Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2023 № 34/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2023 № 34/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрінің міндетін атқарушы | Ж. Қасымбек |
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 бұйрығымен бекітілген |
Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібі
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2023 № 34/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Трафикті өткізуді қоса алғанда, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидалары және өзара есеп айырысу тәртібі (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағының 19-13) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген, телекоммуникация желілерінің қосылу және өзара іс-қимыл жасау тәртібін анықтайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2023 № 34/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Заңда пайдаланылатын ұғымдардан басқа, осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) А абонентінің нөмірі – реттік ондық цифрлардан тұратын, [ITU-T E.164] көрсетілген үш құрылымның сипаттамасына, ұзындығына және нөмірдің жалғыздығына жауап беретін шақырылатын (бастамалаушы шақыру) абоненттің нөмірі. Нөмір шақырылатын абоненттің бір мәнді идентификациясын қамтамасыз етеді;
2) арналар коммутациясы бар желі – ақпаратты жіберу кезінде бірнеше дәйекті қосылған арналардан тұратын, бірнеше транзиттық түйіндер арқылы (біріктіруді ажыратқанға дейін) байланыс сеансын ұйымдастыру үшін құрамды байланыс арнасы жасалатын (біріктіру) телекоммуникация желілері. Мұндай желінің мысалы ретінде шақыру тасымалдауы және біріктіру жасалуын ЖДА-7 дабылдар жүйесі қамтамасыз ететін әр түрлі деңгейдегі телефон желілері бола алады;
3) байланыс арнасы – телефон трафигін арналар коммутация желісінде өткізу үшін немесе пакеттер коммутация желісінде сөйлеу сигналын жіберу арнасы үшін қосылған линиялармен жасалған цифрлық арна;
4) байланыс операторы – байланыс қызметін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға. Байланыс операторлары желілерін иелену белгілері және телекоммуникация желілерінің түрлері бойынша сұрыпталады;
5) билингтік жүйе – абоненттерге көрсетілетін телекоммуникациялық қызметтерді есепке алу операцияларын автоматты түрде орындауға, және байланыс операторлары арасында оператораралық трафикті өткізу қызметі, сондай-ақ, оларды трафиктеуге және ақы төлеу үшін шоттар беруге арналған сертификатталған қолданбалы бағдарламалық жасақтама. Бастапқы деректер билингттік жүйеде кезектегі өңдеу үшін, байланыс операторларымен көрсетілетін қызметтер жайлы телекоммуникация желілерінің коммутациялық жабдық құрамына кіретін деректерді өткізуді өлшейтін жүйеден түседі;
6) бір телекоммуникация желісін (байланыс құралдарын) екіншісіне қосу – екі телекоммуникация желісінің арасындағы технологиялық өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, бұл ретте осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында қосылысты орнату және ақпарат беру мүмкіндігі пайда болады;
7) есептік мөлшерлемелер – кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және көлемде технологиялық үдерістің белгілі бір кезеңінде телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен құрылыстарды ұсыну және қызмет көрсету құнын қамтитын экономикалық талдау және қаржы есептілігінің деректері негізінде есептелген экономикалық негізделген шығындар мен табысты өтеуді қамтамасыз ететін баға (тариф);
8) қосылу (қосу) нүктесі – бір желінің екіншісіне қосылуы физикалық жүзеге асырылған орын (порт);
9) қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі – үлгілік техникалық талаптарды пайдалана отырып және қосылудың үлгілік шартына сәйкес бір желіден басқа желіге қосуға арналған телекоммуникация құралдары;
10) жергілікті телефон байланысының операторы – жергілікті телефон байланысы қызметін көрсететін тіркелген байланыс операторы;
11) жүктеме – берілген уақыт интервалында шақырулар ағыны келіп түсу кезіндегі коммутациялық жүйе шығыстарының жиынтық уақыты;
12) коммутациялық жабдық – желідегі арналар коммутациясының технологиясымен автоматты телефон стансысы немесе желідегі ақпарат топтамалары коммутациясының технологиясымен телефон байланысы қызметтерін ұсынуға арналған бағдарламалық коммутатор;
13) қалааралық және халықаралық байланыс операторының телекоммуникация желісі – байланыс қызметтерін ұсыну мақсатында желінің тиісті деңгейлерінде қалааралық және халықаралық трафикті өткізуге арналған, уәкілетті орган белгілеген талаптарға жауап беретін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің байланыс операторының телекоммуникация желісі;
14) жалғау желіжолы – қосатын және қосылатын телекоммуникация желілері арасында әрекеттестікті қамтамасыз ететін, байланыс желіжолын және стансылық жабдықтың бір бөлігін қамтитын техникалық құралдар кешені;
15) қосатын оператор – басқа телекоммуникация операторларын және желілердің иелерін, сондай-ақ телекоммуникация провайдерлерінің қатынау тораптарын олардың өтініштері бойынша өз желісіне қосатын телекоммуникация операторы;
16) қосылатын оператор – қосатын оператор желісіне өз желісін және/немесе телекоммуникация провайдерлерінің тораптарын қосу туралы ұсыныспен өтініш жасайтын телекоммуникация операторы, желі иесі, телекоммуникация провайдері;
17) қосылу деңгейі – қосатын телекоммуникация желісінің иерархиясы және нөмірлеу жоспары бойынша анықталатын және басқа да телекоммуникация желісінің қосылуын жүзеге асыратын желінің деңгейі;
18) маршруттау нөмірі – ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөміріне шақыруларды жүзеге асыруға арналған ұялы байланыс және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде пайдаланылатын адрестік ақпарат;
19) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне аймақішілік деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосылатын жергілікті телекоммуникация желісі (желінің фрагменті) "ab" меншікті аймақішілік қатынау кодына ие болады және қосатын телекоммуникация желісінің автоматты қалааралық телефон стансысына (бұдан әрі – АҚТС) қосылады;
20) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде қосылу – қосылатын желіге жергілікті желінің нөмірлеу ресурсы бөлінген жағдайда қосатын жергілікті телекоммуникация желісіне телекоммуникация желісін қосу;
21) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қалааралық деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, бұл ретте қосылатын телекоммуникация желісіне (желі фрагментіне) "АВС" нөмірлеу аймағының коды немесе "DEF" коды немесе халықаралық және/немесе қалааралық байланыс операторының префиксі тағайындалады және қосылатын желі қалааралық транзиттік торапқа (бұдан әрі – ҚТТ) немесе қосатын телекоммуникация желісінің АҚТС-на қосылады;
22) топтамалар коммутациясы бар желі – берілетін ақпарат топтамалардың шектелген өлшеміне бөлінетін, әрі желі тораптары арасындағы байланыс арнасы топтаманы беру кезінде ғана бос болмайтын және ол жұмысын аяқтағаннан кейін босатылатын телекоммуникация желісі. Келуші топтама алдымен торап жадында сақталып алынады, содан кейін түпкілікті терминалға байланысты топтамалар қайтадан қосылатын арналардың біреуі арқылы ары қарай жіберіледі;
23) префикс – нөмірдің, желілердің және (немесе) қызметтердің түрлі форматтарын таңдауды жүзеге асыратын цифрлар мен белгілердің біреуінен немесе жиынтығынан тұратын сәйкестендіруші;
24) реципиент-оператор – байланыс желісіне абоненттік нөмірді көшіруді жүзеге асыратын ұялы байланыс операторы;
25) рұқсат етілмеген трафик – осы Қағидалармен белгіленген трафик өткізу талаптарын бұза отырып өткізілген және Қосылу және өзара әрекет жасау шартының талаптарымен көзделмеген трафик, соның ішінде шақырылатын абонент нөмірі ауыстырылған трафик;
26) тактілік желілік синхрондау жүйесі (бұдан әрі – ТСЖ) – цифрлық телекоммуникация желісінің барлық элементтерін синхрондау сигналдарымен қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені;
27) телекоммуникация желісінің иесі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің бір бөлігі және (немесе) бірыңғай телекоммуникация желісінің тиісті санаты тиесілі жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – желі иесі);
28) телекоммуникация операторы – телекоммуникация желісін меншік құқығымен немесе басқа да заттай құқықтармен иеленетін, оның жұмыс істеуін, дамуын қамтамасыз ететін және телекоммуникация қызметтерін және/немесе ақпараттық қызметтерін ақылы және/немесе тегін көрсететін байланыс операторы;
29) телекоммуникация провайдері – меншікті телекоммуникация желісі жоқ, телекоммуникация операторларының желілеріне және қызметтеріне қатынау қызметтерін ұсынатын және көрсетілетін телекоммуникация қызметтерінің түрлері бойынша жіктелетін ақылы немесе тегін телекоммуникация қызметтерін және/немесе ақпараттық қызметтерді телекоммуникация операторының желісі арқылы көрсететін байланыс операторы;
30) телекоммуникация провайдерінің қатынау торабы – пайдаланушылардан түсетін деректерді қабылдайтын және оларды телекоммуникация операторының желісі бойынша беру үшін дайындайтын жабдық;
31) телекоммуникация провайдерінің қатынау торабы – телекоммуникация операторының желісі бойынша телекоммуникация қызметтерін және/немесе ақпараттық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін телекоммуникация провайдерінің техникалық құралдар жиынтығы;
32) терминал – түпкілікті абоненттік құрылғы;
33) трафик бірлігі – телекоммуникация желісі бойынша берілген телефон қосылысының секунды, минуты немесе ақпарат кбайты;
34) техникалық мүмкіндік – телекоммуникация желілерін (жабдығын) қосу және трафик өткізуге қажетті, телекоммуникация желісінің әрекет ету аймағында жұмыс істейтін техникалық құралдардың және байланыс құрылыстарының болуы, сонымен қатар телекоммуникация желілері мен жабдығы бос ресурстарының және функционалдық мүмкіндіктерінің болуы;
35) трафикті өткізуді реттеу – телекоммуникация желілерінде және олардың арасында трафикті өткізудің қандай да бір тәсілдері мен маршруттарын таңдайтын (немесе жоққа шығаратын) қағидаларды белгілеу;
36) тіркелген байланыс желісі – түпкілікті терминалдарында аумақтық тіркелген орналасу орны бар телекоммуникация желісі. Тіркелген телефон байланысы желісі жергілікті телекоммуникация желілері, қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желісі, тіркелген жерсеріктік байланыс желілері болып бөлінеді;
37) жылжымалы байланыс желісі – қызмет көрсетілетін аумақ шегінде тұрақты географиялық орналасу орны жоқ телекоммуникация желісі (ұялы, транкингілік, жерсеріктік телекоммуникация желісі);
38) ведомстволық байланыс желісі – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілеттіктеріне сәйкес басқарушылық және ұйымдастыру мақсаттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өндірістік және басқарушылық мақсаттарын қамтамасыз етуге арналған;
39) арнайы байланыс желісі – ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің негізі ретінде пайдалануға болатын, Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған;
40) корпоративтік байланыс желісі – заңды тұлғалардың басқарушылық және өндірісішілік мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған;
41) ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірі – осы абоненттік нөмірді сақтай отырып, оған қатысты абоненттік нөмірді бір ұялы байланыс операторынан екіншісіне ауыстыру рәсімі орындалған абоненттік нөмір;
42) халықаралық деңгейде қосылу – халықаралық коммутация орталықтары (бұдан әрі – ХКО) арқылы халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;
43) шағын автоматты телефон стансылары – сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын автоматты телефон стансылары (бұдан әрі – АТС);
44) шақыруға бастамашының желісі – шақыруға бастамашы абонент қосылған байланыс операторының желісі;
45) IP-телефония операторы – топтамалар коммутациясы бар желі арқылы нақты уақыт режимінде телефон байланысы қызметін ұсынатын байланыс операторы;
46) IP-телефония – топтамалар коммутациясы бар желіні нақты уақыт режимінде телефон байланысын ұйымдастыру құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін технология;
47) "All Call Query" (барлық шақыруларға арналған сұрату) – ауыстырылған нөмір туралы ақпарат алу және шақыруды бұдан әрі бағдары бойынша маршруттау үшін шақыруды бастамашының желісі ауыстырылған нөмірлердің операциялық дерекқорына сұрау салуды жүзеге асыратын, ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне трафик өткізу үшін шақыруларды тікелей маршруттау әдісі.
