Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 23.05.2017 № 109 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1081 "қбп" қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспесі жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 14.06.2016 № 124-нқ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр | Т. Донақов |
|
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы қызмет) туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Ұлттық бюро) орталық атқару органының құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің ведомствосы болып табылады.
2. Ұлттық бюро өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, осы Ережеге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
3. Ұлттық бюро республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. Ұлттық бюро азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Ұлттық бюроның, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
6. Ұлттық бюро өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық бюро Төрағасының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Ұлттық бюроның құрылымы мен штат санын Мемлекеттік қызмет істері министрімен (бұдан әрі - Министр) келісілгеннен кейін Ұлттық бюро Төрағасының ұсынуы бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.
8. Ұлттық бюроның заңды мекенжайы: почта индексі 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Сейфуллин көшесі, 37.
9. Ұлттық бюроның толық атауы – "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Ұлттық бюроның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Ұлттық бюроның қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Ұлттық бюроға кәсіпкерлік субъектілермен Ұлттық бюроның функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге рұқсат етілмейді.
2. Ұлттық бюроның міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
13. Ұлттық бюроның міндеттері:
1) жеке және заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.
14. Ұлттық бюроның функциялары:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегияларды және бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық баяндаманы дайындауға қатысу;
3) қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы арыздарды, хабарламаларды және өзге ақпаратты қабылдау, тіркеу және қарау;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, оның ішінде алдын ала тергеу, анықтау және хаттамалық нысанда жүргізу;
5) қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6) жедел-іздестіру қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
7) жария емес тергеу әрекеттерін, жалпы және арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында арнайы және басқа техникалық құралдарды қолдану;
8) Ұлттық бюроға бөлінген бюджеттік қаржат шегінде, жедел-іздестіру қызметін қаржылық және материалдық-техникалық жабдықтау;
9) тергеуден, анықтаудан немесе соттан жасырынып жүрген іздеудегі адамдардың тұратын жерін анықтау және ұстау;
10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстар бойынша жедел-іздестіру, әкімшілік, тергеу қызметі тәжірибесіне талдау жүргізу;
11) Ұлттық бюроның аумақтық органдарының қызметін бақылау, үйлестіру және бағалау;
12) ведомстволық статистиканы қалыптастыру;
13) сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша тәркіленген мүлікті және әдетте, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы ақпаратты кейін жариялаумен іске асыруға мониторингті жүзеге асыру;
14) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау және алдын алу тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық саланың криминогендік жағдайын талдау;
15) басқа құқық қорғау және арнаулы органдардан, оның ішінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарынан келіп түскен өтініштерді және сұрау салуларды орындау;
16) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және шетел мемлекеттерінің тиісті органдарымен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимыл жасау;
17) ақпараттық қауіпсіздік саясатты іске асыру, Ұлттық бюроның техникалық және ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жетілдіру;
18) тергеу-жедел қызмет мәселелері бойынша Ұлттық бюроға жүктелген міндеттеді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді құру және пайдалану;
19) Ұлттық бюроның әкімшілік ғимараттарын қорғау режімін және өткізу режімін қамтамасыз ету;
20) Ұлттық бюроның қаруландыруында тұрған қарулардың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың сақталуын есепке алу және бақылау;
21) бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар туындаған кезде Ұлттық бюроның жұмысының тұрақтылығын арттыру, жұмылдыру даярлығы;
22) мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету және құпиялық режімнің сақталуын ведомстволық бақылау;
23) Ұлттық бюроның бірыңғай кадр саясатын әзірлеу және іске асыру;
24) Ұлттық бюроның жеке құрамының арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу;
25) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министірліктің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреттер болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.
15. Ұлттық бюроның құқықтары:
1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Ұлттық бюроның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді Министрліктің келісмі бойынша әзірлеу және бекіту;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламалық құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тергеу әрекеттерін жүргізу, процестік шешімдерді қабылдау және жедел-іздестіру іс-шараларын жүзеге асыру;
5) мемлекеттік органдарға, ұйымдарға және оларда басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен, мән-жайларды немесе заңды басқа да бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;
6) қылмыстық-процестік заңнамаға және (немесе) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды, тауарларды, заттарды немесе өзге де мүлікті алып қою немесе алуды жүргізу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардан ревизиялар, салықтық және басқа да тексерулер, мемлекеттік аудит және бағалау жүргізуді талап ету;
8) заңнамада көзделген тәртіпте тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалану;
9) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымдық және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрату және алу;
10) өзара ақпарат алмасуды, оның ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен қамтамасыз ете отырып, Ұлттық бюроның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, басқа құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
11) Ұлттық бюроның жүргізуіне жататын мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтасу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық шарттарды жасасу және қосылу бойынша министірлікке ұсыныстар енгізу;
12) Ұлттық бюроға жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені пайдалану, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында зерттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру;
13) атыс және өзге қаруды, арнайы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану, сондай-ақ қажет болған жағдайда қол күшін, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауынгерлік күрес тәсілдерін қолдану;
14) Ұлттық бюроның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) қызметіндегі ішкі қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін және заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа арыз-талаптарды ұсыну;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыру.
