Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 4 "Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Қазығұрт ауылы округі әкімінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 18 шешімі

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 8 тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазығұрт аудандық аумақтық инспекция басшысының 2015 жылғы 24 шілдедегі № 1-09/273 ұсынысына сәйкес, Қазығұрт ауылы округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қазығұрт ауылы округі әкімінің «Қазығұрт ауылы округі, Молбұлақ елді мекенінің аумағына шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы» 15 сәуір 2015 жылғы № 4 (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде 21.04.2015 жылы № 3149 тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірдегі «Қазығұрт тынысы» газетінде № 22 жарияланған) Қазығұрт ауылы округінің әкімі шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім алғашқы жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазығұрт ауылы
      округі әкімі                               Ф.Зулпыхаров