"Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына өзгер

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда № 13250 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 қыркүйектегі № 446 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 06.09.2018 № 446 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7796 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 442-449 (27523) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоса берілген Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары қағидалары бекітілсін."

      Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білім департаменті (Д.Ж. Қаленова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      министрлігінің Интернет-ресурсында орналасуын;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде

      мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы жөніндегі мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан

      Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Имангалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Білім және ғылым министрі

А. Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 26 қаңтардағы
№ 79 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 18 маусымдағы
№ 281 бұйрығымен бекітілген

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалар меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына таратылады.

      3. Осы Қағидалар кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және білікті жұмысшы кадрларының кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру тәртібін анықтайды және:

      1) кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілікті беру жөніндегі біліктілік комиссиясының қызметін ұйымдастыруды;

      2) кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді өткізуді ұйымдастыруды;

      3) апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыруды және апелляцияны қарауды;

      4) Біліктілікті беру туралы сертификат (бұдан әрі - Сертификат) беруді қамтиды.

      4. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) апелляция - кәсіптік даярлықты бағалауға қатысушылардың және біліктілікті беруді өткізудің белгіленген тәртібінің бұзылуы, не нәтижелермен келіспеуі туралы жазбаша арызы бойынша даулы мәселелерді қарастыру және құқықтарын қорғау мақсатында өткізілетін рәсім;

      2) біліктілікті беру (бұдан әрі - ББ) - жеке қабілеттерін, нақты мамандық бойынша кәсіптік қызметтің тиісті түрі шеңберіндегі жұмысты орындауға қажетті кәсіби білімдерін, шеберліктер мен дағдылардың жиынтығын растау рәсімі;

      3) біліктілік емтихандары (бұдан әрі - БЕ) - жазбаша тестілеу үлгілік оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер (оқыту тілінде) бойынша, өнер және мәдениет саласының мамандықтарынан басқа, ұзақтығы 2,5 (екі жарым) астрономиялық сағат (150 минут) тестілеу нысанында өткізіледі;

      4) біліктілік (практикалық) жұмысын тапсыру - біліктілік сипаттамалармен, техникалық талаптармен көзделген, біліктілік деңгейіне сәйкес келетін, практикалық тест түрінде өнер және мәдениет саласының мамандықтарынан басқа, нақты мамандыққа тән біліктілік (практикалық) жұмысын орындау;

      5) біліктілік - кәсіби қызметті құзыретті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, жеке қабілеттерін, кәсіби білімін, іскерліктерін, дағдыларын сипаттайтын тиісті білім беру бағдарламасын ойдағыдай аяқтау нәтижесінде даярлау деңгейі;

      6) біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - БК) - емтихан тапсырушылардың білім, шеберліктері мен дағдыларының деңгейін, олардың оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестілігін анықтайды;

      7) біліктілікті беру туралы сертификат - маманның біліктілік талаптарына сәйкестілік деңгейін (кәсіби құзыреттілік деңгейі) растайтын құжат;

      8) кәсіптік даярлықты бағалау (бұдан әрі - КДБ) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары бітірушілерінің кәсіптік қызметтің тиісті түрінің шеңберінде кәсіптік даярлық деңгейінің сәйкестілік дәрежесін (қабілетін) айқындау;

      9) КДБ және ББ өткізетін ұйым - мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен КДБ және ББ ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі қызметтердің әлеуетті жеткізушісі ретінде танылған заңды тұлға;

      10) техникалық және кәсіптік білім - білікті жұмысшы кадрларын және орта буын мамандарын даярлауға бағытталған білім беру;

      11) шығармашылық емтихан - өнер мен мәдениет саласының кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша білім, іскерлік және дағдылардың нақты деңгейін және олардың оқу бағдарламаларының, біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкестігін анықтау. Ұзақтығы алатын біліктіліктің ерекшелігіне және шығармашылық емтиханның нысанына байланысты.

2. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің техникалық және кәсіптік білім кәсіптері (мамандықтары) бойынша КДБ және ББ өткізу үшін КДБ және ББ өткізетін ұйым БК құрады. БК мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды (тақ сан) құрайды.

