"Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 351 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 қаңтарда № 4235 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 299 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 14.04.2016 № а-04/111 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 бабына сәйкес, ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2016 жылға халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт бойы жұмыс істемейтін адамдар (бір жылдан астам);
      2) отбасында бірде бір адам жұмыс істемейтін адамдар;
      3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған адамдар;
      4) маусымдық және уақытша жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған адамдар;
      5) елу жастан жоғары адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Б.Ш.Тасылбековаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Испергенов