"2015-2017 жылдарға арналған Риддер қаласының бюджеті туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 30/2-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 тамыздағы N 37/2-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 қыркүйекте N 4128 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы N 40/2-V шешімімен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 25 тамыздағы
№ 661 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 шілдедегі № 833 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 654-құжат).
      2. «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерін лауазымдарға конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 230 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 432-құжат).
      3. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 45 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 32-құжат).