5 айда) кезiнде класты не жекелей бонитировкалау және нұсқау талаптарына сәйкес аналық отарлар құрастыру;
      19. Сақа және 1,5 жасар қойлардың тірі салмағын негізінен мал семірген кезде, күзде күйек алу науқаны басталарда, таңертең аш қарынға әр қойды жеке өлшеу арқылы, ал қозыларды – енесінен айырған уақытта анықтайды.
      20. Селекциялық белгілер:
      тірі салмағы;
      бітімі мен сүйек мықтылығы;
      еттілігі;
      экстерьер;
      жүннің тығыздығы, ұзындығы, түсі, жүн талшықтарының жуандығы;
      жүн түсімі
      құрғақ және өлі талшықтардың мөлшері
      21. Малдын жалпы бағасы – класы олардың бітім-өнімділік қасиеттері мен тұқым үлгісіне сәйкестік дәрежесін қорытындылау нәтижесінде беріледі.
      22. Құйрықты қойларды жеке бонитирлеу (бағалау) нәтижелерін жазу және деректерді өңдеу үшін Бонитирлеу (бағалау) кілті бойынша арнайы шарттар осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасымен және бонитирлеу (бағалау) кезінде анықталатын малдарды алдағы уақытта пайдаланудың бағыттары, оның шартты белгісі мен шифры осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасымен қолданады.
      23. Түқымдық типтің даму дәрежесіне, бітім ерекшеліктеріне, дене құрылымы мен өнімділік мөлшеріне байланысты:
      1) еділбай, сарыарқа және қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарын бағалау кезінде класқа бөледі:
      элита;
      бірінші;
      екінші;
      2) дегерес пен қазақтың ұяң жүнді қой тұқымдарын төрт класқа бөледі: элита;
      бірінші;
      екінші;
      үшінші.
      24. Малдың, класын - өсіп-өнуіне, бітіміне, тұлғасына, сырт пішініне, еттілік-майлылық қасиеттерінің даму дәрежесіне, тірі салмағына, жүн түсімі мен сапасына берілген комплексті бағаның негізінде айқындайды.

Құйрықты қойларды асыл тұқымдық     
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
1-қосымша                

Құйрықты қойлардың қозыларды төрт-бес айлығында тірі салмағы
мен жүн түсімі бойынша бағалау үшін қойылатын ең төменгі
талаптар

Тұқым аты

Тірі салмағы; кг

Жүн түсімі, кг

еркек

ұрғашы

еркек

ұрғашы

Баллдар

5

4

5

4

5

4

5

4

Еділбай

40

38

38

35

1,0

0,8

0,8

0,6

Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы

36

34

34

32

0,8

0,6

0,7

0,6

Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы

38

36

36

34

0,9

0,7

0,7

0,6

Дегерес етті-жүнді құйрықты қой тұқымы:









биязылау жүнді

34

32

30

28

-

-

-

-

ұяң жүнді

34

32

30

28

1,2

1,0

1,0

0,8

Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы

34

32

30

28

1,1

0,9

0,8

0,7

Құйрықты қойларды асыл тұқымдық     
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
2-қосымша                

Құйрықты қойлардың тұқымның шартты белгілері және шифры

Тұқымның аты

Жүн түріне байланысты тұқымның классификациясы

Шартты белгілер

Тұқымның шифры

Еділбай

қылшық жүнді

Е

3301

Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы

қылшық жүнді

ҚҚҚ

3316

Сарыарқа құйрықты қылшық жүнді қой тұқымы

қылшық жүнді

СҚҚ


Дегерес етті-жүнді құйрықты қой тұқымы:
биязылау жүнді
ұяң жүнді

биязылау жүнді
ұяң жүнді

ДБ
ДҰ

2110
3205

Қазақтың құйрықты ұяң жүнді қой тұқымы

ұяң жүнді

ҚҚҰ

3207

Құйрықты қойларды асыл тұқымдық     
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
3-қосымша                

Құйрықты қойлардың селекциялық нышандары, олардың шартты
белгілері және шифрлары

Шифр признака

Селекциялық нышан және оның айқындалу дәрежесі

Шартты белгісі

Нышанның айқындалу шифры

1

2

3

4

1.

Малдың типі:
қалыпты
еттілікке бейім
жүндестікке бейім


Қ
Е
Ж


1
2
3

2.

Бітімі және сүйек мықтылығы:
сүйегі нәзік, терісі жұқа
сүйегі берік, терісі тығыз,
қалындығы орташа
сүйегі шомбал, сөлекет, терісі
қалың, болбыр


НБ

ББ

СБ


1

2

3

3.

Сырт пішіні мен еттілік формасы

балл

5-ке дейін

4.

Жүн түсі
ақ
ақшыл
боз
сұр
қара
өзге түстер


А
АШ
Б
С
Қа
ТӨ


1
2
3
4
5
6

5.

Жүн тығыздығы:
сирек
қанағаттанарлық
тығыз
өте тығыз


Т–
Т
Т+
ТТ


1
2
3
4

6.

Қылшық ұзындығы – сызғышпен бүйірінен өлшенеді

см

0,5-ке дейін

7.

Түбіт ұзындығы – сызғышпен бүйірінен өлшенеді

см

0,5-ке дейін

8.

Қылшық жіңішкелігі (қылшық және ұяң жүнді қойларда):
жіңішке
орташа
жуан


ЖҚ
ОҚ
ЖуҚ


1
2
3

9.

Жүн талшығының жіңішкелігі (біртекті жүнді қойларда):
сапасы

58
56
50
48
46 және одан да жуан

1
2
3
4
5

10.

Құрғақ және өлі талшықтардың кездесуі:
көп мөлшерде
орташа мөлшерде
аз мөлшерде


ҚӨ+
ҚӨ
ҚӨ–


1
2
3

11.

Жабағы жүн біркелкілігі – бүйір мен сандағы жүндердің класы мен сапасы арасындағы айырмашылық бойынша анықталады:
біркелкілігі жеткіліксіз (айырмашылық екі сапа, не бір класқа тең)
біркелкілігі жеткілікті (айырмашылық – бір сапа, бір класс)
біркелкілігі жақсы (жүні өн бойы бір сапалы, бір класс)


БК–

БК

БК+


1

2

3

12.

Жабағының негізі бөлігіндегі жүннің класы:
жоғары
бірінші
екінші
үшінші


Ж
I
II
III


1
2
3
4

13.

Жабағы жүнінің ұйысуы:
қатты ұйысқан
ұйысқан
ұйыспаған


Ұ+
Ұ
Ұ–


1
2
3

14.

Құйрықтың көлемі:
үлкен
орташа
шағын, кіші


Ү
О
Ш


1
2
3

15.

Құйрықтың пішіні:
тартынқы
сәл түсіңкі
өте түсіңкі


Р
СТ
ӨТ


1
2
3

16.

Жуылмаған жүн түсімі, көктемгі

кг

0,1-ге дейін

17.

Жуылмаған жүн түсімі, күзгі

кг

0,1-ге дейін

18.

Жуылмаған жылдық жүн түсімі (көктемгі және күзгі жүн түсімдерінің қосындысы)

кг

0,1-ге дейін

19.

Тірі салмағы:
4-5 айлығында
12 айлығында
15 айлығында
18 айлығында


кг
кг
кг
кг


1-ге дейін
1-ге дейін
1-ге дейін
1-ге дейін

20.

Малдың класы нышандар жиынтығы бойынша анықталады:
элита
бірінші класс
екінші класс
үшінші класс
брак


эл.
I
II
ІІІ
Бр.


5
4
3
2
1

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
6-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
6-қосымша        

Қаракөл тұқымды қойларын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу
(бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Қаракөл тұқымын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, қаракөл қой тұқымын бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Қаракөл қой тұқымын бонитирлеу бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Қаракөл тұқымды қойларын бонитирлеуді (бағалауды)
ұйымдастыру

      3. Қозылардың сапасын бонитирлеу (бағалау) екінші-үшінші күні, ашық жерде өткізіледі, күннің шашыраңқы сәулесі қозының үстіне түскені абзал.
      Бонитирлеудің (бағалаудың) екінші кезеңі 15-20 күні жүргізіледі. Қозының дамуы, қаракөлдің сақталу қасиеті бағаланады. Терінің пигментациясы мен бұралымы жаман сақталып, ақ және құрғақ жүннің пайда болуы қозыларды асыл тұқымға қалдыруға болмауына себеп, ол шығарылып тасталады.
      4. Нәзік және қырық тұрпаты малдарды жекелеген отарларға бонитирлеу (бағалау) класына қарамастан жинақтайды.
      5. Класын, бұйраның енін анықтап, қозылардың құлағына ен салады, әр түрлі түсті қозыларда бұйраның енінің орнына түсі, түс қанықтығы менг реңі анықталады.
      6. Бонитирлеу (бағалау) өткізтін жерде арналы столдар болады. Құрақ қозылар бонитирленеді (бағаланады). Жаңа туылған қозылардың құлағына анасының нөмірін, туылған уақытын, отардың нөмерін көрсетіп сырға тағады.
      7. Бонитирлеу (бағалау) аяқталған соң асырауға қалдырған қозыларды түгендеп, белгіленген тәртіппен есеп жүргізеді.
      8. Қаракөл қойының туылған кезіндегі бұйрасының турі мен пішініне қарай бес елтірілік типке бөлінеді:
      жакеттік (қаламгүл бұйралар мен баданалар) - қозылардың құйымшағы мен жон арқасында ұзын және орташа қаламгүл бұйралар, бүйірінде ені әртүрлі орташа және қысқа қаламгүл бұйралар немесе жон арқасы мен құйымшағында ұзын және орташа қаламгүл бұйралар, бүйірінде орташа және қысқа бұйраға өтіп,ірі бұршақ пен арзымайтын көлемде жал бұйра араласуы мүмкін.
      қабырғагүл қырлы бұйралар мен жал бұйралар-қозылардың құйымшағы мен жон арқасында тығыз, серпімді, өңі әр түрлі ұзын және орташа ұзындықта қырлы бұйралар және жал, бүйірінде орташа және қысқа қырлы бұйралар мен жалға ауысады, арзымайтын көлемде қаламгүл бұйралар мен ірі бұршақ қатысуына рұқсат етіледі.
      жазықгүл (жазық бұйра)-қозылардың бұйрасының ені екі түрлі, арқасы мен құйымшағында ұзын және орташа ұзындықтағы жазық бұйралар, жазық жал аралас,бүйірінде орташа және қысқа жазық бұйра мен жалға өтеді.
      қаракөлше (жал бұйралар)-қозылардың жүні қысқа (5мм дейін), бұйралары жал теңбіл суретті (әшекейлі) муар тәріздес, жабының (түгінің) сапасы-реңденуі үдемелі, жібектілігі мен жалтырлығы күшті, қозының өсіп дамуы әдеттегідей.
      кавказ типі (өсіңкі бұйра) - қозылардың бұйрасының ені әртүрлі, жабыны едәуір өсіңкі, құйымшағы мен арқасында онша тығыз емес, орташа және қысқа қаламгүл бұйралар басым келіп, қысқа қаламгүл бұйра мен ірі бұршаққа өтіп арзымайтын көлемде жал бұйра араласады.
      9. Тері сапасына қарай қозылар бөлінеді:
      1) элита;
      2) бірінші класс;
      3) екінші класс.
      Осы Нұсқаулықтың 9 тармақшасындағы кластарға берілетін талаптарға сәйкес келмейтін малдар шығарылып тасталуға жатады.
      10. Тірілей салмағы бойынша зауыттық қоңдылықтағы асыл-тұқымды малдарға арналған төменгі талаптар осы Нұсқаудың 1-қосымшамен беріледі.
      11. Қаракөл қой шаруашылығында қозыларды бонитирлеуде (бағалауда) іріктеуді келесі көрсеткіштер арқылы жүргізеді:
      жынысы;
      түсі, түс қанықтығы және реңі: бұйраның ені түрі мен пішіні толқынның ұзындығы;
      жүннің ұзындығы қалыңдығы жібектілігі жылтырақтығы;
      суретінің түрі мен анықтығы;
      терісінің қалыңдығы, тығыздығы және молдығы;
      қозының өсіп-дамуы;
      тірілей салмағы;
      түзілісі.
      Асыл тұқымды қошқар қозылар он күннен жирма күндігінде бұйраның және жүнінің реңінің сақтиалу дәрежесімен, жүнінің жібектілігімен, жалтырақтығы мен өсіп-даму қабілеттілігімен бағаланады.
      12. Қаракөл қозысы жеке және кластық бонитирлеуге (бағалауға) жатады.
      13. Жеке бонитирлей (бағалау) толық және қысқартылған болады.
      Толық жеке бонитирлеу (бағалау) өсірімге қадырылған асыл тұқымды қозы-қошқарларға жүргізіледі.
      Қысқартылған жеке бонитирлеу (бағалау) асыл тұқымды ұрғашы қозыларға және ұрпағының сапасы бойынша тексерілген қошқарлардан туылған бардық қозыларға жүргізіледі.
      14. Кластық бонитирлеу (бағалау) барлық қалған қозыларға жүргізіледі, бұл жағдайда бағаланған барлық қозылардың саны, жынысы, түсі, реңі, елтірілік типі, класы және бұйра өлшемі ескеріледі.
      15. Жеке бонитирлеуде (бағалауда) қолданылатын белгілердің қысқаша атауы:
      1) қозының жынысы – ұрғашы (ұр), еркек (ер).
      2) түсі мен реңі – қара (қара), көк (көк), сұр (сұр), қоңыр (қоң), қызғылт (қызғ). Сұр түстің реңктері мен реңдері: бұқар сұры (б.сұр), реңдері – алтын (алт), күміс (күм); сұрхандария сұры (сх. сұры), реңдері – платина (пл), қорғасын (қор), янтарь (ян); қарақалпақ сұры (ққ.сұры), реңдері – болат (бол), өрікгүл (өрік), барлық сұрлардың анықталмаған реңдері (б.с.а.р); көк түстің реңктері мен реңдері, орташа көгілдір (ор. көг), орташа күміс (ор.күм), қара көк (қ.к), қара меруерт (қ.мер), ақшыл (ақш).
      3) елтірілік тип – жакет (ж), кавказ (кав), қабырғагүл (қ), жазықгүл (ж).
      4) бұйра өлшемі - майда (м), орташа (о), ірі (ірі).
      5) бұйра пішіні - жартылай шеңберлі (ж.ш),
      6) бұйра ұзындығы – ұзын (ұз), орташа (ор), қысқа (қыс).
      7) бұйра тығыздығы – тығыз (тғ), орташа тығыз (ор.тғ), болбыр (бол).
      8) талшықтың қалындығы – өте қалын (ө.қ), қалың (қ), сирек (с).
      9) талшықтың жібектілік сипаттамасы – өте жібекті (ө.ж), жібекті (ж), жібектілігі жеткіліксіз (жж).
      10) талшықтың жылтырлығы – өте жылтыр (өж), жылтыр (ж), жеткіліксіз (ж), күңгірт (к).
      11) алалық – құйрық ұшында (құ), құйрықтың майлы бөлігінде (қ.м.б), аяқтарында (аяқ), денесінде (ден), басында (бас).
      12) өрнектілігінің анықтылығы – анық (ан), жеткіліксіз (ж), анық емес (а.е).
      13) терісі – тығыз (тғ), болбыр (бол), өте жұқа (о.ж), жұқа (ж), қалыңдау (қ.у), қалын (қ), созылыңқы (соз), жұмсақ (жм).
      14) жүндестігі – жақсы (жақ), орташа (орт.), жеткіліксіз (жет).
      15) конституция – берік (б), нәзік (н), қопал (қ).
      16) қозының тірілей салмағы немесе дене өлшемі – ұсақ (ұ), ірі (ірі), орташа (орт).
      17) класс – элита (эл), бірінші (І), екінші (ІІ), брак (б).
      16. он бес күндік жасындағы тексеруде:
      1) өсуі қалыпты (қал), жетілмеген (жн);
      2) қоңдылығы – жақсы (ж), орташа (орт), орташадан төмен (орт.т);
      3) пигменттің сақтау дәрежесі - жақсы (ж), қалыпты (қал), нашар (наш);
      4) ақ талшықтың болуы – жоқ (жоқ), өте аз (ө.а), көп (көп);
      5) бұйраның сақталуы - жақсы (ж), қанағаттанаралық (қан), нашар (наш).
      6) талшық сипаттамасы – өте жібекті (ө.ж), жібектілігі жеткіліксіз (ж.ж);
      7) жылтырлығы – өте жылтыр (ө.ж), қалыпты (қал), жеткіліксіз (жет), күңгірт (кгт);
      8) құрғақ талшықтың болуы – құйрықтың жұмсақ бөлігінде (қ.ж.б), қарнында (қар), жоқ (жоқ);
      9) баллмен зауыттық бағалау – өте жақсы дамыған және бұйралары сақталған – 5, жақсы – 4, қанағаттанаралық – 3.
      17. Қошқарларды ұрпағының сапасы бойынша болашақ одан әрі қолданылатын аналықтар тобында тексереді. Тексерілетін қошқарға түсі бойынша біртекті жұптауда 100 бас, ал әртекті жұптауда 150 бастан кем емес аналықтар бекітіледі.
      18. Қошқарларды тексеретін барлық аналықтарды қысқа мерзімде ұрықтандырады және оларды бірдей жағдайда күтіп бағады.
      19. Тексерілетін қошқарларды бонитирлеу (бағалау) үшін материал болып қозыларды жеке бонитирлеудің және шаруашылықтарда немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында қаракөл елтірілерінің сорттау қорытындысы саналады.
      20. Барлық түстегі қошқарларды бонитирлеуде (бағалауда) есепке алынады: элита және бірінші класты қозылардың пайыздық шығымы; тексерелетін қошқарлардың түсіне, реңктеріне, елтірілік типтерінежатқызылатын қозыларды шығымы; 1 сортты қаракөлдің пайыздық шығымы. Одан басқа қызғылт түсті қошқарлар бойынша өміршеңдігі қалыпты қозылардың пайыздық шығымы.
      21. Қошқарларды тексеру нәтижелері туралы қорытындыларды әр қошқар бойынша, олардың көрсеткіштерін өзара тексеру арқылы, сондай-ақ ферма бойынша тиісті көрсеткіштерімен және шаруашылықтағы жақсартқыш-қоршқарлардың көрсеткіштерімен салыстыра жасайды.

Қаракөл қойларын асыл тұқымдық     
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа     
1-қосымша                

Тірілей салмағы бойынша зауыттық қоңдылықтағы қаракөл қойларына
арналған төменгі талаптар.

Жасы

Тірілей салмағы, кг

қошқарлар

аналықтар

Туылған кезде

4,0

3,5

4-5 айлығында

30

27

12-13 айлығында

35

32

18-20 айлығында

42

36

24 айдан үлкен

55

43

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
7-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
7-қосымша        

Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді бонитирлеуді (бағалауды)
ұйымдастыру

      3. Түбітті ешкілерді таралымға дейін, жүнділерді қырқымға дейін, сүттілерді – жазды-күзді мерзімде.
      4. Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді (бұдан әрі – тұқымды ешкілер) тұқымдық ешкілер таза тұқымды және будандар болып бөлінеді.
      5. Тазатұқымды ешкілер сұрыптау кезінде 3 классқа бөлінеді:
      1) элита классы –конституционалды-өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша бірінші кластан едәуір басым, тұқым стандартына толығымен сай келетін малдар.
      2) бірінші класс - конституционалды -өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша тұқым стандартына сай келетін малдар.
      3) екінші класс - тұқым стандартының бір талабын (жүн түсімі, тірілей салмағы, жүн ұзындығы мен жіңішкелігі) қанағаттандырмайтын, бірақ өз төлінен көбейтуге жарайтын малдар.
      4) жарамсыз (брак) - көрсетілген класстардың талаптарын қанағаттандырмайтын, бірақ өндірістік отарларда төлдеу және тауарлы өнім алуға жарайтын, барлық қалған ешкілер.
      6. Будан ешкілері сұрыптау кезінде келесі классқа бөлінеді:
      1) элита классы – конституционалды-өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша бірінші кластан едәуір басым, тұқым стандартына толығымен сай келетін малдар;
      2) бірінші класс - конституционалды -өнімділік белгілері мен қасиеттері бойынша тұқым стандартына сай келетін ешкілер.
      3) екінші класс - тұқым стандартының бір талабын (жүн түсімі, тірілей салмағы, жүн ұзындығы мен жіңішкелігі) қанағаттандырмайтын, біртекті жүні бар малдар.
      4) үшінші класс – жүні біртекті емес малдар.
      7. Бағалауда қолданылады:
      1) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшамен сәйкес берілген жүнді ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгіленуі мен цифрлары;
      2) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшамен сәйкес берілген түбітті ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгіленуі мен цифрлары;
      3) осы Нұсқаулықтың 1-қосымшамен сәйкес берілген сүтті ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің шартты белгіленуі мен цифрлары;
      8. Советтік жүнді ешкі тұқымының шартты белгісі – СЖ, шифр - 5201.
      9. Екінші класстың талаптарын қанағаттандырмайтын, бірақ өндірістік отарларда төлдеу және тауарлы өнім алуға жарайтын ешкілер жарамсыз (брак) болып саналады.
      10. Тұқымдық және өндірістік отарлардағы бонитирленген (бағаланған) және класстарға бөлінген барлық тұқымдардың ешкілері мен будандарының оң құлағына ен салынады.
      11. Класстар төменгідей түрде көрсетіледі:
      1) элита – құлақ ұшынан «жебе» тәрізді ен салынады; селекциялық топ ешкісінің екі құлағы да осылай белгіленеді;
      2) бірінші класс - құлақтың төменгі шетінен бір ен салынады;
      3) екінші класс - құлақтың төменгі шетінен екі ен салынады;
      4) үшінші класс - құлақтың жоғарғы шетінен бір ен салынады;
      5) жарамсыз (брак) – құлақ ұшы кесіліп тасталады.
      12. Ешкілерді жеке бағалауда осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасымен беріледі жеке бағалау есебінің нысанын қолданады.

Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін  
молайту жөніндегі нұсқаулыққа         
1-қосымша                   

Жүнді ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің шартты
белгіленуі мен цифрлары

Белгінің шифры

Белгілердің аталуы мен градациясы

Шартты белгі немесе өлшем бірлігі

Градация шифры

1

2

3

4

11

Малдың типі:
тұқым стандартының талаптарына сай ешкі
жүн түсімі стандартқа сай, бірақ жүн талшықтары жуандау ешкі стандартқа сай емес, жүн біртекті емес,
қылшық пен түбіттің қысқа талшықтары көп, жүн жабыны будандық сипаттағы ешкі

Ж
 

Ж+
 

Ж-

5
 

4
 

3

21

Жүн құрамында өлі және құрғақ талшықтардың (кемп) болу деңгейі:
кемп жоқ
кемп 1%-дан аспайды
кемп 1%-дан жоғары

К-
К
К+

5
4
3

31

Жүннің тығыздығы (бүйірдегі тері жігінің мөлшеріне қарай және қолмен ұстап сынау арқылы анықталады):
жүн өте тығыз
жүн тығыз
жүннің тығыздығы қанағаттанарлық
жүн сирек, стандартқа сай емес

ТТ
Т+
Т
Т-

5
4
3
2

41
 
 
 

42
43

Жүннің ұзындығы сызғышпен жауырынның артындағы бүйірде созылмаған тұлым бойынша, тұлым ұшы есептелмей, өлшенеді. Сонымен қатар, аталық және отар орнын толтыратын текелердің:
санында
арқасында

см
 
 
 

см

0,5–ке дейін
 
 
 

0,5–ке дейін

51
 
 
 
 

52
53

Жүн талшығының жіңішкелігі үлгімен салыстырып, көз мөлшерімен және аспаппен анықталады:
бүйірінде
Аталық және отар орнын толтыратын текелер:
санында
арқасында

мкм

2 -ге дейін


Микрометрмен берілген жүн жіңішкелігінің класс шектері

Жүн жіңішкелігі сапасын ауыстыру және олардың микрометрдегі аралық градациясының кестесі

60

23,1-25,0

60
60-58

-24
-25

58

25,1-27,0

58
58-56

-26
-27

56

27,1-29,0

56
56-58

-28
-29

50

29,1-31,0

50
50-48

-30
-31

48

31,1-34,0

48

-32

46

34,1-37,0

46

-35

44

37,1-40,0

44

-38

40

40,1-43,0

40

-42

36

43,1-50,0

36

-46

61

Жабағы бойынша жүннің біркелкілігі, бүйір мен сандағы жүннің жіңішкелігі және ұзындығының айырмашылықтарына қарап анықталады:
біркелкілігі өте жақсы, жіңішкелік
айырмашылығы 2 мкм-ден кем
біркелкілігі қалыпты, жіңішкелік айырмашылығы 1-2 сапа немесе 2-4 мкм
біркелкілігі төмен, айырмашылығы 2
сападан немесе 4 мкм-ден жоғары.

Б+

Б

Б-

5

4

3

71

Жүннің иректілігі, көз мөлшерімен бүйірдегі жүннен анықталады
иректері толқынды, ұнамды түрде, талшықтың ұзына бойында анық байқалады
иректері толқынды, ұнамды түрде, бірақ айқын емес
иректері нашар дамыған, сәл-сәл ғана
байқалады

И+

И

И-

5

4

3

81

Шайыр мөлшері:
мөлшері қалыпты, 5-10 % аралығында
мөлшерден артық, 10%-дан жоғары
шайыры аз, 5%-дан кем, жүні құрғақ

Ш
Ш+
Ш-

5
4
3

91

Жүн жылтырлығы (люстралығы)
қалыпты люстралы
нашар, күңгірт
жоқ

Ж+
Ж
Ж-

5
4
3

101

Жүннің өскелеңдігі – малдың арқа, бауыр, аяқ жүндерінің өсу деңгейі 5 баллдық шкала бойынша бағаланады

балл

Max
5-ке дейін

111

Жүннің жуылмаған түсімі
1 бас малдан қырқылған барлық жүннің салмағын таразыға өлшеу арқылы анықталады

кг

0,1-ге дейін

112

Таза жүн шығымы

%

1-ге дейін

113

Таза жүн түсімі

кг

0,1-ге дейін

121

122
123
124
125
126

Тірілей салмағы, малды таразыға өлшеу арқылы анықталады:
туылғанда (1-2 күн)
енесінен бөлгенде
18 айлығында
2,5 - жасында
сақа малдар (күзде)

кг
кг
кг
кг
кг

0,1-ге дейін
0,1-ге дейін
1-ге дейін
1-ге дейін
1-ге дейін

131

Класы бонитировкалау кезінде анықталады:
элита
бірінші класс
екінші класс
брак

элита
I
II
бр

5
4
3
2

Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін  
молайту жөніндегі нұсқаулыққа         
2-қосымша                   

Түбітті ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің шартты
белгіленуі және шифрлары

Белгінің шифры

Белгілердің аталуы мен градациясы

Шартты белгілері немесе өлшем бірлігі

Градация шифры немесе өлшеудің дәлділігі

1

2

3

4

11

Малдың типі:
бітім беріктігі стандартқа сай және жүніңдегі түбіттің үлесі жоғары ешкі
бітім беріктігі мен жүніндегі түбіттің үлесі стандартқа сай ешкі
бітімі стандартқа сай емес, жүніндегі түбіт үлесі төмен ешкі

Т+

Т

Т-

5

4

3

21

Жүндегі түбіттің үлесі
малдың бүйірінде көз мөлшерімен, үлгімен салыстыру арқылы және есептеу тәсілімен жалпы жүн мен түбіттің салмағын өлшегеннен кейін анықталады.

%

10-ға дейін

31

Түбіттің тығыздығы (қалыңдығы) тері жігінің ені бойынша көз мөлшерімен және қолмен ұстап сынау арқылы анықталады:
түбіті сирек, тұқым стандартына сай емес
түбіттің тығыздығы қанағаттанарлық
түбіті тығыз
түбіті өте тығыз

Т-
Т
Т+
ТТ

2
3
4
5

41
 
 
 

42

Түбіттің ұзындығы сызғыштың көмегімен жауырынның артындағы бүйірде созылмаған тұлым бойынша өлшенеді, тұлым ұшы есептелмейді. Сонымен қатар, негізгі және отар орнын толықтыратын текелердің:
санында

см
 
 
 

см

0,5 дейін
 
 
 

0,5 дейін

51

Түбіттің жіңішкелігі
өте жіңішке
тұқымның стандартына сай
жуан
өте жуан

Ж+
Ж
Ж-
Ж--

4
5
3
2

61

Жабағы бойынша түбіт мөлшерінің біркелкілігі, оның тұтас жүндегі үлесімен анықталады:
саны мен бүйіріндегі түбіт үлесінің айырмашылығы 10%-дан артық
айырмашылығы 5-тен 10%-ға дейін
айырмашылығы 5%-ға дейін

Б-
Б
Б+

3
4
5

71

Түбіттің түсі:
ақ
ақшыл
сұр
қара сұр

А
АШ
С
ҚС

5
4
3
2

81

Арқа, бауыр, аяқ жүндерінің өскелеңдік деңгейі 5 баллдық шкала бойынша бағаланады

балл

Максимум 5

91

Түбіттің таралымы:
екі рет тараудан алынған түбіттің жалпы салмағын өлшеу арқылы анықталады

г

10-ға дейін

101

102
103
104
105
106

Тірілей салмағы, малдың салмағын таразымен өлшеу арқылы анықталады:
туылғанда (1-2 күн)
енесінен бөлгенде
18-айлығында
2,5 жаста
ересек кезінде (күзде)

кг
кг
кг
кг
кг

0,1-ге дейін
0,1-ге дейін
1-ге дейін
1-ге дейін
1-ге дейін

111

Малдың класы алғашқы бонитирлеу (бағалау) кезінде анықталады (қажет болған жағдайда элита және бірінші класс көрсеткіштеріне 2,5 жасында түзету енгізіледі)
элита
бірінші класс
екінші класс
брак

элита
I
II
бр

5
4
3
2

Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін  
молайту жөніндегі нұсқаулыққа         
3-қосымша                   

Сүтті ешкілердің негізгі селекциялық белгілерінің шартты
белгіленуі мен цифрлары

Белгінің шифры

Белгілердің аталуы мен градациясы

Шартты белгілер немесе өлшем бірлігі

Градация шифры немесе өлшеу дәлділігі

1

2

3

4

11

Малдың типі:
сүтті мал стандартына сай және сүтті типі өте айқын мал
стандарттың барлық талаптарына сай
стандартқа сай, бірақ сүттілік типі айқын емес

С+
С
С-

5
4
3

21

Туылу типі (егіз-жалқылығы):
жалқы
егіз
үшеу

ТТ-1
ТТ-2
ТТ-3

1
2
3

31

Бітімі:
берік
нәзік
сөлекет

ББ
БН
БС

5
4
3

41

Ірілігі:
өте ірі
ірі
орташа
ұсақ

І-5
І-4
І-3
І-2

5
4
3
2

51

Сырт пішіні -5 баллдық шкала бойынша бағаланады:
өте жақсы
жақсы
қанағаттанарлық деңгейде
төмен деңгейде

П-5
П -4
П -3
П -2

5
4
3
2

61

Желіннің дамуы:
өте көлемді, кейпі дұрыс
көлемді, кейпі дұрыс
орташа көлемді, кейпі дөңгелек
немесе алмұрт тәрізді
көлемді емес, кейпі дұрыс
салбыраған, бөліктері біркелкі дамымаған,
емшектерінің ұзындығы әртүрлі немесе өте қысқа

ЖӨ++
ЖӨ +
ЖӨ
ЖӨ -

ЖӨ --

5
4
3
2

1

71

Сүттілігі, кг:
бірінші сауын маусымында
екінші сауын маусымында
үшінші сауын маусымында

С1
С2
С3

0,1-ге дейін
0,2-ге дейін
0,3-ке дейін

81

Сүттің майлылығы, зертханалық зерттеу арқылы анықталады, %

М

0,01-ге дейін

91

92
93
94
95
96

Тірілей салмағы, таразыға өлшеу арқылы анықталады:
туылғанда (1-2 күн)
енесінен бөлгенде
6 айлығында
18 айлығында
2,5 жасында

кг
кг
кг
кг
кг

0,1-ге дейін
0,1-ге дейін
1-ге дейін

101

Кластар, бағалау кезінде анықталады:
элита
бірінші класс
екінші класс
брак

элита
I
II
бр.