      6. БК құрамы тиісті кәсіптердің (мамандықтардың) мамандары және Өңірлік кәсіпкерлер палатасының (бұдан әрі - ӨКП) келісуі бойынша кәсіпорындар мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері қатарынан КДДБ өткізуден кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын құрылады.

      7. БК құрамына жұмыс берушілер, еңбекті қорғау жөніндегі инженер, өндірістік учаскелердің шеберлері, директорлардың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, сондай-ақ тиісті бейіннің оқу орындары үшін өнер және мәдениет саласы мекемелерінің өкілдері тартылады.

      Мәдениет және өнер саласының мамандықтары үшін БК құрамы уәкілетті органның келісуі бойынша мәдениет және өнер саласының мамандары қатарынан құрылады.

      8. БК төрағасы ӨКП келісуі бойынша кәсіпорындар немесе жұмыс берушілер қауымдастықтары өкілдерінің арасынан тағайындалады.

      Мәдениет және өнер саласының мамандықтары үшін БК төрағасы тиісті мамандықтың озық өкілдері қатарынан тағайындалады.

      9. БК төрағасының тестіленетін кәсіптер (мамандықтар) бойынша тиісті мамандығы бар.

      10. БК хатшысы КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады. Хатшы БК құрамына кірмейді.

      11. БК құрамын анықтау, олардың жұмысын ұйымдастыру, тракторларды және басқа да өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы мелиоративтік көліктерін, сондай-ақ автокөлік құралдарын басқаруға берілетін куәліктерді беру тәртібі белгіленген тәртіппен қабылданған арнайы нормативтік құқықтық актілерге, "Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығына сәйкес реттеледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 шілдеде № 11711 болып тіркелген).

      12. Арнайы ұйымдармен және ведомстволармен қадағаланатын объектілердегі жұмыстармен байланысты (жүк көтергіш крандарының машинистері, электрлік көтергіштер (лифтілер) слесарь-монтажниктер, газэлектрлік дәнекерлеушілер, электрлік станциялардың кезекші қызметкерлері және басқалар) біліктілік емтихандарын тапсыру кезінде (жазба тестілер) БК-ның құрамына осы ұйымдардың өкілдері де кіреді.

3. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды өткізуді және білікті жұмысшы кадрларының кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беруді ұйымдастыру

      13. КДБ және ББ-ны мынадай талаптарға жауап беретін ұйымдар жүзеге асырады:

      1) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруді өткізу мәселелері бойынша дайындықтан және тағылымдамадан өткен, жұмыс тәжірибесі бар персонал;

      2) үздік өндірістік тәжірибе (салалық қауымдастық жанында құрылған ұйым үшін салалық қауымдастықтың жұмыс тәжірибесі есептеледі);

      3) салалардың кәсіптік стандарттарын әзірлеу және/немесе сараптаудағы жұмыс тәжірибесі;

      4) оқу орындарымен ұзақ ынтастақтастық тәжірибесі және үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысуы (кемінде 5 жыл);

      5) тестіленетін мамандық бойынша тест тапсырмаларының базасы;

      6) осы Қағидалардың 6 және 7-тармақтарына сәйкес біліктілік және апелляциялық комиссиялардың әлеуетті мүшелерінің тізімі.

      14. КДБ және ББ-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдардың түлектері жіберіледі.

      15. КДБ және ББ-ға қатысу үшін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес КДБ және ББ-ға қатысуға өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

      3) бұрын берілген біліктілік туралы құжаттың көшірмесін (болған жағдайда) өткізу қажет.

      16. Толық құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейін КДБ және ББ өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасалады.

      Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда КДБ және ББ-ге өтуге рұқсат берілмейді.

      17. БЕ (жазбаша тестілеу) үлгілік оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша (оқыту тілінде) өткізіледі және оқу бағдарламаларына сәйкес 100 сұрақтан тұрады. Әрбір тестік тапсырманың дұрыс жауабы 1 (бір) балмен бағаланады.

      18. Жазбаша тестілеу немесе тапсырмалар (ахуалдық тапсырма) бойынша 60 балдан кем алғандар, біліктілік (практикалық) жұмыстарын тапсыруға жіберілмейді.

      19. Жазбаша тесттердің нәтижелері балмен бағаланады және КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым сол күні жариялайды. Біліктілік (практикалық) жұмыстарын өткізу кезінде біліктілік сипаттамалармен, техникалық талаптармен көзделген біліктілік деңгейіне сәйкес келетін жұмысты орындау көзделеді.

      20. Біліктілік (практикалық) жұмыстарын орындаудың тізбесі, мазмұны, және талаптары, оның ішінде бұйымдарды әзірлеу оқу жұмыс бағдарламалары мен біліктілік сипаттамаларына сәйкес анықталады.

      21. БК мүшелері біліктілік жұмыстарын бағалау кезінде үлгілік оқу жоспарлары, білім беру бағдарламаларына, өндірістік оқыту бойынша іскерлік және практикалық дағдыларға сәйкес кәсіптік даярлықты анықтайтын пәндер бойынша нақты білім деңгейін есепке алады.

      22. Біліктілік (практикалық) жұмысы:

      1) егер тапсырма техникалық талаптар мен шарттарға сәйкес толық көлемде орындалса, қабылданған болып есептеледі;

      2) біліктілік жұмыстарын (практикалық жұмыс) орындауға арналған пысықтау нормасын (уақыт) орындамаған жағдайда қабылданбаған болып саналады.

      23. Емтихан тапсырушы өткізу тәртібін бұзған жағдайда, одан әрі емтиханды тапсыру туралы мәселені БК төрағасы шешеді.

      24. БЕ (жазбаша тест) нәтижелері ведомоспен ресімделеді. Кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілік және дәреже беру туралы БК шешімі БК төрағасы мен барлық мүшелері қол қоятын хаттамаға жазылады және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жолданады.

      25. Өнер және мәдениет саласының кәсіптері (мамандықтары) бойынша шығармашылық емтихандары біліктілік сипаттамалармен, талаптармен көзделетін біліктіліктің тиісті деңгейіне сәйкес келетін осы кәсіпке тән жұмыс түрін (оқыту тілінде) орындау көзделеді. 100 балдық шкалада бағаланады және БК отырысының хаттамасы ресімделгеннен кейін сол күні жарияланады.

      26. Шығармашылық емтихан, егер ол біліктілік талаптарына сәйкес орындалған болса, қабылданды деп есептеледі. Шығармашылық емтиханды орындау кезінде 60 балдан кем алған түлектер БЕ тапсырмаған болып есептеледі.

      27. Шығармашылық емтиханның нәтижелері және біліктілік беру туралы БК шешімі БК төрағасы мен барлық мүшелері қол қоятын хаттамаға жазылады және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына жолданады.

      28. Жазбаша тестерді немесе ахуалдық тапсырмаларды, біліктілік (практикалық) жұмыстарды, шығармашылық емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етіледі және қайта тапсыруға берілген өтініш негізінде 3 (үш) ретке дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін өткізіледі. Келесі қайта тапсыру 3 (үш) ай өткеннен кейін рұқсат етіледі.

4. Апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру және апелляцияны қарау

      29. Даулы мәселелерді қарау және КДБ және ББ қатысушыларының құқықтарын қорғау үшін КДБ және ББ өткізетін 3 адамнан тұратын Апелляциялық комиссия құрады (бұдан әрі - АК).

      30. АК құру осы Қағидалардың 6-тармағына, ал АК-ның төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар 7 және 8-тармақтарына сәйкес келуі тиіс. АК құрамына БК мүшелері болып табылатын тұлғалар кіре алмайды.

      31. АК хатшысы КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады. Хатшы АК құрамына кірмейді.

      32. КДБ және ББ нәтижесімен келіспеген бітіруші апелляцияға өтініш береді.

      33. Апеляцияға өтініш (бұдан әрі - өтініш) АК төрағасының атына тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін бір күн ішінде беріледі.

