"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 383 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 24 мамырда № 13732 болып тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Көлік құралын тiркеу және/немесе есептен шығару, КҚТК мен МТНБ беру, КҚТК-ге (жоғалған, пайдалануға жарамсыз құжаттың орнына тіркеу құжатын беруді қоспағанда) өзгерістер енгізу кезінде көлік иелерi нөмірлік агрегаттардың көрсетілген құжаттардағы және/немесе БАЖ-дағы есепке алу деректерiне сәйкестігін салыстырып тексеру мақсатында көлiк құралын ТЕП-ке әкеледі.»;
      16-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) тіркейтін орган беретін, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін), филиалдың (өкілдіктің) есепке алынып тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын анықтаманың көшірмесін;»;
      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «30. Бұрын пайдалануда болған МТНБ-ларды өзге көлік құралдарының иелеріне беруге жол берілмейді.»;
      49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «49. БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерiстер енгізу:
      1) көлік құралына меншiк құқығы өзгерген;
      2) көлік құралы иесiнiң тұрғылықты жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгерген;
      3) көлік құралы иесiнiң тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (заңды тұлғаның атауы) өзгерген;
      4) қайта жабдықтау немесе көлік құралы типінің өзгеру салдары;
      5) көлік құралының түсі өзгерген;
      6) КҚТК ауыстырған немесе жоғалтқан жағдайларда жүргізіледі.»;
      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «50. Осы Қағидалардың 49-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көзделген жағдайларда, БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 6) 7), 10) - 13) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде, ал осы Қағидалардың 49-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгертуді растайтын құжаттардың негізінде қосымша жүргізіледі.
      Осы Қағидалардың 49-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 6) - 8), 10) - 13) және 15) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.
      Осы Қағидалардың 49-тармағының 6) тармақшасында көзделген жағдайда БАЖ-ға және КҚТК-ге өзгерістер енгізу осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 4), 11) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жүргізіледі.
      Сот қаулысының негізінде кәсiпорынның банкроттығы туралы іс қозғалған жағдайда, есептен шығару және тiркеу «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әкімшінің өтініші бойынша тарату комиссиясы шешiмiнің негiзiнде жүргiзіледi.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):
      5-тармақ алып тасталсын;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Емтихандарды тапсыруға «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабында белгіленген жасқа толған және:
      1) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 083/е нысанды медициналық анықтама (бұдан әрі - медициналық анықтама);
      2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы берген, курстарды аяқтағаны туралы куәлік ұсынған адамдар жіберіледі.
      Курстарды аяқтағаны туралы куәлікті ұсыну туралы талап «А», «В» санаттарындағы, «А1», «В1» кіші санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алу үшін өзіндік даярлықтан өткен адамдарға таралмайды. «А», «В» санаттары, «А1», «В1» кіші санаттары бойынша өздігінен дайындалған адамдар емтихандарды Мемлекеттік корпорация ғимараттарында орналасқан ТЕБ-те тапсырады.
      Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және мемлекеттік не орыс тілдерін меңгермеген өзге де адамдар білікті аудармашылардың қатысуымен теориялық емтихан тапсыруға жіберіледі, олар туралы мәліметтер де емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.»;
      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «74. Емтихандар тапсыру кезінде үш нашар баға алған жағдайда, жүргізушіге үміткер одан әрі емтихандар тапсыруға соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін жіберіледі.»;
      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «76. Жүргізуші куәліктері емтихандарды ТЕБ-те тапсырған адамдарға олардың тұрақты тұратын жерінің тіркелуі бойынша, ал Мемлекеттік корпорация ғимараттарында орналасқан ТЕБ-те тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуіне қарамастан беріледі.»;
      77-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5) курстарды аяқтағаны туралы куәлікті және оның көшірмесін (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда);»;
      82-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) «Е» санаты және «В» не «С» не «D» санаттары болған кезде - тиісінше «ВЕ», «СЕ», «С1Е», «DE», «D1E» санаттары;»;
      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «96. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамға жүргізуші куәлігін қайтару осы Қағидалардың 77-тармағының 1) 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың және теориялық және практикалық емтихандар тапсыру негізінде жүргізіледі. Бұл ретте, практикалық емтихан жүргізуші куәлігінде көрсетілген жоғары санаттағы көлік құралында қабылданады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың, Алматы және Астана қалалары ішкі істер департаменттерінің бастықтары:
      1) ішкі істер органдары жеке құрамының осы бұйрықты зерделеуін және талаптарын сақтауын қамтамасыз етсін;
      2) ішкі істер органдарының жұмысын осы бұйрықтың талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В.Лепеха) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы
      ______________________ А. Рау
      2016 жылғы 13 сәуір

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2016 жылғы 26 сәуір