5
4
3
2

Түбітті, сүтті және жүнді ешкілерді асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін  
молайту жөніндегі нұсқаулыққа         
4-қосымша                   

Ешкілерді жеке бонитирлеу (бағалау) есебінің нысаны

Жыныстық-жас тобы ___________________________________________________
Бонитирлеу (бағалау)күні ____________________________________________

Малдың №

туылған күні

Жеке номері

Бонитирлеу (бғалау)

оң құлағында

сол құлағында

тип

кемп үлесі

тығыздығы (масса)

ұзындығы, см

жүн жіңішкелігі

біркелкілігі

жүннің иректілігі

түсі

жылтырлығы

арқасы, бауыры, аяғының жүндестігі

әкесі

енесі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

















































      кестенің жалғасы

Өнімділігі

класс

бекітілуі

жүн түсімі

тірілей салмағы, кг

17

18

19

20













Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
8-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
8-қосымша        

Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және
өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп шошқаларды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Шошқаларды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

1. Шошқаларды бағалаудың ұйымдастыру

      3. Шошқаларды бірдейлендіру жыл сайын өткізіледі. Малдардың дене бітімі, өсуі және өнімділігін бағалау туралы деректер жыл бойы жинақталады.
      4. Қабандар, ана шошқалар және табынды толықтыратын торайлардың дене құрылысын бағалау шілде-қазан айларында өткізіледі.
      5. Шошқаларды бірдейлендіру туралы есеп 01 қаңтардағы жағдай бойынша есеп беріледі.
      6. Шкаланы құру кезінде барлық асыл тұқымдар өнімділік деңгейі мен бағытына байланысты үш топқа бөлінеді:
      бірінші - ірі ақ, украиндық ақ дала, ұзынқұлақты ақ, латыштық ақ, литвалық ақ, сібірлік ақ, ливендік, кемеровтық, солтүстік-қазақстандық, муромдық, брейтовтық, қысқа құлақты ақ тұқымды және цивилдік, сібірлік қара-ала, белорустық қара-ала тұқымды шошқа топтары;
      екінші - ландрас, эстондық, бекондық, дюрок, уржумдік, уэль шошқасы;
      үшінші - миргородтық, украиндық қызыл дала, ірі қара, беркшир, семиречен, ақсайлық қара-ала шошқалар тобы.
      7. Табынды толықтыратын торайлардың салмағы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тірілей 85-110 кг жеткенде бонитирленеді (бағаланады), қабырғасындағы өлшенген май қыртысы кеуде омыртқасы алтыншы-жетінші деңгейде.
      8. Қабандар мен ана шошқалардың жетілуі денесінің ұзындығы мен салмағы бойынша зауыттық семіздік жағдайында бонитирленеді (бағаланады).
      Малдар 1 кг дейін азықтандырудан алдын өлшенеді.
      Денесінің ұзындығы желке жалынан бастап құйрықтың түбінен дәл 1 см-ге дейін қалыпты белдікпен өлшенеді. Бастың төменгі жағын өлшегенде, мойын және кеуде бірдей деңгейде болуы керек.
      9. Қабандар туған күнінде, 12 айлықта (12, 24, 36 айлық) бастап жыл сайын өлшенеді және таразыланады.
      Әрбір қабан бойынша бонитирлеу (бағалау) жиынтық тізімін құру кезінде соңғы өлшенген және таразыланған деректерді өңдеу қоса алынады.
      10. Ана шошқалар төлдегеннен 5-10 күннен кейін өлшенеді және таразыланады.
      11. Қабандар мен ана шошқалардың денесінің сырт пішіні осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес жүз балдық шкала бойынша бағаланады және зауыттық картасындағы малдардың кемшілігі мен жетістігінің негізгі сипаттамасы беріледі.
      Қабандар мен ана шошқалардан алынатын:
      элита класына қатысты 90 балл және одан көбірек,
      бірінші класқа 85-89 балл
      екінші класқа 80-84 балл беріледі.
      12. Малдарды бонитирлеуде (бағалауда), кратерлік емшек кемінде 12 (6/6) болатын, алдыңғы аяқтары мықты кескінді, белімен немесе жауырынымен жылдам қағатын, салбыраңқы белі, тұмсығының қисықтығы, бұрыс тістеуі табында жарамсыздыққа жатпайды.
      13. Қабандар мен ана шошқалардың дене тұлғасы мен сырт пішіні үш жаста соңғы рет бонитирленеді (бағаланады).
      Ересек жастағыларды қайта бонитирлеу (бағалау) тек қана кластығын көтеру барысында жүргізілуі мүмкін.
      14. Ана шошқалардың өнімділігі торайлағаннан кейін төмендегі көрсеткіштер бойынша бонитирленеді (бағаланады):
      1) көптұқымдылығы - туылған тірі торайлардың саны;
      2) сүттілігі - анасының бауырындағы 21 күндік торайлардың салмағы;
      3) анасының бауырындағы 2 айлық торайлардың салмағы;
      15. Бірінші төлдейтін және екі немесе одан да көп торайлаған ана шошқалар үшін аталған көрсеткіштерге арналған кластар бірыңғай осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес шкала бойынша анықталады.
      16. Бордақылауға бақылау жүргізгеннен кейін, ана шошқалардың ұрпағының өнімділігіне төмендегі көрсеткіштер бойынша қосымша баға беріледі:
      1) 100 кг салмаққа жасымен жетуі;
      2) 1 кг салмағына жұмсалатын шығын;
      3) кеуденің 6-7 омыртқаларының үстіндегі май қыртысы;
      4) денесінің ұзындығы;
      5) жартылай денесінің үшінші артқы салмағы;
      17. Ұрпағының еті мен бордақылайтын сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге арналған кластар осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес шкала бойынша анықталады.
      21. Тексерілетін ана шошқалар бірінші торайлаудың нәтижесі бойынша бағаланады: торайлауды бірдейлендіру кезінде есептелген барлық орташа көрсеткіштер бойынша ана шошқа, екі торайлаған және одан да көбірек болғандар;
      Қандай да бір жағдайда торайлардың туған кездегі немесе емшектегі саны 6 және одан аз болса, онда торайлау «апатты» деп есептеледі және барлық өнімділігінің орташа көрсеткішін есептеу кезінде олардың қайта өңделгендері қосылмайды.
      Ана шошқалар, көбінесе «апатты» торайлағанда, бірдейлендірілмейді, және табында жарамсыз деп танылады.
      19. Қабандармен шағылысқан ана шошқалар торайлағаннан кейін, олардың тұқымдарын 2 немесе 4 айлықтағы орташа салмағы бойынша бағалайды. Бұл көрсеткіштегі кластар кем дегенде 5 ана шошқадан алынған барлық торайлардың осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес орташа тірі салмағы негізінде анықталады.
      20. Қабандардың өнімділігі ұрпағының бақылаудағы бордақылау әдісімен бағаланады, етінің сапасы және бордақылау сапасы төмендегі көрсеткіштер бойынша есептеледі.
      1) жасымен 100 кг салмаққа жетуі;
      2) 1 кг салмағына жұмсалатын шығын;
      3) кеуденің 6-7 омыртқаларының үстіндегі май қыртысы;
      4) денесінің ұзындығы;
      5) жартылай денесінің үшінші артқы салмағы;
      21. Ұрпағының еті мен бордақылау сапасын сипаттайтын көрсеткіштерге арналған кластар осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйксе шкала бойынша анықталады.
      22. Қабандардан болған ұрғашы торайлар төлдегеннен кейін, өнімділігі (соның ішінде шығарылған және жарамсыздық) кем дегенде бес ұрғашы торайларды есептеумен бонитирленеді (бағаланады).
      23. Қабандардан болған ұрғашыларының өнімділігі бойынша бонитирлеу (бағалау) ауытқушылықтарды анықтау жолымен жүргізіледі, әрбір қабаннан болған ұрғашы шошқаның көп тұқымдылығы мен сүттілік көрсеткіштері табын бойынша алғаш төлдейтін торайлар мен екі және одан да көп төлдеген аналық шошқалардың жеке орташа көрсеткіштері бойынша белгіленеді.
      24. Ұрғашы шошқалардың сүттілігі және көптұқымдылығымен қабандардың класы осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйксе шкала бойынша анықталады.
      25. Кластық бағалау және бірдейлендірудің нәтижесі бойынша қарастырылған әрбір міндетті белгілерімен, малдардың өндірістік топтары немесе ересектері үшін төрт жиынтық класс құрылады:
      элита-рекорд,
      элита,
      бірінші
      екінші.
      26. Малдардың жиынтық классы әр классқа осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жинақтық классты анықтау шкаласындағы баллдарды қосу арқылы анықталады.
      27. Бонитирленген (бағаланған) белгілері бойынша әрбір класқа тиесілі балдар қорытындыланады және нәтиже қосылатын санға бөлінеді. Осындай жолмен есептелген орташа балл шкала осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес бойынша жиынтық класты анықтайды.
      28. Малдар үшін ұрпағының бордақылаудағы бағасымен және басқа да барлық элита кластық белгілерімен элита-рекорд жиынтық класс белгіленеді.
      29. Егер малдар барлық есепті белгілерімен екінші класқа бағаланса, онда жиынтық бағасы бойынша ол кластан тыс деп есептеледі.
      30. Асыл тұқымды және табынды толықтыратын торайлар алты айлық жасқа дейін аталық жиынтық класына, аналық жиынтық класына, алты айлық жастан кейін және тағы денесінің ұзындығының класы бойынша барлық класқа беліленеді.
      31. 85-100 кг салмаққа жеткен табынды толықтыратын қабандар мен торайларды бірінші шағылыстыру алдында сатылуға бағалағанда анықталатын негізгі жұмыстар мыналар: әкесінің жиынтық класы, анасының жиынтық класы, салмағы бойынша класы, тұлғасының ұзындығы және қыртыс майының қалыңдығы тірілей түрімен анықталады.
      32. Ана шошқалар - салмағының, денесінің ұзындығының, май қыртысының, көп тұқымдылығының, сүттілігінің ұяшықтағы екі айлық салмағының класы бойынша анықталады.
      Осы жеті белгінің барлығы жиынтық класты анықтауда міндетті болып табылады.
      33. Ана шошқалардың ұрпақтарының бақылаудағы бордақылаудан кейінгі көрсеткіштері класс қосылады, осы Нұсқаулықтың 32 тармағында көрсетілген:
      ұрпағының салмағы жасы бойынша 100 кг жетуі,
      1 кг салмағына жұмсалатын жемазық шығыны,
      кеуденің 6-7 омыртқаларының үстіндегі май қыртысы
      дене ұзындығы;
      атрқы үштен бір бөлігі.
      Мұндай жағдайда жиынтық класс он екі белгіні анықтаумен белгіленеді.
      34. Қабандардың (торайлаудан кейін олармен ана шошқаларды бүркеу) - класс бойынша осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес:
      салмағы,
      денесінің ұзындығы,
      май қыртысы,
      дене бітімі
      ұрпағының екі немесе төрт айлықтағы салмағы бойынша класқа бөледі.
      Жиынтық класты анықтау үшін санап шыққан бес белгі міндетті болып табылады және қабандарды осылай бағалаудан кейін негізгіге өткізу мүмкін.
      35. Қабандардың ұрпағының бақылаудағы бордақылаудан кейінгі көрсеткіштерімен, осы Нұсқаулықтың 37 тармағында көрсетілген (2 және 4 айлық жастағы ұрпағының салмағынан басқа, онда қосылмайды.):
      ұрпағының салмағы жасымен 100 кг жетуі,
      1 кг салмағына жұмсалатын жемазық шығыны,
      кеуденің 6-7 омыртқаларының үстіндегі май қыртысы,
      денесінің ұзындығы,
      артқы үшінші жарты денесінің салмағы класқа қосылады.
      36. Ұрғашы шошқалардан торайлағаннан кейін, осы Нұсқаулықтың 38 тармақшасында тоғыз белгімен есептелген қабандарға, ұрғашыларының сүттілігі мен көптұқымдылығы үшін жиынтық класс есебіне қосылады.

Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін 
молайту жөніндегі нұсқаулыққа  
1-қосымша           

Табынды толықтыратын торайлардың май қыртысын тірілей бағалау
шкаласы (см)

салмағы (кг)

тұқымның 1-ші тобы

тұқымның 2-ші тобы

Класстар

Класстар

элита

бірінші

екінші

кластан тыс

элита

бірінші

екінші

кластан тыс

85-90

3 және азырақ

3,1-3,4

3,5-3,8

3,9 және көбірек

2,7 және азырақ

2,8-3,1

3,2-3,5

3,6 және көбірек

91-95

3,1және азырақ

3,2-3,5

3,6-3,9

4,0 және көбірек

2,8 және азырақ

2,9-3,2

3,3-3,6

3,7 және көбірек

96-100

3,2 және азырақ

3,3-3,6

3,7-4,0

4,1 және көбірек

2,9 және азырақ

3,0-3,3

3,4-3,7

3,8 және көбірек

101-105

3,3 және азырақ

3,4-3,7

3,8-4,1

4,2 және көбірек

3,0 және азырақ

3,1-3,4

3,5-3,8

3,9 көбірек

106-110

3,4 және азырақ

3,5-3,7

3,9-4,2

4,2 және көбірек

3,1 және азырақ

3,2-3,5

3,6-3,9

4,0 және көбірек

      кестенің жалғасы

тұқымның 3-ші тобы

Класстар

элита

бірінші

екінші

Кластан тыс

3,2 және азырақ

3,3-3,5

3,6-3,9

4,0 және көбірек

3,3 және азырақ

3,4-3,6

3,7-4,0

4,1 және көбірек

3,4 және азырақ

3,5-3,7

3,8-4,1

4,2 және көбірек

3,5 және азырақ

3,6-3,7

3,9-4,2

4,3 және көбірек

3,6 және азырақ

3,7-3,8

4,0-4,3

4,4 және көбірек

Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін 
молайту жөніндегі нұсқаулыққа  
2-қосымша           

Шошқалардың сырт бітімін бонитирлеу (бағалау) шкаласы
(төменгі талап)

Сырт бітімінің жеке бөліктері және жалпы түрі

Жоғары балл

қабандар

Ана шошқалар

Жалпы түр, дене құрылысы, тұымдық белгі, тері,қылшық

20

20

бас, мойын

5

5

иық, шоқтық, кеуде

10

10

арқа, бел, бүйір

15

15

құйымшақ, сан

20

20

Алдыңғы аяқ

7

7

Артқы аяқ

8

8

емшек, жатыр желіні

5

15

Қабанның жыныс органы

10

(-)

Барлығы:

100

100

Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін 
молайту жөніндегі нұсқаулыққа  
3-қосымша           

Қабандар мен ана шошқалардың ұрпақтарының бордақылау және
еттілік сапасын бонитирлеу (бағалау) шкаласы

Тұқым тобы

Класс

100 кг салмаққа жету(күн)

1ц салмаққа жұмсалатын жемазық шығыны (жем.бірл.)

6-7 кеуде омыртқасындағы май қатпары (см)

Денесінің ұзындығы (см)

Жарты денесінің артқы үшінші бөлігінің салмағы (кг)

1-ші

элита

190 және азырақ

3,9 және азырақ

3,1 және азырақ

93 және көбірек

10 және көбірек

бірінші

191-200

3,91-4,2

3,2-3,5

91-92

9-9,9

екінші

201-210

4,21-4,4

3,6-4,0

89-90

8-8,9

класстан тыс

211 және азырақ

4,41 және көбірек

4,1 және көбірек

88 және азырақ

7,9 және азырақ

2-ші

элита

190 және азырақ

3,8 және азырақ

2,8 және азырақ

94 және көбірек

11 және көбірек

бірінші

191-200

3,81-4,0

2,9-3,2

92-93

10-10,9

екінші

201-210

4,01-4,2

3,3-3,6

90-91

9-9,9

класстан тыс

211 және көбірек

4,21 және көбірек

3,7 және көбірек

89 және азырақ

8,9 және азырақ

3-ші

элита

190 және азырақ

4 және азырақ

3,3 және азырақ

92 және көбірек

10 және көбірек

бірінші

191-200

4,01-4,3

3,4-3,6

90-91

9-9,9

екінші

201-210

4,31-4,5

3,7-4,0

88-89

8-8,9

класстан тыс

211 және көбірек

4,51 және көбірек

4,1 және көбірек

87 және азырақ

7,9 және азырақ

Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін 
молайту жөніндегі нұсқаулыққа  
4-қосымша           

Ұрпақтарының 2 және 4 айлықтағы салмағы бойынша қабандардың
барлық тұқымдарын бонитирлей (бағалау) шкаласы (төменгі талап)

Көрсеткіштер

қабандар класы

элита

бірінші

екінші

2 айлықтағы бірдей ұрпақтарының орташа салмағы (кг)

18

16

14

4 айлықтағы бірдей ұрпақтарының орташа салмағы (кг)

44

40

35

Шошқаларды асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін 
молайту жөніндегі нұсқаулыққа  
5-қосымша           

Шошқалардың жинақтық классты анықтау шкаласы (орташа баллмен)

Класс

орташа балл

элита-рекорд

4,0*

элита

3,6-4,0

бірінші

2,6-3,5

екінші

2,1-2,5

класстан тыс

2,1 және азырақ

      Ескертпе: ұрпақтарын бақылаудағы бордақылау әдісі бойынша міндетті бағалау.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
9-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
9-қосымша        

Жергілікті және зауыттық жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Жергілікті және зауыттық жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1998 жылы 9 шілдеде шыққан «Асыл тұқымды мал шаруашылығы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, жергілікті және зауыттық тұқым жылқыларына бонитирлеу (бағалау) жүргізу деректеліп дайындалған.
      2. Жергілікті және зауыттық жылқыларын бонитирлеу бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

1. Жергілікті жылқыларды бағалауды ұйымдастыру

      3. Етті және сүтті бағыттағы жергілікті жылқыларына бонитирлеу (бағалау) қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі.
      4. Бонитирлеу (бағалау) қорытындысы бойынша 1 қазанға есеп беру дайындалады.
      5. Бонитирлеу (бағалау) кезінде жылқыларға кешенді қасиеттері (тип, шығу тегі, дене өлшемдері, тірілей салмағы, экстерьері, биелердің сүттілігі, бейімделу қасиеті, ұрпақтарының сапасы) бойынша бағаланады.
      6. Әрбір көрсеткіш (қасиеті) 10 баллдық бағам бойынша бағаланады.
      7. Бірінші бонитирлеу (бағалау) және жылқыларды асылтұқымды топтарға (табын) іріктеу барлық көрсеткіштермен, тек биенің сүттілігі мен төлінің сапасы бойынша бағалаудан басқа 2,5 жаста жүргізеді. Жаңадан ұйымдастырылған фермаларда бонитирлеу (бағалау) бір жастан жоғары жылқыларға жүргізіледі.
      Екінші бонитирлеуді (бағалауды) сүттілігі мен төлінің сапасы бойынша бағалауды қоса барлық белгілері бойынша 5,5 жаста жүргізеді.
      Ересек жылқыларға бонитирлеуді (бағалауды) ұрпақтарының сапасы туралы деректер жинақталуына қарай жүргізеді.
      8. Бонитирлей (бағалау) 6-8 жастағы жабағылар мен 1,5 жастағы тайларға жүргізілмейді, бірақ типтілігі, экстерьері, қоңдылығы көз жобамен жалпы балл (10 баллдық бағам бойынша) бағаланады және өлшенеді. Бұл деректер биелер мен айғырларды төлінің сапасы бойынша бағалауға, сонымен қатар, төлдерді тұқымдыққа және басқа мақсатқа іріктеу үшін пайдаланады.
      9. Жылқылардың жергілікті тұқымдары мен типтеріне жатады:
      көшім, мұғалжар тұқымдары
      қазақы жабы жылқысы,
      қазақы жылқының адай мен найман тұқымдық топтары,
      қазақы жылқының етті қаба типі.
      10. Өнімді жылқы шаруашылығында асылтұқымды жылқының ұнамды қасиеттері саналады:
      етті нұсқасының жақсы байқалуы;
      біршама қатты тұяқтарымен мықты сүйекті аяқтары;
      биелердің жоғары сүттілігі,
      табында жоғары бейімділігі.
      11. Бонитирлеудің (бағалаудың) негізгі қағидаларына жылқыларды тағайындау мен тұқымдық құндылығын анықтауда кешенділік, дәлділік және қатаңдылық жатады.
      12. Бонитирлеудің (бағалаудың) кешенділігі – жылқыларды 6 топқа бөлінген белгілері (қасиеттері) бойынша арнайы қабылданған 10 баллдық жүйемен бағалау:
      1) шығу тегі мен типтілігі;
      2) дене өлшемдері мен тірілей салмағы;
      3) экстерьері;
      4) биенің сүттілігі;
      5) бейімделу қасиеті;
      6) ұрпақтарының сапасы.
      13. Бонитирлеудің (бағалаудың) дәлділігі – балл беру кезінде әрбір көрсеткіш бойынша қасиеттері мен сапасы ескеріледі.
      14. Бонитирлеудің бағалаудың қатаңдылығы – белгілер тобы арасында ең төмен балл бойынша жалпы класы анықталады.
      15. Бонитирлеуді (бағалауды) өткізілген асылтұқымды жылқылар келесі кластарға бөлінеді:
      1) элита – тұқым талабына сай болған ең үздік жылқылар;
      2) біріші класс – тұқымның негізгі талаптарын қанағаттандыратын жылқылар;
      3) екінші класс – тұқымдық маңызы бар қалған жылқылар. Тұқым талаптарына сай емес жылқылар асылтұқымды болып саналмайды.
      16. Әрбір класс үшін барлық бонитирлеу (бағалау) көрсеткіштері бойынша берілген Нұсқаудың 1-қосымшада көрсетілгендей тұқымдарға қойылатын талаптарға сай белгілі балл беріледі.
      17. Жылқылар қандай класқа болсын әрбір белгінің (қасиет) төменгі баллға сәйкес беріледі.
      18. Асылтұқымды жылқылардың тұқымдылығы мен шығу тегі құжат бойынша толтырылады. Жергілікті тұқым жылқыларының шығу тегі (тұқымдылығы, қандылығы) туралы құжаттары болмаса, таңбасына, типіне немесе сұрау арқылы анықталады.
      Типтілігі көз жобамен бағаланады.
      Типтілігін бағалау кезінде жылқының тұқымы және тұқымға қойылатын талаптары қаралады, зауыттық тұқымдармен жақсартылған жылқылар мен будандардың таза тұқымды жылқыға жатқызылмауын қадағалау қажет.
      19. Етті жылқы шаруашылығындағы жылқыларды бағалау кезіндегі негізгі талаптар:
      8-9 балл – ең үздік етті нұсқасы бар, тұқымның ұнамды типіне келетін;
      6-7 балл – тұқым типі жақсы байқалатын, жақсы етті нұсқасы байқалатын;
      4-5 балл – тұқым типті қанағаттанарлық, етті нұсқасы орташа білінетін;
      20. Етті нұсқасы үздік байқалған жылқылар үшін белгілері:
      тұлғасы ұзын әрі терең кеуделі,
      ұзын жалпақ арқасы,
      белі тегіс, ұзын және екіленген сауыры,
      мойын, джауырын және бөксе бұлшық еттерінің жақсы жетілгені.
      21. Сүтті жылқы шаруашылығында биелерді бонитирлеу (бағалау) кезінде, сонымен қатар, сүтті биелердің генеалогиялық аталық іздері мен типтерін шығару барысында жоғары сүт өнімділігінің сыртқы белгілері (қан тамырлары жетілген, ірі үрпекті тостақ тәрізді желіні) ескеріледі.
      22. Баллмен бонитирлеуде (бағалауда) жылқылардың шығу тегі бойынша құжаттық деректеріне байланысты реттеледі. Асыл әрі таза тұқымды жылқылар немесе зауыттық будандастыру негізінде алынған және негізгі бағасы 6 баллдан төмен емес жылқыларға 1 балл қосымша беріледі, зауыттық тұқым айғырлардан алынған I ұрпақ будандарға 1 балл шегеріледі, элита класты ата-енеден алынған негізгі бағасы 6 баллдан төмен емес жылқыларға шығу тегі бойынша 1 балл жоғары қойылады.
      23. Типтілігі немесе пайдалану жағына ұқсас жылқыларды таза тұқымды жылқы ретінде бағалайды (мұғалжар х қазақы, адай х мұғалжар, найман х адай).
      24. Ересек жылқыларды дене өлшемдері мен тірілей салмағы бойынша (5 жас және жоғары) бонитирлеу (бағалау) бағам бойынша жүргізіледі.
      25. Әрбір белгі – шоқтық биіктігі, тұрқының қиғаш ұзындығы, кеуде орамы және тірілей салмағы тиісті баллмен бағаланады; бұл баллдар қосылады, қосынды 4-ке бөлініп және толық санға дейін дөңгелектенеді. Жіліншік орамының шамасы бұл есепке кірмейді, оны аяқтарын сипаттағанда еске алады (экстерьер белгілерін сипаттау және бағалау тарауында).
      26. Тұрқының қиғаш ұзындығының өлшемі шоқтық биіктігінің өлшемінен асып түсуі керек. Осы екі көрсеткіш тең болған жағдайда жалпы баға 1 баллға төмендейді. Егер тұрқының қиғаш ұзындығының өлшемі шоқтық биіктігі өлшемінен төмен болса, онда жалпы баға 2 баллға төмендетіледі. Бұл көрсеткіш 3 см-ге дейін жоғары болса, онда бағам талаптарына қарсы жалпы баллды 1 баллға жоғарылатады. Кеуде орамының өлшемі 10 см-ге жоғары болса, онда бағам талаптарына қарсы жалпы бағаны 1 баллға жоғарылатады.
      26. Егер бонитирлеуді (бағалауды) жемшөп жағынан қолайлы кезеңде жүргізген жағдайда, онда қоңдылығы екінші категориялы ересек жылқылардың нақты деректеріне тірілей салмағы бойынша 20 кг-ға және кеуде орамы бойынша 3 см-ге қосымша беріледі. Категориясы стандартқа келмейтін жылқыларды бонитирлеуге (бағалауға) жатқызбайды.
      27. Төрт жарым жастағы немесе төмен жастағы жылқыларды бонитирлеу (бағалау) кезінде тірілей салмағы мен дене өлшемдеріне жылқының жасына байланысты осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкесі келтірілген талаптар төмендетіледі.
      28. Ауыл шаруашылық құрылымдарында жылқы басына зооветеринарлық шараларды және бонитирлеуді (бағалауды) жүргізу үшін арнайы жасалған қабылдау бөлімінен, тор бөлімге кіргізу орнынан, төрт тор бөлімнен, жылқыларды әртүрлі топқа бөлетін алты қоралардан тұратын дәліз-өткелек болуы шарт. Дәліз-өткелектің шығатын бөліміне міндетті түрде тексерілген 1-3 тонналы таразы қойылады осы Нұсқаулықтың 2 және 3-қосымшалары.
      29. Жылқыларды өлшеуіш таяқпен және жиналмалы жіп (рулетка) өлшейді. Бонитирлеуде (бағалауда) жылқыларды міндетті түрде өлшейді, ал таразы жоқ кезде, тірілей салмақты формула бойынша анықтауға жол берілмейді. Әрбір бонитирленген (бағаланған) жылқыға жеке карточка толтырылады. Шаруашылық бойынша жергілікті тұқым жылқыларын бонитировкалау нәтижелерінің жиынтық мәліметі 1 қарашаға дейін облыстық асылтұқымды қызмет көрсету органына тапсырылады.
      30. Екіден үш жарым жастағы жылқылардың дене өлшемдері мен тірілей салмақ шамаларына өзгертулер нағыз Нұсқаулықтың 4-қосымшасында көрсетілген.
      31. Әрбір жылқының экстерьер мүшелерін сипаттау мен бағалау дене өлшемдері мен тірілей салмағы алынғаннан кейін жүргізіледі.
      32. Экстерьерді сипаттау әрбір мүшелеріне қарап жүргізеді. Мүшелерді жүйе бойынша бағалайды: «жақсы», «қанағаттанарлық», «нашар». «Жақсы»- деген мүшеге 2 балл, «қанағаттанарлық» - деген мүшеге 1 балл және «нашар» - деген мүшеге 0 балл беріледі. Барлық экстерьер мүшелеріне берілген баллдар қосылып екіге бөлінеді және толық шамаға дөңгелектенеді. Бұл шама экстерьер үшін берілген жалпы балл болып есептеледі.
      33. Екі экстерьер белгісі үшін қанағаттанарлықсыз баға берілсе, бонитирлеуде (бағалауда) мұндай жылқы II кластан жоғары жіберілмейді.
      34. Өнімді жылқы шаруашылығында биелердің сүттілігін 1 айлық құлындардың қосымша тірілей салмағы бойынша, құлын енесімен бірдей жағдайда өсіріліп, енесін толық еміп, 1 кг қосымша салмақ қосуға бірдей сүт мөлшерін қажет еткенде (10 кг) анықтайды.
      35. Биелердің сүттілігін бағалау, 1 айлық құлындардың алған нақты қосымша салмақ негізінде ересек биелердің сүттілігін бағалау бағамы бойынша (Проф. К.Дүйсембаев бойынша) Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес жүргізеді.
      36. Табындағы жылқыларды бейімделу қасиеті бойынша бонитирлеу (бағалау) – қыстан шыққан кездегі қоңдылық жағдайына қарай немесе жаздың аяғында күзгі жайып семіртуге дейін, жылдың райы және табындағы жалпы жылқының қоңдылық деңгейі, сонымен қатар биелердің физиологиялық қалпы (буаздығы, құлын емізетіндігі, қысыр екендігі) ескеріліп жүргізіледі. Қоңдылығын үздік сақтаған жылқыны 8-10 баллдармен, жақсы сақтаған жылқыны 5-7, қанағаттанарлық сақтаған жылқыны 4 баллмен бағалайды. 4 баллдан төмен алған жылқыны тұқымдық класқа жатқызбайды. Қысыр қалған биені бейімделі қасиеті бойынша 1 баллға төмендетіледі, ал құлынды биені 1 баллға жоғарылатады. Ересек тұқымдық айғырлардың бейімделу қасиеті бойынша бағалауда үйірді ұстау инстинкті күшті, биелерді ұрықтандыру қабілеті 85 %-дан төмен емес (жыл мезгілі қолайлы кезде) болса, онда 9-10 баллға (оның ішінде ұрықтанып, дені сау емес құлын берсе де және түсік тастағаны болса да); ал қанағаттанарлық үйірді ұстау инстинкті бар, ұрықтандыру қабілеті 80 %-дан төмен емес болса 7-8 баллға бағаланады. Қалған айғырларды төменгі баллмен бағалайды. Егер екі жыл қатарынан ұрықтандыру қабілеті 60 %-дан төмен болса, мұндай айғыр бракқа кетеді.
      37. Ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау барлық алынған төлдеріне қарай жүргізіледі: айғырлар кем дегенде екі жыл (10 және одан жоғары) қатарынан алынған құлындары бойынша; биелер екі бастан кем емес бонитировка арқылы бағаланған ұрпақтары бойынша.
      38. Ұрпақтың әрбір басы баллмен ұрпақтардың сапасы бойынша бағаммен нағыз Нұсқаудағы 6-қосымшаға сәйкес бағаланып, барлық балл қосылып құлындардың санына бөлінеді. Алынған шама толық баллға дөңгелектенеді. Ұрпақтардың ішінде тұқым чемпионы (рекордшы) болса, сонымен қатар зауыттық маңызы бар тұқымдық айғырлар болса, онда ұрпақтардың сапасы бойынша бағалаудың жалпы бағасына әрбір белгі үшін 1 балл жоғары қойылады.

3. Зауыттық жылқыларды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      39. Жылқыларға бонитирлеу (бағалау) қазан айында жүргізіледі.
      40. Бонитирлеудің (бағалаудың) кешенділігі қасиеттердің (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері, экстерьер мүшелері, жұмысқа қабілеттілігі және ұрпақтар сапасы) қабылданған бағамдар негізіндегі 10 баллдық жүйеде жүргізіледі.
      41. Бонитирлеу (бағалау) жыл сайын жүргізіледі, бірақ жылқылар өмірінде үш рет бонитирлеуден өтеді.
      бірінші бонитирлеу (бағалау) - 1,5 жастан 3,5 жас аралығында (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері мен экстерьер мүшелері бойынша) жүргізіледі;
      екінші бонитирлеу (бағалау) – 3,5 жастан 7,5 жас аралығында (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері, экстерьер мүшелері мен жұмысқа қабілеттілігі бойынша) жүргізіледі;
      үшінші бонитирлеу (бағалау) – 7,5 және одан үлкен жаста (шығу тегі мен типтілігі, дене өлшемдері, экстерьер мүшелері, жұмысқа қабілеттілігі және ұрпағының сапасы бойынша) жүргізіледі, одан әрбір үш жылда ұрпағының сапасы жөнінде деректер жинағына қарай нақтыланады.
      42. Жылқылардың тұқымдылығы мен шығу тегі құжаттармен анықталады. Шығу тегі жөнінде құжаттары жоқ жылқылар асылтұқымды болып есептелмейді және бонитировкадан өтпейді.
      43. Будандардың қандылығы - аз жағына қарай дөңгелектенген ата-енесінің қандылығының жартылай қосындысымен анықталады және құжатта нағыз Нұсқаудың 8-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Шағылыстыру нәтижесінде алынған 3 және 4 ұрпақтың (қандылығы 7/8 және 15/16) тұқымаралық будандары, оларда тұқымға тән қасиеттері мен жақсы байқалған типтері болса таза тұқымды жылқыға жатқызылады.
      44. Бонитирлеуден (бағалаудан) өткен жылқыларды келесі класқа бөледі:
      элита – тұқымға қойылған барлық талапқа сай келетін ең үздік жылқылар;
      бірінші-класс – тұқымға қойылған негізгі талаптарға сай келетін жылқылар;
      екінші-класс – тұқымдық маңызы бар, тұқымның қалған бөлігі.
      Класқа жатқызылмаған жылқылар асылтұқымды – деп саналмайды.
      Әрбір класс үшін барлық қасиеттері бойынша бағалау Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес балл қойылады.
      45. Егер жылқының бір қасиеті үшін белгіленген минимумға дейін бір балл жетпесе, онда эксперт-аудитор жетпеген баллды ескермей, белгілі өзгерту енгізіп тиісті класқа жатқызуға болады. Екінші кластың төменгі талаптарына сай келмейтін жылқыларға мұндай өзгерту қаралмайды.
      46. Әрбір класс ішінде асылтұқымды жылқыларды үш категорияға бөледі:
      бірінші категорияға бір және одан да көп қасиеттері бойынша жоғары, ал қалған қасиеттері бойынша төменгі талапқа сай келетін, тиісті кластың жылқысы жатады;
      екінші категорияға барлық қасиеттері бойынша төменгі талапқа сай келетін, сол класқа жататын жылқы жатады. Тағы бұл категорияға бір немесе одан көп қасиеттері бойынша жоғары балл алған, ал бір қасиеті бойынша 1 балл төмен алған, сол класқа тиісті жылқы жатады;
      үшінші категорияға баллдық бағасы барлық қасиеттері бойынша кластың төменгі талабына сәйкес келетін және бір қасиеті бойынша баллға төмен жылқы жатады.
      47. Әрбір бонитирлеуден (бағалаудан) өткен жылқыға жеке карточка (нұсқа №1-л және №2-л) ашылады. Жылқылардың бонитирлеу (бағалау) нәтижелерінің жиынтық мәліметі (нұсқа №7-л) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аудандық аумақтық басқармасына 1 қазанға дейін тапсырылады.
      48. Бонитирлеу (бағалау) деректерін бонитирлеу (бағалау) нәтижелерінің жиынтық мәліметімен қоса акт жасайды, кейін бұл құжаттар жылқыларды асылтұқымдық ктабына енгізгенде, олардың құнын анықтағанда, асылдандыру жұмысына пайдалану үшін қажет.
      49. Тұқымның тип ерекшелігі мен шығу тегін бағам бойынша нағыз Нұсқаудың 10-қосымшасына сай бағалайды.
      50. Таза тұқымды жылқыларда, сонымен қатар, 3 және 4 ұрпақтың будандарында әкесі мен енесі элита болып, тұқымның тип ерекшелігі өте жақсы байқалса, онда жалпы бағаға әрбір ата-енесі үшін 1 баллдан қосылады.
      51. Кеуде орамы өлшемі 5 см-ге және жоғары, жіліншік орамы 0,5 см-ге жоғары болса, онда жалпы бағаға әрбір қасиет үшін 0,5 баллдан қосылады. Егер тұрқының қиғаш ұзындығы шоқтық биіктігінен 3 см-ге кем болса, онда дене өлшемдері бойынша 0,5 баллға төмендейді. Жылқы денесінің қысқалығы үшін 1 балл төмендетіледі. Жаттығу жүйесінде жүрген жылқыларға кеуде орамына деген талап 5 см-ге азайтылады. Дене өлшемдері үшін балл минимальды өлшем бойынша қойылады.
      52. Бойында «жабка, шпат, рорер» секілді кемшіліктері бар жылқылар бонитирлеуде (бағалауда) екінші кластан жоғары болмайды. Бойында «курба» кемшілігі бар жылқы бірінші класқа жатқызылуы мүмкін, бірақ жұмыс қабілеті жоғары болса. Нутрец – айғырлар бонитирлеуден (бағалаудан) өтпейді.
      53. Жылқының жұмыс қабілеті ат спортының классикалық түрі бойынша спорттық жарыстар мен ипподромдағы сынақтарының қорытындысы туралы құжаттар негізінде бағаланады. Жұмысқабілеті бойынша бағаланбаған жылқылар (3,5 жас және жоғары) бірінші кластан жоғары бағаланбайды.
      Қостанай тұқымының жылқыларын жұмыс қабілеті бойынша бағалау Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес бөлек бағаммен жүргізіледі.
      54. Облыстық ипподромда дәстүрлі және топтан тыс жарыстардан жүлделі болып бірінші орын алған жылқыларды бағалауда – 1 балл, республикалық ипподромда орын алған жылқыларға – 2 балл, халықаралық жүлде алған жылқыларға – 3 баллға дейін қосылады.
      55. Ат спортының классикалық түрінен зауыттық жаттығу жүйесіне сәйкес дайындықтан өткен Қостанай тұқымының 3,0-3,5 жасар төлі мен будандары шаруашылықтағы сынақ қорытындысы бойынша нағыз Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес бағаланады.
      56. Ұзақ және арақашықтық сынақтардан өткен, республикалық жарыстарға қатысып бірінші орын жүлдесін алған жылқылардың жұмысқабілетін бағалағанда 8 балл, қалған жүлделі орындар алғандарға 7-6 балл, ал арақашықтықты аяқтаған жылқыларға 5-4 балл қосылады. Облыстық жарыстарда алғандар осыған сәйкес 7, 6-5 және 4 баллмен, аудандық жарыс жүлдегерлері 6, 5-4 және 3 баллмен бағаланады. Сынақтар мен жарыстардың бөлек түрлері баллмен қосылмайды, жылқылар максимальды жетістіктер үшін бағаланады.
      57. Ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау барлық алынған төлдеріне қарай жүргізіледі: айғырлар кем дегенде екі жыл қатарынан алынған құлындары (10 және одан жоғары) бойынша; биелер бонитирлеу (бағалау) арқылы бағаланған екі бастан кем емес ұрпақтары бойынша. Жылқылар, қолайлы жағдайда өсірілген төлі бойынша бағаланады. Айғырлар мен биелер төлінің сапасы шаруашылықтағы бонитирлеу (бағалау) деректері мен жазбалар негізінде, эксперт-аудитор төлдерді қарағаннан кейін анықтайды.
      Тұқымдық айғырлар мен биелер төлінің әрбір басы нағыз Нұсқаудың 13-қосымшадағы бағам бойынша баллмен бағаланады. Одан кейін баллдарды қосып ұрпақтар санына бөледі.
      58. Төлдер арасында халықаралық жарыстардың чемпиондары, рекордшылары, жеңімпаздары бар болған кезде, ұрпақтарының сапасы бойынша бағалаудың жалпы бағасы 1 баллға жоғарылайды.
      Биені бірінші рет ұрпағының сапасы бойынша бағалау кезінде тұқымдық маңызы жоқ (зооветбрак) бір құлынның болуы, эксперт-аудитордың қарауына қарай жылқылардың тұқымдық құндылығын анықтау бойынша ескерілмейді немесе 1 баллға төмендетіледі.

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
1-қосымша           

Жергілікті жылқылардың бонитировка бағамы (төменгі талаптар)

Көрсеткіштер

Класс

элита

бірінші класс

екінші класс


айғырлар

биелер

айғырлар

биелер

айғырлар

биелер

Тип

8

7

6

5

4

3

Шығу тегі

8

7

6

5

4

3

Дене өлшемдері және тірілей салмағы

8

7

6

5

4

3

Экстерьер

8

7

6

5

4

3

Сүттілігі

-

7

-

5

-

3

Бейімделу қасиеті

8

7

6

5

4

3

Ұрпақтарының сапасы

8

7

6

5

4

3

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
2-қосымша           

Жергілікті жылқыларды бонитирлеу (бағалау) дәліз-өткел
қабырғалар жоспары (өлшемі см)

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
3-қосымша           

Жергілікті жылқылардың өлшемін алатын дәліз-өткел бөліктері

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
4-қосымша           

3,5 жастан кіші қостанай тұқымы жас жылқыларының дене өлшемдері
мен тірілей салмақ шамаларына өзгерістер

Жылқылардың жасы

Шоқтық биіктігі, см

Тұрқының қиғаш ұзындығы, см

Кеуде орамы, см

Жіліншік орамы, см

Тірілей салмағы, кг

3,5 жас

2

2

8

-

40

3 жас

3

4

11

0,5

60

2,5 жас

4

6

16

1,0

80

2 жас

6

10

22

1,5

110

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
5-қосымша           

Бір айлық құлындардың нақты қосымша салмақ есебі негізіндегі
сүттілігі бойынша ересек биелерді бағалау бағамы
(проф. К.Дүйсембаев бойынша)

Құлындардың көрсеткіштері

Тәуліктік сүт өнімділігі, кг

Балл

%

кг

12 және жоғары

50,4 және жоғары

16,8 және жоғары

10

11,0-11,9

46,2-46,1

15,4-16,7

9

10,0-10,9

42,0-46,1

14,0-15,3

8

9,0-9,9

37,8-41,9

12,6-13,9

7

8,0-8,9

33,6-37,7

11,2-12,5

6

7,0-7,9

29,4-33,5

9,8-11,1

5

6,0-6,9

25,2-29,3

8,4-9,7

4

5,0-5,9

21,0-25,1

7,0-8,3

3

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
6-қосымша           

Ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау бағамы

Қасиеттері (белгілер)

Айғырлар

Биелер

Баллдар

Төлдердің сапалық құрамы

элита класс

8

7

бірінші класс

6

5

екінші класс

4

3

Қолданыстағы

-

-

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
7-қосымша           

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің
жергілікті тұқым жылқыларын өсіру кезіндегі бекітілген құжаттар
нұсқасының тізімі

Нұсқа атауы

Нұсқа номері

Жергілікті тұқым айғырының карточкасы

№1-лт

Жергілікті тұқым биенің карточкасы

№2-лт

Үйір мәліметі

№3-лт

Биенің сүт өнімділігі мен төл өсіру есебін жүргізу журналы

№4-лт

Биенің шағылысуы мен құлындау есебінің жиынтық мәліметі

№5-лт

Құлындарды таңбалау есебін жүргізу журналы

№6-лт

Жергілікті тұқым жылқыларының бонитировка нәтижелерінің жиынтық мәліметі

№7-лт

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
8-қосымша           

Шағылысу кезіндегі жылқылардың қандылығын анықтау

Енесінің қандылығы


Әкесінің қандылығы


1/2

3/4

7/8

15/16

Таза тұқымды

Жақсарған

Жақсарған

1/2

1/2

1/2

1/2

1/2

1/2

1/2

3/4

3/4

3/4

3/4

1/2

3/4

3/4

7/8

7/8

7/8

3/4

3/4

7/8

7/8

15/16

15/16

3/4

7/8

7/8

15/16

т/қ

Таза тұқымды

3/4

7/8

15/16

т/қ

т/қ

Ескертпе: Қостанай тұқымының жылқылары таза қанды мініс тұқымының 7/8 және одан да төмен қан үлесі бар болған жағдайда таза тұқымды саналады.

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
9-қосымша           

Жылқыларды бағалау бағамы

Көрсеткіштер

Элита

бірінші класс

екінші класс

Айғырлар

Биелер

Айғырлар

Биелер

Айғырлар

Биелер

Шығу тегі және типтілігі

8

7

6

5

4

3

Дене өлшемдері

8

7

6

5

4

3

Экстерьер мүшелері

8

7

6

5

4

3

Жұмыс қабілеттілігі

8

6

5

4

3

2

Ұрпақтарының сапасы

8

7

6

5

4

3

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
10-қосымша           

Жылқыларды шығу тегі мен типтілігі бойынша бағалау

Тұқымдылығы

Желательный тип, балл

Үздік

Жақсы

Қанағаттанарлық

Таза тұқымды және төртінші ұрпақ будандары (15/16)

Будандар:
үшінші ұрпақтың (7/8 қандылық)
екінші ұрпақтың (3/4 қандылық)

8
 

7
6

7
 

6
5

6
 

5
4

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
11-қосымша           

Жазық, кедергілік жарыстардағы және стипль-чездердегі
жылқылардың жұмыс қабілеттілігі бойынша бағалау бағамы
(баллмен)

Ипподром немесе ат- спорттық жарыстарында сыналған

Жүлде орны

Жарыстар мен сынақ түрлері

Жазық шабыс

Кедергілік шабыс және стипль-чез

Зауыттық сынақтарда

1
2
3
Шауып өтті

4
3
2
1

6
5
4
2

Республикалық және облыстық жарыстарда

1
2
3
Шауып өтті

5
4
3
2

7
6
5
3

Халықаралық жарыстарда

1
2
3
Шауып өтті

6
5
4
3

8
7
6
4

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
12-қосымша           

Қостанай тұқымы жылқыларының зауыттық түріндегі сынақ
нәтижелері бойынша жас төлдерді бағалау бағамы

Зауыттық сынақтар нәтижелері

Зауыттық сынақтар нәтижелерін баллдық бағалау

Бонитировкалық балл

Үздік

9-10

6

Жақсы

8

5

Қанағаттанарлық

7

4

Шамалы

6

3

Жергілікті және зауыттық тұқым 
жылқыларын асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
13-қосымша           

Жылқыларды ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау бағамы

Төлдің класстық құрамы

Баллдар

элита

1- категория

10

2- категория

9

3- категория

8

бірінші класс

1- категория

7

2- категория

6

3- категория

5

екінші класс

1- категория

4

2- категория

3

3- категория

2

Асылтұқымды еместер

1

Нұсқа № 1-лт
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
«___»___________20___ж.
№__________
бұйрығымен бекітілген

Шаруашылық

Жергілікті айғырдың карточкасы

Аудан, облыс

Таңба

Түр-түсі, ерекшелігі

Аты №

Туылған жылы


Сол жағы

Оң жағы






Мойны








Иық








Саны




Енесі

Әкесі

Енесінің енесі (ЕЕ)

Енесінің әкесі (ЕӘ)

Әкесінің енесі (ӘЕ)

Әкесінің әкесі (ӘӘ)









Дене өлшемдері

Мерзімі

Экстерьер мүшелері

1-бонитирлеу (бағалау)

2-бонитирлеу (бағалау)

3-бонитирлеу (бағалау)

Жақсы

Қанағаттандырылық

Нашар

Жақсы

Қанағаттандырылық

Нашар

Жақсы

Қанағаттандырлық

Нашар




Басы мен мойны










Шоқтық биіктігі, см




Тұлғасы










Кеудесі










Дене тұрқы ұзындығы, см




Арқасы










Белі










Кеуде орамы, см




Сауыры










Аяқтары










Жіліншік орамы, см




Тұяқтары










Қоңдылығы




Еттік нұсқасы және бұлшық еттері










Тірілей салмағы, кг




Конституциясы мен дене бітімі










Кемшіліктері мен негізгі ерекшелігі










      № 1-лт нұсқасының жалғасы

Тұқымдыққа пайдаланылуы

бонитирлеу (бағалау)

шағылысу жылы

үйірдегі би-лер

оның ішінде

Төлдің туылған жылы

Еркек тай-құнандар

байталдар

қысыр қалғаны

түсік тастағаны

құлындағаны

барлығы


барлығы


Көрсеткіштер

Мерзімі

асыл тұқымды

қолданылуы

етке

асыл тұқымды

қолданылуы

етке

Шығу тегі және типі




Дене өлшемі және тірілей салмағы


















Экстерьері


















Бейімделу қасиеті


















Ұрпақтар сапасы


















Класс


















Өсіру әдісі, жұптастыру




Ерекше белгілері:

Бонитердің (сыныпшының) аты-жөні


Мерзімі, қолы:











№ 2-лт нұсқа
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
«___»___________20___ж.
№__________
бұйрығымен бекітілген

Шаруашылық

Жергілікті биенің карточкасы

Аудан, облыс

таңба

Түр-түсі, ерекшелігі

Аты №

Туылған жылы


Сол жағы

Оң жағы


Типі

Мойны




Тұқым және қандылығы

Иығы




Сауыры




Енесі

Әкесі

Енесінің енесі (ЕЕ)

Енесінің әкесі (ЕӘ)

Әкесінің енесі (ӘЕ)

Әкесінің әкесі (ӘӘ)








Дене өлшемдері

Мерзімі

Экстерьер мүшелері

Жақсы

Қанағаттандырылық

Нашар




Шоқтық биіктігі, см




Басы мен мойны




Тұлғасы




Дене тұрқы ұзындығы, см




Кеудесі




Арқасы




Кеуде орамы, см




Белі




Сауыры




Жіліншік орамы, см




Аяқтары, тұяқтары




Үрпектері мен желіні




Қоңдылығы




Еттік нұсқасы және бұлшық еттері




Тірілей салмағы, кг




Конституциясы мен дене бітімі




Кемшіліктері мен негізгі ерекшеліктері




      № 2-лт нұсқасының жалғасы

Тұқымдыққа пайдаланылуы

Шағылысқан жылы

Айғыр: аты, № және туылған жылы

Құлындаған мерзімі

Құлын жынысы

Түртүсі және ерекшеліктері

Таңба

Өлшенген мерзімі, қоңдылығы, тірілей салмағы

Класы, тағайындалу мерзімі

































































Сүттілігі
(Мерзімі, желін нұсқасы)

Бонитирлеу (бағалау)

Мерзімі





Шығу тегі мен типтілігі





Дене өлшемдері және тірілей салмағы




Басқа да ерекшелігі:

Экстерьер




Сүттілігі





Бейімделу қасиеті





Ұрпағының сапасы




Бонитердің аты-жөні. Мерзімі, қолы:

Класс





Өсіру әдісі




№ 7-лт нұсқа
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
«___»___________20___ж.
№__________
бұйрығымен бекітілген

Облысы _________________________________________
Ауданы _________________________________________
Ауыл шаруашылық құрылымы _______________________
Категориясы ____________________________________
Өсірілетін тұқымы ______________________________

20____ жылғы жергілікті тұқым жылқыларының бонитирлеу (бағалау)
нәтижелерінің жиынтық мәліметі

Бонитирлеу (бағалау) комиссиясының құрамы

Бонитирлеушінің (бағалаушының) қызметі

Аты-жөні











Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
10-қосымша        

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
10-қосымша        

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және
өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 2014 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, түйелерді бағалауды нақтылай түседі.
      2. Түйелерді бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Түйелерді бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Бонитирлеу (бағалау) жүргізу үшін төмендегілер қажет:
      1) жеке нөмірлерінің болуы (таңба, белгі, сырға немесе микрочиптер);
      2) аталық және аналық түйелердің алғашқы асыл тұқымдық зоотехникалық есептерін жүргізу (№1-В және №2-В үлгілері);
      3) түйелердің өнімділігі туралы мәліметтер (жүн түсімі, аналықтардың сүт німділігі).
      4. Бонитирлеу (бағалау) жыл сайын жүргізіледі.
      Әрбір түйе өз өмірінде екі рет бонитирленеді (бағаланады).
      1) бірінші рет 2,5-жасында (шығу тегі мен типтілігі, дене тұрқы мен тірілей салмағы, дене бітімі, жүн өнімділігі, бейімділік қасиеттері бойынша);
      2) екінші рет 6,5-жасында және одан жоғары (шығу тегі және типтілігі, дене тұрқы мен тірілей салмағы, дене бітімі, сүт және жүн өнімділігі, бейімділік қасиеттері, тұқым сапасы бойынша).
      5. Түйелерді бонитирлеу (бағалау), олардың өсіріліп отырған аймақтарының ауа-райына байланысты қыркүйек-қазан айларында, малдардың негізгі салмағының қоңдылығы жоғары және орташа жоғары деңгейге жеткен уақытта жүргізіледі. Әрбір көрсеткіш (белгі) 10-баллдық шкала бойынша бағаланады.
      6. Түйелерді бонитирлеу (бағалау) үшін шаруашылықта әрбір топқа арналған, қабылдау базасынан, воронкадан, 5-6 бөлшектену клеткасынан, түйелерді орналастыру үшін 5 секциялы үлестіруші базадан түратын типтік база-расколдар болуы қажет. Шығар алдында орналастырылған бөлшектену клеткасында 1-3 тонналық таразылар орналастырылады.
      7. Түйелердің дене тұрқын рулетка (өлшеуіш) және өлшеуіш таяқшамен, ал тірілей салмағын жекеше өлшеу арқылы анықтайды. 1-3 тонналық таразылар болмаған жағдайда тірілей салмағын айыру арқылы анықтауға жол беріледі. Бонитировка кезінде әрбір түйеге жеке-жеке карточкалар ((№1-В және №2-В үлгілері) толтырылады.
      8. Шаруашылықтағы түйелердің бонитирлеу (бағалау) нәтижесінің жиынтық ведомосын мал тұқымын асылдандыру басқармасынына тапсырады.
      9. Таза қанды дара түйелерге сыртқы белгілері, өнімдерінің түрі мен сапасы осы тұқымға сәйкес келетін, ал шығу тегі бойынша төмендегі белгілердің біріне жауап беретін түйелер жатады:
      1) таза қандылығы құжаттармен бекітілген, ата-енелері сол тұқымнан шыққан малдар;
      2) өнімділігі бойынша бір бағыттағы тұқыммен сіңіре шағылыстырған жағдайда алынған малдар, егер олар жақсартушы тұқымның екінші ұрпағынан төмен және өздерінің асыл тұқымдық, өнімділік сапалары бойынша түйелер үшін осы тұқымның бірінші класынан асынан кем болмаса.
      10. Бонитирлеу (бағалау) жасаудағы негізгі қағидасы – кешенділік және түйелердің асылтұқымдылығын бағалау мен мақсатын белгілеуге қатаң көзқарас болу керек.
      11. Богнитирлеуді (бағалауды) қыркүйек-қараша айларында жүргізеді.
      12. Сәуір айының аяғынан мамыр айының басында түйелердің жеке жүн қырқымы, табын бойынша, жалпы түйе тұқымы мен шаруашылық бойынша анықталады.
      13. Бонитирлеудің (бағалаудың) кешенділігі мынада – түйелердің белгілері 8 топқа жіктеліп, әр топтағы белгілер 10-баллдық жүйе бойынша бағаланады:
      1) малдың шығу тегі мен типтілігі;
      2) дене бітімі;
      3) тірілей салмағы мен дене өлшемдері;
      4) дене тұрқы;
      5) желіні мен сүт өнімділігі;
      6) жүн өнімділігі;
      7) бейімделу қасиеті;
      8) ұрпақ сапасы.
      14. Бонитирлеудің (бағалаудың) қатаңдығы мынада: малдың класы оның әр топтағы алған ең төменгі балы бойынша қойылады. Бонитировкадан өткізілген мал басы осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес шкалаға байланысты төмендегі кластарға бөлінеді.
      1) элита – тұқымға қойылатын талаптарға толық сәйкес келетін, үздік малдар. 210 күндік сауын мерзіміндегі сүті қазақ бактрианының етті-сүтті бағыттағы аналықтары үшін 945 кг, қазақ нары үшін 1680 кг, түрікмен дромедары үшін 2100 кг (ботасының емген сүтін қоса есептегенде) болуы керек. 7 белгі бойынша индексті түрде бағалау шкаласы бойынша алған жалпы балл саны 49 баллдан дан кем болмауы керек.
      2) бірінші класс – тұқымға қойылатын талаптарға қанағаттанарлық түрде жауап беретін малдар. 210 күндік сауын мерзіміндегі сүті қазақ бактрианының етті-сүтті бағыттағы аналықтары үшін 750 кг, қазақ нары үшін 1300 кг, түрікмен дромедары үшін 1800 кг (ботасының емген сүтін қоса есептегенде) болуы керек. 7 белгі бойынша индексті түрде бағалау шкаласы бойынша алған жалпы балл саны 43 баллдан кем болмауы керек.
      3) екінші класс – асыл тұқымды мәні бар түйелердің қалған бөлігі. 210 күндік сауын мерзіміндегі сүті қазақ бактрианының етті-сүтті бағыттағы інгендері үшін 600 кг, қазақ нары үшін 950 кг, түрікмен дромедары үшін 1500 кг (ботасының емген сүтін қоса есептегенде) болуы керек. 7 белгі бойынша индексті түрде бағалау шкаласы бойынша алған жалпы балл саны 37 баллдан кем болмауы керек.
      15. Сүт бағытындағы аналықтар үшін, тұқымына қарамастан, жалпы сауылған сүтке қойылатын талап 10%-ға артады. Етті-жүнді бағыттағы қазақ бактрианы мен қазақ нарының аналықтары үшін жалпы сауылған сүтке қойылатын талап 15%-ға төмендейді.
      16. Тұқымға қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін малдар жарамсыз (классыз) деп саналады.
      17. Түйе классқа белгілі бір белгісі бойынша алынған ең аз балл көрсеткіші бойынша жатқызылады. Мысалы, аналық түйе барлық қасиеттері бойынша 7 балл алып келді де, дене тұрқы бойынша 6 балл алды дейік. Бұндай жағдайда басқа көрсеткіштері бойынша элита класының талаптарына сай келгеніне қарамастан бірінші класқа жатқызылады.
      18. Түйенің тұқымы шыққан тегі жөніндегі зоотехникалық және асыл тұқымдық құжаттарына сәйкес анықталады, егер ондай құжаттар болмаған жағдайда мал белгілі бір тұқымға жатқызылмайды, яғни тұқымсыз мал болып есептеледі.
      19. Тұқымдылығы жөнінен осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес түйелер келесідей топтарға бөлінеді: таза қанды және түрлі қоңдылық дәрежесіндегі будандар. Шығу тегі бойынша түйелерді бағалау шкаласы осы Нұсқаулың 4-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
      20. Малдың дене бітімі (конституциясы) – денесінің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне және тұқым қуалаушылық факторларына байланысты ағзаның жалпы бітімі.
      Малдың дене бітімі оның сыртқы ортаның түрлі факторларына бейімділігін, сонымен қатар өнімділігін көрсете алады. Түйелердің дене бітімінің 7 типі бар.
      1) үйлесімді – малдар барлық параметрлері бойынша тұқымға сәйкес келеді (10 балл).
      2) үйлесімді-мықты – малдар негізінен тұқымға сәйкес келеді (9 балл).
      3) шымыр (денелі) – сүйектері шымыр, бұлшық еттері жақсы дамыған, терісі тығыз, мінезі салмақты мал (8 балл).
      4) жеңілденген тип – мал жеңіл сүйекті, бұлшық еттері жақсы дамыған, терісі тығыз болып келеді, мінезі салмақты (7 балл).
      5) нәзік тип – дене тұрқы жіңішке, дене пішіні құрғақ, терісі жұқа, сүйегі әлсіз, мінезі тез өзгергіштігімен сипатталады (6 балл).
      6) ірі тип – мал ірі сүйекті, қалың терілі, денелі, төзімді, мінезі ауыр мал (5 балл).
      7) болбыр тип – дене тұрқы толық, бұлшық еттері жақсы дамыған, зат алмасу процесі баяу, жақсы бордақыланады, денесіне майды тез жинайды, мінезі салмақты немесе ауыр (4 балл). Дене бітімі болбыр түйелерді селекция үшін пайдаланбайды.
      21. Түйелерді дене өлшемдерін бағалау үшін төрт көрсеткіш пайдаланылады:
      1) өркеш аралық биіктігі – шоқтық биіктігі (өлшегіш таяқпен) – қос өркешті түйелерде жерден екі өркешінің арасына дейінгі биіктігі, бір өркештілерде жерден шоқтығының ең биік нүктесіне дейінгі биіктігі;
      2) дененің қиғаш өлшемі (өлшегіш таяқпен) – жауырын-тоқпан жілік буынының алдыңғы нүктесінен бастап жамбас сүйектің шонданай нүктесіне дейінгі ұзындық;
      3) кеуде орамы (өлшегіш таспамен) – қос өркештілерде екі өркешінің аралығы мен төстабанының ортасы арқылы, ал бір өркештілерде шоқтығы мен төстабанының ортасы арқылы өлшенеді;
      4) жіліншік орамы (өлшегіш таспамен) – жіліншігінің ең жіңішке жерінен өлшенеді (үшке бөлгендегі - жоғарғы және орта бөліктерінің түйіскен жерінен).
      21. Бонитировка кезінде түйелердің тірілей салмағы таразымен өлшеу арқылы немесе есептеу жолымен анықталады. Түйенің тірілей салмағын есептеу жолымен анықтағанда оның денесінің қиғаш ұзындығы мен кеуде орамы өлшенеді. Осы өлшемдерді өзара көбейткеннен кейінгі шыққан санды жасына байланысты қойылған коэффициентке бөледі. Оның формуласы төмендегідей:
                         
мұнда: ТС – тірілей салмағы;
       КО – кеуде орамы;
       ДҚҰ – денесінің қиғаш ұзындығы;
       ЖК – жас коэффициенті.
      22. Қос өркешті түйелерді туылғанынан бастап 1-2-3-6-12-18-36-48 айлық мерзімге, одан кейін сақа мал күйіне жеткенше өлшеудің нәтижесінде түйенің тірілей салмағын есептеп шығаруға пайдаланылатын жас коэффициенті осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына, ал дромедар мен нар түйелердің тірілей салмағын анықтау үшін жас коэффициенті осы Нұсқаулықтың 6 қосымшасына сәйкес анықталды.
      Түйелердің тірі салмағын коэфициент арқылы есептеу есебі осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасымен беріледі.
      23. Түйені дене өлшемдері мен тірілей салмағы бойынша бағалағанда міндетті түрде 2,5 және 6,5 жастағы шкалалар қолданылады. Дене өлшемдері мен тірілей салмағының баллдары екі түрлі болған жағдайда, түйе төменгі балл бойынша бағаланады.
      24. Түйе денесінің әр мүшесін сипаттау мен бағалауды дене өлшемдері мен салмағын анықтағаннан кейін (таразыға тарту немесе есептеу жолымен) жүргізеді. Дененің әрбір мүшесін жеке-жеке сипаттау үшін бонитировка құжатының тиісті графасына шартты белгілер қойылып отырылады.
      25. Әр мүшесіне қойылған баллдың жиынтығын олардың санына бөліп, алынған бөліндіні бүтін санға айналдырады. Осы шыққан сан дене тұрқына берілген балл болып есептеледі. Екі немесе одан да көп мүшесі бойынша қанағаттанғысыз баға алған мал (түйе) асыл тұқымға жатқызылмайды.
      26. Дене бітімінің жалпы типі:
Ірі денелі - бағанада «жақсы» (10 балл)
Орташа- бағанада «қанағаттанарлық» (10 балл)
Болбыр – бағанада «нашар» (6 балл)
      27.Тұрқы:
Ұзын -бағанда «жақсы» (10 балл)
Орташа - бағанада «қанғаттанарлық» (7 балл)
Қысқа - бағанада «нашар» (6 балл)
      28. Басы:
Тепе тең - бағанада «жақсы» (10 балл)
Добалдау - бағанада «қанағаттанарлық» (7 балл)
Жеңіл - бағанада «нашар» (6 балл)
      29. Мойын:
Бұлшық еті - бағанада «жақсы» (10 балл)
Жалпақ жіңішке бұлшық ет - бағанада «қанағаттанарлық» (7 балл)
Қысқа - бағанада «нашар» (6 балл)
      30. Кеуде қуысы:
Кең - бағанада «жақсы» (10 балл)
Саяз - бағанада «қанағаттанарлық» (7 балл)
Жіңіщке - бағанада «нашар» (6 балл)
      31. Өркеш:
тік - бағанада «жақсы» (10 балл)
бір өркеші жатыңқы - бағанада «қанағаттанарлық» (7 балл)
екі өркеші де жатыңқы - бағанада «нашар» (6 балл)
      32. Сауыр:
Бүкірлеу - бағанада «жақсы» (10 балл)
салбыраңқы – бағанада «қанағаттанарлық» (7 балл)
қысқа - бағанада «нашар» (6 балл)
      33. Желін және үрпі:
Тостақ тәріздес – бағанада «жақсы» (10 балл)
Дөңгеленген – бағанада «қанағаттанрлық» (7 балл)
Жалпақ пішінді - бағанада «нашар» (6 балл)
      34. Алдынғы аяқтары:
ақаусыз – бағанада «жақсы» (10 балл)
аяқ арасы - бағанада «қанағаттанарлық» (7 балл)
тірсек арасы ашық - бағанада «нашар» (6 балл)
      35. Артқы аяқ:
Ақаусыз – бағанада «жақсы» (10 балл)
Қылыш тәрізді - бағанада «қанағаттанрлық» (7 балл)
Тірсегінің жақындығы – бағанада «нашар» (6 балл)
      36. Сүйектілігі:
берік – бағанада «жақсы» (10 балл)
жіңішке сүйекті – бағанада «қанағаттанрлық» (7 балл)
шамадан тыс добалдау - бағанада «нашар» (6 балл)
      37. Бұлшық ет:
Жақсы дамыған – бағанада «жақсы» (10 балл)
қанағатанарлықтай дамыған - бағанада «қанағаттанрлық» (7 балл)
нашар дамыған - бағанада «нашар» (6 балл)
      38. Желінге баға бергенде оның үлкендігіне, пішініне, денеге орналасуына, емшектерінің пішіні мен мөлшеріне және өзара орналасу қашықтығына назар аударылады. Желін пішініне берілетін балл осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес анықталады.
      39. Аналық желінінің бес түрлі пішіні болады: тостаған тәрізді, домалақ, жалпақ, бөлшектенген және қарапайым.
      1) желін емшектерінің ұзындығы 4,0-6,0 см аралығында, емшектері конус тәріздес, аралары алшақ орналасқан, ұштары төмен қарай бағытталған болып келсе тостаған тәріздес болып есептеледі.
      2) домалақ пішінді желін – емшектерінің ұзындығы, (16-20 см), емшектері конус немесе алмұрт тәріздес, араларының алшақтығы орташа, төмен қарай бағытталған болып келеді.
      3) жалпақ желіннің емшектерінің ұзындығы (20-22см) аралығында, емшектерінің пішіні алмұрт тәріздес, аралары алшақ, ұштары бүйірге қарап орналасқан болады.
      4) бөлшектенген желіннің пішіні – емшектерінің ұзындығы (6,0 см-ден) жоғары, пирамидаға ұқсас, аралары алшақ орналасқан, емшек ұштары бйірге қарай бағытталған болып келеді.
      5) қарапайым желін емшектерінің ұзындығы (2,0 см-ге жетпейді), пішіні алмұрт тәріздес, аралары жақын орналасқан, ұштары бүйіріне қарай бағытталған болады.
      40. Аналық түйелердің сүттілігін бағалау лактацияның 3-4 айларында алынған сүттің орта сауымының негізінде осы Нұсқаулықтың 8 қосымшасына сәйкес анықталады, одан әрі аналық түйелердің сүт өнімділігі есебінің және жас төлдерді өсіру журналының талаптарына сай жүргізіледі (үлгі №4-В).
      Табынды түйе шаруашылығында сауылмайтын аналықтардың сүттілігін 6 айлық боталардың дамуы және қоңдылығы бойынша анықтауға болады: егер ботаның дамуы мен қоңдылығы қанағаттанарлық болса – 6-7 балл; егер ботаның дамуы мен қоңдылығы қанағаттанарлық емес болса – 3-5 балл.
      41. Түйенің жүн өнімділігі олардың әрқайсының берген (қырқылған) жүні мен түлеген (жинап алынған) жүнін есепке ала отырып анықталады.
      Буаз немесе бір жасқа дейінгі ботасы бар аналықтардың жүн өнімділігін бағалағанда, оларға қойылатын талап 0,5 кг-ға кемітіледі.
      42. Қазақ бактрианы түйелерін жүн өнімділігі бойынша бағалау шкаласы осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасында көрсетілген және түркімен дромедарының жүн өнімділігі бойынша бағалау шкаласы осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасында, ал қазақ нары түйелерінің шкаласы осы Нұсқаулықтың  11-қосымшасындакөрсетілген.
      43. Түйенің бейімделу қасиетін қысқа түсер алдындағы қоңдылығы бойынша бағалайды. Бұл жерде алдымен сол жылдың ауа-райы, табындағы малдардың қоңдылық дәрежесі, сонымен қатар аналықтың физиологиялық жағдайы (буаз немесе боталы) ескеріледі.
      44. Түйенің қоңдылығын бір жасынан бастап сипатты белгілеріне қарай анықтайды. Жоғары қоңдылық (10 балл) - өркештері толық толысқан, тік, нығыз, қозғалмайтын қалпында; өркештің етегінде май жастығы білініп тұрады, бұлшық еттері жақсы дамыған, денесі жұмыр болып келеді. Ортадан жоғары қоңдылық (9 балл) - өркештері толысқан, тік, нығыз, қозғалмалы, май жастығы сәл білініеді, бұлшық еттері жақсы дамыған, денесі жұмыр. Орта қоңдылық (8 балл) - өркеші кішілеу және сәл иілген, өркешінің етегінде май жастығыбілінбейді, бұлшық еттері орташа дамыған. Ортадан төмен қоңдылық (7 балл) - өркештері өте кіші, салбырап құлап жатады, бұлшық еттері нашар дамыған, сүйектері білініп тұрады. Сауын түйелерге, қоңдылықтары орта немесе ортадан төмен болған жағдайда, бір балл қосылады.
      45. Аталық пен аналықтың ұрпақтарының сапасы, олардан алынған барлық төлдер сапасы арқылы бағаланады: Бұл мақсатта аталық буралардың төлдерінің сапасын екі тұқымдық боталар саны арқылы анықатап, аналық інгендердің төлдерінің сапасын анықтау үшін бота саны төрт бастан кем болмауы шарт.
      46. Барлық төлдердің жинаған ұпайларының қосындысын бағаланған бота санына бөліп, төл сапасы арқылы бағаланып отырған аталық бураның немесе аналық інгеннің төл сапасының ұпайын анықтайды:
      1) өнімділігі жоғары асыл тұқымды табынның ядросы;
      2) жаңа генетикалық пайдаланылған селекциялда шығарылған асыл тұқымды ядросын пайдаланғанда жаңа генетикалық материал;
      3) шарауашылық – шаруашылық аналық тауар өндіреді;
      47. Өткен жылғы бонитирлеудің (бағалаудың) анализінің нәтижесі бойынша анықталған материалдар. Негізінен өңделген материал жеке және топтап жоспарлы аналықтарды іріктеу үшін түйелердің аталықтарын және селекциялық асыл тұқымды жұмысындағы табындарында бонитирлеу (бағалау) өткізіледі.
      48. Бонитирлеу (бағалау) қорытындысы бойынша малдардың жарамсызын және одан ары өсімге қалдырылатындығы анықталады. Аналық және аталық түйелердің бонитирлеу (бағалау) карточкаларындағы мәліметтер асыл тұқымды жануарлардың сатылу бағасын анықтау және асыл тұқымды кітабын құру үшін алғашқы матерал болып табылады.

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
1 қосымша           

Түйе табындарының жыныстық жас құрылымы

Жыныстық жас құрылымы

Шифр

Барлығы, бас

А

Б

В

Аталық-буралар 5 жас және одан жоғары

02


Бура 3-тен 4 жасқа дейін

03


Бура 2-ден 3 жасқа дейін

04


Аналық інген 5 жас және одан жоғары

05


Ұрғашы түйелер 4 жастан 5 жасқа дейін

06


Ұрғашы түйелер 3жастан 4 жасқа дейін

07


Ұрғашы түйелер 2жастан 3 жасқа дейін

08


Боталар туылғаннан енесінен айырғанға дейін (12 ай)

09


Азбан түйелар (мерины) 3 жастан жоғары

10


Бордақыланатын мал басы

11


Жарамсыз ересек мал басы

12


Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
2 қосымша           

Түйелерді бонитирлеудің (бағалаудың) шкаласы
(классқа жатқызылатын төменгі балл)

Көрсеткіштер

элита

бірінші класс

екінші класс

бура (үлек)

аналық

жас малдар

бура (үлек)

аналық

жас малдар

бура (үлек)

аналық

жас малдар

малдың шығу тегі мен типтілігі

7

7

7

7

7

7

7

7

7

дене бітімі

7

7

7

6

6

6

5

5

5

тірі салмағы мен дене өлшемдері

7

7

7

6

6

6

5

5

5

дене тұрқы

7

7

7

6

6

6

5

5

5

желіні мен сүт өнімділігі

-

7

-

-

7

-

-

5

-

жүн өнімділігі

7

7

7

6

6

6

5

5

5

бейімделу қасиеті

7

7

7

6

6

6

5

5

5

ұрпақ сапасы

7

7

-

6

6

-

5

5

-

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
3 қосымша           

Түйелерді шағылыстырған жағдайда олардың тұқымдылығын анықтау

Анасының тұқымдылығы

Әкесінің тұқымдылығыы

тазақанды

төртінші ұрпақ немесе тазақанды

үшінші ұрпақ

тазақанды

тазақанды

тазақанды

төртінші ұрпақ

төртінші ұрпақ

тазақанды

тазақанды

үшінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

төртінші ұрпақ

төртінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

екінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

үшінші ұрпақ

екінші ұрпақ

бірінші ұрпақ

екінші ұрпақ

екінші ұрпақ

екінші ұрпақ

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
4 қосымша           

Түйелерді шығу тегі бойынша бонитирлеу (бағалау) шкаласы

Белгілер

Балл саны

Жас мал

Сақа мал

ура (үлек)

Аналық

Түйенің ата-анасы белгілі, асыл тұқымды кітапқа енгізілген немесе сол талапқа сай келеді.

10

10

10

Түйенің ата-анасының бірі асыл тұқымды кітапқа енгізілген немесе сол талапқа сай келеді.

9

9

9

Түйенің ата-анасы белгілі, бірақ асыл тұқымды кітапқа енгізілмеген немесе сол талапқа сай келмейді.

8

8

8

Түйенің ата-енесі белгісіз, бірақ ережедегі тұқымға қойлатын талапқа сай келеді.

7

7

7

Түйенің ата-енесі белгісіз, ережедегі тұқымға қойлатын талапқа сай келмейді.

6

6

6

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
5 қосымша           

Қазақтың қос өркешті түйесінің тірі салмағын анықтау үшін
қолданылатын жас коэффициенті

Жасы

ұрғашы

еркек

Туылғанда

150

150

1 ай

110

110

2 ай

105

105

3-5 ай

100

100

6-11 ай

95

95

12-17 ай

90

90

18-23 ай

80

70

24-35 ай

75

65

36-47 ай

70

60

48-60 ай

67

65

Сақа мал ( 5 жас және одан жоғары)

64

52

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
6 қосымша           

Түркімен дромедары мен қазақ нарының тірілей салмағын анықтау
үшін жасты коэффициенті

Жасы

Ұрғашысы

Еркегі

Туылған кезінде

140

140

1 ай

120

120

2 ай

110

110

3-5 ай

105

105

6-11 ай

100

100

12-17 ай

95

95

18-23 ай

75

70

24-35 ай

70

67

36-47 ай

68

65

48-60 ай

65

63

Сақа малдар ( 5 жас және одан жоғары)

63

62

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
7 қосымша           

Аналық желінінің пішініне қарай баға беру

Желін пішіні

Желін бөліктерінің дамуы

Балл

Тостаған тәріздес

бірқалыпты

10

әртүрлі

9

Домалақ

бірқалыпты

8

әртүрлі

7

Жалпақ

бірқалыпты

6

әртүрлі

5

Бөлшектенген

бірқалыпты

4

әртүрлі

3

Қарапайым

бірқалыпты

1-2

әртүрлі

0

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
8 қосымша           

Аналықтың сүттілігін анықтау шкаласы (3-ші және 4-ші айлық
сауын мерзімінде бір тәулікте берген сүті
(ботасының емген сүтін қоса есептегенде),кг

Қазақ бактрианы

Түркімен дромедары

Қазақ нар

Балл

6,0 және одан жоғары

14,0 одан жоғары

11,0 одан жоғары

10

5,5

13

10

9

5,0

12

9

8

4,5

10

8

7

4,0

9

7

6

3,5

8

6

5

3,0

7

5

4

3,0 төмен

6 және төмен

4 және төмен

3

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
9 қосымша           

Қазақтың қос өркешті түйесінің жүн өнімділігін анықтау шкаласы

Жүн түсімі, кг

Балл

Еркектері

Ұрғашылары

Жасы, жыл

Жасы, жыл

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

3,6

4,4

5,0

6,0

7,0

10,0

3,3

4,2

4,6

5,5

6,4

7,5

10

3,4

4,2

4,8

5,8

6,7

9,5

3,1

4,0

4,4

5,1

6,0

7,0

9

3,2

4,0

4,6

5,5

6,4

9,0

2,9

3,8

4,2

4,8

5,6

6,5

8

3,0

3,8

4,4

5,2

6,1

8,5

2,7

3,6

3,8

4,5

5,2

6,0

7

2,8

3,6

4,2

4,9

5,7

8,0

2,5

3,4

3,6

4,2

4,8

5,5

6

2,5

3,4

3,9

4,6

5,3

7,5

2,3

3,2

3,4

3,9

4,4

5,0

5

2,2

3,2

3,7

4,3

4,8

7,0

2,0

3,0

3,2

3,6

3,9

4,5

4

2,0

3,0

3,5

4,0

4,5

6,5

1,8

2,8

3,0

3,3

3,5

4,0

3

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
10 қосымша          

Түркімен дромедарының түйесінің жүн өнімділігін анықтау шкаласы

Жүн түсімі, кг

Балл

Еркектері

Ұрғашылары

Жасы, жыл

Жасы, жыл

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

2,8

3,3

4,0

4,5

4,8

5,5

2,8

3,1

3,3

3,5

3,6

3,8

10

2,6

3,0

3,5

4,0

4,3

5,0

2,6

2,9

3,0

3,1

3,2

3,3

9

2,4

2,7

3,0

3,5

3,9

4,5

2,4

2,6

2,8

2,9

3,0

3,1

8

2,2

2,5

2,8

3,0

3,4

4,0

2,2

2,4

2,5

2,7

2,8

2,9

7

2,0

2,2

2,4

2,5

2,9

3,5

2,0

2,2

2,3

2,4

2,5

2,6

6

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

3,0

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

2,4

5

1,5

1,7

1,9

2,0

2,2

2,5

1,5

1,7

1,8

1,9

2,0

2,1

4

1,3

1,5

1,7

1,8

2,2

2,3

1,2

1,4

1,6

1,7

1,9

2,0

3

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
11 қосымша          

Қазақтың нар түйесінің жүн өнімділігін анықтау шкаласы

Жүн түсімі, кг

Балл

Еркектері

Ұрғашылары

Жасы, жыл

Жасы, жыл

1

2

3

4

5

6

1

2

3

4

5

6

3,0

3,5

4,3

5,0

5,3

6,0

3,0

3,3

3,5

3,8

4,0

4,3

10

2,8

3,3

4,0

4,5

4,8

5,5

2,8

3,1

3,3

3,5

3,6

3,8

9

2,6

3,0

3,5

4,0

4,3

5,0

2,6

2,9

3,0

3,1

3,2

3,3

8

2,4

2,7

3,0

3,5

3,9

4,5

2,4

2,6

2,8

2,9

3,0

3,1

7

2,2

2,5

2,8

3,0

3,4

4,0

2,2

2,4

2,5

2,7

2,8

2,9

6

2,0

2,2

2,4

2,5

2,9

3,5

2,0

2,2

2,3

2,4

2,5

2,6

5

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

3,0

1,8

2,0

2,2

2,3

2,4

2,4

4

1,5

1,7

1,9

2,0

2,2

2,5

1,5

1,7

1,8

1,9

2,0

2,1

3

Түйелерді асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа 
11 қосымша          

Тірі саламақ коэфициентін есептеу мысалы

      1-мысал. Қазақ бактрианы ботасының кеуде орамы 90 см, денесінің қиғаш ұзындығы 65 см болды делік. 1-кестеден бір өркешті түйелердің жас коэффициентінің 150 болды, олай болса тірілей салмағы төмендегідей болады:
                       ТС = 90 х 60 / 150 = 36,0 кг.
      2-мысал. Түркімен аруанасы ботаның кеуде орамы 80 см, денесінің қиғаш ұзындығы 65 см болды. 1-кестеден бір өркешті түйелердің жас коэффициентінің 140 екенін анықтаймыз, олай болса тірілей салмағы төмендегідей болады:
                       ТС = 80 х 65 / 140 = 37,1 кг.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
11-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
11-қосымша       

Құстарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және
өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Құстардың асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 1998 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, құстардың тұқымын бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Құстардың тұқымын бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі

2. Тауықтарды бағалауды ұйымдастыру

      3. Өнімділіктің жұмыртқа бағытындағы тауықтарды:
      45-апта жасына дейін бонитирлейді (бағалайды):
      аналарының 40-45 немесе өмірінің 68 аптасындағы жұмыртқалағыштығы, сұрыпталып жатқан өсімтал құстың шығымдылығын ескере отырып, 35 немесе 52-апталық жасындағы жұмыртқа салмағы, бұл құстың сақталғыштығы және олардың тірілей салмағы сонымен қатар 35-апта жасында сұрыпталған құстың жұмыртқа салмағы егерде бұл құс осы жасқа толса;
      45 және оданда ересек жасында – 45 немесе 68 жасында бұл құстың сұрыпталғандарынан алынған жұмыртқадан шыққан балапандардың пайызы.
      4. Өнімділіктің құс еті бағытындағы тауықтарды бонитирлеу (бағалау):
      34-апта жасына дейін – 6 (5) - апталық жасындағы тірілей салмағы және еттеінің толықтығы, 6 (5) апталық өсімтал құстың сақталғыштығы және 6 (5)- 18-апта жасында шешелерінің 34 немесе 60апта жасындағы өнімділік көрсеткіштері бойынша (жұмыртқалағыштық, балапандар шығымының пайызы);
      34-апта және оданда ересектер – тірілей салмағы мен бұлшық еттерінің толықтығы; 6(5) – апталық жасында дейінгі сақталғыштығы және 6(5) апта жасынан 18 апта жасына дейін 34 немесе 60 апта бойындағы жұмыртқалағыштығы, сұрыпталатын құста балапандар шығымының пайызы (2 кесте).

