"2015-2017 жылдарға арналған Абай ауданының бюджеті туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 25/3-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 тамыздағы № 30/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 қыркүйекте № 4126 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 33/3-V шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органының қолайсыз табиғат құбылысының әсерiне ұшыраған егiстiк алқаптар көлемiн айқындау үшiн комиссия құру және оның жұмысын ұйымдастыру ережесiн және қолайсыз табиғат құбылысы фактiсi бойынша зерттеу актiсiнiң нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 39, 431-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қазандағы № 1010 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану  туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 мамырдағы № 425 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 266-құжат).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап  қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов