«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 28 шілдедегі № 294 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9674 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылы 22 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі оның көшірмелерін жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін күнтізбелік он күннен соң Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі С.Ж. Мұсайбековке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2016 жылғы 1 ақпандағы
№ 26 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Спорт және дене шынықтыру
істері агенттігі Төрағасының
2014 жылғы 28 шілдедегі
№ 294 бұйрығымен бекітілген
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін
қалыптастыру қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 38-тармақшасына сәйкес әзірленген және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін (бұдан әрі – Бірыңғай күнтізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Бірыңғай күнтізбе мынадай түрлерге бөлінеді:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай республикалық күнтізбе);
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік (облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың) күнтізбесі (бұдан әрі – Бірыңғай өңірлік күнтізбе).
3. Бірыңғай республикалық күнтізбе жыл сайынғы халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар тізбесін қамтиды және оны Заңның 7-бабының 39-тармақшасына сәйкес алдағы жылға дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган ағымдағы жылғы 20 желтоқсанға дейін бекітеді.
4. Бірыңғай өңірлік күнтізбе жыл сайынғы халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар тізбесін қамтиды және Заңның 8-бабының 10-тармақшасына сәйкес алдағы жылға ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін тиісті жергілікті атқарушы орган бекітеді.
5. Бірыңғай республикалық күнтізбе негізінде халықаралық, республикалық жарыстар Бірыңғай өңірлік күнтізбеге енгізіледі.
6. Бірыңғай республикалық күнтізбенің негізінде дене шынықтыру–спорттық ұйымдар өздерінің спорттық-бұқаралық іс-шараларының күнтізбесін жасайды.
2. Бірыңғай күнтізбеге халықаралық, республикалық және
жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық
жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды енгізу тәртібі
7. Бірыңғай күнтізбеге мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ спорт федерациялары есебінен қаржыландырылатын халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар енгізіледі.
8. Бірыңғай күнтізбе мынадай құрылымнан тұрады:
1) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар атауы;
2) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізу мерзімі және орны;
3) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын ұйымдар;
4) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын команда құрамы;
5) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны;
6) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны;
7) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын төрешілер саны;
8) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастырушы;
9) халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар.
9. Бірыңғай күнтізбе мынадай бөлімдерден тұрады:
1) 1-бөлім – кешенді халықаралық және республикалық жарыстар;
2) 2-бөлім – дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары;
3) 3-бөлім – ұлттық спорт түрлері;
4) 4-бөлім – мүгедектер арасындағы жарыстар;
5) 5-бөлім – жазғы олимпиадалық спорт түрлері;
6) 6-бөлім – қысқы олимпиадалық спорт түрлері;
7) 7-бөлім – олимпиадалық емес спорт түрлері;
8) 8-бөлім – қолданбалы және техникалық спорт түрлері;
9) 9-бөлім – дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар;
10. Бірыңғай күнтізбеге енгізілетін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға алдағы жылға 1 қарашасына дейін спорт түрлерінен республикалық аккредиттелген спорт федерациялары береді:
11. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге алдағы жылға енгізу үшін ұсыныстарды дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органға ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін спорт түрлерінен облыстық және жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары береді:
12. Бірыңғай күнтізбеге халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шараларды енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасының мәлімделген аумағында халықаралық деңгейдегі спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы халықаралық спорт федерациясының (ұйымдарының) шешімі (мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудара отырып) (республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардан басқа);
2) халықаралық, республикалық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізу болжанатын аумақтағы жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімі (жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардан басқа);
3) халықаралық спорт федерациясы (ұйымы) және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерациясы бекіткен халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шараларды өткізу туралы ереженің (регламент) жобасы (мемлекеттік немесе орыс тілдеріне аудара отырып);
4) қаржыландырудың жоспарланған көздерін көрсете отырып, қаржы-экономикалық есеп (смета).
13. Бірыңғай күнтізбеге спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды енгізу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) тиісті жылға спорт түрі бойынша дайындық жоспары;
2) қаржыландырудың жоспарланған көздерін көрсете отырып, қаржы-экономикалық есеп (смета).
14. Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар осы Қағидалардың 13 және 14-тармақтарында айқындалған тәртіп сақталмаған жағдайда, Бірыңғай күнтізбеге енгізілмейді.
3. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
15. Бірыңғай күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар мынадай жағдайларда енгізіледі:
1) Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде өткізілетін халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шаралардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың мерзімдері мен (немесе) өткізу орындарының өзгеруі;
2) жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шаралардың мерзімдері мен (немесе) өткізу орындарының өзгеруі;
3) Республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың мерзімдері мен (немесе) өткізу орындарының өзгеруі;
4) халықаралық спорттық федерациялардың және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларының және дене-шынықтыру – спорттық ұйымдардың бастамасы бойынша.
16. Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі іс-шаралар, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралар Бірыңғай күнтізбеден халықаралық спорт федерацияларының және (немесе) республикалық, өңірлік және жергілікті аккредиттелген спорттық федерациялардың іс-шараларды өткізуден бас тартқан жағдайларда алып тасталады.
17. Бірыңғай республикалық күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен енгізіледі.
18. Бірыңғай өңірлік күнтізбеге өзгерістер мен толықтырулар дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органның бұйрығымен енгізіледі.
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың
бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру
қағидаларына 1-қосымша
нысан
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай республикалық күнтізбесі
№ |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың атауы |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімі және орны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын ұйымдар |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын команда құрамы |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын төрешілер саны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастырушылар |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1-бөлім – Кешенді халықаралық және республикалық жарыстар |
|||||||||
2-бөлім – Дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары |
|||||||||
3-бөлім – Ұлттық спорт түрлері |
|||||||||
4-бөлім – Мүгедектер арасындағы жарыстар |
|||||||||
5-бөлім – Жазғы олимпиадалық спорт түрлері |
|||||||||
6-бөлім – Қысқы олимпиадалық спорт түрлері |
|||||||||
7-бөлім – Олимпиадалық емес спорт түрлері |
|||||||||
8-бөлім – Қолданбалы және техникалық спорт түрлері |
|||||||||
9-бөлім – Дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар |
|||||||||
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың
бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру
қағидаларына 2-қосымша
нысан
Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың Бірыңғай өңірлік күнтізбесі
№ |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың атауы |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстардың, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шаралардың өткізілу мерзімі және орны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын ұйымдар |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын команда құрамы |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын спортшылар саны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысатын жаттықтырушылар саны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс - шараларға қатысатын төрешілер саны |
Халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарды, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларды ұйымдастырушылар |
Халықаралық,республикалық және жергілікті деңгейдегі спорттық жарыстарға, сондай-ақ спорттық жарыстарға дайындық бойынша іс-шараларға қатысушыларды іссапарға жіберуші ұйымдар |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
1-бөлім – Кешенді халықаралық және республикалық жарыстар |
|||||||||
2-бөлім – Дене шынықтыру-бұқаралық және сауықтыру іс-шаралары |
|||||||||
3-бөлім – Ұлттық спорт түрлері |
|||||||||
4-бөлім – Мүгедектер арасындағы жарыстар |
|||||||||
5-бөлім – Жазғы олимпиадалық спорт түрлері |
|||||||||
6-бөлім – Қысқы олимпиадалық спорт түрлері |
|||||||||
7-бөлім – Олимпиадалық емес спорт түрлері |
|||||||||
8-бөлім – Қолданбалы және техникалық спорт түрлері |
|||||||||
9-бөлім – Дене-шынықтыру спорттық ұйымдар өткізетін іс-шаралар |
|||||||||