3. Үйректерді бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      5. Бастапқы үйректер желістерінің бонитирлеуі (бағалауы):
      50 апталық жасына дейін – шешелерінің өнімділік көрсеткіштері бойынша (жұмыртқалағыштықтың 1 мерзіміндегі жұмыртқалағыштық және шығымдылық пайызы) және өзінің көрсеткіштері (7(6) апталық жасында және 7(6)- 25 апталық жасына дейін сақталғыштығы);
      50 апта жасында және оданда ересек - жұмыртқалағыштықтың бірінші 6 ай мерзіміндегі жұмыртқалағыштық және балапан шығымы, тірілей салмақ және сақталғыштық 7(6)-апталық жасында (3 кесте);
      6. Ысылдақ үйректердің бастапқы желілерін және популяциялардың сұрыптауы:
      ұрғашыларды 10 аптасында, ал еркектерін 11 аптасында тірілей салмақтың көрсеткіштері және бұл мерзімдегі сақталғыштығы бойынша. 10(11) - 25 апталық жасына дейін шешелерінің балапан шығымдылығы және жұмыртқалағыштығы бойынша.

4. Күрке тауықтарды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      7. Күрке тауықтарды сұрыптайды:
      50 апталық жасына дейін – 12 немесе 16-апта жасында тірілей салмағы, бұл мерзімдегі сақталғыштығы, шешелерінің жұмыртқалағыштығы және балапандар шығымы.
      50-апталық және оданда ересек жасында – өзінің өнімділік көрсеткіштері бойынша: 12- немесе 16 аптасында тірілей салмағы және сақталғыштығы бойынша, бірінші жылдың бірінші мерзіміндегі балапан шығымы және жұмыртқалағыштық.

5. Қаздарды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      8. Қаздарды бонитирлейді (бағалайды):
      52 апта жасында – 9(10)-апталық жасында тірілей салмағы және сақталғыштығы, бірінші жылындағы шешелерінің жұмыртқалағыштығы және балапантар шығымы.
      52 апта жасында – өзінің өнімділік көрсеткіштері: 9(10) апта жасындағы тірі салмағы және сақталғыштығы, бірінші мерзімдегі жұмыртқалағыштық және балапан шығымы пайызы.

6. Мысыр тауығын бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      9. Мысыр тауығын бонитирлеу (бағалау)
      46-апталық жасында – 10(12) аптада тірілей салмақ және сақталғыштық, шешелерінің жұмыртқалағыштығымен балапандар шығымдылығы;
      46-апта жасында және оданда ересек – өнімділіктің өздрінің көрсекіштері: 10 (12) апта жасындағы тірілеі салмағы және бұл мерзімдегі сақталғыштығы, бірінші мерзімдегі жұмыртқалағыштық және балапандар шығымы.
      10. Көрсеткіштер кешені боынша айырған сынып әр көрсеткіштер кешені бойынша жеке айырған сыныптың негізінде құрылады.
      11. Шыққан тегі белгілі (әкесі және шешесі бойынша) селекциялық үйіріне элита-рекорд және элита сыныпты құс жатады. Сонымен бірге, элита сыныбына бастапқы желілердің құсы жатуы мүмкін егерде ол селекциялық үйірден алынып өнімділік көрсеткіштері бұл сыныптың талабына сай болса.
      12. Асылдандыру шаруашылықтардағы арғы текті және аналық үйіріндегі құсты әке-шешелерінің өнімділігі және өсіру нәтижелері бойынша сұрыптайды, бірәқта бірінші сұрыптан жоғары емес (арғы текті үйірде) және екінші сынып сыныптан (аналық үйірде) жоғары емес.
      13. Элита және бірінші сыныптардан шыққан арғы текті үйірдегі құсты, бірінші сынпқа жатқызады. Ал екінші сыныптан шыққан кұсты – екіншіге, егерде ол негізгі және қосымша көрсеткіштері талаптарға сай болса. Құстардың арғы текті және аналық түрлерін осы Нұсқаулықтың қосымшасына сәйкес бірінші немесе екінші сыныптардан шықса екінші сыныппен бағалайды.
      14. Арғы тектік және аналық үйірлеері сыныптан тыс құстан шыққан өсімтал балапандармен толықтырылмайды.
      15. Бастапқы желідеғі құсты сұрыптағандағы мәлмет асылтұқымды құжатына жазылады, ал бұнда сұрыптау мәлметерді еңгізетін құжаттар бар.
      16. Қосымша екі көрсеткіштен немесе негізгі және бір қосымша көрсеткіштертен құс талаптарға сай келмесе оны сыныпқа жатқызбайды. Бұл жағдайда арғы тектік үйірінің жұмыртқаларың аналық үйірді өндіру үшін қолданбайды, ал аналық үйірдің жұмыртқасын сұрыпталмаған құстыкі деп сатылады.

Құстарды бонитирлеу (бағалау)
бойынша нұсқаулыққа    
1-қосымша         

Арғы текті және аналық үйіріндегі тауық, үйрек, күрке тауық,
қаз, мыср тауығы сыныбын айыру

Кешенді көрсеткіштер бойынша сынып

Негізгі көрсеткіш – әке-шешесі сыныбы

Қосымша көрсетіштер

Құс балапандарының сақталғыштығы, % ( 9-15 кестелер)

Балапандардың тірілей салмағы (9-15 кестелер)

Арғы текті үйір

бірінші

элита-рекорд, элита, бірінші класс

екі көрсеткіште бастапқы желілерің сұрыптаудыңең аз деген талаптарына сай

екінші

бірінші класс

бір көрсеткіш бастапқы желідегі құстың сұрыптаудың ең аз деген талаптарына сай.

екінші

екінші класс

бір көрсеткіш бастапқы желідегі құстың сұрыптаудың ең аз деген талаптарына сай.

Аналық үйір

екінші

үшінші класс

бір көрсеткішбастапқы желідегі құстың сұрыптаудың ең аз деген талаптарына сай.

сыныптан сырт

ең аз деген сұрыптау талаптарынан төмен.

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
12-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
12-қосымша       

Түйеқұстарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және
өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Түйеқұстарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) 1998 жылғы 9 шіледегі Қазақстан Республикасының «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленіп, түйеқұстарды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Түйеқұстарды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Түйеқұстарды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Түйеқұстарды бонитирлеу (бағалау):
      1) бiр жасқа дейiнгi балапандарды шешелерiнiң өнiмдiлiк көрсеткiштерi (жұмыртқалағыштық, балапандардың шығымы) және 2 айлық жасына дейiнгi тiрi сақталыну қасиеттерi бойынша;
      2) өспiрiм балапандарды 1 жылдан 5 жасқа дейiн-шешелерiнiң өнiмдiлiк көрсеткiштерi (жұмыртқалағыштық, балапан шығымы) және өзiнiң өнiмдiлiгi (тiрi салмағы және 2 айлық жасына дейiнгi тiрi сақталыну қасиеттерi) бойынша;
      3) ересек, 5 жастан асқан түйеқұстарды – бiр жұмыртқа салу мерзiм iшiндегi жұмыртқалағыштығы және балапандардың шығымы, балапандардың екі ай жасына дейiнгi тiрi сақталыну қасиеттерi және олардың бір жасындағы тiрi салмағы бойынша.
      4. Түйеқұстарды бағалау кезінде қойылатын төменгі талаптар осы Нұсқаулықтың қосымшасымен беріледі

Түйеқұстарды асыл тұқымдық       
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұқсаулыққа     
1-қосымша                

Түйеқұстарды бонитирлеу (бағалау) кезінде қойылатын төменгі
талаптар

Көрсеткiштердiң атауы

Көрсеткiштер

Мекиеннiң жыл жұмыртқалағыштығы, дана

40

Жұмыртқаның ұрықтанғаны, %

75

Балапан шығымы, %

60-70

Балапандардың 8-апта жасына дейiнгi тiрi сақталынуы, %

90

Өспiрiм балапандардың 12-ай жасындағы тiрi салмағы, кг

90

Селекциялық ұяның саны (1 еркегi: 3-5 ұрғашысы), дана

10

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
13-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
13-қосымша       

Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі
нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет) асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және иттердің үй-ұлттық тұқымдарына бонитирлеу (бағалау) жүргізуді нақтылайды.
      2. Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын бағалауды бонитерлер (сыныптаушылар)/сарапшы-кинологтар жүргізеді.
      3. Ұлттық тұқымды иттермен селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің басты мақсаты және міндеті оларды сақтау, таза тұқымды иттер санын арттыру, олардың жұмыстық және тұқымдық сапасын жоғарылату және жақсарту болып табылады.
      Ит шаруашылығындағы асыл тұқымдық жұмыс ұрпақтарының сапасын, олардың өсіру аймағындағы жағдайларға жоғары бейімделуін жақсартуға, барынша жақсы пайдалануға бағытталған. Асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру клубтардың, питомниктердің және басқа бөлімшелердің аражігін асыл тұқымдық жұмыс деңгейі және міндеттері бойынша ажырата, асыл тұқымдық ресурстарды тиімді құра және пайдалана, тұқымішілік құрылымды есепке ала отырып өсірудің неғұрлым мақсатқа сай әдістерін қолдана отырып, тұқымды толығымен қамтитын селекция принциптеріне негізделген.
      4. Қызметтік және аңшылық ит шаруашылығы клубтарындағы асыл тұқымдық жұмыс мақсаты қызметтік және аңшылық ит тұқымдары ішінде асыл тұқымды иттерді арттыру, экстерьері мен конституциясы, жоғары жүйке қызметі (ЖЖҚ) типі, физикалық төзімділігі және иттердің басқа да қызметтік, аңшылық және жұмыс қасиеттерін тұқымда кезігетін кемістіктер мен жетіспеушіліктерді бір мезгілде түбегейлі жоя отырып үздіксіз жетілдіру болып табылады.
      5. Әрбір ит тұқымымен жұмыс жасау оның тұқымішілік типтерін және басқа да өзіне тән қасиеттері мен биологиялық ерекшеліктерін, сондай-ақ онда неғұрлым жиі кезігетін кемшіліктерді білуге негізделеді. Әр асыл тұқымды иттің тұқымға тән жалпы сипаттарымен қатар, жеке ауытқушылықтарын және өзгешеліктерін айыра білу қажет.
      6. Иттердің өсімін молайту біртекті, сол сияқты әртекті іріктеуді шығармашылық бағытта қолдана отырып таза тұқымдық (таза) өсіру әдісімен жүргізіледі.
      7. Клубтар мен питомниктерде асыл тұқымды желілер жүргізуге жағдай жасайтын, асыл тұқымдық сапалары жоғары иттер саны жеткілікті болған жағдайда, желілер бойынша өсіру қолданылады.
      8. Есепте тұрған барлық ересек ит:
      1) асыл тұқымды иттер;
      2) пайланылатын иттер болып екі санатқа бөлінеді.
      9. Асыл тұқымдыларға бонитирлеу (бағалау) сыныптылығын алған иттер жатады. Қалған иттер пайдаланылатын иттер санатына жатады.
      10. Асыл тұқымды иттерді өсіру жоспарлы сипатта болады және:
      1) осы Нұсқаулыққа;
      2) клуб немесе питомник бес жылға жасайтын әр тұқым бойынша асыл тұқымдық жұмыстың перспективалық жоспарда сәйкес ұйымдастырылады. Перспективалық жоспардың бір данасы аккредиттелген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығына (бұдан әрі – Қауымдастық) түзету үшін ұсынылады;
      3) клуб немесе питомник жыл сайын перспективалық жоспарда есепті жылға көзделген жеке міндеттерді есепке ала отырып жасайтын өсіру жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Өсіру жоспарын клуб немесе питомник (өсіру секциясы) жүргізілген селекциялық іс-шаралар нәтижелерін: көрмелер, жас иттерді шығару және сынау, асыл тұқымды ит иелерінің қалаулары және бағалауларын есепке ала отырып әзірлейді.

2. Асыл тұқымды иттерді іріктеу және таңдау. Өсіру жоспары

      11. Өсіру жоспарына енгізу үшін:
      қызметтік иттер тұқымын – конституциясы, экстерьері, шығу тегі, қызметтік сапалары бойынша және ұрпағының сапасы бойынша (ұрпақ берген иттер үшін);
      аңшылық иттер тұқымын – конституциясы, экстерьері, шығу тегі, аңшылық сапалары бойынша және ұрпағының сапасы бойынша (ұрпақ берген иттер үшін) іріктейді.
      12. Иттерді мына жастарында:
      қаншықтарды бір жас алты айдан төмен емес жасында;
      қызметтік-спорттық тұқымды төбеттерді екі жастан төмен емес және аңшылық тұқымды төбеттерді бір жас алты айдан төмен емес жасында ұйығуға жібереді.
      Асыл тұқымды қаншықтардың ұйығуы жылына бір рет жүргізіледі. Аз күшіктеген (бес күшіктен кем) үш жастан жоғары жастағы қаншықтарды ұйығуға жылына екі рет жіберуге болады.
      13. Қаншықтарға қарағанда, төбеттер ерекше қатаң іріктеледі: Төбеттердің саны және құрамы аталған жылдың өсіру жоспарына енгізілген қаншықтардың құрамына байланысты және олардан алынған ұрпақтарды есепке ала отырып жыл сайын анықталады.
      14. Тұқым стандарты бойынша шеттетуге жататын кемістіктері бар, сондай-ақ он жастан асқан иттер өсіру жоспарына енгізілмейді.
      15. Жұптарды таңдау екі серіктестің барлық жетістіктерін және кемшіліктерін есепке ала отырып міндетті түрде жеке жүргізіледі. Жұптарды жеке таңдау оң белгілерін және қасиеттерін орнықтыруды және жетілдіруді, кемшіліктерін жоюды және ұрпағының жалпы тұқымдылығын жоғарылатуды қамтамасыз етеді.
      16. Бірдей кемістіктері бар қаншықтар мен төбеттерді жұптастыруға жібермейді. Экстерьеріндегі немесе ұрпағының мінез-құлқындағы жекелеген кемістіктерді біркелкілеу үшін жұптарға кемістіктері жоқ, экстерьері дұрыс иттер таңдап алынады.
      17. Алдыңғы күшіктеу кезінде жақсы ұрпақ берген қаншықты, өсіру талаптарына сәйкес келсе және осы қаншықтарға сай болса және осы клуб саны осындай комбинация нәтижесінде алынған иттерге толы болмаса, сол төбеттермен немесе оның жақын туыстарымен жұптастыру ұсынылады.
      18. Жұптарды таңдау кезінде олардың жасы ескеріледі. Толық физикалық кемеліне жеткен тұқымдық иттерді шағылыстырған неғұрлым дұрыс. Жас иттерді (асыл тұқымдық пайдаланудың бірінші жылында) шағылыстырмаған дұрыс. Екі кәрі итті шағылыстырмаған дұрыс: жастарына байланысты олардың ұрпақтары әлсіреуі мүмкін.
      19. Өсіру жоспары түсіндірме жазбадан және бекітілген нысандағы толтырылған таңдау кестесінен тұрады. Өсіру жоспарының құжаттарын мынадай тәртіппен таңдайды: Төбетке жасалған таңдау кестесіне онымен жұптастыру үшін бекітілген қаншықтарға жасалған барлық таңдау кестелері таңдалады. Осындай таңдау кестелерін жоспарда тек дублер ретінде пайдаланылатын төбеттер үшін де толтырады.
      20. Түсіндірме жазбада өсіру жоспарына қосылған ит саны және олардың конституциясы және экстерьері бойынша (көрмедегі бағалары), қызметтік немесе жұмыс сапалары (сынақтар және жарыстардағы дипломдары), шығу тегі және ұрпағының сапасы бойынша бағалары көрсетілген асыл тұқымды иттерге егжей-тегжейлі шолу сондай-ақ, жоспардың негізіне алынған міндеттер және ұйғарымдарды мазмұндау қамтылады.
      21. Өсіру жоспары екі данада жасалады. Жоспарды Клуб кеңесі немесе асыл тұқымды иттерді өсіретін питомниктер кеңесі Қауымдастық өкілдерінің қатысуымен бекітеді. Жоспардың бір данасы есепті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей Қауымдастыққа ұсынылады. Екінші данасы өсіру жұмысында басшылыққа алу үшін клубта қалады. Өсіру жоспары асыл тұқымды ит иелеріне мәлімет үшін беріледі.
      22. Қауымдастық, клуб немесе питомниктен алынған өсіру жоспарын тексеріп, бір ай ішінде бар болған жағдайда өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жолдайды.
      23. Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) Қауымдастықтың ұсыныстары мен ескертулеріне сәйкес дамыту жоспарына қажетті өзгерістер енгізеді.
      24. Жоспарға енген төбетті ұйығу үшін пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда және жаңадан келген асыл тұқымды иттер болған жағдайда, өсіру жоспарына Клубтың немесе питомниктің (өсіру секциясы) кеңесі бекіткен түзетілімдер мен қосымшалар енгізіледі. Бұл жұмыстар жоспардағы жұмыс деп есептеледі.

3. Ұйығуларды, алынған ұялас күшіктерді тіркеу және есепке алу
және күшіктерге арналған тұқым-тегі құжатын беру

      25. Өсіру жоспары негізінде клуб немесе питомник (өсіру секциясы) ұйығуға бағыттама береді. Бұл ретте қаншықты міндетті түрде ветеринар дәрігер қарап, ол жөнінде иесіне тиісті анықтама береді.
      26. Қайталама (бақылаушы) ұйығуды алғашқы ұйығудан 24-48 сағат өткен соң жүргізу ұсынылады.
      27. Қайталама ұйығу төбеттің жай-күйіне байланысты іске аспаған жағдайда және байлаулы қаншық ұрпақ әкелмей жатса, қаншық иесіне дәл сол төбетпен келесі жұпты тегін өту мүмкіндігі беріледі.
      28. Ұйығу ақысын және есеп айырысу тәртібін Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) кеңесі төбеттің сыныбы мен жергілікті жағдайды есепке ала отырып отырып белгілейді.
      29. Жоспарланған ұйығуларды, күшіктеуді, әрбір клуб пен питомниктегі күшіктердің санын есептеу үшін тіркеу кітабы жүргізіледі.
      30. Тіркеу кітабында тек қана клуб немесе питомник бағыты бойынша жүргізілген ұйығулар түгел тіркеледі.
      31. Клуб немесе питомник (өсіру секциясы) кеңесі 30 күнге толмаған күшіктерге қарау, қоғамдық бақылау жүргізу үшін жауапты адамды айқындайды.
      32. Әрбір ұялас күшіктер екі реттен: туылғаннан кейінгі 3-4 және 29-30 күндері тексеріледі. Тексеруші қаншық иесіне күшікті қалай тамақтандыру керектігі мен тамақтандыратын қаншықты қалай күтіп-бағу керектігі және зерттеп-қарау процесінде туындаған басқа сұрақтар жайлы кеңес береді. Әрбір зерттеп-қарау кезінде күшіктердің салмағын өлшейді. Күшіктер отыз күнге толғанда олардың жалпы жай-күйі, салмағы, оларды күтіп-бағу сипаты және оны асыраушы қаншықтың жай-күйі негізінде баға беріледі.
      33. Қаншықтардың жай-күйі нашар болса және күшіктер антисанитариялық жағдайда күтіп-бағылған жағдайда ұялас күшіктерге берілетін баға бір балға кемиді.
      34. Ата-енесінің тұқым-тегі құжаттарының және ұйығуларды тіркеу кітабындағы жазбалардың негізінде әрбір жоспарлы ұялас күшіктерге жалпы карточка ашылады.

4. Күшіктер көрсетпелері

      35. Күшіктердің көрсетпелерін, клуб немесе питомник (өсіру секциясы) қызметтік және аңшылық ит өсіру үшін жылына екі рет (күзде және көктемде) келесі мақсаттарда ұйымдастырады:
      1) күшіктерді тұқымдылығы мен өсіру сапасына қарап бағалау;
      2) күшіктердің иесіне оларды қалай өсіріп-бағу және тәрбиелеу бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар беру;
      3) ата-енесін (төбеттер мен қаншықтар) олардың тұқымдары мен жұптасу нәтижелерін бағалау бойынша зерттеу.
      36. Көрсетпе барысында күшіктерді тұқымдары бойынша бөлек қарайды. Бір төбеттен тарайтын күшіктердің барлығы бір мезетте және ұяластар бойынша қаралады.
      37. Клубтың және питомниктың өсіру секциясы көрсетпе барысында 4-10 ай аралығындағы барлық күшіктер мен олардың ата-енесін қатыстыру үшін шаралар қабылдайды.
      38. Күшіктерді қарап, бағалау үшін және өсіру жоспары бойынша жұптарды іріктеу нәтижелерін анықтау үшін сарапшылар мен қоғамдық нұсқаушылар, өсіру жоспарын түзуге қатысқан және осы тұқыммен асыл тұқымдық жұмыс жүргізетін өсіру секциясының дайындалған белсенділер шақырылады.
      39. Көрсетпеге қатысқан әрбір күшікке анкета толтырылады. Төрт пен алты ай аралығындағы күшіктер үшін анкетада бойы, физикалық дамуы, иттің қоңдылығы, тістерінің және құлақтарының жай-күйі мен рахитпен ауырмағандығы қоса белгіленеді. Алты айдан жасы жоғары иттердің экстерьеріне сипаттама беріледі. Күшіктерді таразыға тартып, салмағын өлшейді.
      40. Көрсетпе барысында қаралған күшіктер тұқымдылығы және өсіру сапасы бойынша, келесідей бағаларға ие болады:
      тұқымды, үлгілі өсірілген;
      тұқымды, дұрыс өсірілген;
      тұқымды, орташа өсірілген;
      тұқымды, нашар өсірілген;
      әдеттегідей, үлгілі өсірілген;
      әдеттегідей, дұрыс өсірілген;
      әдеттегідей, орташа өсірілген;
      әдеттегідей, нашар өсірілген.
      41. Тұқымға тән емес күшіктер бонитирлеуге (бағалауға) жатпайды. Тістері дұрыс өспеген күшіктер әділ бағасын алып, иесіне берілген анықтамада тістегі кінәраты міндетті түрде жазылады. Бұл күшіктерге марапат берілмейді.
      42. Тұқымның белгілері анық көрініп тұрған күшіктерге «Тұқымды» деген баға беріледі (жас ерекшеліктерін ескере отырып).
      43. «Әдеттегідей» деген баға экстерьері тұқымның белгілеріне сәйкес келетін күшіктерге беріледі (жас ерекшеліктерін ескере отырып).
      44. «Үлгілі өсірілген» деген баға, өз жасына сай бойы, жақсы дамыған сүйегі мен жеткілікті физикалық дамуы, қоңдылығы бар және экстерьері, мінез-құлқында кемістігі жоқ күшіктерге беріледі.
      45. «Дұрыс өсірілген» деген баға өз жасына сай қалыпты бойы мен қатайған сүйегі, жеткілікті түрде физикалық тұрғыдан дамуы, қоңдылығы бар және қорқақтық белгіні білдірмейтін күшіктерге беріледі.
      46. «Орташа өсірілген» деген атау келесідей кінәраттары бар күшіктерге беріледі:
      бойы жеткілікті өспеген;
      сүйегі жеңіл;
      кеуде тұрқы нашар дамыған;
      рахит немесе оның салдары;
      омыртқа сүйегі майысқан;
      аяқтары нашар дамыған.
      47. «Нашар өсірілген» деген баға қарау көрмей қалжырап, физикалық тұрғыдан рахиттің ауыр түрлерімен ауыратын немесе оның ауыр салдары білінетін, ауырып, қорқақтық белгілері айқын білінетін күшіктерге беріледі.
      48. Әрбір күшікті жекелеген қарау және бағалау аяқталған соң, барлық ұяластар және ата-енесі қаралып тексеріледі. Содан кейін ұяластарға және жұптардың дұрыс таңдалғанына да баға беріледі.
      49. «Тұқымды және үлгілі өсірілген» деген бағаға ие болған үздік күшіктер, сондай-ақ үздік ұялас күшіктер көрсетпе барысында ата-енесімен бірге арнайы рингте көрсетіледі.
      50. Көрсетпеде қарап тексеруден өткен күшіктердің иелеріне тиісті анықтамалар (экспоненттік қағаздары бар дипломдар) беріледі.

5. Асыл тұқымды иттерді іріктеу және бонитирлеу (бағалау)

      51. Асыл тұқымды қызметтік және аңшылық иттер бастарын іріктеу мен бонитирлеу (бағалау) асыл тұқымдық жұмыстың негізгі іс-шараларының бірі болып табылады және ол иттерді конституциясы мен экстерьері, қызметтік және жұмыс сапасы, шығу тегі мен ұрпақтары бойынша кешенді бағалаудан тұрады.
      52. Бонитирлеу (бағалау) бір-бірімен өзара байланысты сынақтарға және келесі іс-шараларға негізделген:
      1) көрмелерге (көрсетпелерге), сынақтарға және жарыстарға;
      2) иттердің асыл тұқымдық іс-қимылдары мен олардың ұрпақтарының сапасын бонитирлеу (бағалау) туралы материалдарды зерделеуге;
      3) иттердің ата-тегі кестелері бойынша шығу тегін бонитирлеу (бағалау). Бонитирлеуді (бағалауды) клубтар мен питомниктерде (өсіру секцияларында) бір жыл ішінде Қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өсіру секциясы мүшелерінің ішінен Клуб немесе питомник кеңесі тағайындайтын комиссия өткізеді.
      53. Клубтарда бонитирлеу (бағалау) жүргізуге арналған негізгі құжат болып иттің есептік карточкасы табылады, онда ата-тегі карточкасы көрме, сынақтар мен жарыстардан алынған дипломдар мен есеп берулер негізінде барлық қажетті деректер енгізіледі.
      54. Бонитирлеуге (бағалауға) көрмелер мен көрсетпелерде мынадай бағалар алған иттер жатады:
      «үздік» дегеннен төмен емес баға алған төбеттер;
      «өте жақсыдан» төмен баға алған қаншықтар.
      Мұндай иттерге көрмеден кейін бір ай ішінде клуб немесе питомник есеп карточкасын арнайды.
      55. Бонитирлеу (бағалау) бойынша сыныпқа кіруге жеткілікті ұпай жинаған иттер туралы мәліметтерді комиссия есеп карточкасынан ата-тегі карточкасының түпнұсқасына көшіреді және ол бағалау ведомосын құрады. Бағалау ведомосі бар ата-тегі карточкасы иттердің асыл тұқымдық кітабына енгізу және асыл тұқымдық аттестаттар беру үшін Қауымдастыққа жіберіледі.
      56. Бонитирлеу (бағалау) кезінде ит сыныптылығын анықтауды комиссия төрт көрсеткіш бойынша жүргізеді:
      1) экстерьер мен конституциясын бонитирлеу (бағалау);
      2) қызметтік немесе жұмыс сапаларын бонитирлеу (бағалау);
      3 шығу тегін бонитирлеу (бағалау);
      4) ұрпақтарын бонитирлеу (бағалау).
      57. Иттердің қызметтік-спорттық тұқымдары балдарының төменгі саны осы Нұсқаулыққа 1-қосымшада көрсетілген.
      Конституция, экстерьер: «үздік» – 40 балл; «өте жақсы» – 30 балл; «жақсы» – 20 балл.
      Шығу тегі: ата-енесінің 1-қатары – бар болса: төбет – 2 балл, қаншық – 2 балл; экстерьер: төбет – 3 балл, қаншық ит – 3 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 3 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл; қаншық – 2 балл. Ата-енесінің 2-қатары – бар болса: 1 балл. Ата-енесінің 3-қатары – бар болса: 1/2 балл. Ата-енесінің 4-қатары – бар болса: 1/8 балл.
      Ұрпақтары: жұмыс сапасы мен көрмелік баға қойылған дипломы бар әр ұрпақ үшін: «үздік»: төбет – 4 балл, қаншық – 6 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 4 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл, қаншық – 2 балл.
      Жұмыс сапалары: Төбеттер: 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 10 балл, 3-дәрежелі диплом – 5 балл.
      Қаншықтар: 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 15 балл, 3-дәрежелі диплом – 10 балл. «Элита» және 1 – асыл тұқымдық сыныбын беру үшін тек ашық сыныпта (ересек жас тобында) алынған көрмелік бағалар есепке алынады. Егер тұқымдық ұрпақтарының 30 пайызының «үздік» деген көрмелік бағасы бар болса, оған «Жеңімпаз» деген атақ беріледі.
      58. Иттердің аңшылық тұқымдары балдарының ең төменгі саны осы Нұсқаулыққа 2-қосымшада көрсетілген.
      Конституция, экстерьер: «үздік» – 40 балл; «өте жақсы» – 30 балл; «жақсы» – 20 балл.
      Шығу тегі: ата-енесінің 1-қатары – бар болса: төбет – 2 балл, қаншық – 2 балл; экстерьер «үздік»: төбет – 3 балл, қаншық – 3 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 3 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл; қаншық – 2 балл. Ата-енесінің 2-қатары – бар болса: 1 балл. Ата-енесінің 3-қатары – бар болса: 1/2 балл. Ата-енесінің 4-қатары – бар болса: 1/8 балл.
      Ұрпақтары: жұмыс сапасы мен көрмелік баға қойылған дипломы бар әр ұрпақ үшін: «үздік»: төбет – 4 балл, қаншық – 6 балл; «өте жақсы»: төбет – 2 балл, қаншық – 4 балл; «жақсы»: төбет – 1 балл, қаншық – 2 балл.
      Жұмыс сапалары: жекелеген сынақтар – 1-дәрежелі диплом – 40 балл, 2-дәрежелі диплом – 35 балл, 3-дәрежелі диплом – 30 балл.
      Жұптық сынақтар – 1-дәрежелі диплом – 20 балл, 2-дәрежелі диплом – 18 балл, 3-дәрежелі диплом – 15 балл.

6. Ұлттық қызметтік және аңшылық иттердің республикалық асыл
тұқымдық есебі

      59. Қауымдастықта тіркеуде тұрған ұлттық қызметтік және аңшылық иттердің асыл тұқымды басын есепке алу мен тіркеуді Қауымдастық асыл тұқымдық кітап және иттердің анықтамалық картотекасы арқылы жүзеге асырады.
      Есепке алу мен тіркеу конституция мен экстерьердің, жұмыс сапаларының ерекшеліктерін, шығу тегін, және иттердің ұрпақтары сапасын зерделеу және айқындау мақсатында жүргізіледі. Алынған деректер клубтар мен қызметтік және аңшылық ит шаруашылығы питомниктерінің асыл тұқымдық жұмысында пайдаланылады.
      60. Иттердің асыл тұқымдық кітабы клубтар мен питомниктер (өсіру секциялары) жіберетін түпнұсқалық тұқым-тегі карточкалары мен бағалау ведомостері негізінде жүргізіледі.
      61. Анықтамалық картотекаға көрмеден өткен және «жақсыдан» кем емес баға алған иттер енгізіледі. Сонымен қатар оған шығу тегі, сынақтар мен жарыстар, бағалау нәтижелері енгізіледі.
      62. Иттердің асыл тұқымдық кітабы тұқымдар бойынша бөлімдерге бөлінеді. Кітапқа бағалау кезінде екінші асыл тұқымдық сыныбынан жоғары сыныптылық алған иттер енгізіледі.
      63. Бонитирлеу (бағалау) кезінде баға алған барлық иттерге Қауымдастық тексеру үшін тұқым-тегі карточкасының түпнұсқасын тапсырады.
      64. Асыл тұқымдық кітабына кіретін иттердің тұқым-тегі карточкасындағы жазбалар толықтай тексерілгеннен кейін барлық анықталған деректер иттердің асыл тұқымдық кітабының тиісті бөліміне көшіріледі.
      65. Егер клуб немесе питомниктер жіберген иттердің деректері иттердің асыл тұқымдық кітабына кіріктірілмесе, онда клуб немесе питомникке қайтару себебі көрсетілген хабарлама жіберіліп, тұқым-тегі карточкасы қайтарылады.
      66. Асыл тұқымдық кітабына жазылған әр итке нөмір беріледі. Иттерді нөмірлеу әр тұқым бойынша бөлек жүргізіледі.
      67. Иттердің Республикалық тұқым-тегі картотекасының алдыңғы нөмірінен ажырату үшін иттерің асыл тұқымдық кітабында әр реттік нөмірдің алдына:
      Төбеттер үшін «К» әрпі қойылады;
      Қаншықтарға «С» әрпі қойылады.
      68. Иттердің асыл тұқымдық кітабына жазылған иттерге аттестат толтырылып, иесіне тапсыру үшін клуб немесе питомникке жөнелтіледі.
      69. Асыл тұқымдық кітабына жазылған иттерді сату мен беру кезінде, аттестат жаңа иесіне беріледі.
      70. Бір жыл ішінде табылған, олардың сыныптылығы мен ұпайының өзгеруіне әсер ететін (көрмелер мен сынақтардағы анағұрлым жоғары көрсеткіштер) жаңа деректер, сонымен қатар экстерьерлі бағалар немесе сынақтарда дипломдар алған ұрпақтардың қосымша деректері Қауымдастыққа жөнелтіледі.
      71. Аттестаттары жоқ иттердің сыныптылығы жоғарыласа, клубтар немесе питомниктер Қауымдастыққа ата-тегі карточкасының түпнұсқаларын асыл тұқымдық аттестаттармен алмастыру үшін жібереді.
      72. Егер асыл тұқымды иттің иесі басқа қалаға қоныс аударса немесе итті сатса, клуб немесе питомник осы иттің есеп карточкасына тиісті белгі қойып, өзгеріс жайлы Қауымдастыққа хабарлайды. Бұл ит өлімі жағдайына да қатысты.

7. Иттерді белгілеу және асыл тұқымдық есебін жүргізу

      73. Таңбалау мақсаты болып жануарды бірдейлендіру мүмкіндігі табылады. Әр итке жеке нөмір беріледі, ол жануардың денесіне татуировка әдісімен (клеймо) енгізіледі. Клеймо санының ішкі жағына, шапқа не иттің оң құлағына қойылады.