3. Осы Қағидаларда мыналардың арасындағы ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл жасау тәртібі көзделген:
1) тіркелген байланыс операторларының бір–бірімен, жылжымалы байланыс операторларының бір-бірімен, тіркелген байланыс операторларының жылжымалы байланыс операторларымен, егер олардың телекоммуникациялық желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған болса;
2) ведомстволық, арнайы, корпоративтік телекоммуникация желілері иелерінің бір-бірімен және тіркелген және/немесе жылжымалы байланыс желісі операторларымен, егер олардың телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған болса;
3) тіркелген және/немесе жылжымалы байланыс желісі операторларының желілеріне телекоммуникация провайдерлерінің қатынау тораптары қосылған кезде олардың телекоммуникация провайдерлерімен, егер олардың телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған болса.
4. Осы Қағидалардың әрекеті желісі (жабдығы) Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған барлық байланыс операторларына және желі иелеріне қолданылады.
Бүлінген және авариялық ахуал кезінде техникалық қызметкерлердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ ведомстволық, корпоративтік, арнайы байланыс желілерінің және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің АТС шақыруларын маршруттау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде қосылысты орнату жүктемесінің және сапасының нормативтері осы Қағидаларға 2-қосымшада анықталған.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын АТС-ға қойылатын техникалық талаптар осы Қағидаларға 3-қосымшада анықталған.
Шағын АТС қосылу ерекшеліктері, шағын АТС қосылған абоненттік жиынтықтардың параметрлері осы Қағидаларға 4-қосымшада анықталған.
5. Байланыс операторлары, желілердің операторлары мен иелері арасындағы құқықтық қатынастар мен ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл және өзара есеп айырысуды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың арасында жасалған Телекоммуникация желілерін қосу және олардың өзара әрекеттесу шартымен (бұдан әрі – Қосу шарты) реттеледі.
2. Телекоммуникация желілерін қосу және олардың
өзара әрекеттесу тәртібі
6. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған телекоммуникация желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады. Бөлектелген желілердің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерімен түйісу кезінде олар ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің санатына өтеді. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде және бөлектелген желілерде бірмезгілде қосылатын сериялық нөмірлерді, GSM-шлюздерді, кез келген басқа да жабдықты пайдалану арқылы трафикті өткізуді ұйымдастыруға жол берілмейді.
7. Қосылатын желілерде мынадай:
1) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін бірыңғай стандарттар негізіндегі желілік технологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, байланыс сенімділігін және басқарылуын қамтамасыз ету бойынша;
2) тұрақтылықты және ақпараттық қауіпсіздікті, жедел-іздестіру іс-шаралары функцияларын, байланысты қалпына келтіру бойынша төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша;
3) техникалық реттеу және метрология жөніндегі тиісті уәкілетті орган аккредиттеген сертификаттау органдарында биллингтік жүйелерді сертификаттауды қамтамасыз ету бойынша;
4) қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қойылатын талаптар сақталады.
8. Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникация желісін құрайтын барлық желілерге желілерді құрастыру, құрылымы, тактілік желілік синхрондау жүйесі, сигнал беру жүйелері, нөмірлеу жоспарлары, желілерді басқару және қолданылатын коммутация жабдықтарының түрлері бойынша қойылатын жалпы техникалық талаптар Қазақстан Республикасының Бірыңғай телекоммуникация желісі құжатына және ХЭО-Т ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс.
9. Қосылатын желінің коммутациялық стансысы (жабдық) бір ғана байланыс операторын қосу мақсатында пайдаланылуы мүмкін.
9-1. Қосылатын коммутациялық жабдықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 27 шілдедегі № 85/қе (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді, абоненттер туралы қызметтік ақпараттарды жинауды және сақтауды қамтамасыз ету бойынша телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкес келтірілгеннен кейін байланыс операторларының телекоммуникация желілерінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылуы жүзеге асырылады. Көрсетілген техникалық регламентпен белгіленген талаптарға сәйкестігіне сертификаттау мақсатында қосылуы кемінде 30 күнтізбелік күн ішіндегі мерзімде жүзеге асырылады.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.10.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен; жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2023 № 34/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Ұйымдастыру-техникалық өзара іс-қимыл екі кезеңнен тұрады, бірінші кезең – желілерді қосу үдерісіндегі өзара іс-қимыл мыналарды қамтиды:
1) телекоммуникация провайдерлерінің желілерін және/немесе қатынау тораптарын қосу мүмкіндігін анықтау үшін қосатын операторға қосылатын оператордың өтініш білдіруі және қосылатын оператордың қосатын оператордан осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген қосылуға үлгілік техникалық талаптарды және Қосу шартының жобасын алуы.
Қосатын оператор техникалық мүмкіндік болғанда, егер қосылу бір нөмірлеу аймағы шегінде жүзеге асырылатын болса, отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде және нөмірлеудің түрлі аймақтарында бір уақытта қосылған жағдайда, алпыс күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қосылуды орындауға қажетті нақты әрекеттерді көрсете отырып, техникалық талаптар береді және қосылудың (қосудың) стандартты нүктесіне қосудың техникалық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Қосылу мақсатында телефон кәрізіне кәбілді жүргізуге сұрау салған кезде кәбілдік (телефон) кәріздің иесі, техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда, техникалық талаптарында кәбілді жүргізу үшін кедергілерді жоюда қандай іс-шаралар орындау қажет екенін көрсетеді;
2) қосылатын оператордың қосылуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуі;
3) қосылатын оператордың техникалық талаптарды қосуға және (немесе) орындауға жобаны іске асыруы;
4) желілерді тестілік режимде қосу.
Орындалған техникалық талаптар актісіне, Қосылған желіні тестілік сынау және коммерциялық пайдалануға енгізу актісіне қол қою бірінші кезеңнің аяқталуы болып табылады.
Осы екі актіге қол қойылғаннан бастап екіжақты келісім бойынша қосатын және қосылатын операторлар үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қосу шартына қол қояды.
Екінші кезең – желілерді қосуды жүзеге асырғаннан кейін мынадай мәселелердің шешілуін қамтитын телекоммуникация қызметтерін ұсыну үдерісіндегі өзара іс-қимыл:
1) қызметтерді ұсыну кезіндегі өзара іс-қимыл;
2) трафикті өткізуді ұйымдастыру;
3) ұсынылатын қызметтердің сапасын қамтамасыз ету.
11. Қосылатын оператор қосатын операторға қосылуға техникалық талаптарды беру туралы өтінімді (бұдан әрі – Өтінім) жібереді. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) уәкілетті органның байланыс саласындағы қызметтерді көрсету лицензиясының көшірмесі (қызметі лицензиялауға жататын байланыс операторлары үшін);
2) желінің техникалық сипаттамалары (құрастырылған сыйымдылық, пайдаланылатынжабдық түрі (түрлері), сигнал беру түрі (түрлері), желі құрылымы және болжалды трафик көлемі (жүктеме));
3) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23364 болып тіркелген) Сәйкестікті бағалау қағидаларына сәйкес қолданылатын жабдыққа сәйкестік сертификаттары;
4) уәкілетті органның нөмірлеу ресурсын бөлу туралы бекітілген бұйрығының көшірмесі;
5) оператор желісінің байланыс саласындағы уәкілетті органның қолданыстағы біліктілік талаптарына (қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторлары үшін) сәйкестігі туралы қорытындысы (Жүргізілген тексеру нәтижесі туралы акт).
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 31.01.2023 № 34/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Бұдан бұрын телекоммуникация желісіне қосылған желі иесі ақылы қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда, желі иесі бұл туралы он күнтізбелік күн ішінде қосатын операторға хабарлайды, нақтыланған техникалық талаптарды алып, оны орындайды, сондай-ақ Қосу шартын қайта жасауы немесе осы Қағидаларға сәйкес жасалған шартқа өзгерістер енгізеді.
Тиісті ресімдеусіз желі иесі тарапынан ақылы қызметтерді ұсыну фактісін қосатын оператор анықтаған жағдайда қосатын оператор қосылған желіні ажыратуды жүзеге асырады.
13. Қосылатын оператор қосылуға берілген техникалық талаптармен келіспеген жағдайда, байланыс саласындағы уәкілетті органды бұл туралы хабардар ете отырып, баламалы техникалық талаптарды алу үшін қосатын операторға жүгіне алады.
14. Қосуға арналған техникалық талаптар негізінде қосылатын оператор қажет болған жағдайда олардың орындалуына жобалау құжаттамасын әзірлейді және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген талаптарды орындайды.
15. Қосылатын желінің сыйымдылығы 2000 нөмірден астам болған жағдайда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылуға рұқсат беріледі, ал сыйымдылығы 10000 нөмірден астам болса, қосылуды бірнеше кезеңдерге бөліп жүзеге асыру ұсынылады. Кезеңдер берілген лицензияларға сәйкес тараптардың келісілген шешімімен айқындалады және қосудың техникалық талаптарында көрсетіледі. Қосылу бойынша жұмыстардың бастапқы кезеңдерінде техникалық талаптар мен жобалау құжаттамасында кейінгі кезеңдер де ескерілуі тиіс.
16. Қосылатын желілердің бірінші кезектегі сыйымдылықты бірінші кезеңде қосу және қосымша сыйымдылықты келесі кезеңдерде қосу осы Қағидалар мен нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген тәртіппен жұмыстарды және объектілерді қабылдау мен қосуға тиісті кезеңнің техникалық талаптарын толық іске асырғаннан кейін жүзеге асырылады.
17. Бірінші кезең жұмыстарын орындау барысында осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қосылатын оператор қосатын операторға техникалық талаптардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды.
Қосылатын және қосатын операторлардың өкілдері техникалық талаптардың орындалуын және қосылу нүктелері жабдықтарының дайындығын тексереді.
Техникалық талаптарды орындау актісіне тексеру нәтижелері, өлшеу хаттамалары, техникалық атқару құжаттамасы, орындалған жасырын жұмыстар актісі және тараптардың келісімі бойынша Қосылу нүктелері жабдықтарына қызмет көрсету аймағын шектеу жөніндегі актісі қоса беріледі.
18. Телекоммуникация желілерін қосуды ұйымдастыруға қосылу үдерісінде тәсілдерді, шарттар мен тараптарға қойылатын талаптарды айқындау кіреді. Әрбір нақты жағдай үшін техникалық талаптар қосатын оператор беретін қосылуға техникалық талаптармен анықталады.
Басым немесе монополиялық жағдайдағы қосатын операторлар жыл сайын (10 қаңтарға дейін) қосылудың (қосудың) стандартты нүктелерінің тізбесін байланыс саласындағы уәкілетті органға жариялау үшін ұсынады.
19. Байланыс саласындағы уәкілетті органның қосылатын операторға бөлген нөмірлеу ресурсына сәйкес деңгейлерде және пункттерде телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосуға жол беріледі.
Бір оператордың желілерін бірнеше тармақталған географиялық пункттерде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосуға жол беріледі. Мұндай жағдайда әрбір осындай пункттерде осы Қағидалармен анықталған барлық талаптар орындалуы тиіс.
20. Қосылуға техникалық талаптарды берген кезде қосылатын және қосатын желілердің (стансыаралық және коммутациялық сыйымдылықтар, байланыс желіжолдарының сыйымдылығы) түрлі элементтерінің қуатын арттыру мәселелері ескерілуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қуатты ұлғайту шығындары қандай да бір оператордың мүддесінде іске қосылған сыйымдылыққа пропорционалды желінің осы элементін пайдаланатын қосатын және қосылатын желілердің операторларына жүктелуі мүмкін.
21. Техникалық талаптарды орындағаннан кейін қосылатын және қосатын желілердің байланыс операторлары (иелері) арасында шарт жасалады, онда өзара есеп айырысудың барлық мәселелері, ұсынылатын қызметтер сапасына тараптардың жауапкершілігі анықталады.
22. Телекоммуникация желілеріне қосу барысында жүзеге асырылатын жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру шарттық негізде жүзеге асырылады.
23. Байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қолданылатын қондырғыға сертификаттың бар болуына байланысты жүзеге асырылады.
