"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 40 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 63 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 3082 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 маусымдағы № 61 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң 06.06.2016 № 61 қаулысымен.
      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 1119 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" қаулысына сәйкес Қазығұрт ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 ақпандағы № 40 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2534 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 28 ақпандағы "Қазығұрт тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспедегі "Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 – 2020 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 қаулысына" деген сөздер алып тасталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Тұрсынқұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б.Д.Қыстауов