8. Жеке нөмірлерді (клеймоларды) беру тәртібі

      74. Бастапқы есепке алу мен нөмір беруді Қауымдастық басшылығы жүзеге асырады. Тіркеу берілетін нөмірлерді бастапқы есепке алу соған сәйкес жүзеге асырылатын арнайы журналда жүргізіледі. Одан кейін, итке ата-тегі карточкасын алу кезінде оның жеке нөмірі бірыңғай компьютерлік деректер банкіне енгізіледі.
      75. Итті есепке қою үшін және жеке нөмір алу үшін, иттің иесі Қауымдастыққа ұялас күшіктер туралы келесі деректерді хабарлайды:
      1) тұқымы;
      2) иттің иесі мүшесі болып табылатын клуб немесе питомниктің толық атауы;
      3) ит иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), почталық мекенжайы, телефон және электрондық почтасы.
      4) питомниктің атауы (зауыттық қондырмасы) – болған жағдайда;
      5) иттің ата-енесінің толық деректері – болған жағдайда;
      6) иттің лақап аты, жынысы, реңкі.
      76. Туылмаған жағдайда жеке нөмір берілмейді.

9. Есептілік

      77. Таңбалау фактісі бойынша ұялас күшіктерді таңбалаған жауапты адам «Ұялас күшіктерді таңбалау картасы» нысанын толтырады, оның бір данасы зауытшыда қалады және жалпы ұяластар картасымен бірге клубқа немесе питомнике тапсырылады. Екінші данасы таңбалаушыда қалып, он күннен кешіктірілмей клуб немесе питомникке табыс етілуі тиіс.
      78. Таңбалаушы жеке нөмірлерді жалпы ұяластар картасына жазады және онда ұяластарды таңбалағаны туралы белгі қояды.
      79. Клуб немесе питомник төрағалары тоқсан сайын «Ұялас күшіктерді таңбалау картасының» екінші нұсқасын Қауымдастыққа тапсырып отыруы тиіс. Жалпы ұяластар картасына қосымша берілген даналарды да төрағалар барлық бағаналарды толтырып, Қауымдастыққа тапсырады.
      80. Комиссия ұялас күшіктерді зерттеу актісіне барлық күшіктер таңбаланған жағдайда қол қояды.
      81. Таңбалауға жергілікті кинологиялық ұйымда тіркелген адамдар жіберіледі.
      82. Микрочиптеу өсірушінің арызы бойынша жүргізіледі.

10. Белгілеу регламенті

      83. Таңбалауды регламенттеу Қауымдастықтың өңірлік өкілдіктері арқылы жүзеге асады.
      84. Жүйе, нөмірлеу түрі, дененің қай тұсын таңбалау мәселесі (құлақ, қарын немесе санының ішкі жағы), таңбалауға жауаптыларды анықтау және оларды міндетті түрде оқыту, таңбалау уақыты мен өткізу орнын нақтылау, сондай-ақ таңбалардың нөмірлерін тұқым-тегі кітабына енгізу ерекше талқыланады.
      85. Микрочип қоюды маман жүзеге асырады.

11. Шығу тегі туралы құжатты ресімдеу және беру тәртібі

      86. Клуб пен питомниктің қызметкері ұялас күшіктерді зерттеу актісінің негізінде толтыратын және қол қоятын күшіктің карточкасы – шығу тегі туралы бастапқы құжат болып табылады.
      87. Күшік карточкасы мынадай мәліметтерден тұрады: тұқымы, күшіктің лақап аты, жынысы, түсі, толық туған күні, таңбасының №, күшік иесінің аты-жөні және мекенжайы, шығу тегі жайлы мәліметтер (атасы-енесі, шығу тегінің нөмірі мен түсі).
      88. Питомник (зауыттық қондырма) атауы онда туған барлық күшіктердің атауына қосылады және атауының алдына қойылады, ал егер атау «из», «от», «с», «со» – шылауларынан басталса, лақап атынан кейін қойылады. Питомник атауымен ұштастырылған бірдей лақап ат тек 20 жылдан кейін қайталануы мүмкін. Лақап аттағы белгілердің ең көп саны питомник атауын және бос орындарды қоса алғанда – 40 белгі.
      89. Күшік картасы оны асыл тұқымдық мақсатта пайдалану құқығын бермейді және міндетті түрде көрмеден өткен ит он бес айдан асқан соң тұқым-тегі карточкасына ауыстыруға жатады.
      90. Бірыңғай үлгідегі ата-тегі құжаты эмблемалардан тұрады және иттің шығу тегін куәландырады.
      91. Ата-тегі құжатын ресімдеуді Қауымдастықтың өңірлік өкілдері мен Қауымдастықта аттесттаудан өткен аумақтық кинологиялық ұйымдар жүргізе алады.
      Ата-тегі құжаты Қауымдастықта тіркеген бекітілген үлгідегі бланкілерде күшіктің карточкасы негізінде немесе Қауымдастықтың уәкілетті сарапшысы берген тиісті сипаттама негізінде негізінде ресімделеді.

Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет)
асыл тұқымдық құндылығын        
бонитирлеу (бағалау) және өсімін    
молайту жөніндегі нұсқаулыққа     
1-қосымша              

1. Қызметтік-спорттық тұқымдардың ең төменгі баллдарының саны

Сынып

Жынысы

Экстерьері

Шығу тегі

Жұмыс сапалары

Ұрпақтары

Баллдар жиыны

элита

төбет

40

20

20

20

100

қаншық

30

20

10

20

80

бірінші асыл тұқымды

төбет

40

18

10

20

88

қаншық

30

18

10

20

78

екінші асыл тұқымды

төбет

30

16

10

20

76

қаншық

20

16

10

20

66

Иттердің үй-ұлттық тұқымдарын (тазы, төбет)
асыл тұқымдық құндылығын        
бонитирлеу (бағалау) және өсімін    
молайту жөніндегі нұсқаулыққа     
2-қосымша              

2. Аңшылық тұқымдас иттердің ең төменгі баллдары

Сынып

Жыныс

Экстерьері

Шығу тегі

Жұмыс сапалары

Ұрпақтары

Баллдар жиыны

элита

төбет

40

20

40

20

120

қаншық

30

20

30

20

100

бірінші асыл тұқымды

төбет

40

18

35

15

108

қаншық

30

18

30

15

93

екінші асыл тұқымды

төбет

30

16

30

10

86

қаншық

20

16

30

10

76

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
14-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
14-қосымша       

Маралдарды және теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (әрі қарай-Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес даярланған және маралдарды және теңбіл бұғыларды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылай түседі.
      2. Маралдар мен теңбіл бұғыларды бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Маралдарды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Еркек маралдар мен алғаш мүйізділерді панты кесу кезінде мамыр-шілде айларында бонитирленеді (бағаланады); оларды дене тұрқының беріктілігі мен дене бітімі, тірі салмағы мен жаңа кесілген пантының, кейінде консервацияланған пантының сапсымен және даяр пантының шығымымен бонитирлейді (бағалайды).
      4. Еркек маралдарды бағалау жыл сайын панты кесу кезінде маусым-шілде айларында, төлдерді енесінен бөлу кезінде, қараша-желтоқсан айларында мал басын қыстауға қойған кезде 16-18 айлық жаста жүргізеді.
      5. Пантылы теңбіл бұғы шаруашылығында жануарларды жыныстық-жас топтарында: төлі, қозықасы, алғаш мүйізділер, ұрғашы жас марал, еркек және ұрғашы марал деп бірегей атау тізбесі қабылданған. Жас маралдарды еркек (сайка) және ұрғашы (саюшки) деп бөледі. Жастары бойынша топтар келесідегідей болып бөлінеді: төл- туғаннан 6 айға дейін, қозықа-6 айдан 1,5 жасқа дейін, алғаш мүйізділер мен ұрғашы жас маралдар 1,5 жастан 2,5 жасқа дейін, еркек және ұрғашы маралдар-2,5 жастан жоғарылар.
      6. Еркек маралдың дене бітімі мен тұрқын жыл сайын жалпы бонитирлеу (бағалау) кезінде жүргізеді.
      7. Дене бітімі мен тұрқын бес балдық шәкілмен (шкала) жүргізеді. Мұнда жануардың қажет ететін бөліктеріне ерекше назар аударылады: еркек маралдардың - жыныстық диморфизмының анық байқалуына: қуатты кеудесі, арқасы, бел бөлімінің және аяқтарының мықтылығы, ең бастысы пантысының формасы мен дамуына. Осы баптарда кемшіліктер болмаған жағдайда еркек маралдарға «5» деген баға қойылады. Кемшіліктер табылған жағдайда бағасы 1 балға төмендейді.
      8. Пантысының алты ұшты жуан діңді қуатты дамыған, бөліну тереңдігі 8 сантиметрге дейін болса қалдырылады. Панты дұрыс құрысы болуы, жеткілікті жуан ұңғысы және жақсы дамыған көз үсті өсіндері мұзды орташа дамыған болуы қажет. Артық өсіндер мен шорлар болмауы керек.
      9. Еркек маралдарды бонитирлеудің (бағалаудың) мәліметтері бойынша 4 класқа бөлінеді: таңдамалы, бірінші, екінші және үшінші.
      1) таңдамалы класқа берік конституциялы және өте жақсы дене бітімді, салмағы бойынша ең жақсы, пантысының үлкендігі мен сапасы бойынша жатады. Пантысы жуан, мол діңді және көз үсті өсінді, мұзды және орташа дамыған өсіндері; артық өсіндер мен шорлар болмау керек.
      2) бірінші класқа қалыпты жағдайда дамыған, берік конституциялы, жеткілікті мөлшерде және жақсы панты беретін, елеулі кемшіліктері жоқ жануарлар жатқызылады.
      Пантысының жекелеген келесі кемшіліктеріне рұқсат етіледі:
      көз үсті өсіндері жіңішке, аздаған қисықтықтары бар;
      діңі қысыңқы немесе көз үсті шорлары бар, барынша көп түкті жабынды, көз үсті өсіндерінің төмен орналасуы, қара немесе сұр түсті.
      3) екінші класқа панты салмағы аз, бірінші кластың стандарттарына сәйкес келетін жануарлар жатқызылады, бірақ әлсіз конституциясымен және тұлғасында немесе панты құрылысында елеулі кемшіліктері бар: сүйектерінің жіңішкелігі, еркек тұрпатының жеткілікті айқын еместігі, көз үсті өсіндердің жеткіліксіз дамуы
      4) үшінші класқа ( тұрқына байланыссыз) пантысының салмағы аз немесе олардың кемістікті құрылысы бар: (кемістікті, 3 немесе 4 өсінінің жоқ болуы)
      10. Марал класын аықтау үшін жас мөлшерінде панты салмағына ең аз талаптар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес қолданылады.
      11. Панты құрлысындағы кемшіліктер тізбесі осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
      12. Пантының дамуы өлшемдер алу алу негізінде анықталады. Өлшемдер қатаң белгілі нүктелерден осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес анықталады
      13. Өлшемдерді дұрыс және пропорционалды құрылысы бар тек бір пантыдан (бір жұбынан) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес алады.
      14. конституциясы мен тұрпатының бағасын кеміту кемшіліктері осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында конституциясы мен тұрпатында біршама кемшіліктер мен кемістіктеріне сәйкес жүргізіледі.
      15. Бонитирленуі (бағалануы) бойынша «Сайканы» 4 класқа бөледі: таңдамалы, бірінші, екінші және үшінші класқа бөлінеді.
      1) таңдамалы - класына сау, ерекше ірі, берік конституциялы, анық байқалатын еркектік дене бітімінің тұрпаты, жақсы жетілген алғашқы мүйізі–сүмбісі (шпилька) (ұзындығы 41 см. және одан да көп ), екі немесе дан көп өсіні бар.
      2) бірінші класқа - сау, берік конституциялы жақсы жетілген бірақ өсіні жоқ, жақсы жетілген сүмбісі бар 31-40 см, жатқызады.
      3) екінші класқа - аса үлкен емес, әлсіз конституциялы, сүмбісінің орташа ұзындығы (21-30см) барларды жатқызады
      4) үшінші класқа - әлсіз конституциялы ұсақ, сүмбісі жетілмеген 20 см. кем жануарларды жатқызады.
      16. Сүмбінінің үлкендігі мен формасын бағалау үшін ұзындығы мен қалыңдығынан 2 өлшем алынады. Ұзындығы сүмбіле түбінен басына дейін алынады, қалыңдығы түбінен 5-7 см жерден алынады.
      17. Ағымдағы жылы туған қозықаларды күзде аналарынан айырғанда мал басын қысқа ұстауға қойған кезде бағалайды. Солармен бірге енелерінен ерте ажыратылғандар, үйігуге дейін бағалау жүргізіледі.
      Төл физиологиалық дамуы, констиуциясының беріктігі және тірілей салмағы бойынша бағаланады.
      Аналық маралдардың бонитирлеуін (бағалауын) қараша-желтоқсан айларында ұйыгу біткенше жүргізеді.
      18. Таңдамалы класына берік конституциясы бар және мүсіні мен дене мөлшері жақсы және тірідей салмағы 210 кг және одан да көп жануарлар жатқызылады.
      19. бірінші класқа қалыпты дамыған, конституциясы берік және жақсы мүсінді, тірідей салмағы (185-209 кг), дене бітімінде кемістігі жоқ (4 кесте) жануарларды жатқызады.
      20. екінші класқа тірідей салмағы барынша аз (170-184 кг), әлсіз конституциялы және дене мүсінінде кемістігі бар жануарлар жатқызылады.
      21. үшінші класқа тірідей салмағы өте төмен (ISO-IBS кг), мүсініне байланыссыз аналықтар жатқызылады.

3. Теңбіл бұғыларды бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      22. Теңбіл бұғылардың еркектерін және алғашқы мүйізділерін жыл сайын панты кесу кезеңінде, мамыр-шілде айларында оларды сырт бейнесі, конституциясының беріктігі, дене мүсіні, жануарлардың тірілей салмағы, пантының құрылысы, формасы және сапасы және олардың жаңа кесілген күйдегі салмағы бойынша бонитирлейді (бағалайды).
      23. Жуан діңді 3 тармағы бар ірі пантысы болуына жол беріледі, екі айырылу тереңдігі 8 см көп болмау керек.
      24. Панты дұрыс құрылысты болу керек, барынша жуан діңді және жақсы жетілген қосалқы көз үстіндегі өсіні, қоңыр немесе құм тәріздес түсті барқытты түгі, жуан діңі болуы қажет. Пантыны және оның дамын бағалау үшін осы Нұсқаудың 2 суретіне сәйкес келесі өлшемдер жүргізіледі.
      25. Өлшемдер қатаң түрде анықталған өлшем нүктелері болуы керек. Оларды 1 пантыдан дұрыс және пропорцияналды құрылысы бар (жұбынан) осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасынана сәйкес алу керек.
      26. Еркек маралдарды бағалаудың мәліметтері бойынша 4 класқа бөлінеді: таңдамалы, бірінші, екінші және үшінші.
      1) таңдамалы класқа берік конституциялы және өте жақсы дене бітімді, салмағы бойынша ең жақсы, пантысының үлкендігі, құрлысы мен сапасы бойынша жатады. Пантысы симметриялы, мол діңді және жақсы жетілген көз үсті өсіні, қоңыр немесе құм тәріздес түсті барқытты түгі, қандай болмасыз шорларсыз болу керек, артық өсіндер мен шорлар болмау керек.
      Бұл класқа пантысы қара және сұр түстң еркек бұғыны жатқызады, оның салмағы таңдамалы класта белгіленгее салмақтан 20% аз болады.
      2) бірінші класқа берік конституциялы және экстерьерлі еркек маралдарды жатқызады. Жеткілікті мөлшерде және жақсы панты беретін, жақсы дамыған көз үсті өсіні бар, елеулі кемшіліктері жоқ жануарлар жатқызылады.
      Пантысының келесі кемшіліктері болуына рұқсат етіледі: Симметриялы болмауы, жіңішке көз үсті өсіні, аздаған қисықтығы бар, діңі қысыңқы немесе көз үсті өсіні, шорлары бар, барынша қою түкті, барынша қою түкті жабынды, көз өсіні төмен орналасқан, қара және сұр пантылы.
      3) екінші класқа пантысының салмағы бойынша бірінші кластың стандарттарына сәйкес келетін жануарлар жатқызылады, бірақ әлсіз конституциясымен және тұлғасында немесе панты құрылысында елеулі кемшіліктері бар: сүйектерінің жіңішкелігі, еркек тұрпатының жеткілікті айқын еместігі, түлеудің кешеулеуі, көз үсті өсіндердің анық жеткіліксіз дамуы.
      4) үшінші класқа ( тұрқына байланыссыз) пантысының салмағы аз немесе олардың кемістікті құрылысы бар (діңінің және көз үсті өсінінің анық жетімегендігі бар).
      27. Теңбіл бұғының класстығын анықтау үшін осы Нұсқаулқтың 6-қосымшасына сәйкес пантысының салмағы бойынша теңбіл бұғы класын анықтау үшін ең аз талаптар, осы Нұсқаулқтың 7-қосымшасына сәйкес марал дене бітімінің кемшіліктері, осы Нұсқаулқтың 8-қосымшасына сәйкес теңбіл бұғы пантысы құрылысының кемістіктері қолданылады.
      28. Таңдамалы класына сау, ерекше ірі, берік конституциялы, анық байқалатын еркектік дене бітімінің тұрпаты, жақсы жетілген алғашқы мүйізі–сүмбісі (шпилька) (ұзындығы 31 см. артық).
      29. Бірінші класқа сау, берік конституциялы ірі алғашқы мүйізділерді, жақсы жетілген бірақ өсіні жоқ 25-30 см, ұзындығы бар сүмбісі барларды жатқызады.
      30. Екінші класқа аса үлкен емес, әлсіз конституциялы, сүмбісінің орташа ұзындығы барларды жатқызады (15-24 см).
      31. Үшінші класқа әлсіз конституциялы ұсақ, сүмбісі жетілмеген (14 см. кем) жануарларды жатқызады.
      32. Дамуы, тірілей салмағы және елеулі кемшіліктері мен кемістіңктері бар үшінші кластың талаптарына сәйкес келмейтін жанаурларды жарамсыздыққа жатқызу қажет.

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
1-қосымша                

Еркек және алғашқы мүйізді маралдардың класын анықтау үшін
ең аз талаптар

класы

Сайкалар сүмбісінің ұзындығы, см

Маралдардың шикі пантысының салмағы «кг)

Жасы, жыл

1.5

2

3

4

5

6

7

8

9

10 және одан үлкен

таңдамалы

36 және одан көп

2,5

3,5

5,0

5,8

6,7

7,6

7,6

7,0

6,7

бірінші

26-35

2,0

2,8

4,0

4,5

5,5

6,3

6,3

5,5

4,5

екінші

15-25

1,0

1,8

2,7

3,1

3,8

4,5

4,5

3,8

3,1

үшінші

екінші кластан кластан төмен

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
2-қосымша                

Еркек маралдар пантысының құрылысындағы кемшіліктер тізбесі

Кемшіліктер санаты

Кемшіліктер тізбесі

Класс

А

көз үсті және мұзды өсіндердің елеулі емес дамуы
бір өсіннің болмауы
артық өсіндер
елеулі шорлар

бірінші кластан жоғары емес

Б

аз шырындылық, көз үсті және мұзды өсіндердің жеткіліксіз дамуы
екі көз үстілік немесе мұзды және орта өсіндердің болмауы

екінші кластан жоғары емес

В

үш немесе төрт өсіннің болмауы
жыл сайын қайталанатын пантының кескінсіздігі

үшінші класс

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
3-қосымша                

Марал пантысының міндеті өлшемдер тізбесі

Өлшемдер

Өлшем алатын жер

1. Панты діңінің ұзындығы

Діңнің артқы жағы бойынша кескен жерге дейін

2. Діңінің жуандығы

Мұзды және үшінші өсіні арасындағы дің жуандығы

3. Өсіндердің ұзындығы: көзүстінің, мұзды және орта

Өсіндердің сыртқы жағы бойынша діңнен ұшына дейінгі

4. Дің аралығының тарамдалу тереңдігі және жоғары өсіннің

Діңнің ұшы мен өсінін қосатын ашаланған доғасынан түзу желісіне дейін

Маралдар мен теңбіл бұғыларды бағалау бойынша Нұсқаулыққа 1-сурет

Марал пантысының өлшемдер сұлбасы: а) дің ұзындығы, б) дің жуандығы, в) көзүсті өсінінің ұзындығы, г) мұзды өсін ұзындығы, д) ортаңғы өсін ұзындығы, е) екі ашаның тереңдігі

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
4-қосымша                

Марал дене бітімінің кемшіліктері (марал мүсіні мен
конституциясы бойынша баға төмендететін көрсеткіштер)

Жалпы дамуы және мүсіні

Кемшіліктер тізбесі

Класс

1. Жалпы түрі және дамуы

Жалпы толық дамымаушылық:
сүйектері оңтайсыз немесе ерекше дамыған-нәзік бұлшық еттері қопсыңқы немесе нашар дамыған

Екінші кластан жоғары емес

2. Мүсінінің сымбаттылығы: басы, мойыны

басы денесіне сәйкес емес, ауыр немесе артық жетілген мойыны қысқа немесе шамадан тыс ұзын, бұлшық еті нашар

Бірінші кластан жоғары емес

Кеудесі

Кеудесі жіңішке, терең емес, жауырындары қосарланған сияқты, қабырға сүйектері жіңішке, бір-біріне жақын орналасқан

Бірінші кластан жоғары емес

Арқасы

жотасы екіге бөлінген немесе үшкір
арқасы жіңішке, қысқа, салбыраңқы немесе бүкір

Бірінші кластан жоғары емес

Дене арты

қысқа, салбыраңқы, шатыр тәріздес, үшкір артты

Екінші кластан жоғары емес

Аяқтары

алдыңы аяқтары- білезігінде жақын орналасқан немесе екі жаққа кеткен

Екінші кластан жоғары емес

Маралдар мен теңбіл бұғыларды бағалау бойынша Нұсқаулыққа 2-сурет

Марал пантысының өлшемдер сұлбасы: а) діңінің ұзындығы, б) дің жуандығы, в) көзүсті өсінінің ұзындығы, г) мұзды өсін ұзындығы, д) ортаңғы өсін ұзындығы, е) екі ашаның тереңдігі

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
5-қосымша                

Теңбіл бұғы пантысының міндетті өлшемдерінің тізбесі

Өлшем

Өлшем алу орны

1. Діңнің сыртқы ұзындығы

Діңнің артқы жағы бойынша кесілген жерден ұшына дейін

2. Діңнің ішкі ұзындығы

Діңнің ішкі жағы бойынша ер тәріздес ортадан ұшына дейін

3. Діңнің жуандығы

Діңді ортасынан орап алып, бірдей қашықтықта негізгі көзүсті өсікінінен діңнің ұшына дейін

4. Көзүсті өсінінің ұзындығы

Сыртқы жағы бойынша өскін ұшынан дің ұшына дейін

5.Дің мен екінші өсікіннің арасындағы айрықтың тереңдігі (3 айырықты панты үшін) үш айрықты панты үшін)

Айырылу доғасынан дің ұшы мен өскінді қосатын сызыққа дейін

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
6-қосымша                

Пантысының салмағы бойынша теңбіл бұғы класын анықтау үшін ең
аз талаптар

Класы

Шикі панты салмағы, гр.

Жасы, жыл

2

3

4

5

6

7

8

9

10 және одан үлкен

Таңдамалы

450

550

800

950

1150

1300

1300

1150

1000

бірінші

400

500

600

700

800

900

900

800

700

екінші

300

400

500

600

700

800

800

700

600

үшінші

екінші кластан төмен

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
7-қосымша                

Марал дене бітімінің кемшіліктері (марал мүсіні мен
конституциясы бойынша баға төмендететін көрсеткіштер)

Жалпы дамуы және мүсіні

Кемшіліктер тізбесі

Класс

1

2

3

1. Жалпы түрі және дамуы

Жалпы толық дамымаушылық:
сүйектері оңтайсыз немесе ерекше дамыған-нәзік
бұлшық еттері қопсыңқы немесе нашар дамыған

екінші кластан жоғары емес

2. Мүсінінің сымбаттылығы: басы, мойыны

басы денесіне сәйкес емес, ауыр немесе артық жетілген
мойыны қысқа немесе шамадан тыс ұзын, бұлшық еті нашар

бірінші кластан жоғары емес

Кеудесі

Кеудесі жіңішке, терең емес, жауырындары қосарланған сияқты, қабырға сүйектері жіңішке, бір-біріне жақын орналасқан

бірінші кластан жоғары емес

Арқасы

жотасы екіге бөлінге немесе үшкір арқасы жіңішке, қысқа, салбыраңқы немесе бүкір

бірінші кластан жоғары емес

Дене арты

қысқа, салбыраңқы, шатыр тәріздес, үшкір артты

екінші кластан жоғары емес

Аяқтары

алдыңы аяқтары- білезігінде жақын орналасқан немесе екі жаққа кеткен

екінші кластан жоғары емес

Маралдар мен теңбіл бұғыларды асыл тұқымдық
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа      
8-қосымша                

Теңбіл бұғы пантысы құрылысының кемістіктері

Санаты

Кемістіктерінің тізбесі

Класы

А

Пантысының симметриялы еместігі, көзүсті өсіндісінің майысуы, біршама шорлар, қою (изюбюрлі) түкті жабын, көзүсті өсіннінің төмен орналасауы

бірінші кластан жоғары емес

Б

Көзүсті өсінінің анық толық жетілмегендігі, көзүсті өсінінің ұсқынсыз өсуі

екінші кластан жоғары емес

В

Діңі мен көзүсті өсінінің анық толық жетілмегендігі, көзүсті өсінінің жоқтығы, пантысының жыл сайын қайталанатын кемістігі

үшінші класс

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
15-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
15-қосымша       

Араларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және
өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Араларды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» заңының 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес даярланған.
      2. Араларды бағалау бонитермен (сыныптаушымен) жүргізіледі.

2. Бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Тұқымдық ара ұяларын бонитирлеу (бағалау) жыл сайын негізгі күзгі тексеру кезеңінде (қыркүйек, қазан айлары) жүргізіледі, бұл кезде ағымдағы жылдың бал жиынына қатысқан сау және қыстан аман шыққан ара ұялары зерттеледі. Тұқым бойынша негізгі болып табылатын ара ұяларын құрастыратын жылы омартадағы барлық ара ұяларын бонитирлеу (бағалау) іске асырылады.
      4. Бонитирлеу (бағалау) науқанын өткізу үшін сыртқы ауа температурасы 15о С кем болмауы қажет.
      Бонитирлеу (бағалау) барысында ара ұяларының тұқымдылығы (экстерьер және биологиялық белгілер бойынша) және ара ұяларының санатын анықтайтын үш негізгі көрсеткіш бағаланады. Ара ұяларын бағалау өлшеуіштеріне тұқым тазалығы, өнімділік, ара ұяларының күш-қуаты, қыс мезгіліне төзімділігі жатады.
      5. Аталығы мен аналығы бірдей түрден тараған ара ұялары таза тұқымды болып есептеледі, олардың тұқым тазалығы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес зоотехникалық құжаттармен (тұқымдық куәліктер, тұқымдық карточкалар) және анықталған түр белгілерімен расталады.
      6. Белгілі бір ұядағы аралардың экстерьерлік және мінез құлықтық белгілері ұпайларда көрінетін өздеріне тән бағамен бонитирленеді (бағаланады) (қанағатанарлық-3, жақсы-4, өте жақсы-5) және бағалау нәтижесінін мәліметі жазылады.
      Экстерьерді бонитирлеу (бағалау) үшін әрбір ара ұясынан ара сынамаларын алады (20-30 дана), араларды өлшеу 5-қосымша сипатталған әдістеме бойынша жүргізіледі.
      7. Бонитирлеу (бағалау) жүргізу үшін ара ұясынан сынама алу тәртібі
      1) аралардың тұқымдық сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тірі араларды ұя ортасынан дернәсілді кәріз рамасының орталығынан бекітілген шыны банкаға елуден алпысқа дейін ара алады;
      2) одан кейін оларға ыстық су құяды және 2-3 секундтан кейін оларды марлі салфеткаға (10 х 15 см) төгеді;
      3) жай қарындашпен омартаны, жанұя нөмірін, сынама алған күнді көрсете отырып жапсырмасына қол қояды
      4) арасы бар марліні жапсырмамен байлап 70% спиртке салады
      5) банканы қақпақпен жабады;
      6) спиртелген аралар бірнеше 2-3 ай сақталады.
      8. Препараттар даярлау және қанатына, тұмсығына, тергитке өлшемдер жүргізу.
      1) ара денесінен пинцетпен оң жақ қанатын бөледі және оны зат шынысындағы глицерин тамшысына салады. Солайша 15-20 қанатты салады және оны жабын шынысымен осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы 1-суретіне сәйкес жабады.
      2) тұмсығын ауыз бөлігінен бөліп алады, ол үшін ара басын кеудесінен бөледі және заттық шыныға с шүйдесімен жоғары келтіріп салады. Препараторлық инемен шүйде саңылауына басады және негізгі ауыз аппаратының басқа беку орнын табады. Пинцетпен заттық шыныдағы глицерин тамшысына салады, барлық бөліктерін инемен жөндейді және жабын шынысымен жабады. Тұмсығын оның ұшы мен көтеріңкі жеріне дейін осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы 2-суретіне сәйкес өлшейді.
      3) тергиттерді бөлшектеп алу үшін ара бауырын оның кеудесінен бөліп алады да оны зат шынысындағы глицерин тамшысына арқа жағын жоғары қаратып салады. Бір-бірінен арқа тергиттерін алдынан бастап 7-ші және соңына дейін бөледі. Затттық шыныдағы 3-ші регитті инемен және пинцетпен түзеп жабын шынысымен осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы 3-суретіне сәйкес жабады.
      4) Қанаттың «а» және «б» кубитальдық ұяшықтарының жолақ жандарын өлшеп оның өлшеу нәтижелерінен қысқа жақтыың өлшемдерін үлкеніне бөледі, солайша кубитальдық индексті пайызбен осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасындағы 4-суретіне сәйкес есептейді.
      9. Өлшеу МБС-1, МБС-2, МБС-9 домалақ шыны пластинка салынған окуляры бар бинокулярлық микроскоптарының көмегімен және жүргізіледі. Онда 100 бөлігі бар шәкіл істелген. Препаратты микроскоптың заттық столына оуляр-микрометр астына қояды. Солайша нүктелер арасындағы қашықтықты оуляр-микрметр жабатынын анықтайды.
      10. Ара ұяларының өнімділігін бонитирлеу (бағалау) тұқымдық немесе тауарлы бал өндіруші омартадағы ара ұяларының санатын анықтауға мүмкіндік беретін белгілер бес ұпайлық шәкіл (шкала) бойынша анықталады. Басты көрсеткіш ретінде негізгі ара ұясының жалпы өнімділігі (азықтық + тауарлық бал) алынады. Рамкалардағы бал таразыда өлшенеді, бұл кезде бос рамкалардың салмағы шегеріледі (0,5 кг). Ішінде бал орналасқан 435х300 мм өлшемді рамканың 3,5-4 кг балы болады, ал 235х230 мм өлшемді рамканың ішінде 3 кг бал орналасады.
      11. Бағалар шкаласында бал өнімділігі көрсеткіштері және ұпайлардағы бағаларға сәйкес келетін басқа да белгілердің көрсеткіштері көрініс осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес табады.
      Бал өнімділігі ара ұясын бағалау өткізілген жылы омартаның орташа бал өнімділігіне шаққандағы %-бен көрсетіледі.
      12. Ара ұяларының күш-қуатын бонитирлеу (бағалау), екі жағынан аралар орналастырылған рамкалардың саны бойынша негізгі бал жиынының алдында жүзеге асырылады.
      13. Ара аналықтарының жұмыртқалағыштығын негізгі бал жиынының алдында анықтайды, ол үшін 5х5 см ұяшықтары бар (бір шаршыда 100 ұяшық) торлы рамка қолданылады. Бір өлшемге есептегендегі ара ұясындағы дернәсілдер орналасқан аудандардың қосындысын 100-ге көбейтіп, 12-ге бөлу арқылы ара аналықтарының бір тәуліктегі жұмыртқалағыштығын анықтауға болады.
      14. Ара ұяларының қыс мезгіліне төзімділігін күзгі және көктемгі тексерудің нәтижелері бойынша бағалайды. Күзгі және көктемгі тексерудің мәліметтерінде көрінген ара ұялары күш-қуатының айырмасы арқылы аралардың қысқы шығынын анықтайды, ол ара ұяларының күзгі күш-қуатына қатынасы арқылы пайыз бойынша келесі формуламен есептеледі:
                          
мұндағы Ш - аралардың қысқы шығыны, %;
       – ара жанұясының ұядағы күзгі күш-қуаты
       – ара жанұясының ұядағы көктемгі күш-қуаты
      15. Бір ара ұясына есептелген қыстық азық қорының шығынын күзгі және көктемгі тексеру кезіндегі азық қорының айырмасын күзгі және көктемгі тексеру сәтіндегі ара ұясы күш-қуатының арифметикалық ортасына қатынасы арқылы анықтайды:
                            
мұндағы Ш - қыстық азық қорының шығыны, кг/ұяда;
       - ара ұясының күзгі азық қоры, кг;
       - ара ұясының көктемгі азық қоры, кг;
       - күзгі және көктемгі тексеру сәтіндегі ара ұясының орташа күш-қуаты, ұя.
      16.Ұяшық пен ұяның қоқысқа толу дәрежесін көктемгі тексеру кезінде көзбен шолу арқылы бағалайды. Қыс мезгіліне төзімділік бойынша қорытынды баға осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес алынған жинақтаушы ұпай ретінде алынады.
      17.Бал өнімділігі, ара ұясының күш-қуаты мен қыс мезгіліне төзімділігі сияқты өлшеуіштерді негізге ала отырып, ара ұясының класы анықталады. Мұндағы басымдыққа ие болып табылатын белгі – бал өнімділігі.
      1) бірінші класс – үш белгі бойынша бес ұпайға ие болған ара ұялары;
      2) екінші класс – бал өнімділігі бойынша бес ұпайға ие болған ара ұялары;
      3) үшінші класс – қалғандарының барлығы.
      4) төртінші класқа – бал өнімділігі бойынша бес ұпайлық бағаға ие болған ара ұялары;
      5) бесінші класқа – төрт ұпайды иеленген ара ұялары;
      6) алтыншы класқа – қалған ара ұяларының барлығы жатқызылады.
      Бір ұпайлық бағаға ие болған ара ұялары сегізінші класқа жатқызылады.
      18. Ара ұяларының сипаттамасы осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес беріледі.
      19. Генотип ұрпақтарға ата-ананың өнімді қасиеттерін тұрақты түрде беруді қамтамасыз етеді. Өнімді қасиеттерді ұрпақтарға тұрақты түрде беруге ата-ананың тегі әсер ететіндіктен, таза тұқымды ара ұяларына - 5 ұпай, шартты таза тұқымды ара ұяларына - 4 ұпай, аралас ара ұяларына – 2 ұпай есептейді.
      20. Егер аналық аралары жоғары санатты аталық аралардан (таңдамалы – 3 ұпай, 1-нші класс – 2 ұпай, 2-нші класс - 1 ұпай) тарағаны құжатпен дәлелденетін болса, онда бағаланатын ара ұяларына 1-ден 3-ке дейін қосымша ұпайлар қосылады.
      Аталған ара ұяларының жоғары өнімді туыстас ара ұялары бар болса, онда қосымша 2 ұпай қосылады.
      Егер бағаланатын ара ұяларының класы бойынша ұрпақтарының бар екендігі анықталса, онда таңдамалық сипаты үшін қосымша 5 ұпай, 1-нші класс үшін 3 ұпай, 2-нші класс үшін 2 ұпай, 3-нші класс үшін 1 ұпай қосылады. Барлық төрт көрсеткіш жинақталып (15-тен жоғары емес), жиынтық ұпай бағалау нәтижелерінің мәлімет тізімі нәтижелердің 14-ші бағанныңына енгізіледі. (2-қосымша).
      21. Бірінші класқа кірген әрі аналығы мен аталығы белгілі ара ұяларын таңдамалыға жатқызады.
      Ара аналықтарының шығу тегін омарталық есеп журналының жазбалары бойынша анықтайды, ара аталықтарының шығу тегі оқшауланған ұшу жағдайында бақыланатын ұрықтану кезінде немесе алдын ала белгілі аталықтардың ұрықтарымен ара аналығын инструменталдық ұрықтандыру кезінде тіркеледі.
      22. Элита класына аналығы мен аталығының шығу тегі белгілі және 80 ұпай және одан жоғары бағаланған таза тұқымды ара ұялары жатқызылады.
      23.Бірінші класқа шартты таза тұқымды ара ұялары (аталықтары нақты белгілі емес) жатқызылады және олар 80 ұпайдан кем емес бағаға ие болуы тиіс.
      24. Екінші класқа 70 ұпайдан кем емес бағаланған барлық шартты таза тұқымды және таза тұқымды ара ұялары жатқызылады.
      25. Үшінші санатқа ең аз ұпайға ие болған шартты таза тұқымды ара ұялары жатқызылады. Аралас ара ұялары, олар жоғары өнімді болып табылса да, «кластан тыс» санаттарына жатқызылады. Бұл ара ұялары тәрбиешілер ретінде пайдаланылуы мүмкін.
      26. Бонитирлеуден (бағалаудан) өтпейтіндер:
      ағымдағы жылғы аналықтары бар ара ұялары, соның ішінде ағымдағы жылғы ара пакеттері және сырттан алынған ара ұялары;
      улану немесе аурудың салдарынан маусым бойында әлсізденіп қалған ара ұялары;
      маусым бойы үйірілімге ұшыраған ара ұялары мен олардың үйірілімдері;
      шығу тегі мен жасы белгісіз аналықтары бар ара ұялары;
      қыс мезгілінде шығынға ұшыраған аналықтары көктемде алмастырылған ара ұялары;
      маусым бойы басқа ара ұяларының дернәсілдерімен немесе араларымен күшейтілген ара ұялары;
      27. Аралардың қолда бар түрінің таза тұқымды ара ұялары ғана бағалануға жатады.
      28. Бағалаудың сегізінші тобына жатқызылған және тұқымдық омарта маманының талаптарын қанағаттандырмаған ара ұялары (аса ызалылық, үйірілімділік, ауруларға нашар төтеп берушілік және т.б.) жарамсыздыққа шығарылады.

