Атырау қалалық коммуналдық меншігіндегі мүліктер осы қаулының қосымшасына сәйкес жекешелендірілсін.
Атырау қалалық әкімдігінің келесідей:
1) 2014 жылғы 28 тамыздағы № 979 "Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2998 болып тіркеліп, 2014 жылғы 1 қазанда облыстық "Атырау" газетінде жарияланған);
2) 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 594 "Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 28 тамыздағы № 979 "Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі мүліктерін жекешелендіру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3196 болып тіркеліп, 2015 жылғы 7 мамырда облыстық "Атырау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А. Айтбаевқа жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Қала әкімінің міндетін атқарушы | Ә. Зайдуллин |
Атырау қалалық әкімдігінің 2015 жылдың "27 " қарашадағы № 2115 қаулысына қосымша |