      34. Өтініште келіспеу себептері көрсетіледі және өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты қоса беріледі.

      35. Апелляцияға беру үшін:

      1) техникалық қате;

      2) техникалық және кәсіптік білім бейіні бойынша тест тапсырмасы мазмұнының сәйкес келмеуі;

      3) тест тапсырмаларындағы қате сұрақтар;

      4) мемлекеттік тілге дұрыс аударылмауы;

      5) осы Қағидалармен белгіленген нормаларды бұзуға негіз болып табылады.

      36. АК бір тәулік ішінде апелляцияны қарастыру нәтижесіне сәйкес апелляцияны қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы тиісті шешімді қабылдайды.

5. Сертификат беру

      37. КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйымның БК-ның хаттамасында ресімделген негізінде КДБ және ББ бойынша біліктілік емтиханынан ойдағыдай өткен тұлғаларға нақты кәсіп (мамандық) бойынша тиісті біліктілік деңгейінің разряды тағайындалады және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Біліктілікті беру туралы сертификат беріледі.

      38. Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша БК шешімінің хаттамасы КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйымда 5 жыл бойы сақталады.

      39. КДБ және ББ деңгейі туралы сертификаттарды беру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру туралы сертификаттарды есепке алу және беру журналында ресімделеді.

      40. Сертификат алғандар туралы ақпарат білікті мамандардың деректер базасына енгізіледі және КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым сайтында жарияланады.

      41. Біліктілікті беру туралы сертификатты жоғалтқан жағдайда, КДБ және ББ өткізуге жауапты ұйым телнұсқаны береді.

  Техникалық және кәсіптік және орта
білімнен кейінгі білімнің кәсіптері
(мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық
деңгейін бағалау және біліктілікті
беру қағидаларына
1-қосымша

      1-нысан

      КДБ және ББ өткізуге жауапты

      ұйымның басшысына

      ________________(Т.А.Ә.)

ӨТІНІШ

Сізден келесі топқа жіберуіңізді

________________________________

(нөмері, атауы)

мамандығы бойынша біліктілік емтиханын беруге

________________________________

(коды және мамандық атауы)

біліктілігі

________________________________

(коды және біліктілік атауы)

Білім беру ұйымы

________________________________

(Білім беру ұйымының атауы)

МЖБС/ҮОЖ


Оқу мерзімі


Емтихан тапсырушының тегі, аты, әкесінің аты

Емтихан тапсырушы жеке куәлігінің және/немесе туу туралы куәлігінің №

Жынысы (ер/әйел)

Талап етіп Отырған санаты разряды, класы

Біліктілік емтиханын тапсыру тілі

Емтихан тапсырушының қолы














      ТжКБ ұйымының басшысы __________________________ТАӘ

      (қолы)

      М.О.

  Техникалық және кәсіптік және орта
білімнен кейінгі білімнің кәсіптері
(мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық
деңгейін бағалау және біліктілікті
беру қағидаларына
2-қосымша

      2-нысан

Біліктілікті беру туралы
СЕРТИФИКАТ

      КБ №________________________________________________

      Осы сертификат______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      20__жылдың "__"_____ бастап 20__жылдың "__"_________

      ____________аралығында______________________________

      ____________________________________________________

      (сертификаттау ұйымының атауы)

      ____________________________________________________

      ____________________________________________________

      (мамандықтың коды және атауы)

      кәсібі (мамандығы) бойынша біліктілік

      емтиханын тапсырғанын растайды.

      1. Теориялық тестілеу -

      2. Практикалық тестілеу -

      Біліктілік комиссиясының 20__жылғы "____"__________

      _________№___________________хаттамасының шешімімен

      ___________________________________________________

      ___________________________________________________

      _______________________________біліктілігі берілді.

      20__жылғы "____"______________________ дейін жарамды

      ____________________________________________________

      Ұйым басшысы ___________________/__________________/

      (қолы) (күні)

      М.О.

      Елді мекен_________________________________________

      (қала, облыс)

      20__ж. "______"____________________________________

      Тіркеу нөмірі

      ___________________________