Араларды асыл тұқымдық        
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа    
1-қосымша              

Аудандастырылатын ара түрлерінің биологиялық белгілері мен
экстерьерлері

Ара түрі

Ара денесінің түсі

Ара тұмсығының ұзындығы, мм

Дискоидальды жылжуы, %

Кубитальді индекс, %

Бал массасы, кг

Бал алымы

Мінез-құлқы

+

-

0

Ұяны ашу кезінде

Ұяшық ты қарау кезінде

Орта орыстық

Қою сұр

6,0-6,4

4 және одан кем

74 және одан артық

25 және одан кем

60-65

110

Ақ, аралас

Қалыпты агрессивті

Ұяшықтан ұшып шығады

Карпаттық

Сұр

6,3-7,0

90 және одан артық

-

10 және одан кем

45-60

105

Ақ, аралас

Бейбіт

Ұяшықта қалады

Краиндық

Сұр

6,4-6,8

90 және одан артық

-

10 және одан кем

45-60

105

Ақ

Бейбіт

Ұяшықта қалады

Араларды асыл тұқымдық        
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа    
2-қосымша              

1-сурет

В                      А

Алдыңғы оң жақ қанат. Дискоидальді ығысуды өлшеу:
А – теріс дискоидальді ығысу;
В – оң дискоидальді ығысу;

2-сурет

Тұмсықтың ұзындығы

3-сурет

Үшінші тергиттің ені

4-сурет

   

Кубитальді ұяшықтың өлшемдері.

Араларды асыл тұқымдық        
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа    
3-қосымша              

Ара ұяларының бағаланатын белгілеріне қойылатын талаптар

Бағалау, ұпайлар

Бал өнімділігі, %

Бал жиыны алдындағы ара ұяшықтарының саны

Аралардың қысқы шығыны, күздегі ара ұяларының санына %-бен

435х300 рамкасына

435х230 рамкасына

5

200

24-тен кем емес

30-дан кем емес

10-нан кем

4

150

20

25

15-ке дейін

3

120

18

22

25-ке дейін

2

100

16

18

30-ға дейін

1

2-5 ұпайлардың талаптарын қанағаттандырмайтындар

Ескертпе: Орташа бал өнімділігі 50 кг және одан жоғары болған жағдайда, 5 ұпаймен орташа бал өнімділігінен 150%-ға және одан жоғары көрсеткішке ие болған ара ұялары бағаланады, ал 4 ұпаймен 120%-ға және одан жоғары көрсеткішке ие болған ара ұялары бағаланады. Бұл жағдайда 200% және одан жоғары көрсеткішті көрсеткен ара ұялары 6,7,8 ұпайлармен бағаланады, бұл ұпайлар ара ұяларының тобын анықтау кезінде 5 ұпайға теңестіріледі.
Ара ұяларын ауыл шаруашылық өсімдіктерін тозаңдандыру үшін пайдаланатын шаруашылықтарда 5 ұпаймен бал жиынының алдында 435х300 мм рамкаға саны 15-тен кем емес ұяшықтарда және 435х230 мм рамкаға саны 20-ден кем емес ұяшықтарда орналасқан ара ұялары бағаланады, ал 4 ұпаймен сәйкесінше 11 және 15, 3-9 ұпаймен, 12 ұяшық, 2-7 ұпаймен 9 ұяшықтарда орналасқан ара ұялары бағаланады.

Араларды асыл тұқымдық        
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа    
4-қосымша              

Ара ұяларының қыс мезгіліне төзімділігіне қойылатын талаптар

Қысқы шығын, %

Қыстап шыққан аралар ұясына кеткен азық шығыны, кг

Ұяшықтың қоқысқа толу дәрежесі

Ұпайлармен бағалау

10 және одан кем

1-ге жуық

Жоқ

18-20

15-ке дейін

1,3

Әлсіз

16-17

25-ке дейін

1,5

Орташа

11-15

30-ға дейін

1,8

Жоғары

6-10

30-дан артық

1,8-ден артық

Өте үлкен

5 және одан кем

Араларды асыл тұқымдық        
құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін
молайту жөніндегі нұсқаулыққа    
5-қосымша              

Ара ұялары санатының сипаттамасы

Бал өнімділігі

Аралары бар ұяшықтар саны

Аралардың қысқы шығыны

Санат

5

5

5

1

5

4-5

4-5

2

4

4-5

4-5

3

5

3

3

4

4

3

3

5

2-3

2-3

2

6

2

2

2

7

1

1-2

1-2

8 (жарамыз)

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
16-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
16-қосымша       

Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды асыл тұқымдық құндылығын
бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді (бағалауды) нақтылауды, сондай-ақ торда өсірілетін күзендерді, ақтүлкілерді, түлкілерді, бұлғындарды, сасық күзендерді, жанат тәрізді иттерді және саз құндыздарын бонитирлеу (бағалау) кезіндегі зоотехниялық талаптарды белгілейді.
      2. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптаушылар) жүргізеді.

2-тарау. Торда өсірілетін терісі бағалы аңдарды бонитирлеуді
(бағалауды) ұйымдастыру

      3. Аңдарды бонитирлеу (бағалау) – олардың тұқымдылығына, түсінің реңкіне, мөлшері мен дене бітіміне, жалпы түсіне және жүн жамылғысының сапасына, сондай-ақ кейбір қосымша белгілеріне жеке баға беру. Бұл бағалар бойынша одан әрі асыл тұқымдық жұмыс, асыл тұқымды аңдарды жарамсыз деп белгілеу және іріктеу, жұптарды таңдау жүргізіледі. Қосымша белгілер тұқымға қалдырылатын аңдарда бағаланады.
      4. Бонитирлеуге (бағалауға) асыл тұқымды ядроның бүкіл алдын ала іріктелген төлі және табынның репродуктивті бөлігі, сондай-ақ төл сапасы бойынша тексеруге жататын аталық пен аналықтардан алынған төл жатады.
      5. Фермада өсірілетін бүкіл аңдар түрлерін бонитирлеу (бағалау) олардың толығымен түбіттенуі кезеңінде: вуальды ақ түлкіні қазан айында; күзен, түлкі, күміс түсті ақ түлкілерді қазан айының соңында және қарашада; саз құндызды қараша, желтоқсан айларында 7-10 айлық жасында жүргізіледі.
      6. Аңдарды тек құрғақ жүн жамылғысымен жеткілікті шашыраңқы күн жарығында (күн жарығы тік түспеуі қажет) немесе күндізгі жарық беретін шам жарығында бағалайды. Асыл тұқымды фермаларда бүкіл аңдар төлі, тауарлы фермаларда асыл тұқымды ядроның бүкіл төлін және күшіктері тұқымға алынған қолданыс табынның ұялас төлдері бағаланады. Сырттан келген аңдарды міндетті түрде бағалайды. Күзен, түлкі, ақ түлкі және саз құндыздар өмірінің бірінші жылы бағаланады, бұлғындар – бірінші және екінші жылында.
      7. Бонитирлеу (бағалау) кезінде аңдарды қолға алады. Сасық күзен мен күзендерді едені көтерілетін жылжымалы клеткаларда бонитирлеуге (бағалауға) болады.
      8. Аңдар түрі, тұқымы, типі бойынша жеке-жеке бонитирлейді (бағалайды). Аңның сыныптылығын білдіретін үш негізгі белгісін (жануардың көлемі мен дене бітімі, түк жамылғысының сапасы мен оның түсі), сондай-ақ бұл түрге (тұқымға, типке) қабылданған қосымша белгілер бағаланады. Белгілерге визуальды баға бергенде үлгі аңдар қолданылады тұқымдылығы, түсінің қарқындылығы (түлкіде – күмістүстілік пайызы).
      9. Бонитирлеу (бағалау) басталғанға дейін зоотехникалық есеп деректері бойынша аңның қандай да бір тұқымға (типке) жататынын, таңбалық нөмірлер бар-жоғын және дұрыстығын нақтылаған жөн. Жауапты бонитер (сыныптаушы): көрнекі бонитирлеуге (бағалауға), барлық бонитирлерді (сыныптаушыларды) нұсқаудан өткізуге, үлгі ретінде пайдаланылатын аңдарды іріктеуге, аңдарды бонитирлер (сыныптаушылар) арасында бөлуге міндетті.

3-тарау. Белгілерді бонитирлеу (бағалау)

      10. Тұқымдылықты бонитирлеу (бағалау). Негізгі түсін анықтамайтын доминантты гендері себепші болған белгілерімен түрлі түсті күзендер, түлкілер, ақ түлкілер және саз құндыздары генотипі бойынша негізгі түсті анықтайтын тиесілі тұқымға (типке) жатады. Негізгі түсінің өзгеруін айқындайтын доминантты мутациялы аңдар дербес типтер ретінде қарастырылады.
      11. Түс қарқындылығын бонитирлеу (бағалау). Түс реңктілігі - қара, орташа немесе ақшыл - күзендерде (қарасы мен ағынан басқалары), сасық күзен, ақ түлкіде («тень» қара түлкілерінен басқасы), жанат тәрізді иттерде, саз құндызында (қарасы мен ағынан басқалары), платина түсті және қызыл түлкілерде, күміс түсті-қара түлкілерде күмістүстілік пайызы айқындалады. Түс реңктілігі (қарқындылығы) селекцияланатын типтерді шаруашылық мамандары айқындайды.
      12. Аң сыныбын анықтайтын белгілерді бонитирлеу (бағалау). Барлық белгілері (дене өлшемінен басқасы) бес балдық шкаламен бағаланады. Дене өлшемдерін он балдық шкаламен бағалайды.
      13. Өлшемі мен дене бітімін бонитирлеу (бағалау). Асылтұқымды фермаларда аң өлшемін дене ұзындығын өлшеу жолымен (саз құндызды – тірі салмағымен) анықтайды. Тауарлы фермаларда дене өлшемін визуальді түрде анықтайды. Тұқымға қалдырылған төлде дене ұзындығы өлшенеді. Визуальды дұрыс баға беруді меңгеріп алу үшін бонитирлеудің (бағалаудың) бірінші кезеңінде бірнеше қалыпты қоңды жануарларды өлшеп алған жөн. Бағаның қандай да бір балға сай келетін көрсеткіштері келесі кестелерде келтірілген: 123456789101112131415161718192021222324252627.
      Аңдар сыныптылығын анықтау кезінде 6 және одан жоғары балға ие болған аң өлшемі мен дене бітімі 5 балға теңестіріледі.
      Аңдарды азықтандыру алдында өлшейді, дене ұзындығын тұмсық шеті мен құйрық түбіне дейін дене бүгілістеріне сай келтіріп рулеткамен өлшейді.
      14. Түк жамылғысы сапасын бонитирлеу (бағалау). Түбіттену сапасы барлық аңдарда арқасы, бүйірі және құрсағы арқылы бағаланады. Ол түк жамылғысының қалыңдық, серпінділік, ұзындылық және жібектілік көрсеткіштерінің жиынтығымен, дененің әр учаскелеріндегі бұл көрсеткіштердің ара қатынасымен, сондай-ақ түк жамылғы кемшіліктерімен сипатталады.
      Аңдардың барлық түрлерінде түк жамылғысының құрылысы бойынша селекцияланатын типін шаруашылық мамандары айқындайды.
      15. Түк жамылғысының жалпы түсін бонитирлеу (бағалау) түк жамылғысының жалпы бағасы бүркеу қылшығының түсі мен түбіт ұштарының түсінен тұрады. Оның бағасы аңнын жалпы түстілігіне сипат береді. Аңдардың барлық түрлерінде түсі осы топқа сипатты түс пен түстің анық білінуімен, яғни қажетті емес реңктің болмауымен бағаланады. Қара күзен, қара саз құндызы және бұлғында жалпы түстілік бағасына пигменттену қарқындылығына берілген баға да кіреді.
      16. Аңдардың сыныбын айқындау. Үш белгіні: дарақ өлшемі мен дене бітімі, түк жамылғысының сапасын оның реңкін бонитирлеу нәтижесі бойынша 1-кестеге сәйкес аңның түбітті сапа сыныбы айқындалады. Сыныптардың барлығы сегіз. Бірінші және екінші сыныпты таза тұқымды аңдар элитаға жатады 1-кесте.

1-кесте. Аңның түбітті сапа сыныбын айқындау

Өлшемі мен дене бітімі, балл

Түк жамылғысының сапасы, балл

Түк жамылғысының түсі, балл

Сынып

5

5

5

бірінші

4 - 5

4 – 5

5

екінші

4 - 5

4 - 5

4

үшінші

3 - 5

3 - 5

5

төртінші

3 - 5

3 - 5

4

бесінші

3 - 5

3 - 5

3

алтыншы

Екі балдан тұратын ең болмаса бір баға болғанда
Бір балдан тұратынең болмаса бір баға болғанда

жетінші

сегізінші

Түс реңкі, түлкідегі күмістүстілік пайызы, сондай-ақ аңның сыныптылығын айқындау кезіндегі қосымша белгілер есепке алынбайды.
      17. Тұқымға қалдырылған аңдардың қосымша белгілерін, сонымен қатар қосымша көрсеткіштер бойынша бонитирлеу (бағалау). Бағалау үшін міндетті қосымша белгілер әр аң түрін бонитирлеу сипатының соңында келтірілген. Қосымша белгілерді осылайша бағалайды:
      түбіт реңкін денесінің арқа-бүйірлі бөлігіндегі түк жамылғысын үрлеп анықтайды. Оны, белгілі бір мөлшерде жалпы түсін анықтайтын қылшық ұштарының түсімен бағалайды;
      түлкілерде бүркеу қылшығының ашық түсті жолағының енін визуальді түрде денесінің арқа-бүйірлі бөлігіндегі ашық түсті жолақ енімен, ол жоғары жағынан қылшықтардың пигменттелген ұштарының төменгі жақтарымен шектеледі де төменінен түбіт жүндері ұштарымен немесе күмістүсті сақинаның төменгі шегімен айқындайды.
      Платиналы қылшықтардың меншікті салмағы айтарлықтай болса (50%-астам) бағаны ақшыл түсті аймақ енімен емес платиналық түсті қылшықтар орта немесе мол қарқындылығымен береді;
      вуальды қылшықты және бағыттауыш жүндердің пигменттелген ұштарымен анықтайды.
      Қылшықтардың пигменттелген ұштарының ұзындығы және жиілігімен, ал күмістүсті-қара түлкілерде сонымен қатар ақшыл түсті аймақ енімен де вуаль нормалы немесе әр денгейде ауытқуымен «ауыр» немесе «жеңіл», ақ түлкіде әр деңгейлі анық білінуімен болады.

4-тарау. Зоотехникалық талаптар

      18. Күзендерді бонитирлеу (бағалау). Күзеннің өлшемі мен дене бітімін бағалау 2-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

2 кесте. Күзендер өлшемі мен дене бітімін бағалау

Баға, балл

Өлшемі және дене бітімі

Дене өлшемінің минимальды көрсеткіштері

Аталықтар

Аналықтар

ұзындығы, сантиметр

тірідей салмағы, килограмм

ұзындығы, сантиметр

тірідей салмағы, килограмм

10

Аса ірі мықты

54

3,3

47

1,7

9

Аса ірі мықты

52

3,1

45

1,6

8

Аса ірі мықты

50

2,9

43

1,5

7

Аса ірі мықты

48

2,7

41

1,4

6

Аса ірі мықты

46

2,5

39

1,3

5

Аса ірі мықты

45

2,3

38

1,2

4

Ірі, мықты

44

2,1

37

1

3

Орташа, мықты

43

1,9

36

0,8

2

Ұсақ, мықты

43-төмен

1,9-төмен

36-төмен

0,8-төмен

1

Дененің қай көлемі болмасын осал





Түк жамылғысының сапасын бағалау 3-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

3-кесте. Күзеннің түк жамылғысы сапасын бағалау

Ақ, көгілдір (күмістүсті-көгілдірлерден басқа), бұлғынды бүкіл типтерді бағалау, балл

Басқа бүкіл типті күзендерді бағалау, балл

Белгі сипаттамасы

5

5

Түк жамылғысының биіктігі шаруашылықта селекцияланатын типке тән. Түк жамылғысы өте қалың, жібектей, қылшығы түбітті арқасында, бүйірлерін және құрсағын толығымен жауып тұрады.

5

4

Құрсағы мен бүйірлерінде қылшығы сиректеу болуы мүмкін, түбіті аздап білініп тұрады.

4

3

Түк жамылғысы биіктігі бойынша селекция барысындағы типке сай келеді, сиректеу, жібектей. Қылшығы арқасындағы түбітті толығымен жауып тұрады, бірақ бүйірінде түбіті білініп тұрады

3

2

Түк жамылғысы қалың емес, қылшығы сиректеу, арқасындағы түбіті білініп тұрады, шатында аздаған қырылғандық байқалуы мүмкін

2

1

2 (3) - 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Күзеннің түк жамылғысының түсі 4-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

4 кесте. Күзен түк жамылғысының түсін бағалау

Тұқым, тип

5 балл

4 балл

3 балл

2 балл

1 балл

1

2

3

4

5

6

Түк жамылғысы түсіне қойылатын талаптар

Стандартты қара типті

Анық білінетін жылтырлы қара. Түбіт жүнтері күңгірт өңді түсі сұр

Анық білінетін жылтырлы қараға жақын. Түбіт жүндерінің түсі күңгірт өңді сұр

Жылтырлы қараға жақын. Түбіт жүндері ұштарының түсі күңгірт өңді қоңыр

Күңгірт-қоңыр. Түбіт жүндері ұштарының түсі күңгірт немесе орташа өңді қоңыр

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Стандартты күңгірт-қоңыр типті

Анық білінетін жылтырлы қоңыр қараға жақын. Түбіт жүндері ұштарының түсі қоңыр, жалпы түспен өңдес

Анық білінетін әртүрлі қарқындылықты қоңыр түсті. Түбіт жүндері ұштарының түсі қоңыр, жалпы түспен өңдес

Аздап құбалы қоңыр түсті

Анық құбалы қоңыр түсті

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Стандартты қоңыр (жабайы) типті

анық білінетін жылтырлы әртүрлі қарқындылықты қоңыр түсті. Түбіті таза сұр түсті, ұштары қоңыр

Анық білінетін жылтырлы әртүрлі қарқындылықты қоңыр түсті. Түбіті сұр түсті, ұштары қоңыр

Аздап құбалы қоңыр түсті. Түбіті қоңыр реңкті сұр. Түбіт жүндерінің ұштары қоңыр

Анық құбалы қоңыр түсті. Түбіті құбалы қоңыр немесе ашық

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Пастельді (bb) о о және орхидті (k k )

Анық білінетін көгілдір-сұр реңкті қоңыр түсті. Түбіті сұр аздап қоңыр реңкті

Білінетін көгілдір-сұр реңкті қоңыр түсті. Түбіті сұр қоңыр реңкті

Қоңыр. Түбіті сұр, ұштары қоңыр

Сарғыштау немесе құбалы реңкті

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Соклотпастельді s s (t t bb)

Анық білінетін сұрғылттау-көгілдір реңкті ақшыл қоңыр түсті. Түбіті сарғыш сұр реңкті

Анық білінетін сұрғылттау-көгілдір реңкті ақшыл қоңыр түсті. Түбіті сарғыш. Ұштары қоңыр түске боялған

Ақшыл-қоңыр түсті. Түбіті сарғыш, ұштары қоңырлау

Қоңыр. Түбіті сарғыш құбалылау

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Орхидпастельді о о (k k bb)

Ақшыл-қоңыр қола түсті реңкті. Түбіті көгілдір түсті.

Ақшыл-қоңыр сәл қола түсті реңкті. Түбіті көгілдір түсті.

Ақшыл-қоңыр түсті. Түбіті сұр

Ашық-қоңыр түсті. Түбіті сұр сәл құбалы

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Мойлалеутті (mmaa)

Ақшыл-қоңыр түсті аздап ағарыңқы-ақшыл көк реңкті. Түбіті сұр, ұштары көгілдір

Ақшыл-қоңыр түсті аздап ағарыңқы-ақшыл көк реңкті. Түбіті сұр, ұштары көгілдір

Ақшыл-қоңыр құбалылау реңкті. Түбіті сұр

Ақшыл-қоңыр құбалы реңкті. Түбіті сұр

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Паломино (kk)

Сарғыш. Түбіті ашық-сарғыш

Сарғыш аздап қызғылт сары реңкті. Түбіті ашық-сарғыш

Сарғыш қызғылт сары реңкті. Түбіті ашық-сарғыш

Сарғыш анық қызғылт сары реңкті. Түбіті ақпен тең

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Ампалосапфирлі (kkaapp), ампалокүміс-түсті (kkpp)

Анық білінетін көгілдір реңкті сарғыш-сұрғылттау. Түбіті ағарыңқы-көгілдір, көгілдір

Сарғыш-сұрғылттау.
Түбіті ағарыңқы-көгілдір, көгілдір

Аздап қоңыр реңкті сарғыш-сұрғылттау. Түбіті ағарыңқы-көгілдір

Аздап қызғылт сары-құбалы реңкті сарғыш түсті

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Мойлянтарь-сапфирлі (mmrraapp)

Аздап қызғылт реңкті нәзік-сарғыш түсті. Түбіт ұштары көгілдірлеу реңкті

Аздап қоңырлау реңкті ақшыл-сарғыш түсті. Түбіті аздап ақ сары реңкті

Қоңырлау реңкті сарғыш түсті. Түбіті аздап ақ сарылау-сары реңкті

Қоңыр реңкті сарғыш түсті

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Күмістүсті-көгілдір (рр), сұрғылт көгілдір s s s (p p, p p)

Таза күлгін-сұр түсті. Түбіті сұр

Анық біліне қоймайтын күлгін-сұр түсті. Түбіті сұр

Аздап қоңыр реңкті күлгін түсті. Ұштары қоңырлау сұр түсті түбіт

Сарылау немесе құба реңкті сұр түсті

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Алеуттік (аа)

Көк болат түсіне жақындап қалған қара деуге болатын түс, қылшығы қарамен тең. Түбіті күңгірт, таза көгілдір түсті қараға жақын

Аздап қоңыр реңкті қараға жақын. Түбіті күңгірт-көгілдір түсті

Аздап қоңыр реңкті қараға жақын. Түбіті сұр немесе ұштары қоңырлау келетін күңгірт-сұр түсті

Аздап қоңырлау реңкті қараға жақын. Ұштары қоңыр сұр түсті түбіт

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Алеутті сұрғылт s s s (aap p, aap p)

Қылшығы көгілдір реңкті қараға жақын. Түбіті көгілдір

Қылшығы қараға жақын. Түбіті көгілдір

Көгілдір Түбіті ақшыл-көгілдір

Қоңырлау реңкті көгілдір. Түбіт ұштары қоңырлау ақшыл-көгілдір түсті

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Сапфирлі (aapp)

Таза көгілдір. Түбіті әр қарқындылықты көгілдір түсті

Көгілдір, анық біліне қоймайды. Түбіті әр қарқындылықты көгілдір

Сұр реңкті көгілдір немесе түсі біркелкі емес әртүрлі. Түбіті сұрлау

Қоңырлау қонуымен көгілдір. Ұштары қоңырлау сұр түсті түбіт

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Орхидпастельді күмістүсті o o (k k bbpp)

Аздап сұр реңкті көгілдір. Түбіті көгілдір, өнімен жалпы түсіне сай

Көгілдірлеу-сұр түсті. Түбіті көгілдір, өнімен жалпы түсіне сай

Көгілдірлеу-сұр түсті. Түбіті сұрлау

Аздап қола реңкті көгілдірлеу-сұр. Ұштары қоңырлау сұр түсті түбіт

Анық білінетін қола реңкті сұр-көгілдір

Мойлсапфирлі (mmaapp)

Ақшыл-көгілдір, қара дақсыз. Түбіті көгілдір, өнімен жалпы түсіне сай

Аздап күлгін-сұр реңкті ақшыл-көгілдір. Түбіті көгілдір, өнімен жалпы түсіне сай

Қара дақсыз сұр реңкті ақшыл-көгілдір. Түбіті сұрлау

Қоңырлау қонуымен ақшыл-көгілдір Ұштары қоңырлау сұр түсті түбіт

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Соклотпастельді күмістүсті s s (t t bbpp), мойлпастель серебристые (mmbbpp)

Көгілдірлеу-сарғыш реңкті сұр. Түбіті көгілдір

Сарғыш реңкті сұр. Түбіті көгілдір

Аздап қоңырлау реңкті сұр. Ұштары қоңырлау сұр түсті түбіт

Аздап қоңырлау реңкті сұр. Ұштары қоңырлау сұр түсті түбіт

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Янтарь-сапфирлі (rraapp)

Сарғыш-ақ сары реңкті көгілдірлеу-сұр. Түбіті ашық-көгілдір

Сарғыш реңкті көгілдірлеу-сұр. Түбіті ашық-көгілдір

Аздап қоңырлау реңкті көгілдірлеу-сұр. Түбіті көгілдір

Қоңыр реңкті көгілдірлеу-сұр. Түбіті көгілдір

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Ақ (hh және басқалар)

Таза ақша қардай. Түбіті ақ

Таза ақ. Түбіті ақ

Аздап ақшыл көктеу реңкті ақ. Түбіті ақ

Анық білінетін ақ сарылау немесе сарылау реңкті ақ

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Ескертулер:
1. Арқа мен құрсағы түсінде өзгерістері бар стандартты (қара немесе күңгірт-қоңыр типтілер), мойлсапфирлі және алеутті күзендер бір балға төмен бағаланады.
2. Қара типті стандартты күзендердің жапқыш қылшықтары ұзындығы бойынша біркелкі болуы тиіс.
3. Стюарт, бос, тень, джет, финблек, крестовка, шұбар рощиндық, шұбар және бұлғынды (ұзынқылшықты) күзендерді белгілі бір тұқымға (типке) жатуына сай түсінің тазалығымен бонитирлейді. Крестовка, шұбар рощиндық және шұбар күзендер бұл белгі үшін келесі жағдайда 5 - 3 балмен, суреті анық білінуі бойынша олардың бағасы 5 және 4 бал болып, дақты қылшықтары таралуы бойынша бағасы 5 және 4 балмен бағалануы мүмкін.
Қосымша белгілер 5-кестеде келтірілген талаптарға сәйкес бағаланады.

5-кесте. Күзендердің қосымша белгілерін бағалау

Баға, балл

Белгі сипаттамасы

1

2


Ақ дақтылық

5

Жоқ

4

Мала Аз (ернінде дақ немесе денесінің құрсақ жағында ақ түсті қылшықтардың жеке будалары)

3

Орташа (ені 2 сантиметрден төмен дақ дененің құрсақ жағында)

2

Үлкен (ені 2-4 сантиметр аралығындағы дақтар дененің құрсақ жағында)

1

Өте үлкен (ені 4 сантиметрден астам дақтар дененің құрсақ жағында)


Арқасындағы суреттің анық білінуі (крестовка күзенге)

5

Жоқ

4

Аз (ернінде дақ немесе денесінің құрсақ жағында ақ түсті қылшықтардың жеке будалары)

3

Орташа (ені 2 сантиметрден төмен дақ дененің құрсақ жағында)

2

Үлкен (ені 2-4 сантиметр аралығындағы дақтар дененің құрсақ жағында)

1

Өте үлкен (ені 4 сантиметрден астам дақтар дененің құрсақ жағында)


Пигментті қылшықтардың бүйірлерінің ашық учаскелерінде таралуы (крестовка күзенге)

5

Пигменттелген қылшық пен бүршік будалары бүйірлерінде жоқ

4

Пигменттелген қылшық будалары бүйірлерінде бар, бірақ біліне қоймайды

3

Пигменттелген түбіт жүндері бар шағын будалар (0,25 сантиметр квадрат.)

2

Пигменттелген түбіт жүндері бар үлкен будалар

1

Өте үлкен будалар, шұбар күзендер


Түбіт жүндер ұзындығы (бұлғынды күзенге)

5

Өте үлкен (аналықтар - 21 - 23; аталықтар - 23 - 26 миллиметр)

4

Үлкен (аналықтар - 19 - 20; аталықтар - 21 - 22 миллиметр)

3

Орташа (аналықтар - 18; аталықтар - 20 миллиметр)

2

Аз (аналықтар - 17; аталықтар - 19 миллиметр)

1

Өте аз (аналықтар - 16 миллиметр; аталықтар - 18 миллиметр)


Ақ дақтар таралуы (шұбарларға)

5

Ақ түсті қылшықтар алып жатқан аудан дене ауданының 50% - ын құрайды

4

Ақ түсті қылшықтар алып жатқан аудан дене ауданының 30-50% - ын құрайды

3

Ақ түсті қылшықтар алып жатқан аудан дене ауданының 30% - ын құрайды

2

Суреті біліне қоймайды

1

2 - 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды


Түстелген дақтардың таралуы (шұбарларға)

5

Дақтар арқа мен бүйірлерінде біркелкі таралған, контрасты, анық шектелген

4

Дақтар таралуында аздап біркелкілік бұзылған немесе дақтар анық шектеле қоймаған

3

Дақтар біркелкі таралмаған, денесінің жекелеген учаскелерінде қана кездеседі

2

Дақтар жоқпен тең, арқа мен бүйірлері ақ жүндермен жамылған

1

Арқа мен бүйірлерінде дақтар жоқ, бүйірлері, мойны, кеудесі, құрсағы ақ түсті

Көлемі бойынша түлкілерді 6-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағалайды

6-кесте. Түлкілердің өлшемі мен дене бітімін бағалау

Баға, балл

Өлшемі мен дене бітімі

Денесінің минималды ұзындығы, см

Аталықтар

Аналықтар

1

2

3

4

10

Аса ірі, мықты

82

78

9

Аса ірі, мықты

80

76

8

Аса ірі, мықты

78

74

7

Аса ірі, мықты

76

72

6

Аса ірі, мықты

74

70

5

Аса ірі, мықты

72

68

4

Ірі, мықты

70

66

3

Орташа, мықты

68

64

2

Ұсақ, мықты

66

62

1

Кездейсоқ өлшемде дене бітімі осал



Түлкілер түк жамылғысының сапасы 7-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

7-кесте. Түлкілердің түк жамылғысы сапасына баға беру

Баға, балл

Белгі сипаттамасы

1

2

5

Өте қалың, өте үлпілдек, жібектей, серпінді, ұзындығы бойынша біркелкі, селекция барысындағы типке сай. Жоны дамымаған, жапқыш қылшығы арқасы мен бүйірлерінде бүршігін жауып тұрады. Түк жамылғысында қиылыстары болмайды

4

Қалың, үлпілдектігі азырақ және серпінді, жібектей, ұзындығы бойынша біркелкі, селекция барысындағы типке сай.. Жоны аздап білінеді. Жапқыш қылшығы арқасы мен бүйірлерінде бүршігін толығымен жауып тұрады

3

Қалың, үлпілдектігі мен серпінділігі төмендеу, жібектей, ұзындығы бойынша селекция барысындағы типке сай, салыстырмалы түрде дамыған жонымен. Жапқыш қылшығы арқасында бүршігін толығымен жауып жатады. Түк жамылғысында аздап қиылыстар байқалады, бүйірлеріндегі жапқыш қылшықтар сиректеу орналасады

2

Қалыңдығы мен сәнділігі төмендеу, бүйірлеріндегі қылшықтары сиректеу, қылшықтар серпінділігі төмендеу, ұзындығы бойынша селекция барысындағы типке сай емес, жоны дамыған. Аздаған жүн қиылыстары болуы мүмкін, жая жағында аздап жүн ұйысқаны байқалады

1

2 - 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Түлкілердің түк жамылғысының түсі 8-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

8-кесте. Түлкілердің түк жамылғысының түсін бағалау

Баға, балл

Белгі сипаттамасы

1

2


Күмістүсті-қара түлкілер (NN), ақтұмсықтылар (WW

5

Жапқыш түктері қара көк, жарқын. Түбіті көгілдір реңкті күңгірт-сұр. Жапқыш түктерде ақшыл аймағының ені шамамен 10-15 миллиметр, таза ақ түсті жылтырымен. Жақсы дамыған вуаль күміс түсті жасырады

4

Жапқыш түгі қара. Түгі сұр түсті болуы мүмкін

3

Жапқыш қылшықтар күңгірт, ақшыл аймақ таза ақ түсті емес, ені не 10 миллиметрден төмен, не 15 миллиметрден кең. Түбіті ақ түсті

2

Жапқыш түктер құбалы қонуымен

1

2 - 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды


P
Платиналы түлкілер (W w)

5

Көгілдір реңкті әр қарқындылық денгейде таза сұр түсті. Түгі күңгірт-сұр және сұр түсті

4

Әртүрлі қарқындылықтағы денгейде таза сұр түсті. Түгі ақшыл-сұр

3

Ақшылдық белгісі бар таза ақшыл-сұр түсті

2

Аздап қоңыр қонуымен немесе аққа жақын түгімен әртүрлі қарқындылықтағы сұр түсті

1

2 - 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды


G
Қартүстес түлкілер (W wNN)

5

Аздап ақ сары нышанды ақ түсті. Түгі таза ақ түсті

4

Анық білінетін ақ сары реңкті ақ. түгі ақ түсті

3

Анық білінетін ақ сары реңкті ақ. Түгі ақ түсті

2

Сарылау қонуы бар ақ

1

2 - 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды


Қызыл түлкілер

5

Жапқыш қылшықтары жарқын, қызыл-қоңыр таза түсті. Түбіттері күңгірт-сұр қызыл ұштарымен

4

Түбіттері сұр қызылдау ұштарымен

3

Жапқыш түктері мен түбіт ұштары аздап сарылау нышанымен

2

Жапқыш түктері сары түсті

1

2 - 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды

Қосымша белгілер 9-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

9 кесте. Түлкілердің қосымша белгілерін бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

1

2


Күміс шеңбердің ені мен платиналық түктің қарқындылығы

5

Өте жақсы (шамамен10-нан 15 миллиметргее дейін)

4

Жақсы (шамамен 6-дан 10 миллиметргее дейін)

3

Қанағаттанарлық (15 миллиметрден жоғары )

2

Платиналық түктің орташа қарқындылығы (50 - 75%)

1

Платиналық түктің жоғары қарқындылығы (75%-дан жоғары)


Вуаль

5

Қалыпты. Түктің ақ және пигменттелген бөлігі айқындалған тәж (вуаль) құрайды. Түктің пигменттелген ұшының ұзындығы мен жабынды түктің ақшылт бөлігінің арасындағы қатынасы 1,0-1,5 аралықта

4

Ауырланған. Ақ және пигменттелген түк бөлігінің үйлесімі біршама күңгірт реңкті қалыптастырады

3

Кіші. Түк жабыны біршама ақшылт реңкті

2

Ауыр. Пигменттелген түк ұшының ұзындығы артық. Олар күміс реңді жауып, түк жабынына тым жарқыраған рең береді. Күміс реңділігі әлсіз білінеді.

1

Жеңіл. Түк жабыны ақшыл, реңі тым жарқыраған.


Ақтұмсық түлкілердің суреті

5

Өте жақсы. Үздіксіз қарғыбау тәрізді сурет, ал одан шыққан жолақ құлақтарының арасынан өтіп тұмсығының ұшына аяқталып барып бітуі өте айқын білінеді. Суреттің реңі жылтырлы аппақ.

4

Жақсы. Үздіксіз қарғыбау тәрізді сурет, ал одан шыққан аздап үзілген жолақ құлақтарының арасынан өтіп тұмсығының ұшында аяқталып барып бітуі айқын білінеді. Суреттің реңкі таза аппақ.

3

Әлсіз. Үздіксіз қарғыбау тәрізді суреті немесе ақ жолағы анық көрінбейтін сурет. Суреттің реңкі ақ түсті болады.

2

Қарғыбау тәрізді сурет білінбейді немесе суреттің реңі сарғыш түсті болып келеді.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.


Қарлы түлкілердің суреті мен бауының білінуі

5

Өте жақсы. Сурет пен бауының реңкі қара түсті. Бауы үздіксіз.

4

Жақсы. Реңкі қара түсті. Бауы үздіксіз

3

Қанағаттанарлық. Реңкі күңгірт. Бауы үзіктерімен

2

Әлсіз. Реңкі күңгірт. Бауы жоқ

1

Дене бөлігінің 70% - нан жоғары қамтиды.


Қызыл түлкілердің ақшыл бөлігі

5

Ақшыл бөлігі білінбейді немесе денесінің жамбас жағынан 10% - ын алып жатыр.