24. Телекоммуникацияның басым операторы желісіне қосуды ұйымдастыру мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) стандартты қосылу (қосу) нүктелер және қосылу талаптары туралы ақпаратты байланыс операторларына ұсыну осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес анықталады;
2) баламалы қызметтер көрсететін барлық телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері үшін телекоммуникация желілерін қосудың және трафикті өткізудің тең талаптарын сақтау;
3) басым телекоммуникация операторының басқа байланыс операторларына, желі иелеріне қосу мен трафикті өткізу қызметтерін көрсетуі осы қызметтерді басым телекоммуникация операторының өз желісі шеңберінде және (немесе) осы қызметтерді аффилиирленген тұлғаларға көрсеткендегідей талаптарда және трафикті өткізу технологиялары бойынша жүзеге асырылады;
4) қосылу және трафикті өткізу қызметтеріне төлем жасаудың егжей-тегжейлі шотын ұсыну;
5) бәсекелестер мен клиенттер туралы ақпаратқа қатысты тараптардың арасында құпиялылық режимін сақтау;
6) жаңа қызметттер көрсетуге қажетті синхрондау жүйелерін, пайдаланушылық қолдау жүйелерін, биллингтік жүйелер, басқа да аппараттық және бағдарламалық жасақтама; желілердің "бөлінбейтін" компоненттерін, оның ішінде абоненттік желіжолдарды шарттық негізде ақылы пайдалану мүмкіндігін ұсыну;
7) инфрақұрылым элементтерін (мысалы, ғимараттар, бағаналар, телефон (кәбілдік) кәрізі, арналар, антенна-діңгекті құрылыстар және басқалар) шарттық негізде ақылы пайдалануды жүзеге асыру мүмкіндігін ұсыну.
25. Басым телекоммуникация операторлары үшін Қосу шарты жария шарт болып табылады және осының негізінде басқа телекоммуникация желілерін қосу қызметтерін көрсету, сондай-ақ желілердің өзара әрекеттестігі мен трафикті өткізу бойынша осылармен байланысты міндеттемелер анықталады.
26. Қосылуға техникалық талаптар берген кезде байланыс операторларын кемсітушілікке жол берілмейді. Басым телекоммуникация операторы операторлардың қосылатын желілері үшін қосылу және трафикті өткізудің тең талаптарын қояды.
27. Қосылатын оператор осы Қағидаларда көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда басым телекоммуникация операторының Қосу шартын жасаудан бас тартуына жол берілмейді.
28. Жергілікті деңгейде қосылу мынадай жолдармен жүргізіледі:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылысы бар тіркелген жергілікті байланыс желілерінің бір-бірімен, тіркелген байланыс желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен (жылжымалы радиотелефон байланысы және транкингілік байланыс) жергілікті деңгейде қосыла алады, бұл жергілікті желінің тиісті нөмірлеу ресурсын бөлу арқылы жүзеге асырылады;
2) қосылатын желінің кіріс және шығыс трафигі есепке алынуы тиіс қосатын желінің жергілікті цифрлық телефон стансысын қоса отырып, қосылатын желінің коммутациялық стансылары арқылы жергілікті деңгейде қосыла алады;
3) қосылатын желінің коммутациялық стансыларын қосатын желінің жергілікті цифрлық телефон стансысына қосу жолымен жергілікті деңгейде қосыла алады. Қосу цифрлық байланыс арналарымен, мыналар арқылы құрылған арналар коммутациясының технологиясы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
жалғау желіжолдары;
жергілікті телекоммуникация желісінің шығыс қалааралық телефон хабарламаларын беруге арналған тапсырысты-жалғау желіжолдары;
қалааралық телефон стансысын жергілікті телекоммуникация желісінің стансысымен жалғайтын және кіріс қалааралық хабарламаларды беруге арналған қалааралық телефон байланысының жалғау желіжолдары;
және ақпарат топтамаларын коммутациялау технологиясы бойынша сөйлеу сигналын беру арналары.
4) егер қосылатын стансы сыйымдылығы 3500 нөмірден кем болмаса, автоматты қалааралық телефон стансысында (бұдан әрі – АҚТС) резервтік сыйымдылық болған жағдайда қосылатын желінің коммутациялық стансылары және нөмірлеудің белгілі бір ғана аймағында орналасқан ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің АҚТС арасында тікелей арналар ұйымдастыруға рұқсат етіледі;
5) егер қосылатын желі сыйымдылығы жергілікті желінің қолданыстағы нөмірлеу резервінен асып кетсе, онда байланыс саласындағы уәкілетті орган осы мәселені реттеу бойынша шаралар қабылдайды.
29. Аймақішілік деңгейде қосылу:
1) аймақішілік деңгейде қосылу үшін қосылатын желі географиялық нөмірлеу аймағының шегінде "ab" аймақішілік қатынау кодын бере отырып, жергілікті желі ретінде қосылады;
2) жергілікті деңгейде телекоммуникация желілерін қосу үшін нөмірлеу ресурсы болмаған жағдайда сыйымдылығы 5000 нөмірден кем емес желі осы нөмірлеу аймағының АҚТС-дағы қосылатын желінің коммутациялық стансыларын қоса отырып, қосатын желі операторының келісімімен аймақішілік деңгейде қосылады.
30. Қалааралық деңгейде қосылу – бір телекоммуникация желісін екіншісіне қосу, мұнда оператордың (желі иесінің) қосылатын желісі автоматты қалааралық телефон стансысына немесе қосатын желінің қалааралық транзиттік торабына (бұдан әрі – ҚТТ) қосылудың (қосудың) стандартты нүктелеріне қосылады. Бұл ретте қосылатын желіге нөмірлеу ресурсы – географиялық анықталатын аймақтың АBC коды, АBC-да "Х1Х2" қатынау коды, анықталуы географиялық емес аймақтың DEF коды, қызметтерге қатынау кодындағы оператор коды (бұдан әрі – ҚҚК), қалааралық және/немесе халықаралық байланыс операторын таңдау префиксі (бұдан әрі – ОП) бөлінген.
31. Халықаралық деңгейде қосылу:
1) қосылатын телекоммуникация желісін қосуды жүзеге асыратын халықаралық желі коммутациясы орталығына (бұдан әрі – ХКО) қосатын халықаралық байланыс операторларының желілері үшін халықаралық деңгейде қосылу жүзеге асырылады;
2) қосылатын және қосатын желілердің ХКО арасындағы әрекеттесу олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру жолымен жүзеге асырылады;
3) халықаралық байланыс операторлары желілерінің бір-бірімен әрекеттесуін жүзеге асыру кезінде (ХКО-ХКО деңгейінде) желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде ұлттық желі шегінде, сондай-ақ шетелдік ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желілеріне шығу кезінде трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұйымдастыру және ұсыну талаптары енгізіліу тиіс.
32. Қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілерін қосу қалааралық және (немесе) халықаралық деңгейде ұйымдастырылады.
33. Жергілікті телекоммуникация желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу мынадай түрде ұйымдастырылады:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған жергілікті телекоммуникация желілерін қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларына қосу шығыс және кіріс трафигін есепке алуды жүзеге асыратын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының қосатын желісінің жергілікті деңгейдегі қосу нүктелері арқылы (автоматты телефон стансыларының транзиттік тораптары – АТС ТТ, автоматты қалааралық телефон стансысы – АҚТС) арқылы жүзеге асырылады;
2) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылған жергілікті телефон байланысының операторын, қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желісін абоненттердің таңдауы қалааралық және халықаралық байланыс операторына берілген оператор префиксі (ОП) арқылы жүзеге асырылады.
34. Қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай түрде ұйымдастырылады:
1) қалааралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу бір географиялық нөмірлеу аймағында (АВС) орналасқан осы операторлардың АҚТС арасында қалааралық деңгейде жүзеге асырылады;
2) қосатын желінің АҚТС және қосылатын желінің АҚТС арасындағы әрекеттесу олардың арасында тікелей байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
3) шығыс және кіріс қалааралық трафикті есепке алуды қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының екеуі де не уағдаластық бойынша өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларының біреуіне тиесілі бірыңғай есептеу орталығымен жүзеге асырылады.
35. Халықаралық байланыс операторының желісін қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне қосу мынадай түрде ұйымдастырылады:
1) қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісіне халықаралық байланыс операторы желісінің қосылуы қосатын және қосылатын операторлардың ХКО арасында жүзеге асырылады;
2) қосылатын және қосатын желілердің ХКО арасындағы әрекеттесу олардың арасында байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады;
3) қалааралық және халықаралық байланыс операторлары және халықаралық байланыс операторлары желілерінің өзара әрекеттесуін жүзеге асырғанда (ХКО - ХКО деңгейде) желілердің бірінде авариялар және төтенше жағдайлар орын алған кезде ұлттық желі шегінде, сондай-ақ шетелдік ортақ пайдаланылатын телекоммуникацияның желілеріне шығу кезінде трафикті өткізу үшін айналма жолдарды ұйымдастыру және ұсыну талаптары енгізіліу тиіс.
36. Қалааралық және халықаралық байланыс операторының желісін басқа қалааралық және халықаралық байланыс операторы желісіне қосу тиісінше бір географиялық аймақтың АҚТС және АҚТС, қосатын және қосылатын операторлар желілерінің ХКО және ХКО арасында ұйымдастырылады.
37. Басқа байланыс операторының желісіне қосылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторының желілерін коммерциялық пайдалануға қосу байланыс саласындағы уәкілетті органның қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының телекоммуникация желілеріне қойылатын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыстың операторын анықтау бойынша біліктілік талаптары мен критерийлерінің орындалғанын растағаннан кейін жүзеге асырылады.
Қосатын оператор Оператордың біліктілік талаптарын орындау туралы актідегі ақпараттың нақты жағдайға сәйкес еместігін анықтаған кезде қосатын оператор трафик өткізуді шектеуге, сондай-ақ бұл жөнінде байланыс саласындағы уәкілетті органға хабарлауға құқы бар.
38. Корпоративтік телекоммуникация желісі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне әкімшілік аумақ шеңберінде мекемелік коммутациялық стансыны орнату арқылы корпоративтік клиент ретінде қосылуы мүмкін:
жергілікті деңгейде;
егер ол тиісті нөмірлеу ресурсын бөле отырып ("DEF" коды), түрлі әкімшілік аумақтар бойынша бөлінген желі учаскелерін біріктірсе, қалааралық деңгейде;
немесе жылжымалы байланыс желісіне тікелей қосыла алады;
Корпоративтік желі иесі ақылы негізде қызмет көрсетуге ниет білдірген жағдайда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылу мынадай талаптармен жүзеге асырылады, егер:
1) желі иесі желінің қосылатын бөлігін өндірісішілік мақсатта (өндірістегі технологиялық үдерістерді басқару) пайдаланылатын желінің қалған бөлігінен бағдарламалық немесе техникалық бөліп алса;
2) желінің қосылатын бөлігі осы Қағидаларда жазылған телекоммуникация желісінің жұмыс істеу талаптарына сәйкес келсе;
3) корпоративтік телекоммуникация желісінің иесі басқарушылық және өндірісішілік мақсатта (өндірістегі технологиялық үдерістерді басқару) пайдаланылатын желіні және оның телекоммуникация желілеріне қосылатын бөлігін пайдалану шығыстарын бөлек есепке алуды жүргізсе.
39. Жылжымалы байланыс желілерінің қосылуы:
1) ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон және транкингілік байланыс желілері нормативтік актілерге немесе байланыс операторларының арасындағы келісім бойынша тиісті нөмірлеу ресурстарын бөле отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қалааралық, аймақішілік және (немесе) жергілікті деңгейде қосыла алады;
2) нөмірлеудің географиялық емес аймағына DEF коды белгіленген ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон байланысы және жылжымалы жерсеріктік байланыс желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қалааралық деңгейде басқа нөмірлеу аймақтарының абононенттеріне трафик өткізу үшін қосылады және аймақтық деңгейде – жылжымалы желінің коммутаторы орналасқан географиялық нөмірлеу аймағының АҚТС арқылы, осы географиялық нөмірлеу аймағы шегінде трафик өткізу үшін қосылады;
3) географиялық емес нөмірлеу аймағының DEF коды белгіленген ұялы байланыс желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қалааралық деңгейде қосылады, ұялы байланыс желілерін бір-біріне қосу тікелей байланыс арналарын ұйымдастыру арқылы осы желілердің коммутациялық жабдығының тиісті деңгейлерінде жүргізіледі;
4) АВС нөмірлеудің географиялық аймағында "ab" коды белгіленген ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон және транкингілік байланыс желілері ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне осы нөмірлеудің географиялық аймағының АҚТС арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары географиялық аймақтың нөмірлеу жоспарына кіреді;
5) жергілікті желінің АТС "abX/abXX" индексін алған ортақ пайдаланылатын жылжымалы радиотелефон және транкингілік байланыс желілері жергілікті желінің коммутациялық стансылары арқылы қосылады. Қосылатын желінің нөмірлеу жоспары жергілікті желінің нөмірлеу жоспарына қосылады.
