Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 19 ақпанда № 13139 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 14) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2011 жылғы 20 тамызда № 379-383 (26777), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2016 жылғы 13 қаңтардағы
№ 25 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери,
арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына (бұдан әрі – ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары) ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Білім алушыларды ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау кезінде алдыңғы академиялық кезеңде оқыған жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтар анықталады.

      3. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты ІІМ әскери, арнаулы оқу орны білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін транскриптте көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін ағымдағы академиялық кезеңде білім алушы пәндерді жеке кесте бойынша дербес зерделейді, бақылаудың барлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауға рұқсат алады.

      5. Оқу пәнін басқа оқу пәнімен немесе мазмұны бойынша аралас оқу пәндері блогімен пререквезиттеу ретінде анықталған сынақты олар пәндердің мазмұны мен көлеміне сәйкес болған жағдайда қайта тапсыруға рұқсат етіледі.

      6. Меңгерілген кредиттерді (сағаттарды) қайта тапсыру, сондай-ақ оқу курсы білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, білімін, дағдылары мен құзыретін, сондай-ақ оқу нәтижелерін салыстыру негізінде белгіленеді.

      7. Белгіленген уақытта жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі жойылмаған академиялық айырмашылық, одан әрі академиялық қарыз болып есептеледі.

      Пән бойынша академиялық айырмашылықты жою кезінде қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, қайта тапсыруға жол берілмейді, ал білім алушылар ІІМ әскери, арнаулы оқу орнынан академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылады.

      8. ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарының бос қабылдау орындары туралы ақпарат олардың интернет-ресурсында жарияланады.

2. ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру тәртібі
Параграф 1. ІІМ арнаулы оқу орындарына ауыстыруды ұйымдастыру

      9. Білім алушыларды ІІМ арнаулы оқу орындарына курстан курсқа, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан (бұдан әрі - ЖЖОКБҰ) ауыстыру жүзеге асырылады.

      Білім алушыларды ІІМ-нің бір арнаулы оқу орнынан ІІМ-нің басқа арнаулы оқу орнына ауыстыру бос қабылдау орындары болған жағдайда ІІМ арнаулы оқу орындарының келісімімен жүргізіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Білім алушыларды ЖЖОКБҰ-дан ІІМ арнаулы оқу орындарының бос қабылдау орындарына ауыстыру конкурстық негізде каникул кезеңінде оқу жылының нәтижелерін және ІІМ арнаулы оқу орындарында осы курста белгіленген ауыстыру балынан төмен болмайтын үлгерімнің орташа балын ескере отырып, жазғы емтихандық сессияның (аралық аттестаттау) қорытындысы бойынша тиісті курста бос орындар болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. ЖЖОКБҰ-дан ІІМ-нің арнаулы оқу орнына ауысуға ниет білдірген кандидат ІІМ-нің арнаулы оқу орны бастығының атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді.

      Ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) ІІМ-нің арнаулы оқу орнына ауыстыру туралы ЖЖОКБҰ басшысының атына жазылған өтініштің көшірмесі және бұрынғы оқу орнынан басшының қолы қойылған және мөрмен бекітілген ауысуға арналған жазбаша келісімі;

      2) оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеушінің қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипінің көшірмесі;

      3) ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) тапсырғаны туралы сертификат;

      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) білім беру гранты иегерінің куәлігі (егер болса).

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тиісті курста бос қабылдау орны болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде ІІМ арнаулы оқу орны бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІМ арнаулы оқу орнына ауыстыру туралы қорытынды шығарады.

      13. Қорытындының көшірмесі тұрғылықты жері бойынша аумақтық ішкі істер органының кадр қызметіне (бұдан әрі – ІІО кадр қызметі) жіберіледі.

      14. ІІО кадр қызметі:

      1) оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады;

      2) оқуға кандидат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалар) талаптарына сәйкес болған жағдайда кадр қызметі ІІМ арнаулы оқу орнына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жеке істерді жүргізу ережесінің) талаптарына сәйкес ресімделген кандидаттын жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді.

