"Парниктік газдар шығарындыларына квоталар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 наурызда № 13432 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2016 жылғы 30 шілдедегі № 363 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № А-213 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға Аршалы ауданында халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың бұған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) көп уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
      2) маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімінің аяқталуына байланысты жұмыстан шыққан адамдар;
      3) техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының түлектері;
      4) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;
      5) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен, есірткіге тәуелді тұлғалар;
      6) елу жастан жоғары адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары М.М. Маусынбаеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      Аршалы ауданының әкімі Ж.Нұркенов