40. Телеграфтық және телекстік байланыс желілерінің қосылуы:
1) ортақ пайдаланылатын телекстік байланыс желілеріне қосылу ведомстволық телеграфтық-телекстік желілер және телематикалық қызметтер үшін рұқсат етіледі;
2) телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосылу абоненттік түпкілікті пункттер немесе қондырғылар деңгейінде жүзеге асырылады;
3) абоненттік қондырғылар деңгейінде қосылу пайдаланушының терминалын телекоммуникация желісіне қосуды білдіреді, оның көмегімен оператор ақпаратты береді және қабылдайды;
4) хабарламалардың коммутациясы бар ортақ пайдаланылатын телеграфтық және телекстік байланыс желілеріне қосылу телеграфтық және телекстік байланыс операторларына рұқсат етіледі;
5) жекелеген жағдайларда, қосылатын желіде тиісті техникалық құралдар болған кезде, байланыс саласындағы уәкілетті органның нұсқауы негізінде арналар коммутациясы стансыларының (кіші стансылардың) немесе хабарламалардың коммутациясы орталықтарының (концентраторлардың) деңгейінде телеграфтық байланыс желілеріне қосылуға рұқсат беріледі;
6) қосылатын желіге бөлінетін нақты қосылу нүктелерін және нөмірлеуді ортақ пайдаланылатын телеграф желісінің операторы белгілейді.
41. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне телекоммуникация провайдерлерінің қатынау тораптарын қосу мынадай тәсілдердің бірімен ұйымдастырылады:
1) байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілеген ҚҚК-дағы оператордың кодын пайдалана отырып, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің АҚТС-на жабдықты қосу арқылы. Бұл ретте қатынау АҚТС-на жабдық қосылған нөмірлеу аймағының абоненттері үшін ғана ұйымдастырылады;
2) жергілікті желінің абоненттерінен стандартты қосылу (қосу) нүктесіне қосылған бір бағытты шығыс байланыс арналары бойынша жабдықты ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне жергілікті деңгейде қосу арқылы.
42. Телекоммуникация провайдерлері, жергілікті телекоммуникация желілерінің операторлары ұсынатын қызметтерге қатынауды ұйымдастыру үшін телекоммуникация провайдерлеріне абоненттік нөмірлерді немесе сериялық нөмірлерді бөле отырып, абоненттік желіжолдар ұсынылады. Абоненттік желіжолдарды бөлуге арналған шартта олар қандай мақсатта бөлінетіні көрсетіледі.
Сериялық нөмірлерді бөлу және телекоммуникация провайдерлерінің жергілікті телекоммуникация желілерінің операторларымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі осы Қағидаларға 6-қосымшада берілген.
43. IP-телефония операторларының қатынау тораптарын қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының желілеріне қосу ҚҚК пайдалану арқылы қалааралық деңгейде жүзеге асырылады. ҚҚК-да оператордың кодын пайдаланумен қатар, қызметке қатынау нөмірі ретінде бекітілген жергілікті телефон нөмірі пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте IP-телефония операторларының қатынау тораптарының қосылу деңгейі қалааралық болып қалады.
44. ҚҚК және оператордың Х1Х2Х3Х4 кодын байланыс саласындағы уәкілетті органмен тағайындайды.
45. IP-телефония операторларының қызметтеріне қатынау АҚТС-на оператордың қатынау торабы қосылған АВС нөмірлеу аймағының абоненттері үшін ұйымдастырылады.
46. Жылжымалы байланыс желілерінің жабдығына IP-телефония операторларының қатынау тораптарын тікелей қосуға жол берілмейді.
47. Қосылуға техникалық талаптар қосылу өтініміне сәйкес беріледі және мыналарды:
1) пайдаланылатын тиісті желіжол-кәбілдік және стансылық құрылыстарды, осы құрылыстардың, стансылық жабдықтың тиесілігін көрсете отырып, қосылуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін желілерді (байланыс құралдарын) жалғау тәсілін;
2) қосылатын желінің трафигін өткізу үшін қолданыстағы телекоммуникация құрылыстарын пайдалану, мұндай болмаған жағдайда – тараптардың келісімі бойынша жаңа құрылыстарды салу қажеттілігін;
3) желілердің қосылу нүктелеріндегі жабдықтың түрлерін және оның техникалық параметрлерін – сигналдар деңгейі, сигналдардың спектрлері, беру жылдамдығы және түйіспелердің өзге де параметрлерін;
4) пайдаланылатын сигнал беру жүйелерін;
5) тактілі желілік синхрондау жүйесіне телуді;
6) байланыс саласындағы уәкілетті органның қосылатын операторға бөлетін нөмірлеу ресурсын;
7) қосылуды жүзеге асыруға қажетті іс-шараларды, құрылыс-құрастыру жұмыстарының алдын ала тізбесін;
8) қосылу бойынша жұмыс кезеңдерін;
9) қолданылу мерзімін (алты айдан кем емес) қамтуға тиіс.
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде цифрлық стансыларды қолдайтын сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада берілген.
48. Қосылуға техникалық талаптар оларды беру үшін көзделген мерзімде және:
1) қосылуды жүзеге асырған желіде нөмірлеу өзгерген;
2) сигнал беру жүйелерін және т.с.с. өзгертуді талап ететін, қосылған желімен тікелей әрекеттесетін, қосылуды жүзеге асырған желінің техникалық құралдарын жаңғыртқан, қайта құрған немесе ауыстырған;
3) қосылған желідегі жабдықты жаңғырту және (немесе) оның сыйымдылығын кеңейту қажет болған;
4) байланыс саласындағы уәкілетті органның нормативтік актілеріне сәйкес қосу деңгейі өзгерген;
5) қосылатын оператордың желілердің қосылуын талап ететін телекоммуникация саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге басқа лицензияларды алған жағдайларда нақтыланады.
49. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерін жаңғыртуды жүргізу кезінде қосатын оператор жаңғырту жобасын бекіткеннен кейін 4 (ай) бұрын барлық мүдделі телекоммуникация операторларына, желілердің иелеріне, телекоммуникация провайдерлеріне техникалық талаптардың өзгеруі мүмкін екенін хабарлайды. Қажет болған кезде қосатын оператор жаңғыртуды бастардан кемінде үш ай бұрын қосылатын операторға техникалық талаптарға енгізілетін өзгерістерді береді.
Бұл ретте қосылатын оператор қосатын операторға өз желісінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылуына техникалық талаптарды нақтылау үшін өтініш білдіреді.
Қосылуға техникалық талаптарды нақтылау техникалық талаптарды беру үшін осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады. Жаңа техникалық талаптарға сәйкес қосылу бойынша жұмыстарды орындағаннан кейін өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторлары Қосу шартын нақтылауы тиіс.
Қосылудың техникалық талаптары өзгертілген немесе нақтыланған жағдайларда өзгерістер мен толықтырулар дәйекті, қажетті және осы Қағидалармен реттелген мәселелер шегінен шықпауы керек.
50. Қосылудың нормативтік құқықтық немесе нормативтік-техникалық актілерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда қосатын оператор байланыс саласындағы уәкілетті органның ұйғарымы бойынша қосылатын операторға осы Қағидаларға сәйкес келетін техникалық талаптарды беруі тиіс. Бұл ретте өзара іс-қимыл жасайтын екі оператор араларындағы шартпен белгіленген мөлшерде туындайтын шығыстарды төлейді.
51. Байланыс операторлары:
1) өз желілерінің пайдаланушыларына кез келген қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторын таңдау құқығын қамтамасыз ету;
2) сапасы бойынша стандарттарға, техникалық нормаларға, Қосу шартының талаптарына сәйкес келетін қосылу және трафикті өткізу қызметтерін ұсыну;
3) абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорынан алынатын берілген маршруттау нөмірлері туралы ақпаратты пайдалана отырып, өз желілерінде "All Call Query" тікелей маршруттау әдісі бойынша ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне қосылу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек.
52. Қосылу және трафикті өткізу қызметтерін ұсынудың бірыңғай технологиялық үдерісіне қатысатын байланыс операторлары және/немесе желілердің иелері арасында:
1) ұсынылатын қосу және трафикті өткізу қызметтерінің сапасы үшін өзара жауапкершілікті;
2) қызметтер сапасының нашарлауына немесе олардың ұсынылмауына әкеліп соғатын техникалық пайдалану бойынша нормативтік актілердің талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда байланыс операторларына және/немесе желілердің иелеріне шығынның орнын толтыру тәртібін;
3) басқа байланыс операторлары және/немесе желілердің иелері ұсынатын қосу және трафикті өткізу қызметтері үшін есеп айырысуды жүргізуге байланыс операторларының және/немесе желілер иелерінің өкілеттіктерін және осы қызметтер үшін есеп айырысу тәртібін;
4) өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларынан және/немесе желілердің иелерінен келіп түскен шағымдарды қарау бойынша жұмысты жүргізу тәртібін;
5) өзара әрекеттесетін желілер операторларының трафикті өткізу тәртібін;
6) трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды жүргізудің талаптары мен тәртібін;
7) желілерді жедел-техникалық басқару жүйелерінің өзара әрекеттесу мәселелерін;
8) қызметтермен қамтамасыз етуде іркіліске әкеліп соғатын байланыс құралдарының авариялық тоқтаулары және байланысты қысқа мерзімде қалпына келтіру бойынша шаралар кешенін қабылдау туралы ақпаратты басқа телекоммуникация операторларына, желілердің иелеріне, телекоммуникация провайдерлеріне уақытында ұсынуды;
9) қызметтерді ұсынуда іркілістеге әкеліп соғуы мүмкін желілерде жоспарланған профилактикалық жұмыстарды жүргізу туралы телекоммуникация операторларын, желілердің иелерін, телекоммуникация провайдерлерін уақытында хабардар етуді;
10) ЖАС-7 желілерінің жалпыарналық сигнал беруіне немесе SIP-T/SIP-I протоколдарына сәйкес сигналдық параметрлердің дұрыс таратылуын, оның ішінде байланыс операторының коммутациялық жабдығының (қоңыраудың толық жазбасы - Cal Detail Record) бастапқы жазбаларында болған жағдайда жергілікті, қалааралық және/немесе халықаралық шақыруын жасаған кезінде шақыратын абоненттің нөмірін (А абонентінің нөмірі) қамтамасыз етуді көздейтін шарт жасалады.
Ескерту. 52-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.10.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Телефон қосылысын орнатуға қатысатын байланыс операторы ХБО ұсынымдарын [ITU-T E.157] және осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, шақыратын абоненттің нөмірі туралы ақпаратты (А абонентінің нөмірі) өзгертпестен береді.
Ұсынылатын қызметтердің сапа параметрлерінің қолданыстағы нормаларға сәйкессіздігі анықталған жағдайда өзара іс-қимыл жасайтын телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері телекоммуникация желілерінің жұмысындағы бұзушылықтың себептерін тез арада анықтап, осы себептерді жоюға шаралар қабылдау қажет. Бұл жағдайда шығындарды жабдығының жұмысында қолданыстағы нормаларға сәйкессіздік анықталған телекоммуникация операторлары, желілердің иелері, телекоммуникация провайдерлері өтейді.
54. Жергілікті телефон қосылыстарын уақытына қарай есепке алуды енгізу кезінде байланыс операторлары абоненттерге елді мекеннің әлеуметтік маңызы бар объектілерімен тегін қосылу мүмкіндігін беруді қамтамасыз етеді және ол осы мақсатта байланыс операторларының шығыстарын өтейтін жергілікті атқарушы органдармен келісіледі.
3. Телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізу және өзара
есеп айырысу тәртібі
55. Байланыс операторлары өз желілері трафиктерінің өткізілуін осы Қағидаларға, сондай-ақ Қосу шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
56. Өзінің қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын әрбір телекоммуникация операторы, желінің иесі, телекоммуникация провайдері өз желісінің шеңберінде тұйықталатын трафиктің өткізілуін басқаруды өз бетінше жүзеге асырады және төтенше жағдайлар басталған кезде байланыс саласындағы уәкілетті органның:
1) ұлттық желінің шеңберінде тұйықталатын трафикті маршруттау бойынша;
2) халықаралық шығыс, кіріс және транзиттік трафикті маршруттау бойынша;
3) ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне трафикті өткізу бойынша;
4) өз желісінің техникалық жағдайы мен жұмысы туралы толық ақпаратты жинақтау, талдау және ұсыну бойынша нұсқауларын орындайды.
57. Жергілікті, аймақішілік және қалааралық деңгейлерде қосылысты жасау кезінде трафикті Қазақстан Республикасынан тыс маршруттауға жол берілмейді.
58. Берешекті өндіріп алу мақсатында байланыс операторларының осындай берешекті өтегенге дейін кіріс қалааралық және/немесе халықаралық трафикті шектеуіне жол беріледі.
Байланыс операторымен ЖАС-7 желілерінің жалпыарналық сигнал беруіне немесе SIP-T/SIP-I протоколдарына сәйкес сигналдық параметрлерді дұрыс таратпаған жағдайда, кіріс қалааралық және/немесе халықаралық трафиктің жекелеген нөмірлерін, оның ішінде өзінің желісіне трафик қабылдаған байланыс операторының коммутациялық жабдығының (қоңыраудың толық жазбасы - Cal Detail Record) бастапқы жазбаларында болған жағдайда жергілікті, қалааралық және/немесе халықаралық шақыруын жасаған кезінде шақыратын абоненттің нөмірін (А абонентінің нөмірі) шектеуіне жол беріледі.
Өзге жағдайларда соттың тиісті шешімінсіз байланыс операторларының кез келген түрдегі кіріс/транзиттік трафикті өткізуді шектеуіне жол берілмейді.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 21.10.2016 № 218 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.59. Қосылу нәтижесінде туындаған желілердің техникалық құралдары бойынша жергілікті, қалааралық, халықаралық телефон трафигін, деректер беру трафигін (оның ішінде ІР-телефония операторларының трафигін), ұялы байланыс желісінен/-не трафикті өткізуге қосатын және қосылатын операторлардың арасында жасалған шарттар негізінде ғана жол беріледі.
Телекоммуникация операторларына, желілердің иелеріне, телекоммуникация провайдерлеріне жергілікті, қалааралық, халықаралық және ұялы байланыс желісіне рұқсат етілмеген трафикті өткізуге жол берілмейді.
60. Ұялы байланыстың ауыстырылған абоненттік нөмірлеріне трафикті өткізу кезінде байланыс операторлары абоненттік нөмірлердің орталықтандырылған дерекқорына енгізу кезінде абоненттік нөмірлерге берілген маршруттау нөмірлерін пайдаланады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында бастама жасалған трафикті өткізу шақыруды бастамашының желісімен жүзеге асырылады. Шақыруды маршруттау (жалғау) реципиент-оператор желісінің деңгейінде жүзеге асырылады.
Ұялы байланыс операторларының желісіне кіріс халықаралық дауыстық трафикті өткізуді халықаралық (қалааралық) байланыс операторлары шақыру маршрутталған ХҚО арқылы жүзеге асырады.
Кіріс халықаралық дауыстық емес трафикті (SMS/MMS) өткізуді реципиент-оператор жүзеге асырады.
61. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің және ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын байланыс желілерінің шығыс, кіріс, транзиттік халықаралық телефон трафигін өткізу Қосу шартына сәйкес Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторларының ХКО коммутациялық өрісі арқылы жүзеге асырылады.
62. Абоненттің қалааралық, халықаралық, ұялы байланыс операторын және телекоммуникация провайдерлерін таңдауына арналған префикстерді байланыс саласындағы уәкілетті орган белгілейді және олар абоненттен шығатын байланыс кезінде ғана пайдаланылады.
Кіріс байланыс кезінде кіріс халықаралық (қалааралық) стансыдан байланыс операторының желісін таңдау жергілікті телекоммуникация желілерінің абоненттеріне кіріс трафиктің бағыты бойынша операторлар арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады.
63. Бүлінулердің орын алуын, абоненттердің желіні пайдалануда кедергілердің туындауын, байланыс желілерінде артық жүктемелер және авариялық жағдайларды болдырмау үшін байланыс операторларының басқа операторлардың желілерінен кіріс трафиктің көлемін арттыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізуге жол берілмейді.
64. Желіде бүлінулер, артық жүктемелер және авариялық ахуалдар туындаған кезде телекоммуникация операторлары және желілердің иелері тез арада байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру, жеткізу пункттеріне трафикті маршруттау үшін айналма жолдар ұйымдастыру бойынша келісілген шаралар қабылдауы тиіс.
Трафикті айналма жолдар бойынша маршруттау тәсімдері, айналма жолдарды қалыптастыру тәртібі телекоммуникация операторларының және/немесе желілер иелерінің бірлескен шешімдерімен белгіленеді.
Байланыс пен қызмет көрсету сапасын қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жедел басқаруды қалааралық және халықаралық байланыс операторларының біреуі іске асырады.
65. Абоненттің нөмірі (А нөмірі) айырбасталған трафикті қоса алғанда, рұқсат етілмеген трафик өткізілген жағдайда трафикті қабылдайтын байланыс операторы, телекоммуникация желілерінің иелері бір тәулік ішінде осы трафикті жіберген байланыс операторын хабардар етеді. Желісінен рұқсат етілмеген трафиктің өткізілгені туралы хабарламаны алған байланыс операторы үш күнтізбелік күн ішінде себебін анықтап, осындай трафикті жоюға шаралар қабылдау керек.
Рұқсат етілмеген трафикті өткізіп жіберуді жоймаған жағдайда, байланыс операторы, телекоммуникация желілерінің иелері және өз желісіне осындай трафикті қабылдайтын сот органдарына жүгінеді.
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 13.06.2023 № 181/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.66. Телекоммуникация желілерін қосу нәтижесінде өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларының және/немесе желілердің иелерінің арасындағы қарым-қатынастар өзара есеп айырысуды жүргізу кезінде мынадай жалпы ережелерге негізделеді:
1) телекоммуникация желілерінің ресурстарын (коммутациялық стансылардың, арналардың және желіжолдардың өткізу мүмкіндігін) мейлінше көп пайдалану;
2) шақыруларға қызмет көрсету және қосылу және трафикті өткізу қызметтерін ұсыну сапасының көрсеткіштерін арттыруды ынталандыру;
3) тең құқылы әріптестік, оның ішінде трафиктің біртекті санаттары үшін есептесуде симметриялық есептеу мөлшерлемелерін пайдалану;
4) әрбір тараптың телекоммуникация желісінің стансылық және желіжол құрылыстарын салуға және пайдалануға салған үлесімдерін есепке алу.
Егер тараптардың біреуі барлық операторлармен бірдей талаптармен өзара есеп айырысуды жүргізуге басымдыққа ие оператор болып танылмаған жағдайды қоспағанда, оператораралық трафик өткізудің есептік мөлшерлемелерін шарттың тараптары айқындайды.
Оператораралық мөлшерлемелерді белгілеу кезінде бірдей санаттағы трафикті өткізуге симметриялық емес мөлшерлемені пайдалануға жол берілмейді.
67. Байланыс операторларының және/немесе желілердің иелерінің арасындағы ұсынылатын желілік ресурстар үшін өзара есеп айырысу тәртібі:
1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қатынауды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен телекоммуникация құрылыстары меншігіне қатысын;
2) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылу деңгейін;
3) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша трафикті өткізу үшін өзара есеп айырысуды ескере отырып анықталады.
68. Қосылу қызметтеріне тариф біржолғы төлем болып табылады және қосылудың (қосудың) стандартты нүктесін құруға және бөлуге экономикалық негізделген шығындар мен пайданы өтеуді (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің үш еселік көлемінен аспайтын) негізге ала отырып, қосылу қызметтерін ұсынуға байланысты туындайтын байланыс операторының (желі иесінің) жұмыстарының құнын көрсетеді.
Қосылу қызметтеріне біржолғы төлемді есептеу кезінде алаңдар мен үй-жайларды жалға алу бойынша шығындар қосылмайды.
Қосылу қолданыстағы қуатын кеңейту екі тараптың мүдделерін ескере отырып, шарттық негізде жүргізіледі.
69. Өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторлары арасында трафиктің барлық түрін өткізу үшін өзара есеп айырысу сертификатталған меншікті биллингтік жүйелер қалыптастыратын шоттардың негізінде жүргізіледі.
Ұялы байланыс операторларының абоненттерге жіберетін (мысалы, абоненттің қолжетімді болуы немесе қолжетімді болмауы) техникалық автоматты хабарламалары SMS-трафик бойынша оператораралық есептеулерге қосылмайды. Есепке телекоммуникация қызметтерінің абоненттері бастамаға алған және алатын SMS хабарламалар ғана қосылады.
Өлшемдер тұтастығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеліміне енгізілуі және қолданыстағы тексеру сертификатына ие болуы тиіс қосылыстардың ұзақтығын өлшеу жүйесінің деректері және деректер беруді өлшеу жүйесі биллингтік жүйемен абонентке ұсынылған трафикті өткізу қызметтері үшін шотты қалыптастыруға негіздеме болып табылады.
70. Қосатын және қосылатын операторлардың өзара іс-қимылы кезінде олардың арасындағы өзара есеп айырысу трафик (кіріс, шығыс және транзиттік трафик түрі), қосылу қызметтері үшін, жалға алынатын телекоммуникация құралдары мен құрылыстары және басқа да қызметтер үшін жүзеге асырылады.
Өткізілген трафик үшін өзара есеп айырысу кезінде бағыты шығыс болып табылатын және абоненттен төлем алатын байланыс операторы операторымен өзара іс-қимыл жасайтын тараптармен келісілген және Қосу шартында көзделген есептік мөлшерлемелердің негізінде осы бағыт бойынша өткізілетін трафик кіріс немесе транзиттік трафик болып табылатын байланыс операторымен есеп айырысады.
Егер бір оператор басқа оператордың абонеттеріне алдын ала төлем карталары немесе олармен жасалған тікелей шарттар бойынша телекоммуникация қызметтерін ұсынуды жүргізсе, операторлар арасындағы өзара есеп айырысу есептік мөлшерлемелердің негізінде шығыс қосылыс кезінде абонентті жалғауды қамтамасыз ететін операторға төлеуді көздейтін қосымша келісімдер арқылы жүргізіледі.
71. Қосылатын және қосатын байланыс операторларының арасында:
1) трафикті өткізу қызметтері:
жергілікті (кіріс, шығыс, транзиттік);
қалааралық (аймақішілік) (кіріс, шығыс, транзиттік);
халықаралық (кіріс, шығыс, транзиттік);
ұтқыр операторлардың желісіне(-нен);
IP-телефония (интернет-телефония) операторларының;
байланыс операторларының желісіне анықталмаған бағыттардың кіріс трафигі;
SMS, MMS;
2) тасымалдау желісінің арналарына қатынау қызметтері:
басқа байланыс операторларының желілерімен қосылудың түрлі нүктелері арасындағы байланыс арнасын (аналогтық немесе цифрлық) және (немесе) жалғау желіжолын жалға беру;
3) байланыс операторының желісіне қатынауды ұйымдастыру қызметтері:
қосылатын желілер арасында арнаны және (немесе) жалғау желіжолын ұйымдастыру және қосу бойынша жұмыстар (қосу нүктесінің географиялық орналасуына қарай әрбір қосылатын операторлардың желісінен қосу орнына дейін);
4) қосатын байланыс операторының қызметтеріне қатынау:
биллинг жүргізу және абонеттерден төлемдерді жинау;
қосылу мақсатында кәбілдік кәрізді және технологиялық мүлікті жалға немесе пайдалануға беру;
техникалық қызмет көрсетуді жүргізу және жабдықты байқау;
5) қосылу қызметтері үшін есеп айырысу жүргізіледі.
72. Қалааралық және халықаралық байланыс операторлары және халықаралық байланыс операторлары шетелдік халықаралық байланыс операторларымен халықаралық трафик үшін өзара есеп айырысуды жүзеге асырады.
