"Тауар биржалары арқылы өткізілетін биржалық тауарлардың тізбесін және ұсынылатын партиялардың ең аз мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 ақпанда № 13278 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы әкімдігінің 16.08.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Тарбағатай ауданының бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 692 ұсынысы негiзiнде Тарбағатай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Тарбағатай ауданының Екпін ауылдық округiнiң "Күйгенқора" учаскесінде мүйізді ұсақ малдарының арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шараларын енгiзе отырып, ветеринариялық режим белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.А. Жақаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Д. Оразбаев