      15. ІІМ-нің арнаулы оқу орны пошта арқылы бес жұмыс күні ішінде жеке істі, қорытындының, транскриптінің көшірмесін, жұмыс оқу жоспарын, ҰБТ тапсырғаны туралы сертификатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - ІІМ) оқуға кандидатты ІІМ-нің арнаулы оқу орнына ауыстыру мәселесін келісу үшін жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. ІІМ арнаулы оқу орындары ұсынған ауысу туралы материалдарды ІІМ комиссиясы жылына бір рет қарайды.

      ІІМ комиссиясы материалдарды қарау нәтижесі бойынша білім алушыны ІІМ арнаулы оқу орнына ауыстыру немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

      17. ІІМ шешімінің негізінде ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен оқуға кандидат ІІМ арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылданады.

      18. ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы оқуға кандидатты ІІМ арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оқуға кандидат бұрын оқыған ЖЖОКБҰ-ға оның оқу ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Сұрау салуға оқуға кандидатты білім алушылар қатарына қабылдау туралы ІІМ-нің арнаулы оқу орны бастығы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-Параграф. ІІМ әскери оқу орындарына ауыстыруды ұйымдастыру

      19. Білім алушыларды ІІМ әскери оқу орнының ішінде бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір оқыту тілінен екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, басқа ЖЖОКБҰ-дан ІІМ-нің әскери оқу орындарына ауыстыру жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде ІІМ әскери оқу орны бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      Егер жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылық бес оқу пәнінен немесе міндетті компоненттің он бес кредитінен аспаса, бір оқыту тілінен екіншісіне ауыстыру кезінде ауыстыру жоспарланған оқыту тілін білуіне тапсырған емтиханның оң нәтижесі кезінде ауыстыру мүмкін болады.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. ІІМ-нің әскери оқу орындарына ауысуға ниет білдірген адамдар ІІМ-нің әскери оқу орнында каникулдық демалыс басталғанға дейін кемінде үш ай қалғанда ІІМ-нің әскери оқу орны бастығының атына еркін нысанда оқыту тілін көрсете отырып, өтініш береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін ұсынылады);

      2) транскриптімен және қосымшасымен (болған жағдайда) бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі, сондай-ақ олардың нотариалды расталған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы (шетелде білім алған адамдар үшін).

      Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімді шетелде алған адамдар үшін бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану қағидаларында, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесінде (бұдан әрі – Тану қағидалары) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтуі қажет;

      3) транскрипт.

      Шетелдік ЖЖОКБҰ-да білім алатын адам транскриптің нотариалды бекітілген қазақ немесе орыс тілдеріне аудармасын да ұсынады;

      4) ҰБТ тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;

      5) алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 3,5 х 4,5 см);

      6) есепке тіркеу куәлігінің (әскери билет) көшірмесі;

      7) өмірбаян мен сауалнама екі данада;

      8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеме.

      Көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған адамның өтініші қарауға қабылданбайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. ІІМ-нің әскери оқу орны ауыстыру туралы өтінішті алған соң келесі жұмысты жүргізеді:

      1) тиісті курста бос орындар болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидаттың осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды шығарады;

      2) оң қорытынды шығарылған жағдайда ІІМ әскери оқу орнының кадр қызметі оқуға кандидаттың "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша іс-шаралар өткізеді. Тексеру іс-шараларының нәтижелері ІІМ әскери оқу орнының оқу кеңесінде қарау үшін ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына беріледі;

      3) оқу кеңесі отырыста материалдарды қарайды және оқуға кандидатты ІІМ-нің әскери оқу орнына ауыстырудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы шешім шығарады және оны ІІМ әскери оқу орнының бастығы бекітеді;

      4) ІІМ әскери оқу орнының басшысы оқу кеңесінің ауыстыру туралы шешімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей:

      оқуға кандидатқа қағаз немесе электронды түрде ІІМ-нің әскери оқу орнына ауыстыруға қатысты қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды;

      оқу кеңесі ауыстыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда оқуға кандидатты ІІМ әскери оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады және оқуға кандидат бұған дейін оқыған ЖЖОКБҰ-ға оның оқу ісін жолдау туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Сұрау салуға ІІМ әскери оқу орны бастығының оқуға кандидатты курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау тәртібі
1-Параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау тәртібі

      22. Білім алушыларды ІІМ-нің арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау ЖЖОКБҰ-да білім алғандар қатарынан жүзеге асырылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Білім алушыларды ІІМ арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау жазғы немесе қысқы каникул кезеніңде жүзеге асырылады.