73. Халықаралық трафикті өткізу үшін байланыс операторларының өзара есеп айырысуы шарттық негізде және байланыс және табиғи монополиялар және реттелетін нарық саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
74. Шақырылатын абоненттің есебінен байланыс қызметтері үшін байланыс операторлары арасындағы өзара есеп айырысу өзара іс-қимыл жасайтын операторлар арасындағы шарттық негізде жүзеге асырылады.
75. Аймақішілік немесе жергілікті деңгейде қосылатын өзара әрекеттесетін желілердің байланыс операторлары арасындағы есеп айырысуға есептік мөлшерлемелердің негізінде, сондай-ақ, қажет болған жағдайда және жалғау желіжолдарын, байланыс арналарын және телекоммуникация құрылыстарын пайдалану үшін жалдау төлеміне қосымша шарттардың негізінде трафик бірлігі үшін төлем әдісі бойынша осы Қағидалардың ұсынымдарын және мен ХЭО ұсынымдарын (D сериясы) қамтиды.
76. Операторлардың өзара есеп айырысу жүргізу кезінде 64 кбит/с стандартты цифрлық арна, беру жылдамдығы 50 Бод бір төртсымды арна бір жалғау желіжолы болып есептелінеді. G.704 ұсынымының "n*64 кбит/с арнаны тасымалдайтын, 2048 кбит/с түйіспе" 5.2-тармағына сәйкес 30 стандартты цифрлық арна Е1 ағын болып есептелінеді.
N*64 арналарының ағынында кіріс және шығысқа бөлу қосылатын желінің байланыс операторы ұсынатын қызметтердің түріне байланысты болады және қосылуға техникалық талаптар беру және орындау кезеңінде анықталады.
Қосылудың (қосудың) стандартты нүктесі 30 цифрлық дауыс немесе деректер беру арнасын, синхрондау үшін бөлек арнаны және басқару сигналдарын беру үшін бөлек арнаны, барлығы 64 кбит/с және жылдамдығы 2 Мбит/с 32 арнаны қамтамасыз ететін Е1 цифрлық портымен, сондай-ақ ІР-желі арқылы ақпарат топтамалары коммутациясының технологиясы бойынша сөйлеу сигналын беру арнасымен (64 кбит/с стандартты цифрлық арна инкапсуляциясы) құрылады. Қосылуды 30 еселік арналар топтарын ұйымдастыра отырып жүргізу ұсынылады.
77. Трафикті өткізу үшін байланыс операторлары арасында өзара есеп айырысу Қосу шарттары негізінде және байланыс және табиғи монополиялар және реттелетін нарық саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
78. Байланыс операторларының арасында есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу үшін трафикті өлшеу шығыс трафикпен қатар, кіріс трафикпен жүргізілуі тиіс. Бұл ретте әрбір байланыс операторы басқа операторлармен үш жылдан кем емес мерзімге жасалған шарттардың және деректердің дұрыстығы үшін жауап беру талаптарына сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу үшін жүктемені өткізудің барлық пайдаланылатын жолдары бойынша өткізілген трафик туралы бастапқы деректерді сақтайды.
79. Түрлі бағыттар бойынша өткізілетін трафиктің көлемдері туралы дұрыс деректерді алу мақсатында байланыс операторлары тура және айналма арналарды қоса алғанда, оның көлемдерін анықтау мүмкіндігі мен қосылысты орнатудың барлық пайдаланылатын бағыты бойынша шақыруларға қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
80. Байланыс операторлары арасындағы уағдаластық бойынша трафик туралы деректерді жинауды және өңдеуді өзара іс-қимыл жасайтын байланыс операторларының біреуіне тиесілі бірыңғай есеп айырысу орталығы арқылы жүзеге асыруға болады.
81. Есептесу кезеңі ретінде бір күнтізбелік айды алу ұсынылады.
Операторлар арасындағы уағдаластық бойынша өзге де есептесу кезеңін пайдалануға болады.
82. Байланыс операторының трафикті есепке алу үшін пайдаланылатын, қосылыстар ұзақтығын және деректер беруді өлшеу жүйелерін қосатын техникалық құралдары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тіркеліміне енгізілуі және қолданыстағы тексеру сертификатына ие болуы тиіс.
Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 1-қосымша |
Бүлінулер және авариялық ахуалдар кезінде техникалық
қызметкерлердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру, сондай-ақ
ведомстволық, корпоративтік, арнайы байланыс желілерінің және
ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің АТС
шақыруларын маршруттау
1. Бүлінулер және авариялық ахуалдар кезінде қосылған АТС
техникалық қызметкерлерінің өзара іс-қимылын ұйымдастыру
1. Бүлінулер қосылған немесе тірек автоматтық телефон стансыларына (бұдан әрі – АТС) тиесілі стансылық жабдықта, беру жүйелері жабдығында және желіжол құрылыстарында туындауы мүмкін. Бүліну мынадай үш санатқа бөлінеді:
1) бірінші санат – стансы жабдықтарының және оған қосылған арналардың жұмыс істеу мүмкіндігін толық жоғалтуға алып келетін авариялар;
2) екінші санат – трафикті жоғалтуға әсер етпейтін жекелеген модульдердің немесе блоктардың істен шығуына алып келетін авариялар;
3) үшінші санат – стансының немесе оған қосылған бағыттардың жұмысына елеусіз әсер ететін болатын авариялар, жекелеген абоненттік жиынтықтардың немесе арналардың бүлінуі.
2. Аварияларды жою мерзімдері бүлінудің санатына қарай технологиялық карталармен реттеледі және қосу кезінде қосымша келісімдерде қарастырылады.
3. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінің АТС-на қосылған жабдықтардың немесе желіжол құрылыстарының авариялық жағдайын авариялық сигналдардың негізінде өзара іс-қимыл жасайтын АТС техникалық қызметкерлері анықтайды.
4. Өзара іс-қимыл жасайтын АТС техникалық қызметкерлері бүліну себебін анықтайды. Әрбір тарап өз учаскесіндегі бүлінуді жоюға жауапты болады. Аварияларды жойғаннан соң және бүлінген жабдықтың жұмысын қалпына келтіргеннен кейін осы жабдыққа бақылау мақсатымен тексеру жүргізіледі.
5. Қосылған және тірек АТС арасындағы желіжолдық түпкілікті жабдықтың жұмыс істеуін жоспарлы тексеру жабдықтың осы түрін техникалық пайдалану нұсқаулықтарына сәйкес профилактикалық тексеру жоспарларына сай жүргізіледі.
6. Өзара әрекеттесетін АТС арасындағы байланыс сапасының уақытша нашарлауына алып келуі мүмкін профилактикалық және өлшеу жұмыстарын жүргізген жағдайда екі АТС техникалық қызметкерлері бұл туралы байланыс операторының диспетчерлік қызметіне хабарлайды.
2. Шақыруларды маршруттау
7. Қосылатын АТС байланыстың мынадай негізгі түрлерін орнату мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек:
1) қосылатын АТС абоненттерінің арасында (стансыішілік қосылыстар);
2) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің абоненттерімен (жергілікті, қалааралық және халықаралық);
3) арнайы қызметтерге шығу.
8. Қосылатын АТС-дан ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған АТС-ға шығыс сыртқы байланыс ведомстволық, корпоративтік, арнайы және шағын АТС абоненттерінің бірмәнді шығу префиксін (ұсынылатын Пж=9) теруі, содан кейін талап етілген абоненттің толық нөмірін теруі арқылы жүргізіледі.
9. Қосылатын АТС абоненттерінің шығыс қалааралық, халықаралық байланысы "8" (немесе "8-10"), перспективада, тиісінше, "0" және "00" тере отырып, шығу префиксін теру жолымен, содан соң қалааралық (халықаралық) нөмірді теру арқылы жүзеге асырылады.
10. Жоғарыда көрсетілген абоненттердің арнайы қызметтерге шығыс байланысы шығу префиксін, содан кейін арнайы қызметтің нөмірін теру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Арнайы қызметтерге шығу индексін термей-ақ шығуға жол беріледі.
11. Сыртқы байланысқа құқығы жоқ қосылатын АТС абоненттері арнайы шұғыл қызметтермен (101, 102, 103, 104) тегін сыртқы байланыс орнату мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі керек.
12. Қосылатын АТС абонеттерінің арасындағы қосылыс орнатылған кезде ішкі қысқартылған нөмір (сыйымдылыққа, қосылатын АТС-ға қарай үш мәнді немесе төрт мәнді) қолданылуы мүмкін.
Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 2-қосымша |
Қосылыстар орнату жүктемесінің және сапасының нормативтері
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне қосылатын кез келген түрдегі АТС бір желіжолға (арна) 0,7 Эрл. дейінгі жүктеме нормасымен жалғау желіжолдары арқылы қосылуы керек.
Қосылатын кез келген түрдегі АТС тірек, аралас немесе транзитті цифрлық коммутациялық стансылар арқылы ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылады.
Қосылатын АТС бір желіжолға (арна) 0,7 Эрл дейін болатын жүктеме нормасы бар жалғау желіжолдары арқылы не абоненттік желіжолдар (бұдан әрі – АЖ) бойынша қосылуы мүмкін.
Бір АЖ-ға орташа есеппен алғандағы телефон жүктемесінің жиынтығы (шығыс және кіріс) 0,15 Эрл аспауы керек.
АЖ-ға жүктемені шектеу мүмкіндігі қамтамасыз етілуі қажет. Жүктемені шектеу әрбір АЖ бойынша шағын АТС (сыйымдылығы 128 нөмірден аспайтын) пен тірек АТС арасында жүзеге асырылуы тиіс. Егер шағын АТС-да жүктемені шектеу құралдары болмаса, онда телефон желісіне осы шағын АТС қосу кезінде қосатын тараппен келісе отырып, жергілікті желіге шығуға құқылы шағын АТС абоненттерінің белгілі бір саны қатаң түрде бекітіледі.
Қосылыстарды белгілеу сапасы 1-кестеде берілген жоғалту нормативтерімен анықталады.
1-кесте. Сапа көрсеткіштерінің нормативтері
Көрсеткіштің атауы | Норма шамасы |
Көрші стансылар кірістерінің арасындағы жоғалту ықтималдылығы мыналардан артық болмауы керек: | |
жергілікті шығыс қосылыс кезінде | 0,5 % |
жергілікті кіріс қосылыс кезінде | 0,5 % |
қалааралық, халықаралық кіріс қосылыс кезінде | 0,1 % |
Мыналармен байланысты ақауларды жоюдың бақылау мерзімдері: | |
1) коммутациялық жабдықпен | қызмет көрсетілетін АТС-да 45 минут, қызмет көрсетілмейтін АТС-да 2 сағат |
2)желіжол-кәбілдік жабдықпен: мынадай сыйымдылықтағы кәбіл толығымен бүлінгенде, муфтаны ашу арқылы стансыаралық, магистральдық және тарату кәбілдерінде: | |
200х2 дейін қоса алғанда 400х2 дейін қоса алғанда 600х2 дейін қоса алғанда 800х2 дейін қоса алғанда 1200х2 дейін қоса алғанда 1400х2 дейін 1600х2 дейін 1800х2 дейін 2000х2 дейін 2400х2 дейін | 18 сағат 24 сағат 30 сағат 36 сағат 60 сағат 70 сағат 80 сағат 96 сағат 120 сағат 144 сағат |
3) мынадай сыйымдылықтағы кәбілдің аралығын ауыстыру талап етілгенде, стансыаралық байланыс, магистральдық және тарату кәбілдерінде: | |
300х2 дейін қоса алғанда 400х2 дейін қоса алғанда 600х2 дейін қоса алғанда 800х2 дейін қоса алғанда 1200х2 дейін қоса алғанда 1400х2 дейін 1600х2 дейін 1800х2 дейін 2000х2 дейін 2400х2 дейін | 36 сағат 48 сағат 60 сағат 72 сағат 100 сағат 120 сағат 140 сағат 150 сағат 170 сағат 190 сағат |
4) стансыаралық байланыс немесе стансыаралық ӘБЖ жоғары жиілікті кәбілдерінде кәбілді немесе тіректі ауыстырумен | 24сағат 48 сағат |
5) оптикалық кәбілдің муфтасындағы бүлінулерді жою | 48 сағат |
Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 3-қосымша |
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылатын
АТС-ға қойылатын техникалық талаптар
1. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне АТС қосу
тәсілдерінің нұсқалары:
1) цифрлық жалғау желіжолдары бойынша қосылатын АТС қосу:
Беру жылдамдығы 2048кбит/с ИКМ цифрлық жалғау желіжолдарының параметрлері ЭХО-Т G.703, G.704 және G.732 ұсынымдарына сәйкес болуы тиіс.
2. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне шағын АТС қосу нұсқалары:
1) шағын АТС телекоммуникация желісіне аналогты абоненттік желіжолдар бойынша қосу:
- цифрлық АТС-да аналогты абоненттік жиынтық (АЖ) пайдаланылады;
- желіжол сигналдары шлейф тәсілімен беріледі;
- нөмір терімін беру - батарея импульстерімен немесе DTMF сигнал беруімен;
3. Шағын АТС-ға қатынауды ұйымдастыру:
1) шағын АТС ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне екі сымды абоненттік желіжол бойынша цифрлық тірек немесе аралас АТС абоненттік жиынтықтары арқылы қосылады;
2) тірек АТС абоненттік жиынтықтарын шағын АТС үшін жалғау желіжолдары ретінде пайдалану абоненттік желіжолдарды пайдалану жүйесін бұзбауы тиіс (ақауларды, өзгерістерді тексеру, т.б.);
3) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісінде шағын АТС цифрлық АТС-ға қосу жүргізіледі;
4) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне шығу үшін жергілікті префикс (Пж) ретінде "9" цифрын қолдану ұсынылады.
4. Қосылатын коммутациялық стансыларды топтамалар коммутациясы бар желі бойынша қосу.
Қосудың бұл түрі желіаралық трафикті өткізу үшін виртуалды жекеменшік (VLAN/VPN) ұйымдастыра отырып, әрбір оператор желісі шекарасында SBC орнату арқылы (сессиялардың шекаралық контроллері) және одан кейін сөйлеу сигналын беру арналарын және ақпарат топтамалары коммутациясы технологиясы бойынша шақыруларды басқару сигнализациясын ұйымдастыра келе, қосылатын және қосатын операторлардың 1/10 GE арналары бойынша интернет желілерінің физикалық түйіспелері арқылы жүзеге асырылады.
Операторлардың интернет желілері берілетін сөз сапасы сөздің ұғынықтылығы орташа сараптамалық бағасының шәкілі бойынша 3,5 балдан төмен болмайтын технологияны қолдауы тиіс (MOS - Mean Opinion Score).
5. Сериялық іздеуді ұйымдастыру.
АТС қандай да бір арнайы қызметке байланысты ұйымдастыру кезінде сериялық іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін абоненттік кешендер (АК) пайдаланылады. Бұл жағдайда жүктеме бойынша шектеулер қойылады: әрбір абоненттік желіжол үшін <0,15 Эрл.
Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 4-қосымша |
Шағын АТС қосу ерекшеліктері Шағын АТС қосылған абоненттік жинақтардың параметрлері
1. Шағын АТС қосылған абоненттік жинақтардың параметрлері мынадай параметрлердің жиынтығы болып табылады: физикалық желіжолдар, шағын АТС төртполюстігі, оның абоненттік желіжолдары жіне телефон аппараттары және абоненттік желіжолдар үшін белгіленген нормалардан артпауы тиіс. Шағын АТС абоненттік жинағын қоса алғандағы тұрақты ток бойынша параметрлер мынадай болуы керек:
1) кіру интерфейсінің кедергісін ескере отырып, шлейфтің кедергісі – 1800 Омнан көп емес;
2) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен "жер" арасындағы оқшаулау кедергісі – кем дегенде 20кОм;
3) сымдар арасындағы немесе әрбір сым мен "жер" арасындағы сыйымдылық 0,5мкФ артық емес;
4) 1020 Гц жиіліктегі барынша өшіру талшық диаметрі 0,5 мм болатын кәбіл үшін 35 дБ және талшық диаметрі 0,32 мм болатын кәбіл үшін 45дБ аспайды.
2. Шағын АТС абоненттік желіжолдар бойымен келетін шақыруларды қабылдап (кернеуі 95+/-5 В болатын және жиілігі 25 Гц болатын ауыспалы тоқ), "Абоненттік желіжол шлейфінің ажырауы" сигналына ұқсауы керек.
Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Қосылуға техникалық талаптар
20__ жылғы "____" __________ № ____ қосылуға техникалық талаптар
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(қосатын оператор)
мынадай техникалық талаптармен желіні қосуды (қосылатын
оператордың, желі иесінің) жүргізеді:
1. Қосылу деңгейі
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
қосылатын оператор (желі иесі) ұсынатын қызметтер түрімен,
телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына сәйкес айқындалады.
2. Желінің нөмірленуі байланыс саласындағы уәкілеттік органның
тиісті бұйрығына сәйкес
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3. Қосылатын желінің сыйымдылығы байланыс саласындағы
уәкілеттік органның тиісті бұйрығына сәйкес
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Қосылатын жабдық түрі қосылатын оператордың (желі иесі) өз
желісін қосатын қосатын оператор желісіне қосуға өтініміне және
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі тізілімінде
тіркелген, қолданылатын жабдыққа сәйкестік сертификатына сәйкес
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
4. Жалғау желіжолдары бойынша сигнал беру қосылатын оператордың
(желі иесі) өз желісін қосатын оператор желісіне қосуға өтініміне;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесі
тізілімінде тіркелген сәйкестік сертификатына;
ортақ пайдаланылатын телекоммункация желілеріндегі цифрлық
стансылар қолдайтын сигнал беру протоколдарының шектеулі тізбесіне
сәйкес
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
5. Стансыаралық байланысты ұйымдастыру осы Техникалық
талаптардың 1-тармағына және 4-тармағына сәйкес
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
6. Синхрондау
Қосылатын оператор (желі иесі) жабдығы мынадай нұсқалардың бірі бойынша қосатын оператор телекоммуникация желісімен синхрондалуы керек:
1) синхрондаудың жеке көзінен кемінде 10-11 синхросигнал тұрақтылығының коэффициентімен (қосылатын оператор (желі иесі) қосылуға өтінішке Қазақстан Республикасы сертификаттаудың Мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелген синхрондау көзіне сәйкестік сертификатын және көздердің техникалық параметрлерін қоса ұсынады).
2) қосатын оператор тактілік желілік синхрондау (ТЖС) желісінен.
7. Тарифтеу.
1) Телефон трафигін есепке алу қосатын оператор және қосылатын оператор (желі иесі) қосылыстарын уақытына қарай есепке алу аппаратурасының деректері негізінде жүргізіледі;
2) Қосылатын оператор (желі иесі) желісінің абоненттері қосатын оператор желісі арқылы аймақішілік, қалааралық және халықаралық байланысқа шыққан уақытта трафикті есептеу қосатын оператордың АҚТС-да (ҚТТ/ХКО) жүргізіледі.
3) Уақытына қарай есепке алу аппаратурасының өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаты және тексеру туралы сертификаты болуы керек.
8. Телефон трафигін өткізу.
Қосатын оператордың коммутациялық өрісі арқылы қосылатын оператор (желі иесі) желісі абоненттерінен (абоненттеріне) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне (желісінен) трафикті өткізу жүзеге асырылады.
9. Жобалау жұмыстары.
1) Қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосуға жобалау құжаттамасын ұсынады. Қосу желіжолдарын ұйымдастыруға техникалық талаптарды алғанға және жобалау құжаттамасын (ЖҚ) жасағанға дейін қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) түпкілікті жабдықтың орналасу орнын реттейді.
2) қосатын операторға осы техникалық талаптарға және қосатын желіжолдарды ұйымдастыруға техникалық талаптарға сәйкестікке ЖҚ келісу актісінің көшірмесі ұсынылады. Актіге қосатын оператордың уәкілетті өкілдері (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) және қосылатын оператор (желі иесі) қол қояды.
10. Құрылыс-құрастыру жұмыстары:
1) қосылатын оператор (желі иесі) қосатын оператордың филиалында (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) жалғау желіжолдарын ұйымдастыруға техникалық талаптар алады;
2) жалғау желіжолдарын ұйымдастырумен байланысты барлық жұмыстар (арналарды жалға алу, кәбіл жүргізу, түпкілікті жабдықты орнату) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі.
11. Жалпы мәселелер:
1) құрылыс-құрастыру жұмыстарының жоспары (кәбіл тарту тәсімі, түпкілікті жабдықты орнату) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) келісіледі;
2) қосатын оператордың филиалымен (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) барлық жұмыстар мен талаптарды келісе отырып, қосылатын оператор (желі иесі) түпкілікті жабдықты электр энегиясымен қамтамасыз етуді көздейді;
3) осы техникалық талаптарды орындау бойынша жұмыстарды аяқтау қосу деңгейін, желі нөмірлеуін, сигнал беру түрін, ТСС базалық желісіне қосылу класын, синхрондау нұсқасын және тестілік қосылуға дайындығын көрсете отырып, акт ресімделеді. Актіге қосатын оператор филиалының уәкілетті өкілдері (қосылу жүзеге асырылатын қызмет көрсету аймағында) мен қосылатын оператор (желі иесі) қол қояды. Актінің көшірмесі қосатын операторға ұсынылады;
4) қосылатын оператордың желісін қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосудың алдында тестілік сынақтар жүргізіледі. Тестілік сынақтар оң нәтиже бергенде Тестілік сынақтардың нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында енгізу туралы акті жасалады. Актінің көшірмесі қосатын операторға ұсынылады. Актіде қосылу нүктесі, желі нөмірлеуі, қолданысқа енгізілген желілік ресурстар саны, синхрондау нұсқасы, тестілеу мерзімдері, тестілеу нәтижелері және коммерциялық пайдалану мақсатында қосу күні көрсетіледі. Актіге қосылу жүзеге асырылған қызмет көрсету аймағындағы қосатын оператор филиалының және қосылатын оператордың (желі иесінің) уәкілетті өкілдері қол қояды;
5) жалғау желіжолына 0,7 Эрл үлес жүктемесі асқан жағдайда, арна сыйымдылығын арттыруды қамтамасыз ету қажет;
6) қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосу осы техникалық талаптарды орындағаннан кейін жүргізіледі;
7) егер осы техникалық талаптар олар берілген мерзімнен бастап алты айдың ішінде орындалмаса, онда осы техникалық талаптар жойылады;
8) осы техникалық талаптар шеңберінде қосатын оператордың телекоммуникация желісіне қосылатын байланыс операторы желісін (желі иесін) қосу Қосу және өзара әрекеттестік шартында көзделген қызметтер үшін ғана қолданылады;
9) қосылатын оператордың техникалық талаптарды орындау кезінде бос желілік ресурстар (порт сыйымдылығы) болмаған жағдайда, бұл қосылыс қосатын оператор _______________ толықтай жабдықтағаннан кейін мүмкін болады;
10) қосылатын оператор желісін (желі иесін) синхрондау тәсіміне кез келген өзгерістер қосатын оператормен келісіледі.
_______________________________________________________________
Қосатын оператор филиалының атауы
_______________________________________________________________
Қосатын оператор филиалының басшысы (аты-жөні және қолы)
Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 6-қосымша |
Сериялық нөмірлерді бөліп беру және сериялық нөмірлерді бөліп
беретін жергілікті телекоммуникация желілерінің байланыс
операторларымен телекоммуникация провайдерлерінің өзара
іс-қимыл тәртібі
1. Сериялық нөмірлерді жергілікті телекоммуникация операторлары арнайы, ақпараттық-анықтамалық және сервистік қызметтердің иелері ұсынатын қызметтерге пайдаланушылардың қатынауын ұйымдастыру үшін және телекоммуникация қызметтерінің операторлары үшін қосу шарттары негізінде беруі мүмкін.
2. Нақты бір топтық стансылық нөмірі, сериялық қосылу нөмірі бар абоненттік желіжолдар жиынтығы сериялық қосылу дегенді білдіреді. Сериялық қосылу нөмірі стансылық нөмірге сәйкес келетін не қысқартылған нөмір болуы мүмкін.
3. Сериялық нөмірлер мынадай қызметтерге ұсынылуы мүмкін:
1) арнайы;
2) ақпараттық-анықтамалық;
3) сервистік.