4

Денесінің арқа және бүйір бөлігінің 30% - ын алып жатыр.

3

Дене аумағының 50% - ын алып жатыр.

2

Дене аумағының 70% - ына дейінгі бөлігін алып жатыр.

1

Дене аумағының 70% - нан жоғары бөлігін алып жатыр


Қызыл түлкілердің ақшыл бөлігінің білінуі

5

Әлсіз. Бағыттаушы түктерінің ақшыл тартқан шеңберлі реңкі негізгі түске жақын.

4

Орташа. Ақшылт тартқан шеңберлі реңкі негізгі түстен біршама анық: сарғыш, ақшыл-сарғыш.

3

Күшті. Ақшылт тартқан шеңберлі реңкі анық білініп, негізгі түспен кереғарлығы күшті білінеді. Түсі жағынан ақшыл-сары немесе ақ.

Ескертпе. Дене аумағы ретінде құлағынан бастап құйрық ұшына дейін 100% - ды құрайды. Дененің ақшыл аумақтарын бонитирлеу 5% - дық дәлдікпен анықталады.

      19. Ақ түлкіні бонитирлеу (бағалау). Ақ түлкілер түсінің өңі бойынша үш типке бөлінеді: қошқыл, орташа және ақшыл. Қошқыл (Қ) өңді ақ түлкілерге түбіт түктері ұшының түсі мен жабынды түктерінің ұшы пигменттелген күңгірт түсі көгілдір (вуальді түстілер) және қошқыл көгілдір түстер жатады. Ақшыл (АҚ) ақ түлкілерге түбіт түгі ақшыл (вуальды түсті – ақ, күміс түстілерде – ақшыл сұр) және платиналық түктерінің пигменттелген ұшы ақшыл немесе қысқа болады. Өңі (ОР) орташа ақ түлкілер аралық қалыпта қалады.
Ақ түлкілердің дене бітімі мен өлшемдері 10-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

10-кесте. Ақ түлкілердің дене бітімі мен өлшемдеріне баға беру

Бағасы, балл

Өлшемі және дене бітімі

Минималды дене ұзындығы, сантиметр

Аталықтар

Аналықтар

1

2

3

4

10

Ерекше ірі, мықты

77

72

9

Ерекше ірі, мықты

75

70

8

Ерекше ірі, мықты

73

68

7

Ерекше ірі, мықты

71

66

6

Ерекше ірі, мықты

69

64

5

Ерекше ірі, мықты

67

62

4

Ірі, мықты

65

60

3

Орташа, мықты

63

58

2

Ұсақ, мықты

61

56

1

Кез келген өлшемдегі әлсіз дене бітімді

-

-

Ақ түлкілер түк жамылғысының сапасы 11-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

11-кесте. Ақ түлкілер түк жамылғысының сапасын бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

5

Шаруашылықта селекцияланатын тип үшін биіктігі орташа, қалың және үлпілдек, жабынды түгі тікшіл серпінді болады. Жабағыланған және қиылған белгілері болмайды.

4

Қалыңдығы мен үлпектігі төмендеу

3

Бүйір түктері сиректеу, жабынды түктерінің серпінділігі жеткіліксіз болады.

2

Қылқан түктері сиректеу, жеткіліксіз немесе тым ұзын, немесе жабағыланған, немесе қиылған болып келеді.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Түк жамылғысының түсі 12-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

12-кесте. Ақ түлкілер түк жамылғысының түсін бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы


Вуаль түсті ақ түлкілер

5

Қоңыр реңкті белгілері байқалмайтын түрлі қарқындылықтағы таза – сұр түсті. Платиналық түктің қарқындылығы үлкен. Платиналық түктері денесінің барлық бөліктері бойынша бірқалыпты және вуаль анық графит түсті. Түк үлпегі ақшыл-көгілдір түрлі қарқындылығы аумақтығы боялған. Сатыланған күміс түстілік болмауы тиіс.

4

Құрсақ жағында қоңыр дақтары бар немесе вуаль түсі анық байқалмайды, немесе «күмістілігі» шамалы сатыланған болып келеді.

3

Қоңыр реңкі басым немесе «күмістілігі» орташа сатыланған.

2

Қоңыр түсті немесе қара-қоңыр дақтары бар немесе «күмістілігі» сатыланған, немесе ақ түбітті немесе тым вуаль түсі басым

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.


Күміс түсті ақ түлкілер

5

Түрлі қарқындылықтағы таза сұр түсті. Құрсақ және аяқ бөліктерінде шамалы қоңыр дақтың болуына рұқсат беріледі. Платиналық түктерінің қарқындылығы үлкен, «күмістілігі» ашық емес. Платиналық түктері барлық денесі бойынша бірқалыпты таралған. Түк үлпегінің қарқындылығы әртүрлі.

4

Құрсақ және аяқтарында қоңыр дақтары бар.

3

Қоңыр дағымен.

2

Қоңыр түсі қара-қоңырға өткен, немесе ашық күміс түсті.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.


Көлеңке ақ түлкілер (Ss)

5

Ақ түсті арқа жағында платиналық түктерінің ұшы пигменттелген аздап вуаль қалыптастырады. Платиналық түктерінің ұшы графит түстес. Түбіт түктерінің ұшы таза аппақ, түк үлпегінің түбі көгілдір реңкті болып келеді.

4

Платиналық түктерінің ұшында қоңыр дақты болып келеді немесе вуаль түсінің қанықтығы төменірек.

3

Платиналық түктері ұшы қоңыр реңкті немесе вуаль түсі анық шықпайды.

2

Платиналық түктерінің ұшы қоңыр түсті, түбіт түктерінің ұшы сарғыш реңкті болып келеді.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

      20. Жанат тәрізді иттерді бонитирлеу (бағалау). Жанат тәрізді иттердің өлшемі мен дене бітімі 13-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

13-кесте. Жанат тәрізді иттердің өлшемдерін және дене бітімін
бағалау

Бағасы, балл

Өлшемі және дене бітімі

Минималды дене ұзындығы, сантиметр

Аталықтар

Аналықтар

10

Ерекше ірі, мықты

72

71

9

Ерекше ірі, мықты

71

70

8

Ерекше ірі, мықты

70

69

7

Ерекше ірі, мықты

69

68

6

Ерекше ірі, мықты

68

67

5

Ерекше ірі, мықты

67

66

4

Ірі, мықты

64

63

3

Орташа, мықты

61

60

2

Ұсақ, мықты

60

59

1

Кез келген өлшемде дене бітімі нәзік

-

-

Жанат тәрізді иттердің түк жабынының сапасы 14-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

14-кесте. Жанат тәрізді иттер түк жамылғысының сапасын бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

5

Шаруашылықта селецияланатын тип үшін түк жабыны ұзына бойы өте қалың, үлпілдек, серпінді және тегіс, жабағыланған және қиылған белгілері байқалмайды. Түк жабыны арқа және бүйір жағында барлық түбіт түгін жауып тұрады.

4

Түк жабыны ұзына бойы қалың, үлпілдек, серпінді және тегіс, жабағыланған және қиылған белгілері байқалмайды. Түк жабыны арқа және бүйір жағында барлық түбіт түгін жауып тұрады. Жауырын және бүйір бөлігінде аздап түк жабыны сиректеу болғаны ескеріледі

3

Ұзына бойы жабынды түктері бойынша қалыңдығы, үлпілдектігі, серпінділігі және тегістілігі төменірек салбыраған. Арқа және бүйір жақтарында түктері сиректеу, бүйір және жамбас жағынан аздап жабағыланғаны немесе қиылғаны ескеріледі.

2

Түктері ұзына бойы тегіс емес, селекциялық типке сәйкес келмейді. Арқа, бүйір және жамбас бөлігінде анық жабағыланған немесе қиылған түк жабыны ескеріледі.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Жанат тәрізді иттер түк жамылғысының түсі 15 - кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

15-кесте. Жанат тәрізді иттер түк жамылғысының түсін бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы


Алтын түсті тип

5

Сарғылт-қоңыр. Ақшыл бөлігіндегі бағыттаушы және түбіт түктерінің ұшы сарғылт, бағыттаушы түктерінің ұшы қара, арқа және бүйір бөлігінде вуаль анық байқалады.

4

Ақшыл бөлігі ақшыл-сарғылт.

3

Вуаль арқа жағында жақсы байқалғанмен, бүйір бөлігінде әлсіз білінеді.

2

Қоңыр-сұр. Ақшыл бөлігіндегі бағыттаушы және түбіт түктерінің түсі сары немесе қоңыр тартқан қарқындылығы басым. Вуаль түсі жеңіл.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.


Күміс түсті тип

5

Күміс-қоңыр түсті. Ақшыл бөлігіндегі бағыттаушы түктері ақ, түбіт түктерінің ұшы ақшыл-сарғылт немесе ақшыл-қоңыр, бағыттаушы түктерінің ұшы қара, вуаль түсі арқа және бүйір бөлігінде анық байқалады.

4

Ақшыл бөлігінде аздап сарғыш дақтары болады.

3

Вуалі арқа жағында жақсы байқалғанмен бүйір бөлігінде әлсіз білінеді.

2

Қоңыр-сұр. Ақшыл бөлігіндегі бағыттаушы және түбіт түктерінің ұшы сары немесе түрлі қарқындылықтағы қоңыр болады, вуалі жеңіл.

1

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Ескерту. Алтын түсті типті аңдар үшін ақшыл бөлігі, ал күміс түсті типті аңдар үшін түбіт түгінің ұшы керісінше болса үш балдан артық бағаланбайды.
      21. Бұлғындарды бонитерлеу (бағалау) Бұлғындардың өлшемі мен дене бітімі 16-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

16–кесте. Бұлғынның өлшемі мен дене бітіміне баға беру

Бағасы, балл

Өлшемі және дене бітімі

Дене өлшемінің минималды көрсеткіштері

Аталықтар

Аналықтар

ұзындығы, сантиметр

тірідей салмағы, килограмм

ұзындығы, сантиметр

тірідей салмағы, килограмм

10

Ерекше ірі мықты

53

2,1

49

1,8

9

Ерекше ірі мықты

52

2,0

48

1,7

8

Ерекше ірі мықты

51

1,9

47

1,6

7

Ерекше ірі мықты

50

1,8

46

1,5

6

Ерекше ірі мықты

49

1,7

45

1,4

5

Ерекше ірі мықты

48

1,6

43

1,2

4

Ірі, мықты

46

1,4

41

1

3

Орташа, мықты

43

1,2

37

0,8

2

Ұсақ, мықты

43 төмен

1,2 төмен

37 төмен

0,8 төмен

1

Кез келген дене өлшемінде әлсіз

-

-

-

-

Бұлғындардың түк жабынының сапасын бағалау 17 - кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

17–кесте. Бұлғындар түк жамылғысының сапасын бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

1

2

5

Серпінді, өте қалың және өте үлпілдек. Бағыттаушы түгі түбіт түгінен біршама ұзын, бірақ 5 сантиметрден аспайды, барлық денесі бойынша тік қалпында жауып тұрады.

4

Түгі қалың және үлпілдек.

3

Серпінді, бірақ үлпілдектігі мен қалыңдығы аз. Бағыттаушы түгі арқа жағында ғана түбіт түгін жауып тұрады. Ал бүйір бөлігінде аздап түбіт түктерінің шығып тұруы ескеріледі.

2

Тегіс. Бағыттаушы түктері қысқа немесе сиректеу. Түк жабынында аздап жабағылану мен қиылғандығы ескеріледі.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Бұлғындар түк жамылғысының түсі 18 - кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

18–кесте. Бұлғындар түк жамылғысының түсін бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

1

2


Қара түсті тип

5

Барлық денесі бойынша бас пен құрсақ бөлігін қосқанда қара түсті. Түбіті көгілдір реңкті қара-сұр, барлық түк жабынының ұзына бойы бірқалыпты боялған.

4

Қара түске жақын, барлық денесі бойынша бір өңді. Түбіті көгілдір реңкті ұзына бойы қара-сұр түсті. Түбіті ұзына бойы көгілдір реңкті қара-сұр ұшы қызғылт-қоңыр. Басы және төс жағында аздап ақшыл болуы ескеріледі.

3

Түсі қара-қоңыр қараға жақын. Түбіті көгілдір реңкті қара-сұр, түк ұштары қызғылт және қара қызғылт болады. Бүйірі мен төс бөлігінде ақшыл реңктің болғаны ескеріледі.

2

Қоңыр түсті. Түбіті түрлі қарқындылықта сұр түсті, түк ұштары ақшыл-қызғылт болады.

1

2 – 5 балдық талаптарды қанағаттардырмайды.


Қара-қоңыр өң

5

Қара-қоңырдан қараға өтеді, барлық денесі бойына бір өңді. Түбіт түсі көгілдір реңкті, түктің ұзына бойы бір қалыпты боялған.

4

Денесінің барлық бөлігі бойынша қара-қоңыр. Түбіті көгілдір реңкті қара-сұр немесе түк ұштары қара-қызғылт.

3

Қоңыр. Түбіті түрлі қарқындылықта сұр түсті, түк ұштары қызғылт. Бүйір және төс жағы ақшыл түсті болғаны ескеріледі.

2

Ақшылт-қоңыр. Түбіт түсі түрлі қарқындылықта сұр, түк ұштары ақшыл-қызғылт

1

2 -5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Бұлғындардың қосымша белгілері 19-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

19–кесте. Бұлғындардың қосымша белгілерін бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы


Ақ түктері

5

Ақ түктері жоқ немесе жеке ақ түктері бар

4

Кіші, бір қалыпты, ақ түсті

3

Орташа, бірақалыпты, ақ түсті

2

Үлкен, бір қалыпты, әртүрлі түсті, сонымен қатар кіші және орташа сарғыш бірқалыпсыз.

1

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.


Тамағындағы дағы

5

Жоқ

4

Жеке ақ түктері

3

Кіші

2

Орташа дақ немесе кіші теңбіл

1

Үлкен дақ немесе орташа не үлкен теңбіл

      22. Күзендерді бонитерлеу (бағалау). Ұнамды типтегі күзендердің дене бітімі мықты, пішіні ірі, түк жабыны қалың, үлпілдек, ұзына бойы түктері серпінді және біркелкі, арқа және бүйір жақтарында (мойын және құрсақ жағында түктері қысқа) жабағыланған және қиылған түктері болмайды, барлық денесі бойына қара түсті вуалі анық байқалады. Седеп типті аңдардың түсі ақшыл сары және түбіт түктерінің ұшы көгілдір-сұрғылт болуы тиіс; Алтын түсті типтер – жалпы түсі ақшыл-қызғылт-сары және түбіт түктерінің ұшы да осындай түсте болады.

Сасық күзендердің өлшемдері 20-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес анықталады.

20-кесте. Сасық күзендердің өлшемі мен дене бітімін бағалау

Бағасы, балл

Өлшемі және дене бітімі

Минималды дене ұзындығы, сантиметр

Аталықтар

Аналықтар

10

Ерекше ірі мықты

51

45

9

Ерекше ірі мықты

49

43

8

Ерекше ірі мықты

47

41

7

Ерекше ірі мықты

46

39

6

Ерекше ірі мықты

45

38

5

Ерекше ірі мықты

44

37

4

Ірі, мықты

42

35

3

Орташа, мықты

40

33

2

Ұсақ, мықты

39

32

1

Кез келген өлшемде дене бітімі әлсіз

-

-

Мамықтану сапасы 21-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

21-кесте. Сасық күзендердің мамықтану сапасын бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

1

2

5

Шаруашылықта селекцияланатын тип үшін түк жамылғысының биіктігі. Түк жабыны қалың, серпінді. Бағыттаушы түктері барлық денесі бойына бірқалыпты. Түбіті жоны мен бүйірінде аздап көрінеді.

4

Бүйіріндегі бағыттаушы түктері сиректеу

3

Бүйір және жотасындағы бағыттаушы түктері сиректеу

2

Шаруашылықтағы селекцияланатын тип үшін түк жабынының ұзындығы сәйкес емес; түк жабыны сирек.

1

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Сасық күзендер түк жамылғысының түсі 22 - кестеде келтірілген талаптарға сәйкес бағаланады.

22-кесте. Сасық күзендер түк жамылғысының түсін бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы


Сәдеп түсті тип

5

Денесінің жалпы түсі көкшіл-сұр реңкті ақшыл-сары. Бағыттаушы түгінің түсі қара. Түбіт түстерінің ұшы ақшыл-сары, сұр.

4

Көкшіл-сұр реңкі байқалмайды.

3

Түк үлпегі сарғыш реңк тартқан.

2

Бағыттаушы түктері қоңыр реңкті.

1

2 – 5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.


Алтын түсті тип

5

Жалпы түсі ашық-қызғылт-сары. Қылшық түктері қара. Түбіт түктерінің ұшы ашық-қызғылт-сары

4

Жалпы түсі қызғылт-сары. Қылшық түктері қара түсті.

3

Жалпы түсі ақшылт-сары реңкті қызғылт-сары. Қылшық түгі қара түсті.

2

Қылшық түктері қоңыр реңкті.

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.


Пастель түсті тип

5

Жалпы түсі көкшіл-сұр реңкті ақшыл-сары. Қылшық түктерінің анық қаныққан көгілдір реңкті ақшылт-қоңыр түсті. Түбіт түктерінің ұшы ақшыл-сары, сұр.

4

Қылшық түктері ақшыл-қоңыр, түк үлпегінде көкшіл-сұр реңкі байқалмайды.

3

Қылшық түктері қоңыр, түк үлпегі қызғылт-сары немесе ашық қызғылт-сары түсті.

2

Қылшық түгі қара-қоңыр, түк үлпегі қызғылт-сары немес ашық қызғылт-сары

1

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

      23. Сазқұндызды бонитирлеу (бағалау). Сазқұндыздың өлшемі мен дене бітімі 23-кестеде көрсетілген талаптарға сәйкес бағаланады.

23-кесте. Сазқұндыздың өлшемі мен дене бітімін бағалау

Бағасы, балл

Өлшемі мен дене бітімі

6 айлық жастағы сазқұндыздың минималды тірідей салмағы, килограмм

Аталықтар

Аналықтар

10

Ерекше ірі мықты

5,8

5,4

9

Ерекше ірі мықты

5,5

5,1

8

Ерекше ірі мықты

5,2

4,8

7

Ерекше ірі мықты

4,9

4,5

6

Ерекше ірі мықты

4,6

4,2

5

Ірі, мықты

4,3

3,9

4

Дәл солай

4,0

3,6

3

Орташа, мықты

3,7

3,3

2

Ұсақ, мықты

3,4

3,0

1

Кез келген өлшемде дене бітімі әлсіз

-

-

Сазқұндыздың мамықтану сапасы 24-кестеде келтірілген талаптарға сәйкес бағаланады.

24-кесте. Сазқұндыздың мамықтану сапасын бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

1

2

5

Серпінді жабынды түгінің биіктігі орташа және арқа түк үлпектерін, бүйірін, құрсағын және аяқтарының ішкі жағын толық жауып тұрады. Құрсақ жағында бағыттаушы түктерінің қысқа болуы ескеріледі. Түк үлпегі жібектенген, іш жағы өте қалың, ұзындығы 10 миллиметрден кем емес; арқа жағында қалың немесе сирек түктері болғаны ескеріледі.

4

Құрсақ жағындағы түк үлпегі қалың, ал арқа жағында сиректеу немесе сирек.

3

Құрсағындағы түк үлпегінің ұзындығы 8-ден 10 миллиметрге дейін.

2

Құрсағында сиректеу немесе жабынды түктері түбітін толық жаппайды.

1

2–5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Сазқұндыздың мамықтану түсі 25-кестеде келтірілген талаптарға сәйкес бағаланады.

25-кесте. Сазқұндыздың мамықтану түсін бағалау

Тұқым, тип

5 балл

4 балл

3 балл

2 балл

1 балл

1

2

3

4

5

6

Стандартты

Жабынды түктері жылтыр, сұрғылт-қоңырдан қара қоңыр немесе қоңыр түске дейін. Арқа және құрсақ бөліктерінің түк үлпегі көгілдір реңкті қоңыр, түк ұзындығы бойына біркелкі (теңбілсіз) боялған. Әртүрлі боялған түк үлпегінің бөліктерінде ақ дақтардың болуына жол берілмейді.

Дәл солай, 5 балдық кезіндегі сияқты, бірақ түбіт түктерінің түсінде теңбілділік рұқсат етіледі.

Дәл солай, 5 балдық кезіндегі сияқты, бірақ құрсағының түк үлпегі аздап қара қызыл немесе қызғыш тартқан.

Құрсағындағы түк үлпегі әртүрлі қара-қызыл немесе қызыл өңді қоңыр тарқан.

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Сарғыш түсті s s (t t ), сәдеп түсті s a (t t )

Сарғыш сұрғылт реңкті, жабынды түктерінің ұшы таза ақ. Түк үлпегінің түсі сарғыш.

Сарғыш. Таза түсті. Жабынды түктерінің ұшы ақ. Түк үлпегінің түсі сарғыш.

Сарғыш. 4 балдықтан қарағанда түс тазалығы төмендеу. Жабын түктерінің ұшы ақшылдау. Түк үлпегінің түсі ақшыл-сарғыш.

Әртүрлі өңді қоңыр түсті. Жабынды түктерінің ұшы ақ емес. Түк үлпегінің түсі түрлі реңкті қоңыр.

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Қарлы түсті аа s s (Vvt t, Vvt t, s a Vvt t )

Таза ақ қарлы. Түбіті таза аппақ.

Таза ақ. Түбіті ақ

Аздап сарғыш реңкі байқалатын ақ түсті. Түбіті ақ.

Анық байқалатын ақшыл сары немесе сарғыш реңкті ақ түсті

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Әзірбайжандық ақ (Ww)

Денесінің барлық бөлігінде жабынды және түбіт түктері таза – ақ.

Көз, құлақ және жая жағындағы жабынды түктері аздап пигменттелген. Түбіті таза ақ түсті.

Көзі және жаясының тері бөліктерінде (бірақ денесінің 10% бөлігінен аспайды) жабынды және түбіт түктері пигменттелген.

Пигменттелген түк жабыны денесінің 10-нан 30% аралығындағы бөлігін алып жатыр.

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Италияндық ақ түсті a a (t t )

Жабынды және түбіт түктерінің ақ түсі аздап ақшыл сары бірқалыпты реңкті келген

Жабынды түктері ақ, түк үлпегінің түсі аздап ақшыл сары реңті ақ түсті.

Жабынды түктері ақ. Түк үлпегінің түсі анық байқалатын ақшыл сары реңкті ақ түсті.

Жабынды түктері ақ. Түк үлпегінің түсі ақшыл сары

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Алтын түсті (Vv)

Алтын түсті. Түк үлпегінің түсі ашық алтын түсті. Арқа және құрсақ түктері өңінің реңкі арасында айырмашылығы шамалы.

Алтын түсті. Түк үлпегі ашық алтын түсті. Арқа және құрсақ түктері өңінің реңкі арасындағы айырмашылығы орташа.

Алтын түсті. Түк үлпегі ашық алтын түсті. Арқа және құрсақ түктері өңінің реңкі арасындағы айырмашылығы жоғары.

Арқа және құрсақ арасындағы айырмашылығы қандай болса да жабынды түктерінің түсі сары, ақшыл-сарғыш, қоңыр сарғыш

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Бірыңғай қара түсті (ZZ)

Қара дерлік. Түк жабынында стандартты боялған дақтары жоқ. Керексіз реңктері жоқ таза түсті. Түк үлпегі қоңыр-сұрғылт.

Қара дерлік. Түк жабынында стандартты боялған дақтары жоқ. 5 балдықтан қарағанда тазалығы төмендеу. Түк үлпегі қоңыр-сұрғылт.

Қара дерлік. Түк жабынында стандартты боялған дақтары жоқ. Қоңыр теңбілдері бар.

Қара дерлік. Түк жабынында стандартты боялған дақтары жоқ. Қоңыр реңкті немесе сары дақтары бар.

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Қара түсті (Zz)

Қара түсті. Қажетсіз реңктері жоқ таза түс. Түк үлпегінің түсі қоңыр-сұрғылт. Бас және бүйір түк жабынында стандартты-боялған бөліктері бар.

Қара дерлік. Түс тазалығы 5 балдық талаптардан қарағанда түсі төмендеу. Түк үлпегі қоңыр-сұр. Бас және бүйір түк жабынында стандартты боялған бөліктері бар.

Қара дерлік. Қоңыр реңктері бар. Бас және бүйір түк жабынында стандартты боялған бөліктері бар.

Қара дерлік. Қоңыр реңктері немесе сарғыш дақтары бар. Бас және бүйір түк жабынында стандартты боялған бөліктері бар.

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Пастель түсті s s ss (Zzt t, ZZt t, aa aaZzt t, ZZt t, s a s a Zzt t, ZZt t )

Қоңыр түсті. Түк үлпегі сұрғылт реңкті қоңыр түсті.

Аздап қара-қоңыр реңкі бар қоңыр түсті. Түк үлпегі сұрғылт реңкті қоңыр түсті.

Қоңыр қара-қоңыр реңкті. Түк үлпегі ақшыл сары.

Сарғыш теңбілдері бар қоңыр түсті. Түк үлпегі ақшыл-сары.

2-5 балдық талаптарды қанағаттандырмайды.

Сазқұндыздарда қосымша биіктігі 26-кестеде келтірілген талаптарға сәйкес түк үлпегінің біркелкілігі бағаланады.

26-кесте. Сазқұндыздар түк үлпегінің биіктігі бойынша
біркелкілігін бағалау

Бағасы, балл

Белгілердің сипаттамасы

5

Арқа және құрсақ түбіттері ұзындығының арасындағы айырмашылығы 2 миллиметрден кем

4

Арқа және құрсақ түбіттері ұзындығының арасындағы айырмашылығы 2-ден 4 миллиметрге дейін

3

Арқа және құрсақ түбіттері ұзындығының арасындағы айырмашылығы 4-тен 6 миллиметрге дейін

2

Арқа және құрсақ түбіттері ұзындығының арасындағы айырмашылығы 6-дан 8 миллиметрге дейін

1

Арқа және құрсақ түбіттері ұзындығының арасындағы айырмашылығы 8 миллиметрден артық

Асыл тұқымдылыққа сатылатын 2-6 ай жастағы сазқұндыз төлдерін шығу тегі (ата-енесінің класы) бойынша бонитирлеу, 27-кесте.

27-кесте. Сазқұндыз төлдерін шығу тегі бойынша бонитирлеу

Бонитирлік бағалаудың көрсеткіштері

бірінші сынып төлі

екінші сынып төлі

үшінші сынып төлі

Аталықтар

Аналықтар

Аталықтар

Аналықтар

Аталықтар

Аналықтар

Ата-енесінің сыныбы

бірінші

екінші

Ата-енесінің біреуі бірінші сыныпты, ал басқасы екіншісыныпты

Барлық қалған үйлесімдер

Дене бітімі

Мықты

Мықты

Мықты

Мықты

Мықты

Мықты

Әртүрлі жастағы тірідей салмағы, килограмм
2 айлық


3 айлық


4 айлық


5 айлық


6 айлық




1,7 және одан жоғары
2,6 және одан жоғары
3,3 және одан жоғары 3,9 және одан жоғары 4,3 және одан жоғары




1,5 және одан жоғары
2,4 және одан жоғары
3,0 және одан жоғары
3,5 және одан жоғары
3,9 және одан жоғары




1,5 және одан жоғары
2,4 және одан жоғары
3,1 және одан жоғары
3,7 және одан жоғары
4,0 және одан жоғары




1,3 және одан жоғары
2,2 және одан жоғары
2,8 және одан жоғары
3,3 және одан жоғары
3,6 және одан жоғары




екінші сыныпты төлдерден салмағы бойынша төмен
екінші сыныпты төлдерден салмағы бойынша төмен
екінші сыныпты төлдерден салмағы бойынша төмен
екінші сыныпты төлдерден салмағы бойынша төмен
3,9 және одан жоғары

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 27 мамырдағы 
№ 239 бұйрығына     
17-қосымша       

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы 
№ 3-3/517 бұйрығына  
17-қосымша       

Үй қояндарын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және
өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы үй қояндарын асыл тұқымдық құндылығын бонитирлеу (бағалау) және өсімін молайту жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және үй қояндарына бонитирлеу (бағалау) жүргізуді тәптіштейді, сондай-ақ үй қояндарын бонитирлеуде (бағалауда) зоотехникалық талаптарды белгілейді.
      2. Үй қояндарын бонитирлеуді (бағалауды) бонитерлер (сыныптауыштар) жүргізеді.

2-тарау. Үй қояндарын бонитирлеуді (бағалауды) ұйымдастыру

      3. Бонитирлеу (бағалау) – үй қояндарын тұқымдылығы, дамуы (тірідей салмағы, дене бітімі), өнімділігі және басқа да көрсеткіштер бойынша кешенді бағалау жолымен олардың асыл тұқымдық құндылығын айқындау. Бонитирлеуді (бағалауды) жыл сайын, әдетте, қараша және желтоқсан айларында жүргізеді. Асыл тұқымды фермаларда бонитирлеуге (бағалауға) негізгі табынның барлық аталықтары мен аналықтары, бірреттік (тексерілетін) аналықтар және селекциялық табынның үш айлық жастағы және қараша–желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кезде бағаланатын бүкіл төлі, сондай-ақ басқа шаруашылықтарға тұқымын алуға өткізілетін төл жатады.
      Тауарлы шаруашылықтарда негізгі табындағы асыл тұқымды ядроның аналық үй қояндарының барлық аталықтарын, үш айлық жастағылары іріктелген кездегі және қараша–желтоқсан айларында тұқымын алуға қалдырылған кездегі толықтырушы төлді бонитирлейді (бағалайды).
      4. Бонитирлеу (бағалау) алдында:
      үй қояндарын жақсы (зауыттық) қоңдылық (арып немесе семіріп кетпеген) жай-күйге келтіру;
      барлық ауру және ауруға күдікті, сондай-ақ кәрі және өнімділігі төмен үй қояндарын жарамсыздыққа шығару;
      үй қояндарының шығу тегін нақтылау және жануарлардың нөмірлерін тексеру (анық емес нөмірлерді қалпына келтіреді);
      табақты таразыны, сантиметрлік лента мен сызғышты дайындау қажет.
      5. 2 немесе 3 айлық жастағы толықтырушы төл мен тұқымын алуға сатылатын төлді мынадай төрт көрсеткіш бойынша бонитирле йді (бағалайды):
      1) тұқымдылығы;
      2) тірідей салмағы;
      3) дене бітімі;
      4) түкті жабынының тығыздығы (табандарының түктенуі).
      Негізгі табындағы үй қояндарын және негізгі табынға енгізілетін толықтырушы төлді, бірреттік (тексерілетін) аналықтарды қараша–желтоқсан айларында тұқымдылығы, тірідей салмағы, дене бітімі, түкті жабынының тығыздығы және оның біркелкілігі (етті-терілік тұқымдарда), түбіттік өнімділігі (түбітті тұқымдарда) түкті жабынының түсі (етті-терілік тұқымдарда) бойынша бонитирлейді (бағалайды). Тұқымдылығын бағалау. Таза тұқымды үй қояндарына бір тұқымдағы ата-енеден шыққан жануарлар жатады, бұл тиісті зоотехникалық құжаттармен расталуы және үй қояндарының сыртқы көрінісі бойынша белгіленуі тиіс. Сондай-ақ таза тұқымды үй қояндарына сіңіре шағылыстыру жолымен алынған және тұқым типі айқын көрінетін будан үй қояндарын (төртінші буыннан бастап) жатқызады. Элита сыныбына және бірінші сыныпқа тек таза тұқымды үй қояндарын жатқызуға болады. Тірідей салмағын бағалау үй қояндарын 100 грамға дейінгі дәлдікпен дара өлшеу жолымен жүргізіледі. Дене бітімін бағалау, қаңқа сүйегінің даму дәрежесі, кеудесінің ені мен тереңдігі, басының пішіні мен өлшемі, арқа сызығы мен пішіні, аяқтарының мықтылығы мен орнығуы бойынша көзбен өлшеп жүргізіледі. Дене бітімінің ақауларына бас пішінінің дұрыс болмауын, мойнының тым ұзын болуын, құлақтарының салбыраңқы немесе кең орналасқан болуын жатқызады.
      Үй қоянының түкті жабынының тығыздығын анықтау:
      1 - түкті жабынға үрлеген кезде ауа ағынының бағытталуы;
      2 - «дегелек» түбі (бүйірден көрінісі):
      3 - сирек үлбірдің «дегелек» түбі;
      4 - үлбір қанағаттанарлықтай тығыз кездегі «дегелек» түбі;
      5 - үлбір жақсы тығыз кездегі «дегелек» түбі;
      6 - «дегелек» түбі көрінбесе - үлбір өте жақсы тығыздықта болғаны. Элита сыныбына және бірінші сыныпқа дене бітімінің ақауы жоқ, екінші сыныпқа бір ғана ақауы бар, үшінші сыныпқа екі немесе одан да көп ақаулары бар үй қояндары жатқызылады. Дене бітімінің кемшілігі бар үй қояндары жарамсыз саналады және асыл тұқымдық пайдалануға жіберілмейді. Түк жабынының тығыздығы мен оның біркелкілігін бағалау үй қояндарының етті-терілік және етті тұқымдарына жон ортасынан түкті оның өсуіне қарсы үрлеген кездегі «дегелек» түбінің алаңы бойынша көзбен жүргізіледі. Тығыздығының біркелкілігін бағалау үшін сауырындағы, жонындағы бүйіріндегі «дегелек» шамасы салыстырылып тексеріледі. Сондай-ақ артқы табандарының вентральді беттеріндегі түгінің тығыздығы мен серпімділігі бағаланады.
      Үй қояндарында түкті жабынының тығыздығы мен біркелкілігін бағалауға арналған талаптар төменде келтірілген. Элита сыныбы. Бүкіл дене бойымен серпімді иілгіш қылшықты біркелкі өте тығыз түкті жабын түкшесі өте тығыз. Түкті жабынды үрлеген кезде «дегелек» түбінен тері беті көрінбейді деуге болады, табандары өте тығыз серпімді түкті. Бүкіл дене бойымен серпімді иілгіш қылшықты біркелкі тығыз түкті жабын, түкшесі тығыз. Түкті үрлеген кезде «дегелек» түбінен 2 миллиметр квадратқа дейін тері беті көрінеді. Табандары тығыз серпімді түкті. Түктену тығыздығы біркелкіленбеген: денесінің артқы бөлігінде түкше тығызырақ, ал жоны мен бүйірлерінде тығыздығы шамалы. Түкті жабынды үрлеген кезде «дегелек» түбінен 2-ден 4 миллиметр квадратқа дейінгі алаңда тері беті көрінеді. Табандарының түгі селдір және жұмсақ. Түктену тығыздығы жеткіліксіз: түкті жабынды үрлеген кезде «дегелек» түбінен 4-тен 6 миллиметр квадратқа дейін тері беті көрінеді. Табандарының түгі селдір, жұмсақ, табан түктерінің қажалу белгілері бар. Түбітті тұқымның негізгі табындағы түбіт өнімділігі, жыл бойы жиналған түбітінің санымен, ал жастары 2 және 4 ай жасында алғашқы екі жиналымы бойынша бағаланады. Етті-терілік тұқымды үй қояндарының түкті жабынының реңкі күндізгі жарықта көзбен бағаланады. Қылшық талшығының аймақтық реңкінің дәрежесі санындағы, арқасындағы және бүйіріндегі «дегелек» сипатына қарап анықталады. Сонымен бірге назарға сақиналар кереғарлығы мен саны есептелінеді. Кешенді белгілеріне қарап сыныбын анықтау. Элита сыныбына таза тұқымды, мықты дене бітімінде ешқандай ақауы жоқ, қараша–желтоқсан айларында бонитирлеуде (бағалауда) барлық көрсеткіштері бойынша элита бағасын алған үй қояндары жатқызылады. Бірінші сыныпқа барлық белгілері бойынша немесе қалған белгілерін жоғары бағалау кезінде біреуі болсын бірінші сыныпты баға алған таза тұқымды, мықты, дене бітімінде ешқандай ақауы жоқ үй қояндары жатады. Екінші сыныпқа мықты дене бітімді, барлық белгілері бойынша екінші сыныпқа бағаланған немесе кем дегенде бір белгісі жоғары бағаға бағаланған үй қояндары жатады. Үшінші сыныпқа дене бітімі мықты барлық белгілері үшінші сыныпқа бағаланған немесе кем дегенде бір белгісі жоғары бағаға бағаланған үй қояндары жатады. 2 немесе 3 айлық жасында бағаланатын үй қояндарына тұқымдық көрсеткіштері, тірі салмағы, дене бітімі, табандарындағы түкті жабынының тығыздылығы бойынша осы қағидалармен сынып белгіленеді. Түк жабынының бояуын бағалау басқа көрсеткіштерінің жалпы қосынды сыныбын, бір сыныптан артық азайта алмайды.
      Асыл тұқымды ядро мөлшері толықтырушы жас төлдің қажеттілігімен анықталады. Асыл тұқымды ядро фермадағы үй қояндарының кем дегенде негізгі табынның 20%-ын құрауы тиіс. Ұрпақ көрсеткіштерінің сапасын тексергеннен кейін олар асыл тұқымды ядродағы үй қояндарынан жас аралығы бірдей жас төлдердің орташа көрсеткішінен төмен болса, ондай жануарлар асыл тұқымды ядродан шығарылады. Ұрғашы және еркек үй қояндарының бірінші және екінші босанудан алынған жас төлдерінің сапасы бойынша тексеру неғұрлым дұрыс болады. Ұрпақтарының сапасы 2 немесе 3 айлық жасындағы бонитирлеу (бағалау) нәтижесі бойынша бағаланады. Ұрпақтарының түсі бөлектеніп туылған таза тұқымды жануарлар асыл тұқымды табыннан шығарылады. Бонитирлеу (бағалау) бойынша көрсеткіштері үшінші сыныптан төмен үй қояндарын; алғашқы екі көжектеуінің әрбіреуінде кем дегенде 5 көжекті өсірген аналық (егер стерильді аталықтан туындаған жағдайларды қоспағанда) және аталық қалыпты жағдайда аналықтың 30 %-дан астамын ұрықтандыра алмаса, ерекше асыл тұқымды жануарлардан басқа 3 жастан асқан аталықтар мен аналықтарды денсаулығына және ветеринариялық талаптарға қарай; түсік тастаған немесе өз көжегін жеп қойған аналық үй қоянын, зауыттық қоңдылықтағы және жыл сайын 15 күн бойы шағылысудан бас тартатын; қалыпты ұсталған жағдайда жүктілігін тексергенде қатарынан екі рет буаз болмаса (егер стерильді аталықтан туындаған жағдайларды қоспағанда) жарамсыз деп тану және етке сату ұсынылады.
      Үй қояндарын, сондай-ақ басқа да ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру кезінде, олардың сыртқы түрі, денсаулық жағдайы, жергілікті ауа райына бейімделуі бойынша бағаланады. Осы көрсеткіштердің жиынтығы үй қоянының конституциясын айқындайды. Басқаша айтқанда, дене пішінінен өнімділік сипатына және сыртқы орта жағдайларына ден қоюмен байланысты организмнің барлық анатомиялық-физиологиялық сипаттамалары көрінеді. Дене пішінінің типін бордақылауға бейімділігі, тез жетілгіштігі, еттілігі, түк жабынының сапасы, ауруға қарсы тұру сияқты қабілеті бар үй қояндарының дене пішінінің типін шаруашылықта маңызды пайдалы саласымен байланыстырады. Үй қояндарының дене пішіні ең алдымен сыртқы тұрқымен бағаланады. Дене пішінінің мықтылығы, өнімділік бағыты мен үй қоянының денсаулығы сыртқы түрінен көрінеді. Сыртқы тұрпаты жануардың жалпы түрін, яғни оның қалыптасқан үйлесімділігімен және дұрыстығымен сипатталатын денесінің жеке бөліктерінің арасындағы өзара қатынасты білдіреді. Дене бітімі қаңқасының даму дәрежесі, кеудесінің ені мен тереңдігі, басының пішіні мен көлемі, арқа пішіні мен сызық өлшемі, аяқ ұштарының қойылымы мен беріктігі арқылы көзбен анықталады. Үй қоянын бағалау кезінде ең алдымен жалпы оның дене бітіміне назар аударылады, қалған бөліктері қаралады. Бұндай кешенді бағалау берілген түрге толық және дұрыс көзқарасты қалыптастырады. Дене бітімін,сыртқы пішінін бағалау басынан бастап, содан кеуде орамын айналдыра анықтауға өтеді, белінің ені, пішінінің ұзындығы анықталады. Үй қояндарының әрбір тұқымының белгілі бір бас пішіні болады. Еркектерінің басы аналыққа қарағанда дөрекілеу, бірқатар ауырлау болады. Құлақтарының ұзындығы мен пішіні де тұқым белгісіне жатады, бірақ олар барлық жануарларда құлағының түбінде тығыз және тура болуы тиіс. Кең және терең кеуде - зор денсаулық пен мықтылық көрсеткіші. Кеудесінің тарлығы жануардың дене пішінінің әлсіздігін көрсетеді. Арқасы мен белі тегіс, түзу және кең болғаны, бұлшық еті барлық дене бойы қатты және тығыз болуы тиіс (әсіресе бүйір жағында және белінің бойында). Созылыңқы қысыңқы пішінді, тар жауырынды, ұзын мойынды және бүйірлері қабысқан үй қояндары етке өсіруге келіңкіремейді. Етті бағыттағы үй қояндарының мойыны қысқа және бұлшық етті болып келеді. Үй қоянын өсіруде дене пішінінің екі жіктемелік түрі қолданылады. Біріншісі бойынша жануарлар екі негізгі типке бөлінеді: лептосомдық және эйрисомдық. Бірінші типті жануарлардың қаңқасы қысыңқы, кеуде клеткасы созылған, ұзын мойынында шағын басы болады. Зат айналымы жоғары. Эйрисомдық типке жататын жануарлар зор денелі, майлы қабатының қарқынды дамуымен, кең кеудесімен, қысқа бұлшық етті мойынымен сипатталады. Олардың зат айналымы төмен, май және ет жинауға бейім болады. Кең денеліге (эйрисомдыққа) кеңестік шиншилла, күміс түстісі және басқалар жатады. Тар денеліге (лептосомдыққа) – зор денелі сұр, ақ түбітті және басқалар жатады. Әрбір негізгі тип (эйрисомдық және лептосомдық) шегінде дөрекі, күшті, борпас және нәзік дене пішінді үй қояндары кездеседі. Ірі дене пішінді үй қояндары зор денелі және қаңқасы дөрекілеу, басы үлкен және ірі, терісі қалың, түк жабыны қатты болып келеді. Бұл типтегі үй қояндары жарамсыз деп танылады, себебі олар төмен ет өнімділігімен ерекшеленеді. Тығыз (мықты) дене пішінді жануарлар дәнекер тінінің және тері астында сол сияқты ішкі ағзалардың айналасында май шөгінділерінің нашар дамуымен ерекшеленеді. Бұл жануарлардың терісі серпімді, бұлшық еті жақсы дамыған күшті, бірақ сүйегі дөрекі емес, денесі ұзын, құлағы тік қойылған, кеудесі жақсы дамыған, арқасы кең және тік, жаясы жұмыр болып келген, күшті, аяқтарының денесіне қатынасы дұрыс қойылған. Аталықтардан еркектік типі айқын көрінеді. Мұндай жануарлар азық-түлікті жақсы пайдаланады және жоғары өнімді болады. Дене пішіні мықты үй қояндары кез келген тұқымның асыл тұқымдық ядросын құрауы тиіс. Дене пішіні бос (шикі) жануарлардың қаңқасы жеңіл, түк жабыны сирек, терісі және бұлшық еті борпылдақ, тері астындағы дәнекер тіні жақсы дамыған. Тері мен бұлшық етін ұстасақ, борпылдақ, ісінген болып көрінеді, түк жабыны өте сирек. Осы типтегі дене пішінді жануарлар бордақылау үшін ең қолайлы болып келеді, бірақ тамақтандыруды, күтіп-баптауды қажет етеді, алайда суық тию ауруларына бейім. Нәзік дене пішінді үй қояндары - жұқа сүйегі нәзік, түк жабыны қалың емес, терісі серпімді болады. Тері астының дәнекер және май тіні жақсы дамыған. Бұлшық еті бостау, майлы қабаты жиі болады. Бұл үй қояндары тамақты жақсы жейді және бордақылау үшін жарамды. Түк жабынының тығыздығы және оның бүкіл дене бойы біркелкілігін көзбен көріп және сипалап, сонымен қатар «дегелек» түбінің көлемімен, сондай-ақ түгінің өсу бағытына қарсы бүйірі мен жотасы, жая үстінің түгін үрлеу арқылы анықтайды. Түгінің тығыздығы туралы дәл анықтау терінің 1 сантиметр шаршы аумағындағы түгінің санымен көрсетіледі. Үй қоянында: дене бітімі мықты; қаңқасы жақсы дамыған; осы тұқымға тән денесі, осы тұқымның типіне жататын басы, аналықтарында бірқатар ұзындау және тым дөңгелектеу, аталықтары шомбалдау; құлағы тік қойылған; жақсы дамыған, кең және терең кеудесі; кең тік емес арқасы; дөңгелек пішінді сауыры; мықты, денесіне қарай тік қойылған аяқтары болуға тиіс.

