"Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 256 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 17 маусымда № 13801 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуді «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарында, микроқаржы ұйымдарында, арнайы қаржы компанияларында, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылған исламдық арнайы қаржы компанияларында, және Қазақстанның Даму Банкінде;»;
      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «72. Комиссия түгендеу кезінде белгілі болған кемшіндер немесе артық шығу себептерін анықтайды. Комиссияның қорытындылары, ұсыныстары және шешімдері субъектінің басшысы бекіткен хаттамамен ресімделеді.
      Түгендеу нәтижелері түгендеу аяқталған сол айдың бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігінде, ал жылдық түгендеу бойынша - жылдық қаржылық есептілікте көрсетіледі.
      Кредиторлық және дебиторлық берешекті түгендеу еркін нысанда дебиторлармен және кредиторлармен өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актісі қоса беріле отырып, нысаны 562 бұйрықпен бекітілген Дебиторлық және кредиторлық берешекті түгендеу актісімен ресімделеді.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күннің ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов