"2015-2017 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 желтоқсандағы № 24/289-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 13 тамыздағы N 31/369-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 тамызда N 4113 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 09 желтоқсандағы N 34/406-V шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысымен бекітілген білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне сәйкес, Мәртөк ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мәртөк ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 272 "Мәртөк ауданының шалғайдағы елді мекенінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылдың 05 тамызында № 4455 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Күзембаеваға жүктелсін.
      Аудан әкімі: Н. Қалауов