      24. Білім алушыларды қайта қабылдау аумақтық ішкі істер органы басшысының қолдаухаты негізінде ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен жүргізіледі.

      25. ІІМ арнаулы орындарына қайта қабылдау үшін азаматтар ІІМ арнаулы оқу орны бастығының атына қайта қабылдау туралы еркін нысанда өтініш береді.

      26. ІІМ арнаулы оқу орны бұрын оқыған орны бойынша білім алушының білім алу бағдарламаларын меңгергені (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ алдыңғы білім беру деңгейін бітіргені туралы құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жібереді.

      27. Тиісті курста бос қабылдау орны болған жағдайда ІІМ арнаулы оқу орны бастығының орынбасары үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІМ арнаулы оқу орнына қайта қабылдау туралы қорытынды шығарады және бекітеді.

      28. Қорытындының көшірмесі аумақтық ішкі істер органының кадр қызметіне (бұдан әрі – ІІО кадр қызметі) жіберіледі.

      29. ІІО кадр қызметі:

      1) оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады;

      2) Іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда кадр қызметі ІІМ-нің арнаулы оқу орнына Жеке істерді жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес ресімделген жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Тиісті курсата бос қабылдау орындары болған жағдайда ІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен оқуға кандидат білім алушылар қатарына қабылданады.

      31. Бұйрықтың көшірмесі ІІО кадр қызметіне жолданады.

2-Параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қайта қабылдау тәртібі

      32. Оқуға кандидаттарды ІІМ-нің әскери оқу орындарына оқуға қайта қабылдау ЖЖОКБҰ-да білім алғандар қатарынан жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде ІІМ әскери оқу орны бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. ІІМ-нің әскери оқу орнына оқуға қайта қабылданбайтын адамдар:

      1) денсаулық жағдайы бойынша оқудан шығару жағдайларын қоспағанда, оның шығарылған күнінен бастап бір жылдан артық уақыт өтсе және әскери-дəрігерлік комиссия қорытындысының негізінде оқуға және әскери қызмет өткеруге жарамды деп танылған;

      2) мемлекеттік немесе əскери қызметтен, арнаулы мемлекеттік органдардан, құқық қорғау органдарынан, соттардан жəне əділет органдарынан терiс себептер бойынша шығарылған;

      3) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін;

      4) егер жұмыс оқу жоспарларының пәндеріндегі айырмашылық бес оқу пәнінен немесе міндетті компоненттің он бес кредитінен артық болса.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. ІІМ-нің әскери оқу орнына қайта қабылдау үшін оқуды жалғастыруға ниет білдірген кандидат кезекті академиялық кезеңнің басталуына үш ай қалған мерзімнен кешіктірмей ІІМ әскери оқу орны бастығының атына еркін нысанда оқуға қайта қабылдануға ниет білдірген мамандық пен курсты міндетті түрде көрсете отырып, қайта қабылдау туралы өтініш береді.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа салыстырып тексеру үшін ұсынылады);

      2) транскриптімен және қосымшасымен (болған жағдайда) бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі, сондай-ақ олардың нотариалды расталған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы (шетелде білім алған адамдар үшін).

      Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі білімді шетелде алған адамдар үшін бұған дейінгі білім деңгейі туралы құжат Тану қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасындағы білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтуі қажет;

      3) транскрипт.

