"Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 349/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қаңтарда № 4887 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 наурыздағы N 53/3 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 16.03.2016 N 53/3 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілісін.
      2. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Ысқақова

  Павлодар облысы
Май ауданы әкімдігінің 2015
жылғы "22" желтоқсандағы
№ 349/12 қаулысымен
бекітілді

"Май ауданының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Май ауданы аумағында жер ресурстарын мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
      8. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.
      9. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140800, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Абылайхан көшесі, 30.
      10. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі: дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      11. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел земельных отношений Майского района".
      12. Мемлекет Май ауданының әкімдігі тұлғасында "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметiн қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектілерімен "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес құзыреті бойынша ауданда жер қатынастары саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
      17. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты аудандық деңгейде жер қатынастарын реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.
      18. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні Май ауданы аумағында жер қатынастарын реттеу мәселелерінде аудандық деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      19. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) жерлерді оңтайлы пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету, топырақтың құнарлылығын жандандыру, табиғи ортаны сақтап қалу және жақсарту мақсатында жер қатынастарын реттеу;
      2) жер қатынастарын реттеу саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
      3) аудан аумағында жер реформасын жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру.
      20. Функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) ауданның жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      7) ауданның жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      8) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      10) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      11) Жер кодексіне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      12) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      13) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      14) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру;
      15) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс ету;
      16) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;
      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындаумен байланысты мәселелер бойынша ақпаратты сұрату және алу;
      2) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта өкілдік ету;
      3) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      23. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Май ауданының әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырып, басшылық етеді және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікте болады;
      2) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      6) "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      7) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      8) өз құзіретінің шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және бұл үшін дербес жауап береді;
      10) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігі мен әкімінің қарауына "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
      11) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте ауданның мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғалары мен басқа да ұйымдарға жер қатынастары мәселелері бойынша ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық-талдамалық және өзге де көмек көрсетеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      25. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      26. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (ауданның жергілікті атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      27. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.

4. "Май ауданының жер қатынастары
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi

      28. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкiн.
      "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырлады.
      29. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      30. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      31. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      32. "Май ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде, несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.