16. Ұлттық бюроның міндеттері:
1) құқық бұзушылықтар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру кезіндегі заңдылықты сақтау;
2) қылмыстық істер бойынша заттай айғақтарды, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мерзімі тоқтатылған қылмыстық істерді есепке алу және сақтау;
3) прокурорлық ықпал ету және сот актілерін қарау;
4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасау және істерді қарау, әкімшілік ұстауды жүзеге асыру, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделген басқа да шараларды қолдану;
5) қылмыстық істер өндірісіндегі шақыру бойынша келуден жалтарған адамдарды күштеп әкелу;
6) ұсталған және қамауға алынған адамдарды айдап алып келу;
7) іздеудегі адамдардың орналасу жерін анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізу;
8) Ұлттық бюроның белгіленген құзыреті шегінде іздеудегі адамдарды алып келуді ұйымдастыру;
9) өз қызметін жүзеге асыру кезінде қызметтік тәртіпті және құпиялық режімді сақтау;
10) Ұлттық бюроның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге міндеттерді жүзеге асыру.
3. Қызметті ұйымдастыру
17. Ұлттық бюроны басқаруды ведомствоға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауаптылықта болатын Төраға жүзеге асырады.
18. Ұлттық бюроның Төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Ұлттық бюро Төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасары болады.
20. Ұлттық бюро Төрағасының өкілеттіктері:
1) Ұлттық бюроға жүктелген міндеттерге сәйкес оның қызметін ұйымдастырады және жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) жалпы штат санының шеңберінде Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының құрылымы бойынша ұсыныстарды министрлікке қарауға енгізеді;
3) тағайындалуы мен қызметтен босатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасымен оның құзыретіне жатқызылатын Ұлттық бюроның қызметкерлерін (жұмыскерлерін) қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) өзінің орынбасарларының, Ұлттық бюроның және аумақтық органдары қызметкерлерінің (жұмыскерлерінің) өкілеттіктерін анықтайды;
5) Ұлттық бюроның аумақтық органдары туралы ережені бекітеді;
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Ұлттық бюро Төрағасының орынбасарларын және Ұлттық бюроның және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлерін (жұмыскерлерін) іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу мәселелерін шешеді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне (жұмыскерлеріне) қатысты тәртіптік жауаптылық шараларын қолданады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының қызметкерлеріне біліктілік сыныптарын береді;
9) Қазақстан Республикасының міндетті арнайы тексеруден өткен азаматтарын Ұлттық бюроның кадр құрамына қабылдайды;
10) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Ұлттық бюроның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және министірліктің актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреттер болған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді бекітеді;
11) өз құзыреті шегінде бұйрықтар, Ұлттық бюро және оның аумақтық органдарының қызметкерлері (жұмыскерлері) орындау үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқау береді;
12) Ұлттық бюроның және оның аумақтық органдарының қызметкерлерін (жұмыскерлерін) мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы ұсыныстарды министрлікке енгізеді;
13) заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Ұлттық бюроны білдіреді;
14) Ұлттық бюроның заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
15) Өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Ұлттық бюроның Төрағасы болмаған кезеңде оның міндеттерін Төрағаның тапсырмасы бойынша оның орынбасарларының бірі жүзеге асырады.
21. Ұлттық бюроның Төрағасы Ұлттық бюроның жанында консультативті-кеңесші орган құруға құқығы бар.
4. Ұлттық бюроның мүлкі
22. Ұлттық бюроның Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Ұлттық бюроның мүлкі, оның меншігіне берілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден және меншіктік қызметтер нәтижесінде алынған мүліктер есебінен (ақша кірістерін қоса алғанда) құралады.
23. Ұлттық бюроның өзіне бекітілген мүлік республика меншігіне жатады.
24. Ұлттық бюроның өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша берілген құралдар есебінен алынған мүлікті Қазақстан Республикасының заңнамасында егер өзгеше белгіленбесе өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгелей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
5. Ұлттық бюроны қайта ұйымдастыру және тарату
25. Ұлттық бюроны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.