4. Сериялық нөмір алушыларға қойылатын талаптар:
1) сериялық қосылудың әрбір желіжолы бойынша мейлінше көп жүктемелі сағатта (бұдан әрі - ЕЖС) туындайтын жүктеменің жиынтық қарқындылығы (шығыс және кіріс) 0,15 Эрл аспауы тиіс;
2) осы Қосымшаның 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қызметтерге бөлінген сериялық нөмірлерді пайдалану осы қызметтерге шығыс байланысқа тыйым сала отырып, біржақты тәсім бойынша жүргізіледі;
3) жабдықты қосудың талаптары әр нақты жағдайда келісіледі;
4) жергілікті телекоммуникация желісінің қысқартылған немесе әдеттегі нөмірі бөлінетін қызметтерге кез келген абоненттік телефон нөмірінен немесе қосатын желінің таксофонынан қатынау мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс;
5) сериялық нөмірлер алынған барлық жағдайларда қолданысқа енгізілген абоненттік желіжолдар саны 15 (он бестен) аспауы тиіс. Көрсетілген желіжолдар санынан асып кеткен жағдайда байланыс операторы (алушы) қосатын операторға стансыаралық жалғау желіжолдарын пайдалана отырып, жергілікті деңгейде ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілеріне өз желісінің қатынау торабын қосуға өтінім береді.
5. Сериялық іздеуде бөлінетін абоненттік желіжолдарды нөмірлеуді осы Қағидалардың 40-тармағына сәйкес пайдаланушының өтінімі берілетін жергілікті телекоммуникация желілерінің тиісті операторлары анықтайды.
6. Сериялық қосылу нөмірлері бар абоненттермен жергілікті телекоммуникация желісі абоненттерінің байланысы қысқартылған нөмірді немесе осы желіде пайдаланылатын әдетегі абоненттік нөмірді теру арқылы қамтамасыз етіледі.
7. Байланыс операторларының мүдделері үшін сериялық нөмірлерді бөліп беру тәртібі:
1) сериялық нөмірді алушы жергілікті телекоммуникация желісінің операторына сериялық нөмірді бөлуге өтінім береді, онда мыналар көрсетіледі:
сериялық нөмірді пайдаланудың қажеттілігіне негіздеме;
қосылу үшін сериялық нөмір қажет болатын пайдаланылатын жабдықтың түрлері мен сипаттамасы;
Көрсетілген мәліметтер болмаған жағдайда өтінім қаралмайды;
2) жергілікті телекоммуникация желісінің операторы бір айлық мерзім ішінде өтінімді қарап, өтінім берушімен сериялық нөмірлерді пайдалануға шарт жасасады (техникалық мүмкіндігі бар болған жағдайда);
абоненттік желіжолдарды ұйымдастыру үшін бос желілік сыйымдылық болмаған жағдайда өтінім берушіге бір айлық мерзімде абоненттік желіжолдарды ұйымдастыруға техникалық талаптар беріледі. Өтінім беруші техникалық талаптарды орындағаннан кейін шартқа қол қойылады.
Өтінімді қараудан бас тарту қосатын операторда сериялық нөмірлер болмаған жағдайда мүмкін болады. Бас тарту өтінім берілген күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде беріледі.
8. Сериялық іздеу желіжолдарындағы жүктемені есепке алу:
1) байланыс операторларына сериялық нөмірлерді бөліп беру кезінде жергілікті телекоммуникация желісінің операторы:
сериялық нөмірдің барлық желіжолдарына жүктемені біркелкі бөлуді қамтамасыз етеді;
сериялық нөмір бөлінген әрбір байланыс операторы үшін ЕЖС анықтайды;
сериялық іздеудің әрбір абоненттік желіжолындағы жүктеме деңгейіне өлшеу жүргізілетін кестені жасайды және бекітеді.
2) өлшеу деректері актімен ресімделеді және онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
өлшеу жүргізу күні мен уақыты;
өлшеу нәтижелері;
жүктеме деңгейін нормаға келтіру үшін қабылдануы тиіс шаралар.
Акт жергілікті желі операторының сериялық нөмірді алушымен өзара іс-қимыл бойынша шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады;
3) желіжолдар санына жалпы жүктемеден бөліп алғанда жеке ретінде анықталатын ЕЖС-дағы сериялық нөмірдің бір абоненттік желіжолына орташа жүктеме қалыпты деңгейден жоғары болса, байланыс операторы желіжолдар санын ұлғайтады.
9. Жергілікті телекоммуникация желісі операторының сериялық нөмірлерді алушымен өзара іс-қимылы:
1) осы Қосымшаның 3-тармағында көрсетілген жүктеме нормалары артып кеткен жағдайда, жергілікті телекоммуникация желісінің операторы сериялық нөмірді алушының атына Жүктемеге өлшеуді жүргізу туралы актінің көшірмесімен бірге жазбаша хабарлама жолдайды, сондай-ақ онымен келісім бойынша желіжолдардың санын арттыруға техникалық талаптар немесе стансыаралық жалғау желіжолдары бойынша қосуға техникалық талаптар береді;
2) алушы жүктемені азайту немесе сериялық іздеу абоненттік желіжолдарының санын арттыру бойынша шаралар қолданады;
3) сериялық нөмірлерді алушы жүктеменің қалыпты деңгейін белгілеу бойынша шаралар қабылдамаған жағдайда, ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінен сериялық нөмірге қатынау кемшіліктер жойылғанға дейін тоқтатылып қойылуы мүмкін.
Телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасасу қағидаларына 7-қосымша |
Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінде цифрлық
стансылар қолдайтын сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
Мазмұны:
1) 1-кесте. Халықаралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
2) 2-кесте. Қалааралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
3) 3-кесте. ХЖЖ және ТЖЖ үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
4) 4-кесте. Ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен, байланыс операторлары (желілер иелерінің) желілерімен түйісуі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
5) 5-кесте. Қалалық және ауылдық телекоммуникация желілері үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
1-кесте - Халықаралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
№№ | Желі учаскесі | Сигнал беру жүйесі | Ескертпе |
1 | Халықаралық желі: ХКО-ХКО | OKC - 7, кіші жүйелерді қоса алғанда: MTP: ITU-T Q.700-Q.714; ISUP: ITU-T Q.767; SCCP: ITU-T Q.711-Q.716; TCAP: ITU-T Q.771-Q.775; | Арналардың коммутациясымен желілер үшін өзара іс-қимылға жол беріледі |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін өзара іс-қимылға жол беріледі |
2-кесте. Қалааралық желі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
№№ | Желі учаскесі | Сигнал беру жүйесі | Ескертпе |
1 | АҚТС - АҚТС; АҚТС - ХКО | ЖАС - 7, кіші жүйелерді қоса алғанда: MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік SCCP: ұлттық өзіндік ерекшелік TCAP: ұлттық өзіндік ерекшелік | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Топтамаларкоммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
3-кесте. ХЖЖ және ТЖЖ үшін сигнал беру протоколдарының шектеулі тізбесі
№№ | Желі учаскесі | Сигнализация жүйесі | Ескертпе |
1 | ТЖЖ | ЖАС - 7 MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік SCCP: ұлттық өзіндік ерекшелік TCAP: ұлттық өзіндік ерекшелік | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Пакеттердің коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы | ||
2 | ХЖЖ | OKC - 7 MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік SCCP: ұлттық өзіндік ерекшелік TCAP: ұлттық өзіндік ерекшелік | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Топтамалардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
4-кесте – Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын байланыс желілерінің жылжымалы байланыс желілерімен, байланыс операторлары (желілер иелерімен) желілерімен түйісуі үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
№№ | Желі учаскесі | Сигнал беру жүйесі | Ескертпе |
1. | ТЖЖ | OKC - 7 MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Топтамалардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы | ||
2. | ХЖЖ | ЖАС- 7 MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Топтамалардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы | ||
3. | Қалааралық | ЖАС - 7 MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Топтамалардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы | ||
4. | ЖЖ | ЖАС - 7 MTP: ұлттық өзіндік ерекшелік ISUP: ұлттық өзіндік ерекшелік | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
SIP-T/SIP-I: IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | Топтамалардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы | ||
6. | Халықаралық роуминг | ЖАС - 7 MTP: ITU-T 1988 Q.700-Q.714 SССP: ITU-T 1988 Q.711-Q.716 TCAP: ITU-T 1988 Q.771-Q.775 MAP: GSM 09.02 (GSM стандарты үшін) | Арналардың коммутациясы бар желілер үшін "А" абонентінің нөмірін трансляциялау арқылы |
Корпоративтік және ведомстволық желілерді Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын желісіне қосу кезінде PRI интерфейсімен EDSS1 сигнал беруін қолдануға жол беріледі.
5-кесте. Қалалық және ауылдық телекоммуникация желілері үшін сигнал беру протоколдарының шектеу тізбесі
Сигнал беру жүйесі | Ұлттық желі учаскесі | ||
ҚТС | СТС | СКП-мен түйіспе | |
Желіжолдық сигнал беру | |||
1. ЖАС | Ұлттық өзіндік ерекшелікке сәйкес | ||
2. SIP-T/SIP-I | IETF RFC 3261, 3372, 3398; ITU-T Q.1912.5. RTP/RTCP: IETF RFC 1889, RFC1890 | ||
3. V 5.1 | ПС-дағы ОТТ-ға сәйкес және концентраторлар | ||
4. V 5.2 | ПС-дағы ОТТ-ға сәйкес және концентраторлар. Ұлттық өзіндік ерекшелікке сәйкес | ||
5. Абоненттік шлейф бойынша сигнал беру | 7.2.4.2.4 -тармақ | ||
6. EDSS1 | ISDN функциясымен АТС-дағы ОТТ сәйкес. Ұлттық өзіндік ерекшелікке сәйкес | ||
7. Телематикалық қызметтер және деректер беру желілерімен түйіспедегі сигнал беру жүйесі | Х ITU-T сериясы протоколдары | ||
8. H.248 | ПС-дағы ОТТ-ға сәйкес және концентраторлар. Ұлттық спецификацияға сәйкес |
Белгілер мен қысқартулардың тізімі
Қысқартулар | Ашып көрсету |
ХЭО-Т (ITU-T) | Халықаралық электр байланысы одағы, электр байланысын стандарттау секторы |
ETSI | Телекоммуникациялық стандарттардың еуропалық институты (European Telecommunication Standards Institute) |
ТП | Техникалық талаптар |
АҚТС | Автоматты қалааралық телефон стансысы |
ХКО | Халықаралық коммутация орталығы |
ҚТУ | Қалааралық транзиттік торап |
АТС | Автоматты телефон стансысы |
ҚТЖ | Қалалық телефон желісі |
АТЖ | Ауылдық телефон желісі |
TMN | Телекоммуникация желісін басқару (Telecommunication Management Network) |
НАА | Нөмірді автоматты анықтау |
ТЖЖ | Тапсырыс-жалғау желіжолдары |
ЖАС - 7 | Жалпыарналық сигнал беру жүйесі ( ITU-T-N 7 сыныптауышы бойынша) |
ЖЖ | Жалғау желіжолдары |
ҚЖЖ | Қалааралық жалғау желіжолдары |
IETF | Internet Engineering Task Force - Интернетті инженерлік қолдаудың мақсатты тобы |
ISUP | ISDN User Part – 7 ЖАС-7 сигнал беруін қолдайтын желілер тораптары арасында шақыруларды басқару ақпаратын беретін шақыруларды басқару протоколы |
MAP | Mobile Application Part –жылжымалы қолданудың кіші жүйесі |
MTP | Message Transfer Part – хабарламаларды берудің кіші жүйесі (MTP3) ОАС - 7, 3-деңгей |
MUP | Mobile User Part – жылжымалы байланыс пайдаланушысының кіші жүйесі |
RTP | Real-Time Transport Protocol (нақты уақыттағы тасымалдау протоколы) |
RFC | Request for Comments - Жұмыс ұсынысы |
SCCP | Signaling Connection Control Part – ЖАС – 7 сигнал беруді қосуды басқарудың кіші жүйесі |
SIP | Session Initiation Protocol — байланыс сеансын орнату протоколы |
SIP-I | SIP- ХЭО-Т әзірлеген және желіаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған SIP протоколының ISUP нұсқасы |
SIP-T | Интернет инженерлік проблемалары тобының комитеті әзірлеген және желіаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған SIP протоколының нұсқасы |
TCAP | Transaction Capabilities Application Part – транзакция мүмкіндігі бар сигнал берудің кіші жүйесі |
TUP | Telephone User Part – телефонияны пайдаланушының кіші жүйесі |