Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 307 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 128 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 мамырда № 3212 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 354 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 27.11.2015 № 354 қаулысымен (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы № 307 "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3034 тіркелген, 2014 жылғы 15 қарашадағы "Атырау" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
       көрсетілген қаулымен бекітілген "Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
      мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы "облсытық" деген сөз "облыстық" деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
      орыс тіліндегі мәтінде 3-тармақтағы "переофорление" деген сөз "переоформление" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
       көрсетілген қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
      орыс тіліндегі мәтінде 1-тармақтағы "ветиринарными" деген сөз "ветеринарными" деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді.
       Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
       Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
Ғ. Дүйсембаев