      Шетелдік ЖОО-да білім алатын адам транскриптің қазақ немесе орыс тіліне нотариалды бекітілген аудармасын да ұсынады;

      4) ҰБТ тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі;

      5) алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 3,5 х 4,5 см);

      6) есепке тіркеу куәлігінің (әскери билет) көшірмесі;

      7) өмірбаян мен сауалнама екі данада;

      8) соңғы қызмет (жұмыс немесе оқу) орнынан мінездеме.

      Көрсетілген құжаттарды толық көлемде ұсынбаған адамның өтініші қарауға қабылданбайды.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. ІІМ әскери оқу орны қайта қабылдау туралы өтінішті алған соң, келесі жұмысты жүргізеді:

      1) тиісті курста бос орындар болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды шығарады;

      2) оң қорытынды шығарылған жағдайда ІІМ әскери оқу орнының кадр қызметі оқуға кандидаттың "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 38-бабының талаптарына сәйкестігін тексеру бойынша іс-шаралар өткізеді. Тексеру іс-шараларының нәтижелері ІІМ әскери оқу орнының оқу кеңесінде қарау үшін ІІМ әскери оқу орны бастығының оқу жұмысына жетекшілік ететін орынбасарына беріледі;

      3) оқу кеңесі отырыста материалдарды қарайды және оқуға кандидатты ІІМ-нің әскери оқу орнына қайта қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы шешім шығарады және оны ІІМ әскери оқу орнының бастығы бекітеді;

      4) ІІМ әскери оқу орнының басшысы оқу кеңесінің қайта қабылдау туралы шешімі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей:

      оқуға кандидатқа қағаз немесе электронды түрде ІІМ-нің әскери оқу орнына қайта қабылдауға қатысты қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды;

      оқу кеңесі қайта қабылдау туралы оң шешім қабылдаған жағдайда оқуға кандидатты ІІМ әскери оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. ІІМ әскери оқу орнының курсанттары қатарына қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірме Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығына мәлімет үшін жолданады.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      37. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      38. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      39. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
әскери, арнаулы оқу
орындарына ауыстыру
және қайта қабылдау
қағидаларына
қосымша
  "БЕКІТЕМІН"
ІІМ әскери, арнаулы оқу орны
бастығының оқу ісі жөніндегі
орынбасары
____________________________
әскери (арнайы) атағы,
қолы, тегі, аты-жөні
20___ жылғы "___"___________
  Нысан

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      "_______ -_________________________" мамандығы бойынша жоғары

      білім беру бағдарламасы бойынша _________ оқу нысаны бойынша ________

      курсқа "____________________________" мемлекеттік мекемесіне оқуын

      ІІМ әскери, арнаулы оқу орнының атауы

      одан әрі жалғастыру үшін ауыстыру (қайта қабылдау) туралы

ҚОРЫТЫНДЫ

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 03.03.2023 № 201 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ______________________________________________ ұсынған құжаттар

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      (өтініш, транскрипт) негізінде мынадай академиялық айырмашылық белгіленді:

Р/с №

Пәндердің және оқу жұмысы түрлерінің атауы

Барлық сағат

Бақылау нысаны

Кредиттер (сағат) саны

Кандидаттың анықтамасы

Оқу жоспары (оқу орнының атауы)

Кандидаттың анықтамасы

Жалпыға бірдей міндетті компонент

1






Жоғары оқу орнының компоненті

1






      Үлгерімнің орташа балы -_______

      Қорытынды: ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 13 қаңтардағы № 25 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13139 болып тіркелген) 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес

      ___________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      "____ -__________" мамандығы бойынша _______________________________

      ІІМ әскери, арнаулы оқу орнының атауы

      жоғары білім беру бағдарламасы бойынша ____________ факультетінің ___ курсына (20___ж. қабылдау) оқуға ауыстыру (қайта қабылдау) мүмкін (мүмкін емес) деп есептелсін.

      Академиялық айырмашылық белгіленген мерзімде жойылады.

      _________________________________________________________________

      қорытынды жүргізген адамның лауазымы

      _________________________________________________________________

      әскери (арнайы) атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Ескертпе: ЖОБҰ құрылымында дербес институттар болған жағдайда, қорытынды институт бастығымен келісіледі.