1-сурет. Өнімділігі етті бағыттағы 2 сурет. Өнімділігі етті терілі
қажетті дене пішіндегі тип         бағыттағы дене пішіндегі қажетті
                                   тип

Сыртқы тұрпатының бөліктері: 1- басы, 2 – құлағы, 3 – мойыны, 4 – кеуде асты, 5 – кеудесі, 6 – арқасы, 7 – белі, 8 – жамбасы, 9 – сауыры (жаясы), 10 – құйрығы, 11 – іші.
Дене тұрпатын бағалау кезінде көжектегіштігін және табынның тіршілік әрекетін қолдау үшін маңызы бар жыныстық диморфизм белгілеріне назар аударылады. Аталық үй қояндарының аталық типі жақсы білінуі тиіс,тіпті сыртқы түрі арқылы аналықтардан ерекшеленуі тиіс. Еркектерінің бастары үлкендеу, аяқтары ірі және мықты, түк жабыны дөрекілеу, кеудесі ұрғашыларына қарағанда кеңірек. Жақсы аналық мықты, дені сау, жақсы дамыған, дене бітімі дұрыс, түк жабыны қалыңырақ болуы тиіс. Асыл тұқымды аналықта: мықты, бірақ қаңқасының дөрекі болмауы; еркегіне қарағанда басы ұзынша және нәзіктеу; арқа сызығы түзу; дөңгеленген және терең кеуде; сауыры кең, қарыны салпимаған серіппелі; мықты аяқтары; кемінде сегіз (төрт жұп), жақсы дамыған емшек үрпісі болуы тиіс. Дене бітімінде ақауы бар, дене пішіні әлсіз жануарлар жарамсыздыққа жатқызылады. Бұл қажеттілік үй қояндары көбейгенде жоғары қарқындылығымен және тез жетілгіштігімен ерекшеленеді, ал мұның мәнісі, организм өмір бойы жоғары ширығу жағдайында болады. Дене пішіні әлсіз, дене бітімінде ақауы бар үй қояндары зат алмасуының жоғары қарқындылығына шыдай алмайды, дене салмағы төмен әлсіз ұрпақ береді. Үй қояндарын бағалағанда дене пішіндік типі, терісінің жағдайы, түк жабынының түсі, тығыздығы, біркелкілігі маңызды рөл атқарады. Тері жағдайына қарап, жануарлардың дене пішіндік типін анықтауға болады. Терінің босаңдығы – дене пішінінің дұрыс дамығандығының ең маңызды белгілерінің бірі. Мықты (бірақ дөрекі емес) жануарлардың дене пішініндегі терісі тығыз, жылтыр. Дене пішіні нәзік типті үй қояндарының терісі жұқа, тез тартылғыш, түкті жабыны жұмсақ болады. Дене пішіні нәзік типті үй қояндарының асыра дамушылық кезінде түкті жабынының өте селдір болуына, тіпті терісінің көрініп тұруына әкеліп соқтырады. Үй қояндарының арнайы етті тұқымдарының өзіне тән дене пішіндік типі болады. Мәселен, жаңа зеландияның қызыл, жаңа зеландияның ақ, калифорниялық үй қояндары артқы аяқтарының еттілігімен сипатталады, арқа еттері жақсы жетілген, қысқа және бұлшық етті мойыны, жалпақ жауырынды болып, осы үй қояндары тұқымдарының берік денесі тығыз тіні толық жауып жатады, артқы жағы домалақтанған және кең болып келеді. Жамбасының ішкі жағының бұлшық еттері жақсы жетілген. Еркек үй қоянының басы, ұрғашысына қарағанда үлкен болады. Терісі бос, жылтыр. Бұл түрдегі үй қояндары үлкен болып көрінгенімен қаңқасы жеңіл болады, сүйектері қатты, берік емес, терісі мен еттері босаң болады. Тері асты және май тіндері жақсы дамыған болады. Үй қояндарының етті типі мығымдылық индексі жоғарылығымен, жақсы анық етті пішінімен, мықты дене пішінімен сипатталады. Дене пішіні әр түрлі типтерін бағалағанда естен жануарлардың дене пішіні тұрақты емес екенін естен шығармау керек. Орныққан дене пішінді типі айтарлықтай өзгеруі мүмкін, мысалы жануарларды бір климаттық жағдайдан басқа жағдайға ауыстырғанда өзгереді. Әсіресе түк жабынының тығыздығы, дене бітімінің типі, ішкі органдарының өлшемдері өзгереді. Үй қояндарының дене пішіндік типін, олардың өсімді молайту қабілеттері жағдайын анықтайтын маңызды факторлардың бірі қанға реакциясы, қаңқа құрылысы және азықтандыру жағдайы болады. Үй қояндарын өсіргенде, азық рациондарындағы ақуыздар мен концентраттар құрамының айырмашылықтарына байланысты, қаңқа бөліктерінің белгілі арақатынасы үлкен өзгеріске ұшырауы байқалады. Құрама жем берілмеген және рацион құрамында ақуызы аз болған жануарларда, артқы аяқтарының толық дамымауы (туылғаннан кейін шамалы өсім байқалған) және бас сүйегінің - аз дәрежеде (туылғаннан кейін өте төмен өсуі байқалған) болуы байқалады. Бұл дене пішіні пропорциясының өзгеруіне әкеліп соқтырады: жануарлардың пішіні қысыңқы, денесі жеңіл болады. Үй кояндары ағзасының дамуына көбіне ауа райы әсер етеді. Наурыз айында туылған үй қоянынан, қаңтар айында туылған үй қоянының массасы көбірек болады.Қыста туылған үй қоянының түгі, жазда туылған үй қоянынан көбірек болады.Қыста туылған үй қоянының түк жабыны 4-5 айда қалың, қою болады. Зерттей келе қыста, күзде туылған үй қояндары жақсы өседі, жазда туылған үй қояндары нашар өседі (әсіресе ыстық уақытта туғандар). Советтік шиншилла үй қояны ұрпағының өнімділік сапасына зерттеу нәтижелері негізгі шаруашылыққа пайдалы белгілері (тірі салмағы, өлшемі, жылдам жетілгіштігі, тіршілік әрекеті) және жануарлардың ішкі органдарының дамуы бойынша қаңтар айында туылғаны басқа мезгілде туғандарынан артығырақ болады. Жылдың түрлі мезгілдерінде туған суық уақытында ұрпағының тең дамымауы жылдың суық уақытында ұрғашы үй қояндарының ағзасындағы зат алмасу деңгейінің жоғары болуымен сипатталады. Бұл фактор жануарлардың даму сипатына, сондай-ақ ұрпақтарының өсуі және дене бітімі типіне әсер етеді. Үй қояндарының сыртқы тұрпатын көзбен (сыртқы түрін көру), сондай-ақ олардың өзгеру нәтижелері мен өлшеу арқылы бағаланады.
Үй қояндарының өлшеу және салмағын өлшеу (көзбен бағалауға қосымша) әрбір жануардың аса неғұрлым объективті сипаттамаларына арналған деректерді алуға мүмкіндік береді. Мынадай өлшемдер: жауырын артының кеуде орамы, дене ұзындығы (танауының ұшынан бастап мойын бойымен, арқасы, белі, сауырынан бастап құйрық түбіне дейін) және корпусының ұзындығы (бірінші кеуде омыртқасынан бастап құйрық түбіне дейін) алынады. Қоян шаруашылығында негізінен мығымдылық индексі (жинақылығы) бойынша анықталады:
мығымдылық индексі = (жауырын артының кеуде орамы) / (денесінің ұзындығы) 100
Бұл индекс - үй қоянының дене салмағы дамуының жақсы көрсеткіші. Шартты түрде үй қоянының эйрисомалық типі индексі 63-тен көп, ал лептосомалық типі 63-тен кем болуы тиіс деп болжауға болады.

Қоянның дене бітіміндегі кемшіліктер

Дене тұрпатының мүшелері

Дене бітімінің кемшіліктері

кемшіліктері

ақаулары

Жалпы дамуы

Дене мүшелері пропорционалды болмай дамуы

Қаңқасы әлсіз немесе нашар дамыған

Басы

Пішіні дұрыс болмауы


Құлағы

Кең қойылған салпаңқұлақ


Мойыны

Ұзын мойын


Кеудесі


Тар, терең болмауы

Арқасы


Тар, бүкір, салбыраған

Омырқа-жамбас бөлігі


Толық кең емес, қысқа

Сауыры (жаясы)

Етті тұқымды қояндардың етті типінің нашар көрінуі

Қысыңқы, салбыраған немесе шолтиған

Денесінің ортаңғы бөлігі

Ішінің салбырауы


Аяқтары


Жіңішке, майысқан, дұрыс қойылмаған, толық дамымаған

      Үй қоянын дене тұрпаты бойынша бағалау кезінде олардың тірі салмағы маңызды мәнге ие болады, тамақтандыруға дейін, 50-100 грамға дейінгі дәлдікпен салмағы анықталады. Үй қояндарын сыртқы тұрпаты және дене бітімі бойынша бағалау кезінде дене бітімінде кемінде бір ақауы бар, барлық жануарлардың жарамсыздығын анықтау міндетті; бір - екі ақауы болса – балы және жалпы сыныбы төмендетіледі.

Үй қоянының дене бітіміндегі кемшіліктер 3 сурет

а) Арқасымен шоқтығының дұрыс формадағы дөңгеленген жаясы
б) Өткір шоқтығы
в) Арқа ауытқуы
г) Шатыр тәрізді жаясы
д) шорт туралған жаясы
е) Салпаң құлақ.
      Тірі массасы. Оны 100 грамм дәлдікпен жеке өлшеу жолымен анықтайды. Қояндардың тірі массасын анықтау талабы 1, 2-кестелерде келтірілген.

1-кесте. Етті бағыттағы үй қоянының тірідей салмағының төменгі
талаптары (килограмм)

Жасы (ай)

Сыныбы

Жаңазеландиялық ақ, калифорниялық

Жасы (ай)

Сыныбы

Жаңазеландиялық ақ, калифорниялық


2

Элита

1,8

5

Элита

3,7

бірінші

1,6

бірінші

3,2

екінші

1,5

екінші

2,8

үшінші

1,3

үшінші

2,3


3

Элита

2,6

6

Элита

4,0

бірінші

2,3

бірінші

3,5

екінші

2,1

екінші

3,1

үшінші

1,8

үшінші

2,5


4

Элита

3,2

7 және одан үлкендері

Элита

4,0ден 5,0 дейін

бірінші

2,8

бірінші

3,5 нен 3,9 дейін

екінші

2,5

екінші

3,0 тен 3,4 дейін

үшінші

2,1

үшінші

3,0 кем және 5,0 артық

2-кесте. Етті-терілі және етті түбітті үй қояны түрлерінің тірі
салмағына қойылатын ең төменгі талаптар (килограмм)

Жасы (ай)

Сыныбы

Тұқымдар

Үлкен ақ

Советтік шиншилла, қарақоңыр,үлкен сұр, күмістүстес

Веналық көгілдір, советтік мардер

Түбітті ақ


2

Элита

1,8

1,7

1,5

1,5

I

1,7

1,6

1,4

1,4

II

1,6

1,5

1,3

1,3

III

1,4

1,3

1,2

1,1


3

Элита

2,6

2,5

2,2

2,1

I

2,4

2,3

2,0

1,9

II

2,2

2,1

1,8

1,7

III

1,9

1,8

1,6

1,4


4

Элита

3,3

3,2

2,9

2,7

I

3,0

2,9

2,6

2,4

II

2,7

2,6

2,3

2,1

III

2,3

2,2

2,1

1,7


5

Элита

3,9

3,8

3,5

3,2

I

3,5

3,4

3,1

2,8

II

3,1

3,0

2,7

2,4

III

2,6

2,5

2,3

1,9


6

Элита

4,5

4,3

4,0

3,7

I

4,0

3,8

3,5

3,2

II

3,5

3,3

3,0

2,7

III

3,0

2,8

2,5

2,1


7

Элита

5,0

4,8

4,4

4,1

I

4,3

4,2

3,9

3,5

II

3,8

3,7

3,4

3,0

III

3,3

3,1

2,9

2,3


8

Элита

5,3

5,1

4,7

4,4

I

4,6

4,4

4,2

3,7

II

4,1

3,9

3,7

3,2

III

3,6

3,4

3,2

2,4

9 және одан үлкендері

Элита

5,5

5,3

4,9

4,6

I

4,8

4,6

4,4

3,9

II

4,4

4,2

3,9

3,4

III

3,9

3,7

3,4

2,5

Дене бітімі (экстерьер). 4-сурет. Оны көз мөлшерімен бағалайды. Сүйектің дамуын, кеуде бөлігінің тереңдігі мен енін, басының пішіні мен өлшемін, арқасының пішіні мен сызығын, аяқтарының мықтылығы мен қойылымын бағалайды.

4 сурет. Дене бөліктері: 1 - басы; 2 - мойыны; 3 - құлағы; 4 - жалы; 5 - иығы; 6 - бүйірі; 7 - арқасы; 8 - жаясы; 9 - құйрығы; 10 – тізе тобық буыны; 11 - жамбасы; 12 - артқы аяқтары; 13 - асқазан; 14 - алдыңғы аяқтары; 15 - кеудесі; 16 - тырнақтары; 17 – кеудеасты
      Дене тұрпатын бағалау бас бөлігінен басталады ары қарай алдыңғы және артқы дене бөліктерін, содан құйрық бөлімінен аяқтайды. Тағы да бұл жерде сүйектердің, бұлшық еттердің дамуын, түк жабынының жиілігін және түсін, соңынан жануарды толықтай қарайды. Жекелеген бөліктерін қарау кезінде әр тұқымына тиесілі ерекшеліктерін есепке алады. Жыныстық айырмашылықтарына назар аударылады.Құлақтары тік, мойыны денесіне пропорционалды түк жабыны үлпілдек, кеудесі жақсы дамыған кең және терең болады. Арқасы қысқа, түзу, кең, ұзартылған тұлғаға қарағанда дұрыс орналасқан.

5-сурет. Үй қояны құлақтарының орналасуы: 1 - қалыпты; 2 – құлақтары
кең орналасқан; 3 – салпиған құлақ

6-сурет. Арқасы және жаясының кемшіліктері: 1 – бүкір арқа;
2 - жаясы салбыраңқы; 3 - жаясы тік

      Құлағы салбыраңқы немесе кең орналасуы - тұқымдық белгісі бойынша құлағы салбыраған қылаң үй қояны тұқымын қоспағанда, дене бітімінде ақауы бар 5-сурет. Сондай-ақ, тым ұзын мойын дене бітімінің ақауын көрсетеді. Тар, нашар дамыған кеуде, бүкір немесе иілген арқа (6-сурет), тік немесе салбыраған жая, өте жұқа, немесе майысқан немесе дене бітіміне аяқ қатынасы дұрыс қойылмаған дене ақауын көрсетеді (7-сурет).
      Аяқтарының қойылымы мен құйрығының кемшіліктері

7-сурет. Аяқтары дұрыс қойылмаған

а) икстәріздес; б) маймақ; в) артқы аяқтарының буындары тақау; г) құйрығының дұрыс формасы; д, е) құйрығының дұрыс емес пішіні

3-тарау. Зоотехникалық талаптар

      Дене бітімінде ақауы жоқ қояндар элита сыныбына және бірінші сыныпқа, бір ақауы бар екінші сыныпқа, дене бітімінде екі және одан да көп ақауы бар үшінші сыныпқа жатады. Кемшіліктері бар қояндарды бөліп алады және асыл тұқымды қояндарға қоспайды. Үй қояндарын түк жабынының қалыңдығына қарап бағалап сыныбын анықтау талабы 3-кестеде келтірілген.

3-кесте. Үй қояндарын түк жабынының қалыңдығына және теңеулеріне
қарап бағалау

Сыныбы

Талабы

Элита

Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді және икемді осьімен біркелкі, өте қалың, түгі өте қалың. «Дегелек» түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті көрінбейді деуге болады, табандарында өте қалың түк бар.

1

Барлық дене бойындағы түк жабыны серпінді икемді осьімен біркелкі қалың. «Дегелек» түбінен түк жабынын үрлегенде терінің үсті 2 миллиметрге дейін ашылып қалады, табандарында қалың және серпінді түк бар.

11

Түктің қалыңдығы біркелкі емес, жонында жотасы мен бүйіріне қарағанда түбіті қалыңдау. «Дегелек» түбінен түк қабатынан үрлеген кезде 2-ден 4 миллиметрге дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанының түгі сирек әрі жұмсақ.

111

Түктің қалыңдығы жеткіліксіз -«Дегелек» түбінен түк жабынын үрлеген кезде 4-ден 6 миллиметрге дейін тері бетінің ауданы көрінеді. Табанында түгі сиректеу, сирек әрі жұмсақ түк,табан түктерінің қажалу белгілері бар.

Түк жабынының қалыңдығы және бір қалыптылығы. Оны қалыңдығы бойынша «дегелек» түбінен үрлеу кезінде қалыптасатын көлемін, сауырындағы, жотасы мен бөксесіндегі «дегелек» түбін салыстыра отырып айқындалады (8-сурет).

(1 сурет) өте қалың,(2 сурет ) қалың, (3 сурет ) сәл қалыңдау, (4сурет)сирек.

8-сурет. Дегелек әдісімен түкті жамылғының қалыңдығын анықтау.

      Түбітті тұқымның негізгі табындағы түбіт өнімділігі, жыл бойы жиналған түбітінің санымен бағаланады,ал көжектердің өнімділігі - 2 және 4 айлық жасында алғашқы екі жиналым бойынша, ал элита сыныбына үлкен қояндардан түбіттің 500 грамм, еркегінен – кемінде 450 грамм, бірінші сыныпқа тиісінше 450, 400 грамм, элита сыныбындағы көжектерден – 60, бірінші сыныптан 50 грамм, екінші сыныптан 40 және үшінші сыныптан -30 грамм жинағандар жатады.
      Түк жабынының реңкі күндізгі жарықта көзбен бағаланады. Аймақтық бояуы бар үй қояндарында олардың айқындылық дәрежесін жонындағы, арқасы мен бүйіріндегі «дегелек» сипатына қарай айқындайды.
      Үй қояндарын бөлек белгілері бойынша бағалағаннан кейін олардың кешенді белгілері бойынша жалпы сыныбын белгілейді.
      Элита сыныбына дене бітімі мықты, таза тұқымды, барлық көрсеткіштер бойынша дене бітімінде ақауы жоқ элита бағасын алған үй қояндары жатады.
      Бірінші сыныпқа дене бітімі мықты таза тұқымды, дене бітімінде ақауы болмаған кезде барлық көрсеткіштер бойынша алған немесе қалған белгілерін жоғары бағалау кезінде біреуі бойынша бірінші сыныптың бағасын алған үй қояндары жатады. Екінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша екінші сыныптың бағасын алған немесе біреуі бойынша ғана,ал қалғандары бойынша одан жоғары баға алған үй қояндары жатады.
      Үшінші сыныпқа дене бітімі мықты, барлық белгілері бойынша үшінші сыныптың бағасын алған немесе біреуі бойынша ғана, ал қалғандары бойынша одан жоғары баға алған үй қояндары жатады.
      Етті терілік тұқымдағы үй қояндарына сыныпты берген кезде түбіт түсін бағалау жиынтықтағы сыныбын бір балдан артық төмендете алмайды.
      2-3 айлық жастағы көжектің сыныбын қағидалар бойынша, асыл тұқымдылығы, тірі массасы, дене бітімі, табанындағы түк жабынының қалыңдығы ескеріле отырып белгіленеді.Осы бонитирлеу деректерінің негізінде көжектердің қорытынды іріктеуін жүргізеді және олардың мақсатын айқындайды. Жоғары бағаланған жануарларды тұқымдық ядроны толықтыру үшін бөліп алады, бірінші және екінші сыныптағы жануарлар өндірістік топқа жіберіледі. Үшінші сыныптың қояндарын негізгі табынға ерекше жағдайда жібереді.
      Тұқымдық ядроның (селекциялық топтың) қалыптасуы. Қоян басын толықтыратын көжектер ұрпақ сапасы бойынша ұрғашы және еркек қояндарды тексеру кезінде алынған деректерді ескере отырып асыл тұқымды ядро жануарының көжектерінен іріктеледі. Қоян басын толықтыратын көжектерді алу үшін жұптарды іріктеу жоспарын жасау кезінде әдетте ұрғашы қояндарға ата-енелерінің ең үздік көрсеткіштерін үйлестіретін және ұрпағын көбейтетін жоғары сапалы еркек қояндарды іріктеген жөн.
      Көжектерді тұқымдық ядро аналықтарынан 40-45 күнде бөліп алады. Қоян басын толықтыратын көжектерді бөлек отырғызғанда немесе 3 ай бұрын алдын ала таңдап алады. Еркектері мен ұрғашыларын бірінші кезекте өміршеңдігі жоғары, жақсы дамыған, тірі салмағы жоғары және дене бітімі жақсы бір анадан туған көп көжектердің ішінен таңдап алады. Осылайша таңдап алынған жануарларды өз тобын толықтыру үшін және басқаларға сату үшін пайдаланады. Шаруашылықта қалдырылатын 2-3 айлық көжектердің саны табынды толықтыруға арналған басынан шаруашылықтағы қажеттілік шамамен 1,2-2 ретке көп болуы тиіс.
      Негізгі табынды толықтыру бір жылдың ішінде жүргізіледі. Жас аналықтарды алғаш көжектегеннен кейін, айдың соңғы күнінде негізгі ( ересек) табынға, ал жас аталықтарды 5 айлық жасында ауыстырады.
      Асыл тұқымдық ядродан негізгі табындағы ең жақсы төлдерін бөліп алады.Оның мөлшері қоян басын толықтыратын көжекке деген қажеттілікке байланысты айқындалады және фермадағы негізгі табындағы қоян басының кемінде 50 пайызын құрайды.
      Асыл тұқымдық ядродан бөлініп алынатын төлдің, шағылысу басталғанға дейін 2-3 ай бұрын жыныстық белсенділігін тексеріп алу керек. Содан соң ең үздік аталықтарының шамамен 80-85 пайызын ұрпақ сапасына тексереді. Ол үшін әр аталыққа жастары мен өнімділік сапасы бірдей 8-10 аналық іріктеледі. Аталықтардың төл бойынша сапасын алғашқы екі көжектеуінен кейін тексереді.
      Тексерілетін аналықтардан алынған төлдерді 3 айлық кезінде асыл тұқымдық, еттілігі, дене бітімі, өміршеңділігі, тірілей салмағы, өсу жылдамдығы, жас кездегі азық шығымдылығы және табан сезімділігі көрсеткіштері бойынша бағалайды.
      «Өте жақсы» деген бағаны ұрпағы бір жастағы асыл тұқымды ядродағы төлге талап етілетін көрсеткіштерден асып түскен аталықтар алады. «Жақсы» деген бағаны ұрпағы асыл тұқымды яро жануарларынан алынған қатарластарының орташа көрсеткіштеріне сәйкес келетін аталықтар алады.
      Негізгі табыннан үй қояндарын бөліп тастау. Негізгі табыннан бөліп тастау кезінде қажетті талаптарға жауап бермейтін жануарлар алынып тасталады. Бұл жұмысты жыл бойы және бонитирлеу кезінде жүзеге асырады. Бонитирлеу кезінде өнімділік көрсеткіштері екінші сыныптан төмен, сапасы бойынша шаруашылықтағы жоғары талаптарына сәйкес келмейтін және ветеринариялық талаптарды қанағаттандырмайтын үш жастан асқан жануарлар (ең құндысын қоспағанда) бөлініп алынады. Сонымен қатар бір жыл ішінде алғашқы екі көжектеуінде бес көжектен кем көжек өсірген, екі жыл көжектемеген (стерильді аталықтар жағдайларын қоспағанда) аналықтар және аналықтардың 30%-дан астамы ұрықтанбай қалған аталықтар бөлініп тасталады.
      Жұптарын іріктеу. Іріктеу мақсаты - ұрпақтарында ата-енесінің жақсы қасиеттерін қалыптастыру және арттыру. Біркелкі (біртекті) және әр түрлі (гетерогенді) іріктеу айырады.
      Біркелкі іріктеу ұрпағында ата-енелерінің жақсы қасиеттерін қалыптастыруға және арттыру үшін қолданылады. Бұл ретте аталыққа жануарлардың өнімділігі бойынша біркелкілерін бекітеді. Біркелкі іріктеу асыл тұқымды фермалардың негізгі табынында және тауарлы фермалардың асыл тұқымды ядроларында қолданылады.
      Біркелкі іріктеудің жоғары нысаны – туыстық шағылыстыру. Бұл іріктеу кейде желіні төсеу кезінде пайдаланылады. Әдетте, ондай жағдайларда қалыпты туыстық шағылыстыруға (3-4, 4-3, 2-5, 5-2, 4-4) жүгінеді. Туыстық шағылыстыру кезінде жануарларға ұстау, азықтандыру бойынша жақсы жағдай жасап, қатал таңдаудан өткізу қажет.
      Әр түрлі іріктеу кезінде әр типті белгілері бар жануарларды шағылыстыруды жоспарлайды. Оң қасиеттерімен қатар нақты бір кемшіліктері бар аналықтарды онда кемшіліктері жоқ аталықтармен шағылыстырады. Кемшіліктері бірдей немесе қалыпты типтен бірден ауытқып кеткен жануарларды іріктеуге болмайды.
      Қоян шаруашылығындағы асыл тұқымдық және зоотехникалық есеп. Селекциялық жұмысты дұрыс ұйымдастыру үшін жақсы зоотехникалық есеп қажет. Есепке алу құжаттарының бес нысаны бар:1. Негізгі табындағы аталықтың карточкасы. 2. Негізгі табындағы аналықтың карточкасы.3. Негізгі табындағы мал басының ведомості.4. Өндірістік журнал. Бұл журналда негізгі табындағы үй қояндарының нөмірі жазылады және тексерілетін жас үй қояндары тордағы орындары бойынша жазылады. Асыл тұқымды шаруашылықта аналық басқа жеке-жеке бір жылға шамамен 35 жол қалдырылады, ал тауарлы шаруашылықтарда 6 - 8 ( төлдерін бонитирлемейді). Аталықтарын ұрпақтарының сапасы бойынша бағалау ведомості. Бұл асыл тұқымды фермаларда жүргізіледі. Осындай есепті жүргізуге арналған құжатқа төмендегілер жатады.
      1.Ұрпақтарын тіркеудің жинақтық актісі. Туылған көжектерді бірінші күннен бастап тексереді. Трафареткада тірі немесе өлі көжектерге санақ жүргізеді. Көжектерді туылған күнінен кейін екінші күннен бастап тіркеуге алады,мәліметтерді жинақтық актіге және трафаретке енгізеді. Айдың соңында жинақтық актіні бухгалтерияға жібереді. Шаруашылық бухгалтерлігі тек тірі қояндарды саралайды.
      2. Аңдарды топтан топқа өткізу туралы акті.
      Оны тек айдың соңғы күндері толтырады.
      Жас аналықтарды бөлгеннен кейін алғаш көжектегеннен соң, жас аталықтарды – бес айлығында негізгі табынға ауыстырады. Актіні бригадир немесе ферманың басқарушысы жасайды.
      3. Топтың ведомості. Оны дайындау пунктіне жөнелтілетін әрбір қояндар партиясына 3 данадан жасайды (ферма меңгерушісі, бригадир, зоотехник).
      4. Үй қояндарын есептен шығару (өлім-жітім) актісі. Қоян шаруашылығында құрамында зоотехник, мал дәрігері, ферма меңгерушісі немесе бригадирі бар комиссия болады. Құлауы немесе мәжбүрлі өлтіру салдарынан жануарды есептен шығару кезінде актіде себебі көрсетіледі. Актіні құлау немесе мәжбүрлі өлтіру күні толтырады, оны шаруашылық басшысы бекітеді. Актіде терісін пайдалану жолдары көрсетіледі(қоймаға тапсырылды немесе жойылды).
      5. Үй қояндарының қозғалысы туралы есеп. Жануарлардың келуі және есептен шығуы туралы алғашқы құжаттар мен жазба негізінде зоотехник, ферма меңгерушісі немесе бригадир жасайды.
      6. Талап-жүкқұжаты мен ерекшелігі – тиелген асыл тұқымды төлге, сондай-ақ қояндардың терісіне арналған ілеспе құжат. Ерекшелік құжатын екі данада, ал жүкқұжаты үш данада жасайды.
      Асыл тұқымдық жұмысты жоспарлау. Асыл тұқымды жұмыс жоспарын жасаудағы негізгі мақсат – үй қояндарының тұқымын аса маңызды шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша одан әрі асыл тұқымдық жетілдіру перспективаларын және әдістерін айқындау. Асыл тұқымдық жұмыс жоспары 3-5 жылға келесі схема бойынша дайындалады:
1. Шаруашылықтың жалпы мінездемесі. Бұл бөлімде үй қояндарын ұстау және азықтандыру бойынша мінездеме беріледі.
2. Табын мінездемесі – табынды жасақтау, жас және жыныстық құрылымы туралы деректер келтіріледі, жануарлардың негізгі шаруашылық-пайдалы белгілері бойынша сипаттама беріледі (тірі массасы, түк жабынының қалыңдығы мен тегістігі, дене бітімі, түсі, жануарлардың сыныптылығы мен өнімділік қабілеті).
3. Үйірдің генеологиялық құрылымы және туыстығына талдау.
4. Іріктеу және саралау жүйесі
5. Сандық және сапалық көрсеткіш жоспары
6. Сандық және сапалық көрсеткіштерінің қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар.