Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 4 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 сәуірде № 3149 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 27.07.2015 № 18 шешімімен (алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін).

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 1-09/111 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қазығұрт ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекені тұрғынының жеке қосалқы шаруашылығында құтыру ауруының ошағы анықталуына байланысты Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекенінің аумағына шектеу iс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Асқаровқа жүктелсін.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Ауыл округінің әкімі                       Ф.Зұлпыхаров