Мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы есеп нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 3 наурыздағы № 52 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 сәуірде № 13569 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 60 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Индер аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 01-03-4/53 ұсынысы негізінде Елтай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Елтай ауылдық округінің Аққала ауылы, Қсусанов көшесі № 8 үйдегі мүйізді ірі қара малдарынан шыққан құтырма ауыруының алдын алу, жою шараларының толықтай аяқталуына байланысты округі әкімінің "Шектеу іс – шараларын белгілеу туралы" 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 02 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3464 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 25 ақпандағы "Дендер" газетіне жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
      Округ әкімі Е. Дүйшім